Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-сыныбы үшін «Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы» курсының типтік оқу бағдарламасы



бет289/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0
21metodicheskoe posobie po obucheniyu, kontrolnaya rabota 4 magnetizm , prakticheskaja rabota po fizike, nsv, DSV, АНКЕТА каз0320162332, ТЖБ 3 10ә
Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-сыныбы үшін «Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы» курсының типтік оқу бағдарламасы


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының 7-бағытын: «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғам табысының негізі» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 724 қаулысымен бекітілген "Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасының «Қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті дамыту» 1-міндетін ескере отырып, әзірленді.


2. Елдiң табысты дамуының басты шарты – iшкi саяси тұрақтылықты, азаматтық татулық пен ұлтаралық келiсiмдi қамтамасыз ету, әрі қалыптасқан этникалық қауымдастықтардың терең тарихы негізінде этносаралық қатынастар мәдениетiн арттыру болып табылады.
3. Курс бағдарламасы жастарымызға тәрбие берудегі басты бағыттардың бірі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін дамытуды қарастырады. Бағдарламаның болашақ ұрпақты толерантты әрі өзге этностардың құндылықтарын құрметтейтін азамат ретінде тәрбиелеудегі маңызы зор.
4. Курсты оқыту мақсаты:
Білім алушыларға Қазақстанның көпэтносты қоғам ретінде қалыптасу тарихын белгілі заңдылықтар мен тарихи үдерістер негізінде таныстыру. Қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды жолдары мен шарттарын түсіндіру.
5. Оқыту міндеттері:
1) этнос ұғымының адам өміріндегі рөлін, оның басты белгілері мен қызметтерін көрсету;
2) Қазақстан аумағындағы этномәдени үдерістердің негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіру;
3) этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихын кезеңдер арқылы ашып көрсету;
4) этностардың бай этникалық тарихы, мәдениеті және олардың қоғам өмірін ұйымдастырудағы қызметтерімен таныстыру;
5) көпэтносты, әрi көпконфессиялы қоғам құрудағы қазақстандық тәжiрибенің ерекшеліктерін айқындау.
6) Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы этностар өмірінің әртүрлі сатыдағы даму деңгейінің барлық қырларын қарастыратындықтан, пәнаралық байланыстар орната білудің мүмкіндігі өте мол. Пәнаралық байланыс белгілі бір этносқа ортақ фактілер, деректер, түсініктер мен идеялар бойынша жүргізіліп, білім алушылардың оқу материалдарын шығармашылықпен игеруіне, оқу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыруға септігін тигізеді. Курс тақырыптарына байланысты пәндер тізімінен тек тарих, әдебиет сияқты гуманитарлық пәндерді ғана емес, жаратылыстану-математика цикліндегі пәндерді де көруге болады.

2-тарау. «Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   294




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет