Оқу-әдістемелік кабинеті «Компьютерлік графика» пәні бойынша



бет6/62
Дата23.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#159448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Компьютерлік графика
Саба жоспары Саба та ырыбы, ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР 2
Екіөлшемді түрлендірулер
Жазықтықта нүктелер екі координатасымен анықталады екені белгілі. Сондықтан, әр бір нүкте таңдалған координат жүйесіне байланысты вектордың координат мәндерімен анықталады. Нүктелер координаталарын матрицасының элементтері түрінде қарастыруға болады, яғни вектор-жол немесе вектор-бағана түрінде. Осы нүктелердің орналасуын матрицаны түрлендіру арқылы басқаруға болады.
жазықтығында нүктені жаңа орынға ауыстыру үшін осы нүктенің координаталарына ауысу тұрақтысын қосу қажет:

Сонымен, жазықтықта нүктені жылжыту (орын ауыстыру) үшін оның координаталар матрицасына түрлендіру коэффициенттерінен құрылған матрицаны қосу қажет.
Р нүктесін анықтайтын матрицаны жалпы 2х2 түрлендіру мтарицасына көбейту нәтижесін қарастырайық:

Дербес жағдайларды қарастырайық:

  1. a = d = 1 және c = b = 0.


Бұл жағдайда Р нүктесінің координаталары өзгермейді.

  1. d = 1, b = c = 0,a = const

х*=ахболғандықтан хбағытында масштаб өзгереді. Сонымен, бұл матрицалық түрлендіру Р нүктесін х бағытында жылжытуға эквивалентті.

  1. b = c = 0,a = const, d = const,

x және y бағытында масштаб өзгереді. Егер a<>d болса, онда масштаб пропорционалды емес өзгереді, ал a = d болса, онда пропорционал өзгереді.
a , d>1 болса, Р нүктесінің координаттар масштабы үлкейеді;
0 <a, d<1 болса, Р нүктесінің координаттар масштабы кішірейеді;
Егер a және (немесе) d < 0 болса, онда нүкте координаталары бейнеленеді:
а) b = c= 0,a = -1, d =1 болсын.
Онда
Р нүктесі y осі бойынша бейнеленеді.
б) b = c = 0, a = 1, d =-1 болсын.
Онда Р нүктесі хосі бойынша бейнеленеді.
в)b = c = 0, a = d < 0 болса, онда Р нүктесі координат басы бойынша бейнеленеді.
Ескерту: Бейнелеуді және масштабты өзгертуді матрицасының тек диагональді элементтері тудырады.

  1. a = d = 1, с = 0, b = const

Р нүктесінің х координатасы өзгермейді, ал у* координатасы бастапқы координатадан сызықты тәуелді болады. Бұл эффект жылжыту (сдвиг) деп аталады. Сәйкешінде, егер a = d = 1, b = 0, с = const болса, укоординатасы өзгереді, х координатасы бойынша жылжыту жүргізіледі.
Координат басына қолданған жалпы түрлендіру (0,0) нүктесінің координаталарын өзгертпейді.
Егер жалпы түрлендірулерді әртүрлі геометриялық фигураларға қолданса, онда параллель түзулер параллель түзулерге, кесіндінің ортасы – кесіндінің ортасына, параллелограмм – параллелограммға, екі сызықтың қиылысу нүктесі – түрлендірілген екі сызықтың қиылысу нүктесіне түрленетінін байқауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет