Оқу-әдістемелік кабинеті «Компьютерлік графика» пәні бойынша



бет5/62
Дата23.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#159448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Компьютерлік графика
Саба жоспары Саба та ырыбы, ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР 2
Windows Bitmap. Windows операциялық жүйесінде растрлық бейнелерді сақтау форматы (файлатының кеңейтілуі ВМР). Сәйкесінше бұл ортада жұмыс істейтін барлық қосымшаларда қолданылады.


JPEG (Joint Photographic Experts Groups). Формат растрлық бейнелерді сақтауға арналған (файл атының кеңейтілуі JPG). Бұл формат файлды сығымдау дәрежесімен бейне сапасы арасындағы арақатынасты реттеуге мүмкіндік береді. Сығымдауда қолданылатын әдістер «артық» ақпаратты өшіруге негізделген, сондықтанда форматы тек электрондық жарияланымдар үшін қолданған жөн.


GIF (Graphics Interchange Format). Түстердің саны (256) белгіленген сығымдалған бейнелерді сақтау құралы ретінде 1987 жылы стандартталған (файл атының кеңейтілуі .GIF). Жоғары дәрежеде сығымдалуы арқасында интернете танымал болды. Форматтың соңғы нұсқасы бейненің жол тастап жүктелуіне және түссіз фонды суреттер құруға мүмкіндік береді.
Түстер санына шектеу қойылуына байланысты бұл формат тек электрондык жарияланымдарда ғана қолданылады.


PNG (Portable Network Graphics). Бейнелерді интернете жариялауға арналған салыстырмалы түрде жаңа (1995 жыл) сақтау форматы (файл атының кеңейтілуі .PNG). Бейненің үш типі – түрлі-түсті 8 немесе 24 биттік тереңдікпен және сұр түстің 256 градациясы бар ақ-қара түс қолданылады. Ақпаратты сығымдау іс жүзінде ешбір жоғалыссыз жүргізіледі және 254 деңгейлі альфа-канал қарастырылған.


WMF (Windows MetaFile). Windows операциялық жүйесінің векторлық бейнелерін сақтау форматы (файл атының кеңейтілуі .WMF). Анықтама бойынша жүйенің барлық қосымшаларында қолданылады. Бірақ полиграфияда қабылданған стандарты түстік палитралармен жұмыс істеуге арналған құралдардың болмауы және өзгеде кемшіліктер оның кеңінен қолданылуына кедергі жасайды.


EPS (Encapsulated PostScript). Векторлық, сондай-ақ растрлық бейнелерді іс жүзінде баспаға дейінгі процестермен полиграфия саласында стандарт болып табылатын Abode фирмасының PostScript тілінде сипаттау форматы (файл атының кеңейтілуі .EPS). PostScript тілі әмбебап болып табылатындықтан, файлда векторлық және растрлық графика, қаріптер, контурлар (маскілер), құрал-жабдықтарды пішімдеу параметрлері, түстік профильдер бір уақытта сақтала алады. Экранда векторлық мәнді көрсету үшін – WMF, ал растрлық үшін – TIFF форматы қолданылады. Бірақ экрандық көшірме жалпы алғанда EPS-тің елеулі кемшілігі болып табылатын тек нақты бейнені ғана көрсетуге қабілетті. Шынайы бейнені шығару құрылғыларының, не болмаса арнайы көру программарының көмегімен немесе файлды Acrobat Reader, Acrobat Exchange қосымшаларының PDF форматына түрлендіргеннен кейін ғана көруге болады.

1.4. Денелердің негізгі құрылымдары мен бітімдері




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет