Оқу бағдарламаларын жоспарлау. Жоспарлаудың түрлері: ұзақ мерзімді жоспарлау, орта мерзімді жоспарлау, қысқа мерзімді жоспарлау, қазіргі сабақтың мақсатты технологиясы. Оқу бағдарламаларын жоспарлау



бет2/14
Дата20.06.2020
өлшемі33,11 Kb.
#74128
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
1 күн
.....13-14, 3 лекция
Ұзақ мерзімді жоспар білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды. Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу жылына арналған тақырыптар мен бөлімдерді анықтайды. Ұзақ мерзімді жоспар белгілі бір бөлімнің/бөлімшенің/тақырыптың аясына қажетті оқу мақсатын қамтиды.

Орта мерзімді жоспар ұзақ мерзімді жоспармен анықталған бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген кезеңге арналған негізгі міндеттерді тұжырымдайды. Онда әрбір тоқсанға немесе бөлімге арналған оқу тақырыптары көрсетіледі.

Екінші сұрақ бойынша оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау тәсілдері, критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері: мақсаттары, принциптері және бағалау нысандары қарастырылды.

Оқушылардың мектепте білім алуы олардың сабақ оқуына, жан-жақты дамуына бағытталған. Баланың қаншалықты дамып жатқаны және қандай қиыншылықтарға тап болып жүргені туралы ақпарат алуы өте маңызды болып табылады. Дәл осындай ақпаратты мектеп тарапынан жүргізілетін бағалау қамтамасыз етуі қажет. Осыған орай оқушының дамуына, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын жоғарылатуға бағытталған критериалды бағалау жүйесі енгізілмек. Бұл үшін әрбір оқушы мен оның ата-анасына түсінікті болатын айқын және нақты өлшенетін бағалау критерийлері бекітілген. Нақты бағалау критерийлерінің көмегімен оқушы, ата-ана және мұғалім келесілерді түсінуге мүмкіндік алады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет