Оқу-әдістемелік кабинеті «Компьютерлік графика» пәні бойынша


СУРЕТ-3.2 АТРИБУТТАР ПАНЕЛІ



бет22/62
Дата23.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#159448
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62
Байланысты:
Компьютерлік графика
Саба жоспары Саба та ырыбы, ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР 2
СУРЕТ-3.2 АТРИБУТТАР ПАНЕЛІ

Құжаттың баспа бетінің өлшемі атрибуттар панелінің сол жақ позициясында орналасқан ашылмалы тізім Paper Type/Size (Тип/Қағаз форматы) көмегімен таңдап алынады. Баспа бетінің өлшемі қағаз форматына сәйкес келуі қажет емес. Тек беттің өлшемінен аспаса жеткілікті.


3.4. Бірнеше объектілермен жұмыс

Объектілерді белгілеу.


Объектілерді Ріск құралының көмегімен ғана белгілеуге болады. Егер Ріск құралын алдын ала тышқанның көмегімен алып алған болсаңыз, онда объектілерді мынадай тәсілдермен белгілеуге болады:
- бірнеше объектілерді Shift пернесін басып тұрып, кезек-кезек тышқан көрсеткішін басу арқылы;
- бірнеше объектілерді бірмезгілде тіктөртбұрышты пунктир контур арқылы.
Белгіленген объектілер экранда сегіз тіктөртбұрышты қара торлармен қоршалады. Бұл маркерлер объект өлшемін өзгертуге: созуға, үлкейтуге, кішірейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар объект контурында бір немесе бірнеше кішкентай квадратты түйіндер пайда болады. Олардың саны белгіленген объектер санына байланысты. Экранның төменгі жағындағы қалып-күй қатарында белгіленген объектінің түрі (тіктөртбұрыш, эллипс, көпбұрыш, қисық және т.с.с.) немесе белгіленген объектілер саны көрінеді.
Графикамен жұмыс істеу барысында Ріск құралын алсаңыз (сурет-3.3), автоматты түрде басқа құралмен жұмыс істеген соңғы объект белгіленеді. Объектінің белгіленгенін жою үшін тышқан көрсеткішін жұмыс бетінің кез келген бос жерінде шертуге болады. Немесе келесі, басқа объектіні белгілеу, алдыңғы объектінің белгілеуін жояды.


Сурет.1. Ріск құралы көмегімен объектілерді белгілеу.


СУРЕТ-3.3 БАҒДАРЛАМАДАҒЫ ОБЪЕКТІЛЕР

Объектілер жиыны. Көп жағдайда бір операцияны бірнеше объектілерге қайталап орындағаннан барлық объектілер жиынын бір рет орындаған тиімді.


Мысалы, жоғарғы суреттегі дельфин мен балықты басқа жерге жылжыту қажет болсын, оларды жеке-жеке жылжыту, уақыт алады және олардың арақашықтықтары өзгеріп кетуі мүмкін.
Бұндай есептерді шешу үшін CorelDraw-да үш тәсіл бар: объектілерді бірге белгілеп, операция қолдану. Жоғарыда айтылған белгілеуден басқа Edit-Select All командасымен де барлық объектілерді белгілеуге болады. ''Ріск'' құралын екі рет шерту арқылы да бірнеше объектілерді белгілеуге болады. Егер объектілер жиынына бірнеше операцияларды орындау қажет болса, оларды бір топқа біріктіріп алу тәсілі тиімді болады.
CorelDraw графикалық редакторында белгілеудің жаңа тәсілі, маркерлік тор көмегімен белгілеу қосылған. Егер объектілерді торға алу процесінде Alt пернесін басып тұрсақ, CorelDraw маркер торының ішіндегі барлық объектілерді белгілеп қоймай, сонымен бірге осы объектілермен қиылысатын, жанасатын, тор ішіне кірмейтін объектілерді де белгілейді. Маркерлік тор ішіне қажет емес объектілер кіріп кеткен болса, онде Shift пернесін басып тұрып, олардың белгілеулерін алып тастауға болады.
Объектілерді аттап кету. Жоғарыда айтылған белгілеулерді көп мәселелерді шешу үшін қолдануға болады, бірақ күнделікті өмірде, күрделі бейнелермен жұмыс істегенде кейбір объектілерді аттап, белгілемей кету қажеттілігі туады. Бұндай жағдайда:
1. Өзіңізге қажетті объектіні немесе қасындағы жақын орналасқан объектіні белгілеңіз.
2. Тав пернесін басыңыз. Сол сәтте CorelDraw бірінші объектінің белгілеуін жойып, қасындағы бізге қажетті объектіні белгілейді.
Екі немесе бірнеше, формалары мен өлшемдері бірдей, бірінің үстіне бірі орналасқан объектілер болмаса көбінесе объект контуралары бір-бірінен айырмашылықта болып келеді. Бұндай жағдайда астындағы объектіні белгілеу үшін, бірінші көрініп тұрған объектіні белгілейміз, содан соң Тав пернесін басамыз. Егер бірнеше объектілер қабаты бар болса Тав пернесін бірнеше рет басамыз. Қай объектінің белгіленгені туралы ақпаратты қалып-күй қатарынан көруге болады.
Тав пернесі арқылы бейнелерде, күрделі сызбаларда майда объектілердің жиынының ішінен қажетті объектіні белгілеу жұмысы да жоғарыда айтылғандай орындалады.
Объект белгіленген соң, оны басқа орынға жылжытуға болады. Координата торының және қалып-күй қатарының кӛмегімен объектіні бейне ішінде басқа орынға жоғары дәлдікпен жылжытуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет