Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


-тарау. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет293/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0
21metodicheskoe posobie po obucheniyu, kontrolnaya rabota 4 magnetizm , prakticheskaja rabota po fizike, nsv, DSV, АНКЕТА каз0320162332, ТЖБ 3 10ә
4-тарау. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
1. 9-сыныптың соңында оқушылар:
1) Абайтанудың қазіргі уақыттағы өзектілігін, рухани қажеттілігін түйсінулері;
2) Абайды оқу, түсіну, жұртқа танытудағы басты мақсат пен міндеттерді білуі;
3) ақынның қазақтың халықтық өлең-жырларынан, ертегі, қисса, аңыз әңгімелерінен үйренгендігін білуі;
4) ақын шығармашылығына шығыс, батыс, орыс әдебиеттерінің тигізген игі ықпалын білуге;
5) ақын аудармаларының қазақ әдебиетін көркем ой оралымдарымен байытқандығын білуі;
6) Абайтану ғылымының негізін салушылар мен оның қалыптасу кезеңдерін және алғашқы зерттеушілердің еңбектері жайында білуі;
7) ақын шығармашылығындағы шығыс, батыс, орыс әдебиеттеріне қатысты күрмеуі қиын мәселелерді білуі;
8) ақын шығармаларының басылымдары мен оған ықпал еткен адамдар хақында білуі;
9) Абайдың ғылым, білім тақырыбына жазған өлеңдерінің, қарасөздерінің басты идеясын және философиялық көзқарастарындағы тағылымдарын түсіне білуі;
10) ән мен күй өнері жайындағы толғанысын және эстетикалық талғамын білуі;
11) поэмаларының тақырыбын, көркемдік-идеялық маңызын, тәлім-тәрбиелік мәнін, көркемдік ерекшеліктерін білуі;
12) ақын шығармаларының көркем-образдылық қасиеттерін талдай білуі тиіс.
1.Оқушылардың «Абайтану» курсы бойынша игерген білімдерінің нәтижелері:
1) ақын шығармаларын жазудағы суреткерлік шеберліктерін білуі;
2) өлеңдері, қарасөздері, аудармалары, поэмаларының тақырыптық және идеялық көркемдік негіздерін, мән-мағынасын талдап, суреткерлік шеберліктерін айқындай білуі;
3) ақынның поэзияның қоғамдық мәні мен маңызына қойған биік талабын білуі;
4) Абайдың қазақтың сөз өнерін тың ой оралымдарымен байытып, ұлттық көркем ойды дамытудағы көшбасшылық рөлін білуі;
5) өлеңдері мен қарасөздерінің арасындағы өзара үндестікті түсіне білуі;
6) өлеңдері, қарасөздері, аудармалары, поэмаларындағы авторлық ұстанымдардың маңызын көрсете білуі тиіс.
2. 10-11-сыныптардың соңында оқушылар:
1) ақын өмір сүрген дәуірді және халық ауыз әдебиеті шығармаларын оқып, үлкендерден естіп, жадына тоқығандығын білуі;
2) шығыс, батыс және орыс әдебиеттерінің інжу-маржандарын оқып танысқандығын білуі;
3) ақын мұраларының зерделенуі мен абайтану ғылымының қалыптасу тарихын, кезеңдерін білуі;
4) ғұлама ойшылдың ғылым, білім, өнер, ел билеу, тарих, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, табиғат көрінісі, махаббат, діни таным тақырыбында және сыншылдық көзқараста жазылған философиялық қарасөздерінің, өлеңдерінің, поэмаларының, аудармаларының мән-мағынасын, маңызын түсінуі;
5) ақынның ән мен күй өнері хақындағы пайымдауларын түсінуі;
6) қазіргі абайтану ғылымының даму бағыттарын, абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы екендігін білуі;
7) Абайдың «Толық адам» философиясы мен «Иманигүл», «Хауас», «Жәуанмәртлік» ілімдері туралы білулері:
8) ұлы ақынның философиялық ақыл-нақыл сөздерінің маңыздылығын, мән-мағынасын түсінуі;
9) ақынның қазақ поэзиясына енгізген жаңалығын, аудармашылық шеберлігін танып білуі;
10) Абайтану бойынша курс жұмыстарын, ғылыми жобалар жаза білуі;
11) Абайтануға қатысты ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей білуі;
12) оқушы өзіне қажетті материалдарды интернет арқылы тауып, пайдалана білуі;
13) Абай атымен байланысты ғылым және өнер ордаларымен шығармашылық қарым-қатынасқа түсе білуді меңгерулері тиіс.
3. Оқушылардың «Абайтану» курсы таңдау пәні бойынша игерген білімдерінің нәтижелері:
1) Абай шығармаларының зерттелуін және ақынның өлең, қарасөз, поэма жазудағы суреткерлік өнері мен аударма жасаудағы шеберліктерін білуі;
2) өлеңдері, қарасөздері, поэмалары, аудармаларының тақырыбын, идеялық негізін, маңызын талдай отырып, суреттеу шеберлігін айқындай алуы;
3) философиялық тұрғыдан жазылған қарасөздерінің тақырыптарын, ондағы авторлық ұстанымдарды және маңызын көрсете білуі;
4) ақын аудармаларының ұлттық көркем ойды байытып, шағын уақиғалы поэма жазудағы шеберлігін білуі;
5) Абай өлеңдерін талдай отырып, суреткерлік шеберлігін, ақындық қуатын, көркемдік шешімін, қазақ өлеңіне енгізген жаңалығын айқындай білуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   294




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет