ОқУ-Әдістемелік әзірлемесі пән: «Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар»


Сабақтың логикалық құрылымы үлгісі мен хронокартасы



бет2/5
Дата13.11.2023
өлшемі3,16 Mb.
#191146
1   2   3   4   5
Байланысты:
Причины возникновения конфликтов
Сабақтың логикалық құрылымы үлгісі мен хронокартасы.

  1. Ұйымдастыру 5 минут

  2. Үй тапсырмасын сұрау 30 минут

  3. Жаңа сабақты түсіндіру 40минут

  4. Алған білімдерін пысықтау 10 минут

  5. Сабақ қорытындысын шығару 3 минут

  6. Үй тапсырма 2 минут

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру 5 минут

  • Мұғалім сабақта жоқ білімгерлерді түгендейді, қатыспаған білімгердің себебін сұрап белгілейді.

  • Білімгердің сыртқы келбетіне көңіл бөледі (медициналық халаты, қалпағы, бейджігі).

  • Құрал – жабдықтардың түгелдігін тексереді.

Үй тапсырмасын сұрау 30 минут
Ү
1.Эйфория дегеніміз не?
2. Еріктің кезеңдері

1.Ерік бұылыстарын атап, анықтама беріңіз.
2.Стресс дегеніміз не?
й тапсырмасын үлестірмелі карточка арқылы сұрау


1.Депрессия дегеніміз не?
2.Кәсіби жанып кету синдромының сатыларын атап беріңіз


1.Ерік дегенімі не?
2.Эмоция бұзылыстарын атап, анықтама беріңіз

1.Стресске тән белгілер
2. Негативизм дегеніміз не?


Жаңа сабақты түсіндіру 40 минут
Дәрістің тақырыбы: Тұлғаның психологиялық құрылымы. Қабілет, нышандар. Темперамент
Жоспар:

  1. Тұлға туралы түсінік

  2. Нышан және қабілет.

  3. Қабілеттің даралық айырмашылығы.

  4. Темперамент туралы ұғым

  5. Гиппократ бойынша темперамент жіктелуі

  6. Темперамент сипаттамалары, тұлға түрлері

Тұлға — жеке адамның өзіндік  адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі
Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады
Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз — мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жүмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы. Қабілет мәселесін тереңнен талдаған Б.М. Теплов болды. Оның тұжырымдамасына сәйкес тума қасиет қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және физиологиялық ерекшелік — нышан.
Адамның қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді.
Егер адам өзге адамдармен салыстырғанда, біріншіден, қолға алған істі қалайда болмасын тез және табысты меңгеріп, сол әрекетке лайық дағдыны оңай игеретін болса, екіншіден, белгілі бір деңгейде жетістіктерге жетсе, оны қабілетті адам дейді. Сонда қабілеттіліктің сыры неде? Не себепті әр адамның жетістіктерге жетуі бірдей жағдайда түрліше керсеткіштерге ие болып, іс-әрекет нәтижелері әр қилы болады?
Әрбір адамның іс-әрекетті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сөзім мушелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабыллау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты. Қабілеттілік — адамдағы жеке-дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы - көбінесе музыканттарға, ал бойшаң болып келу — баскетболшы-спортшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктер қабілеттіліктің тек белгілі бір іс-әрекетке орай табысқа жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту мен ырғақты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Ал қимыл-әрекет реакцияларының жылдамдығы неғұрлым жоғары деңгейде болса, спорт түрлерімен шұғылдануға өзіндік әсері мен пайдасы тиері даусыз.
Кез-келген адамның екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл — адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекстсіз, еңбексі ешқандай іс тындыра алмайтын болса, ол
өмір сүре алмас еді. Жалпы, қабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.
Әр адамның іс-әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, әсіресе, істің нәтижесінен анық байқалады. Бұл — адамдардың даралық ерекшеліктері. Мысалы, бірдей жағдайда бір істі бір адам тез меңгеріп, өте шапшаң, нәтижелі әрі сапалы етіп атқарса, ал екінші адам іске бірден төселіп кете алмай, сол іс-әрекетке лайық әдет-дағдыларын қалыптастырмағандықтан, істі баяу, нәтижесіз, сапасыз атқаруы мүмкін. Бұл жайттар бірінші адамның қабілеттілігі екінші адамға қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде дамығандығын көрсетеді. Адамның істеген ісі мен әрекетін бақылап көрмей тұрып, оны сол іске қабілетті не қабілетсіз деп кесіп айтуға болмайды. Мәселен, сурет өнерінің әліппесімен әлі танысып үлгірмеген баланы өнердің бұл түріне қабілетті не қабілетсіз деу әлі ертерек. Тек ұйымдастырылған оқу-тәрбие негізінде ғана оның сол іс-әрекет түріне қаншалықты бейімді екендігін білуге болады.
Нышан және қабілет.Арнайы жүргізілген зерттеулердің көпшілігі адамның-қабілеті ата тегіне, яғни тұқым қуалау факторына байланысты деген көзқарасты қолдайды. Бұл көзқарас бойынша, әр адамның қабілеті — оған туа берілетін өзіндік дара табиғи қасиет.
Дегенмен, қабілетті адамда тек туа пайда болатын қасиет деген дұрыс емес. Себебі, қабілет—адамның даралық психологиялық ерекшелігі. Ал туа пайда болатын нәрсе — қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және физиологиялық ерекшелік — нышан. Нышанның табиғи негізі — жоғары жүйке жүйесінің қызметтері, бас миындағы миллиардтаған клеткалардың қозу, тежелу сияқты сан қилы әрекеті және олардың алмасып отыруы. Ол өмір тәжірибесі, тәлім-тәрбие істері нәтижесінде үнемі дамып жетіледі.
Нышан — мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға бейімді болуы қабілеттің дамып қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Алайда, бұл Нышандар іс-әрекеттің нәтижелі болуының толық жағдайы болып саналмайды. Ол үшін адам бойындағы нышандарды дер көзінде анықтап алу керек. Содан соң оны әр алуан әрекет үстінде дамытып отыруға бейімделіп, тәлім-тәрбие арқылы өрістете түсу қажет. Нышан сан қилы мағынада көрініс береді. Мәселен, әлеуметтік ортаның, тәрбие мен оқыту істерінің және түрлі жағдайлардың әсерінен белгілі бір нышандар негізінде түрлі қабілеттердің дамуы мүмкін. Мысалы, бойында шапшандық пен дәлдік, ептілік пен шеберлік нышандары бар адамдар тіршілік жағдайы мен қызмет саласына сай әр түрлі қабілетке ие болуы мүмкін. Бірі — хирург дәрігер, екіншісі — гимнаст, үшіншісі — суретші т. с. с.
Нышанның ерекше түрі адамда жас көзінен байқалады. Қазақтың аса дарынды күйші-композиторы Құрманғазының шәкірті Дина Нүрпейісова өзінің күйшілік қабілетін сегіз жасынан-ақ байқатып, бір-ақ рет тыңдаған күйін мүдірмей, айна-қатесіз, дәл орындай алған. Дарынды киноактер, әрі режиссер Шәкен Аймановтың да жалпы өнерге
деген құштарлығы бала көзінен-ақ айқын байқалғандығы жайлы Қазақстанның халық әртісі Кәукен Кенжетаев тебірене еске алады. М. Әуезов өзінің «Еңлік-Кебек»
пьесасын 20 жасында жазған. Әйгілі суретші Қ. П. Брюллов тоғыз жасында Сурет академиясына оқуға түскен. Ал А. С. Пушкин сегіз жасында-ақ өлең жаза бастаған. Алайда, мынадай жағдайды да естен шығармаған абзал. Егер белгілі бір іс-әрекет барысында жоғарыда келтірілген мысалдардағыдай жетістіктер адамның балалық шағынан байқалмаса, ондай балада қабілет жоқ деп айтуға болмайды. Мысалы, аса көрнекті математикН. Н. Лузин, биолог Қ. Линией, жазушылар В. Скотт, С. Т. Аксаков, И. А. Гончаров т.б. өздерінің қабілеттілігін әлдеқайда кешірек танытқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет