ОҚУ-Әдістемелік кешен «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша


Дәріс. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар



бет4/9
Дата08.06.2018
өлшемі237,12 Kb.
#41607
1   2   3   4   5   6   7   8   9

7. Дәріс. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар.

Дәріс мазмұны
1. Салық саясатының құру принциптері, салық жүйесі

2. Бюджеттік жүйені қалыптастыру бюджеттің негізгі сипаттамасы

3. Бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы мемлекеттік басқару
1. Салықтар-мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар мемлекеттің біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген белгілі бір мөлшерде жүргізетілетін қайтарымсыз және өтемсіз сипатта болатын бюджетке төленетін ақшалай төлемдер. Салықтық экономикалық мәні мыналар:

- салықтар ш.ж.с. және халық табысның қалыптасуындағы қаржылық қатынастың бір бөлігін білдіреді.

- салықтар Ш.Ж.С-ң, жеке тұлға мен мемлекет арасындағы мемллекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын экономикалық категория.

- салықтар мемлекеттің құрылуы мен п.б. және мемлекеттің өмір сүруі негізі болып табылады.

Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қатанды болса. оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекете өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Сондықтан салықтар мемлекеттің тұрақты қаржы қоры.

Мемлекет салықтары экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық , экономикалық негізінде пайдаланылады. Салықтың мынадай негізгі қызметтері бар: 1) реттеушілік

2) фискальды

3) қайта бөлу

Реттеушілік қызметі-салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы саклықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады. Салықты реттеудің ең басты қызметі фискальды және бюджеттік. Ол қызметі арқылы мемлекеттік бюджет кіріс бөлімі құрылып, сал-ң қоғ-қ міндеттерді атқарады. Себебі салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік-әскери қорғаны т.б шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.

Қайта бөлу қызметі арқылы әртүрлі қызметтер табысының бір мөлшері мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтердің іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды.

Салық салу принциптері-ҚР-ң салық заңдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттері салық салудың айқындығы әділдігі, салық жүйесінің біртұтастылығы және салық заңдарының жариялылық принциптеріне негізделген.

1) Салық салудың міндетті принципі – салық төлеуші салық заң-на сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімде орындайға міндетті.

2) Салық салудың айқындық принципі – ҚР-ң салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс, салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқталуының барлық негіздерімен салық заңдарына белгілеу мүмкіндігі.

3) Салық салудың әділдік принципі – ҚР-да салықсалу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

4) Салық салудың біртұтастық принципі – ҚР-да салық салу жүйесі ҚР-ң бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады

5) Салық заңдарының жариялылық принципі – салық салу мәселесінің реттейтін нормативті-құқықтық актілердің ресми болымдылығы міндетті түрде жариял. тиіс.

Салықтар тікелей және жанама б.б.

Жанама салықтарға қосымша құн салығы мен акциз жатады. Салық және басқа да міндет. ҚР-ң заңдарына және тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңдарда белгіленген тәртіпке тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.

Қаражаггың кірісі дағдылы және төтенше болып екіге бөлінеді. Тетенше кіріс мемлекеггік меншікті жекешелендіруден шетелдіктерге әуе кеңістігіп, теңіз аймағын пайдалану қүқығын сатудан түседі, олар түрақты емес. Көп елдерде төтенше кірістің тұрақтысы мемлекеттің қарыз алуы (гос.займы). Мемлекетгік қаражатгың дагдылы кірісінің күрамы:


Салықтар, оның ішіндс жанама және кеден салықтары қор жинауы 75-85%. Салыққа жатпайтын түсімдср:

Экономиканың мемлекеттік бөлігіндегі мемлекеттік меншіктің кірісі, мемлекеттік сауданың кірісі 5-8%. Мемлекеттің олеуметтік сақтандыру қорына жарналар, зейиеткерлік жарна, жүмыссыздыкган сактандыру 10-12%.

Салық жоне оның жұйесі. Кейінгі екі мың жылдықта салық қалың бүқара қауыміи турақты назарынан қалған емес. Салық жинау жүйесі дүрыс см әділетсіз көп салық салынады дегенді көпшілік жиі айтад Салықтың әрбір өзгерісіне саяси оң беріліп, қаржылық, сынаула жалпы ақпарат орындарында хабарланады. Бүлай болуы орын да, себебі, салық: 1. Төлеушілердің табысынан алынады; 2. Көзі мемлекеттердің негізгі кірІс көзі; 3. Ақша-қарыз жүйесінде нарықты экономиканың реттеу жолдарының тиімдісі.

Нарық экономикасы дамыған елдердің мемлкет қаржысының 80-90% салықтан түседі. Басқасы мемлекст кәсіпорындардың таза пайдасы, қарыз алу, акша шығару, тағы басқадары.

Салық қаржы толтырудан басқа қоғамдық өндіріске, оның дамуы, өзгеруіне, салы бағытына, ғылыми, қарулану бағытына экономикалық осер студ: үлкен мүмкіндігін туғызады. Салық дегеніміз заң негізінде төлеушінің мемлекеттік және басқа арнайы қорларға төлейтін жарнасы, оның орны, уақыт жағдайы әрқилы. Әртүрлі мағынасына байланысты салықты аттары өзгереді, мысалы, орыс тілінде налог, пошлина, сбор тағы басқадай, қазақша салық, баж, алым.
2. Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруда қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Бюджет жүйесі бюджеттің және ҚР ұлттық қорының сондай-ақ бюджеттік процестермен қатынастардың жиынтығы. ҚР-да мынадай деңг. бюджеттер бекітіледі.

- Республикалық бюджет

- Облыстық бюджет

- Респ. маңызы бар қала-Астана бюджеті

- Аудан бюджеті

Республикалық бюджет – салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастыратын және орталық мем. орг-ң оларға ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы респуб. бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады. Тиісті қаржы жылна арналған респ. бюджет ҚР Заңымен бекітіледі.

Облыстық бюджет – салықты және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың респуб. маңызы бар қаланың-Астана немесе Алматының-оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функциялары қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімш.-аумақтық бірліктер мемлекеттік саясатты іске асырылуына арналған орталықтандырылған ақша қоры обл. бюджет. Респуб. маңызы бар қала Астана бюджеті болып табылады Тиісті қаржы жылына арн. обл. бюджеті Респ. маңызы бар қаланың Астананың бюджеті облысы Респуб. және Астана маслихатының шешімімен бекітіледі.

Аудан бюджеті – салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастыру арқ. және ауданның (обл. маңызы бар қаланың-о.м.б.қ.) жергілікті мемлекеттік орг-ң оларға ведозмствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы мемл. саясатты іске асыруғак арналған орталықтандырылған ақша қоры.(Аудан немесе о.м..б.қ . маслихатының шешімімен бекітіледі).

Төтенше мемлекеттік бюджет-республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және ҚР-дағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.

Ұлттық қор – ҚР-сы Үкіметімен ҚР Ұлттық банкіндегі шотында шоғырландырылатын мемлекеттік қаржыларды актив түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда өзег де мүлік түріндегі активтері.

ҚР-дың ұлттық қоры мемлекеттің тұрақты әлеу/к экономикалық дамуын қамтамасыз етуге экономикалық шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырылады.

Жинақтау қызметі– қаржы және материалдық емес активтерді қоспағанда өзге де мүліктердің қолданылуын қамтамасыз етеді.

Тұрақтандыру қызметі– шикізат ресурстарына әлемдік бағның конъюктурасына Республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған. ҚР-сы ұлттық қорының түсімі мен жұмсалуы Ұлттық және шетел валюталарымен жүргізіледі.

Бюджеттің құрылымы:

Кірістер – бюджет игіліктерін реттеу мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар бюджеттің болып табылады

Шығындар – бюджет несиелері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу бюдж. шығыстары болып табылады


3. Мемлекеттік басқарудың бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын келесі органдар құрайды:

1) ҚР-ның Президенті

2) ҚР-ның Парламенті

3) Рес-қ бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

4) ҚР-ның Үкіметі

5) Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық үкіметті орган

6) Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық үкіметті орган

7) Бюджеттік атқару жөніндегі орт. үкіметті орган

8) Ішкі бақылау жөніндегі орт-қ уәк. орган

9)Маслихат

10) Жергілікті атқарушы орган.

8. Дәріс. Ғылыми- техникалық прогрестің бағыттары мен оларды жеделдетудегі мемлекеттің рөлі.

Дәріс мазмұны

1. Ғылыми-техникалық прогресс қазіргі дамудың факторы ретінде

2. Ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттардың қалыптасуы

3. 2003-2015 ж. дейінгі Қазақстан Республикасының индустриалды

Экономикалық катынастардың жалпы жүйесінде иновациялық қызметтің түпкі нәтижелері өндіріс тиімділігін арттыру, еңбек өнімділігі мен капиталдың өсуі жоғары технологиялы өнім көлемі - елдін экономикялық қуатын айқындайтын болғандықтан, оған басты рөл беріледі.

Дамыған индустриялы елдерле технологиялардан, кұрал-жабдықтардан, кадрлар даярлаудан, өндірістерді ұйымдастырудан көрініс табатын жаңа ілімдер үлесіне ІЖӨ өсімінен 80-нен 95%-ына дейін келеді. Бұл елдерде жаңа технологияларды енгізу нарықтық бәсекелестіктің өзекті факторы өндіріс тиімділігін арттырудың және тауарлар мен кызметтер санасын жаксартудың негізгі кұралы болып отыр.

Қазіргі уақытта ғылымды көп кажетсінетін отандық өндірісті дамыту, бәсекеге қабілетті өнімдерді алуға бағдарланған ғылымды көп кажетсінетін жаңа технологияларды және акпараттық технологияларды әзірлеу мен игеру республиканың өнеркәсіп пен ғылыми–техникадағы әлеуетін сақтау мен дамыту есебінен ұлттық экономикалық кауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету. Қазақстан экономикасының өзекті стратегиялық міндеті болып табылады.

Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық үдерістерді жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгізуге өнеркәсіптегі жаңа қайта бөліністерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға, индустриялық қызметті ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансферті мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуге бағытталуы керек. Ғылыми техникалық салада кәсіпкерлік секторды қалыптастырмай инновациялық қызметті дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдар ішінде өнеркәсіп өндірісі көлемінде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесі өзгеріссіз қалып отыр және тиісінше 2,8-3,2% және 12,4-14,0%-ды құрап отыр, бұл индустриясы дамыған елдердегіден бірнеше есе аз.

Шағын инновациялық кәсіпкерліктің дамуы тежелуінің негізгі себебі шағын кәсіпорынның әдетте, ірі кәсіпорындармен салыстырғанда бәсекеге қабілетті өнімдер шығара алмауында болып отыр.

Шағын кәсіпкерлікті ірі кәсіпорындармен біріктіру (коперациялау) мақсатында табиғи монополия субъектілерінің негізхгі қызметіне қатыссыз қызметтер көрсету жөніндегі функцияларын шағын бизнес субъектілерінің бәсекелестік ортасына беру тетігін әзірлеу қажет. Бұдан өзге, шағын бизнесте инновациялық және ғылымды көп қажетсінетін өндірістерді, оның ішінде лизинг бойынша құрал-жабдықтар мен технологияларды сатып алу, және шағын және ірі бизнестің франчайзингтік қатынастырының кең таралуы есебінен дамыту үшін жағдай жасау керек.

Қазақстандық өндірушілерге ғылыми әдістемелерді рыноктік тауар деңгейіне жеткізу тәжірибесі жетіпсейді, менеджмент, маректинг және талдау саласындағы жоғарғы білікті мамандар жеткіліксіз. Осыған байласты қазақстандық мамандарды жетекші шетелдік ғылыми-зерттеу институттары мен компанияларына тағылымдарға жіберу және отандық кадрлар даярлау үшін республикаға жоғары біліктішетел мамандарын тарту тәжірибеге енгізілетін болады.

Қазақстандағы ғылымның қазіргі таңдағы жағдайы аяқталған ғылыми әзірлемелер мен қажетсіз өндірістер санының көптігімен сипатталады. Бұл айтарлықтай үлкен әулет және оны пайдалану инновациялық қызметті дамытудың негізгі міндеттерінің бірі болуы тиіс. Зияткерлік меншікті пайдалану мен құқықтарын қорғау инновациялық қызметті дамытудың маңызды факторы болып табылады. Құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтары мен ғылыми-техникалық зерттеулерді дамытуды, оларды өнеркәсіпте іске асыруды, бәсекеге қабілетті жаңа тауарлар мен қызмет көрсету өндірісі мен тұтынуды қамтамасыз ете алады.

Инновациялық дамудың базалық үлгісі негізінде ішкі және сыртқы инновация көздерінің арасындағы қатынас жатыр. Инновацияларды өсіру стратегиясы іргелі және қолданбалы жеке зерттеулерге негізделген өзіндік технологияларын белсенді жетілдіретін алдыңғы қатардағы елдерге тән. Технологиялардың трансферті стратегиясы іргелі және қолданбалы жеке әзірлемелері жоқ және бұл мақсаттарға арналған ресурстары шектеулі елдерде де іске асырылады.



Сонымен, ғылыми-техникалық және қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары:

  • Мемлекеттің қатысуымен маманданған венчурлік капиталды ғылыми-техникалық және инновациялық салаға тарту;

  • Инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау нысандарымен әдістерін әзірлеу;

  • Инновациялық қызметтің мемлекеттік, салааралық, салалық және өңірлік сипаттағы маманданған субъектілерін құру енетін инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру.

Инновациялық сала үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау;

  • Өнеркісіптің базалық салаларында жаңа технологиялық құрылым қалыптастыру

  • Технологиялардың өркенитетті нарығы үшін жағдайлар жасау, яғни авторлық құқықты, патенттер мен сауда белгілерін қорғау саласындағы барлық халықаралық конвенцияларды тану арқылы шетел технологиясының тренсфертін ынталандыру

  • Отандық кәсіпорындардың үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес сапа стандартына өтуін жандандыру

  • Халықаралық донор ұйымдардың, мүдделі қаржы – несие және шаруашылық құрылымдарының гранттарын тарту болып табылуы тиіс.

«Инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру көзделген экономикалық даму бағыты. Республикамыздың 2003-2015жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: əлемдегі өнеркəсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, əлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету.
Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын алуда: экономиканың шикiзат бағыттылығы; әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi; ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi; iшкi рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы; өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы; мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негiзгi қорлардың тез тозуы; кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы; ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы; ҒЗТКЖ қаржының аз бөлiнуi; отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi, ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң ықпалды тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейiнiң төмен болуы; мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы; экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы; менеджменттiң экономиканы ғаламдану үрдiстерiне және сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк саясаты 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгiленген мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары қазақстандық экономиканың сервистiк-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негiздерiн құруы тиіс.
Саясаттың басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
Саясат мынадай қағидаттарға негiзделедi:
 жеке сектормен серiктестiк;
 инвестициялық және инновациялық ұсыныстардың өнеркәсiптің шикiзаттық емес салаларында өндiрiлетiн тауарлар мен қызметтердiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға бағытталуы;
 өнеркәсiптi жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету жөнiндегi рәсiмдердiң жариялылығы мен ашықтығына бағытталған жобаларды iске асыруға мемлекеттiк қаржылық және өзге қолдау көрсету;
 қосылған құн тiзбегiн дамытуды қамтамасыз ететiн салаларға мемлекеттiк қолдау көрсету шараларының кешендi сипаты;
 тең бәсекелестiк жағдайларды және салауатты бәсекелестiк ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету;
 қандай да болсын жеке сипаттағы жеңiлдiктерден және преференциялардан бас тарту;
 индустриялық саясаттың бәсекелестiк артықшылықтарды қалыптастыруға бағытталуы.
Индустриалды-инновациялық саясат индустриядан кейiнгi дамудың перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық, инновациялық және өндiрiстiк әлеуеттi ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты бәсекелестiк артықшылықтарды алуға жәрдемдесуге тиiс.
Негiзгi бағыттар мыналар болуы тиiс:
1. Жоғары технологиялы өндiрiстер қалыптастыруға, оның iшiнде шетелдiк те, салааралық та технологиялар трансфертiнiң тиiмдi жүйесiн жасауға жәрдемдесу.
2. Жоғары ғылыми-технологиялық әлеуетi бар ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк ұйымдар мен кәсiпорындар желiсi бар қалаларда қазiргi заманғы ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның қазiргi заманғы элементтерiнiң қызметiн (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және c.c.) қолдау.
3. Индустриядан кейiнгi экономика тұрғысынан алғанда озық салаларды дамытуда қазiргi ғылыми-техникалық әлеует салаларын пайдалану.
Қазақстан қазiрдiң өзiнде мына салалардағы әзiрлемелер негiзiнде ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамыту үшiн белгiлi бiр ғылыми базаға ие, оның iшiнде: биотехнологиялар (ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен жануарлардың генотиптерi, бактериялар штамдары және басқалары); ядролық технологиялар; ғарыштық технологиялар; жаңа материалдар, химиялық өнiмдер және басқаларды жасау.
4. Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық бағыттардың жаңа материалдар мен химиялық технологиялар және ақпараттық технологиялар салаларында зерттеулер жүргiзу үшiн қажетті жағдайлар жасау.
5. Ғылыми-техникалық және өндiрiстiк ұйымдар мен кәсiпорындардың инновациялық қызметiн ынталандыруға, ғылым мен инновациялар салаларына инвестициялар тартуға, өнеркәсiп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуiне бағытталған заң шығару базасын жетiлдiру.
Индустриалдық - инновациялық саясатты iске асыру нәтижесi 2015 жылы мұнай және газ кен орындарын қарқынды игеру кезiнде өнеркәсiп өндiрiсi мен экономика құрылымының түбегейлi өзгеруiне әкелмейдi.
Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асыру:
 ЖIӨ құрылымындағы өнiмдердi шығарудың үлес салмағын 2015 жылы 46,5 %-тен 50-52 %-ке дейiн ұлғайту;
 ЖIӨ құрылымындағы ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтiң үлес салмағының қызметiн 2000 жылы 0,9 %-тен 2015 жылы 1,5-1,7 %-ке дейiн көтеру;
 ЖIӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесiн 2000 жылы 13,3 %-тен 2015 жылы 12-12,6 %-ке төмендеуiнiң қарқынын баяулату (осы көрсеткiш салыстыру үшiн индустриялық саясатты жүргiзбесе 2015 жылы 10,9 %-тi құрайтын болады);
 Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асырмаса, өнеркәсiп өндiрiсiндегi тау-кен салаларының қосылған құн үлесi 2015 жылы 55-56 %, оның ішiнде 2000 жылы 31,0 % және 25,6 % салыстырғанда мұнай өндiру - 50-51 % жетедi. Стратегияны iске асыруды ескере отырып, тау-кен өндiрiсi 45-47 % ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өндiрiстiң үлесi 2000 жылы ЖIӨ 0,1 %-тен 2015 жылы 1-1,4 %-кe дейiн өседi.
Өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құн құрылымында сапалы өзгерiстер болады. Металлургия және металдарды өңдеу үлесi өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құнының жалпы көлемiнен 40,1 %-тен 27-28%-кe дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң үлесi 38,1 %-тен 45-46 %-ке дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өнiм 2000 жылғы 0,6 %-ке қарағанда 9-11 %-тi құрайды.
Бұл ретте күнкөрiстiң төменгi деңгейi, ең аз жалақы және зейнетақы өседi. Ел тұрғындарының нақты ақшалай табысы 2,1-2,4 есе ұлғаяды.
Индустриялық-инновациялық саясат Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

Дәріс 9. Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері

Дәріс мазмұны
1. Инвестициялардың түрлері және атқаратын қызметі

2. ҚР-ның инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын қалыптастыру негіздері

3. Инвестициялық саясатты мемлекеттік құқықтық реттеу жолдары
1. Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметінің және нәтижесінде пайда құралатын немесе әлеуметтік теңділікке толық жеткізілетін қызметін басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлері. Капиталдың өз ішіндегі эк-ға ұзақ мерзім жұмсалуы. Инвестициялар нақты және қаржылық инвестициялар б.б.

Нақты инвестициялар – капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б. жұмсалуы.

Қаржылық инвестициялар – мем-н басқа бір кәсіп-ң инв-лық қорларды, бағалы қағаздар мен инв-ды сатып алуға бағытталған.

Коммерциялық тәжірибелер мұндай инвестициялық түрлері бар:

1) Табиғи активтерге инвестиция

2) Ақша активтеріне инвестиция

3) Материалдық емес активтерге инвестиция.

1) Табиғи активтерге - өндірістік ғиматтар мен құрылымдар қызмет ету уақыты 1 жылдан асатын әр түрлі машиналар мен жабд-р және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.

2) Ақша активтеріне – басқа да жеке және заңды тұлғ-н ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады.

3) Фирма жұмыстарының қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жасау тапқыштың потентер мен лицензиялар. Өнеркәсіп өнімдерінің куәлік алу, өнімге сертификат алу. Олар жерді қолдану құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады.


2. Инвестициялық саясат маңызды 3(үш) бағытта жүргізіледі:

1) Мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы

2) Ішкі несие қорларымен жеке, заңды тұлғ-ң өзіндік қаражаттарын тиімді қолд-ды ынталандыру арқылы

3) Шетелдік инвестициялар тартумен тиімді пайдалану механизмі арқылы.

Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу және халық шаруашылығының барынша тиімді аймақтық-салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың үлесімін қамтамасыз ету мемлекеттің инвес-қ қамтамасыз ету-мемлекеттің инвестициялық саясатын негізін құрайды. Оны қалыптастыру барысында ҚР-ның президенті бөлетін күрделі ұлттық бағдарламаларды іске, асыру қажеттілігіне ескеріледі қазіргі жағдайда, ҚР-ң үкіметінің құрылымдық саясаты келесідей желеледі дамытуға тиіс:

1. Дайын өнім шығару арқылы ғы-ты арттыратын салалар дамуына басымд. беру.

2. Ішкі нарық талаптарын қанағаттандыратын және шен-ты алмастыру өнім өндірісін кеңейту

3. Негізінен отандық өндіріс есебінен халық шаруа-ғы барлық салалардың өнд. аппаратын жаңарту

4. Халық қажеттіліктерін қанағ-ға бағытталған салалар дамуын қамтамасыз ету

5. Экономикасыны аграрлық секторының дамуын тездетуге бағытталған қаржы және несие қорларын арттыру жәнеэкономикасыны тиімді басқару жүйесіне шетелдердің капиталын саналы тарту жатады. Өтпелі кезеңнің тарихи ерекшеліктерінің бірі – шетел инвестицияларындағы тарту мен пайданың оңтайлы жолын табу болып табылады

Шетел инвестицияларын пайдалану ел экономиканың, халықаралық еңбек бөлінісінің жүйксіне қатсуымен және капиталдың кәсіпкерлік үшін бос салаларға құйылуымен анықталатын объективті қажеттілік болып табылады Қ-да басқа елдер сияқты шетел инвестицияларын келесі факторлар есебінен қарастырады:

1) экономикалық және техникалық өзгерісті жеделдету

2) өнеркәсіптік аппаратты жаңарту және жаңғырту

3) өндірісті ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы әдістерін өңдеуі

4) нарықтық экономиканың талаптарына сай кадрлар дайындауды және жұмыспен қамтуды іске асыру.

Ең алдымсн аса маңызды скі моселсге ерекшс коңіл бөлу керек: біріншіден, халық шаруашылығының құрылымдық өзгерістеріне нарықтық механизм әсср етс алмайды, сондықтан бұл өзгерістерді мемлскет тарапынан реттеу қажет; екіншіден, өзгерістсрді инвестициялық процестермсн жәнс шаруашылық жүргізуші субъектілердің инпестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ ондірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық реттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Сондай-ақ, болашақтағы ғылыми негізделген құрылымдық өзгсрістердің қажеттілігі - әсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты мақсатты сипатта болады.

Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын корсеткіштер жүйссі мен дсңгейі кобінесс мсмлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мсн болашақтағы кезендерге белгіленген мақсаттарга қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік экономикалық саясат — макроэкономикалық, салық жәнс аймақтық дсңгейлердс құрылымдық саясатты қалыптастыру негізгі болып табылады.

Макроэкономикалық түрғыдан алғанда қүрылымдық саясатты қалыптастыру нсгізіне өзара тиімді қатынастарды қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар мәселелер жатады. Олар: қоғамдық өнім өндіру бөлімшелері арасындағы, аралық және дайын өнім, өнсркәсіптсгі өндіріс құралдарының өндірісі ("Л" тобы), үлттық табыстағы тұтыну қоры мсн қор жинау, өндірістік және өндірістік емес күрдслі қаржы жұмсау, құрылыс-монтаж жұмыстары мен өндіріс жабдықтарына шыпғын жұмсау арнларындағы қатынастар. Олардың негізінде тиімділікке қол жеткізу дсгеніміз - қоғамның табиғи-шикізат, материалдық-техникалық және интеллектуалдық қорларын қолдана отырып, халықтың материалдық жәнс мәдени қажсттіліктерін, жақсы тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету. Мұнда аталған мәселені шсшуді тездетудің, негізі әрдайым аз шығын жұмсап коп нәтижсге қол жсткізуге бағыттайтын шаруашылық жүргізудің нарықтық моделі.

Макроэкономикалық салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының салалық құралымына да әсер етеді. Өйткені мұнда өзгсрістсрді жүзегс асырудың маңызды тетігі - макроэкономикалық жағдайға айтарлықтай әсер етстін салалық басымдықтарды ғьлыми негіздеу болып табылады. Рсспубликамыздын, жағдайында салалық құрылымның тиімді жағдайын анықгау экономиканың шикізаттық бағытын жою және өнсркосіпті дамыту мәселслсрімсн тығыз байланысты.

Болашақтағы салалық өзгерістсрді нсгіздеудс есксрілстін маңызды фактор - жиыптық сүраныс құрылымы жайлы болжамды мәлімсттср. Олар ішкі қорлар мен импортты алмастыратып өндірісті ұйымдастыру сссбінен тиісті жиынтық үсыныс құрылымын қажст стсді. Әлемдік тәжірибс, басқа елдсрдсн алынатын ресурстар экономикалық егемеңдікті нығайтуға септігін тигізбсйтіндігін долелдеп отыр. Ал, егсрде мәселе азық-түлік онімдеріне деген сұранысты өтеу жонінде болса, онда импортқа бағытталу елдің азық-түлік бойынша қауіпсіздігін айтарлықтай нашарлатады.



3. Бүгінгі күнде ҚР-ң инв. саясаты арнайы бекітілген нормативті жағдай белгіленеді: жалпы инвестициялық саясаты шаруашылық қызметті, заңдылықты, салықтық-валюталық, банктік заңдылықтарды реттейді. Қ-ғы мемлекеттік инв. жүйесін оңтайландыру мақсатымен инв. басқарудың заң шығаратын негізгі мен органдары құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешенін қабылдануда. Соның ішінде – «Шетел инвестициялар туралы ҚР заңы» (1991ж.).

- «Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі ереже» (1993ж.)

- «ҚР-ң шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы» ҚР-ң Президентінің жарлығы (1992ж.)

- «Инвестициялар бойынша ҚР-ң Мемлекеттік Комитетін құру жөніндегі ҚР-ң Президентінің жарлығы» (1996ж.)

- «ҚР-ғы инвестициялық қорлар туралы ҚР Заңы» (1997ж.)

- «Шетелдік инв. туралы ҚР-ң Заңы» (27 желтоқсан 1994 ж.)

- «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы ҚР-ң Заңы» (28 ақпан 1997 ж.)

- «Инвестиция туралы ҚР-ң Заңы» (8 қаңтар 2003ж.)

Инвестицияларды мемлекеттік қорғаудың мақсаты – экономиканың дамуы үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау және осы замнғы техникларды қолдана отырып, жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту, жаңа жұмыс орындарын сақтауға сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға инв-ды ынталандыру болып табылады Инв-ды мемлекеттік қолдау инвестициялық референциялар:

• инвестициялық-салықтық реф-р

• кеден баждарын салудан босату

• мемлекеттік заттай, гранттар

Инвестициялық реформалар:

1) көзделетін инвестициялық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес болған

2) осы заманғы технологиялар қолданыла отырып, ҚР-сы заңды тұлғасының тіркелген активтерінен жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұруларын кеңейту және жаңарту үшін инвестициялар жүзеге асырылған

3) инвестициялық жобаны іске асыру үшін инвестициялық қаржылық , техникалық және ұйымдастырушылық мүмк-ң болуын растайтын қажетті құжаттар табысы берілген жағд-да беріледі.


СӨЖ: ҚР-ң инвестициясының құрылымы және динамикасы


10. Дәріс. Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу

Дәріс мазмұны
1. Агроөнеркәсіп кешенің экономикасын мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру алғышарттары

2. Аграрлық сектордың мемлекеттік реттеуінің негізгі қағидалары

3. Аграрлық секторға мемлекеттік қолдау көрсету механизмі
1. Аграрлық сектор – мемлекеттік реттеуді аса қажетті реттеу, нарық жағдайында мемлекеті реттеу экономиканың мүмкін коньюктуралық құлдырауына көтерілуіне мемлкеттік түзету енгізіп отыратын делдал ретінде жүргізіледі. Баға белгілеудің мемлекеттік реттеу міндетті бағаға инфляцияның жоғарғы деңгейі болдырмауы керек. Ауыл шаруа-ғы өндірушілерінің қажетті табыстылығын қамтамасыз етуге б/п отыр. Бағаны мемлекеттік реттеу мемлекет орг. жүргізілетін және жекелеген тауарлар бағасының әрекет етуші деңгейімен экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшыл-ды білу үшін бағаның жалпы деңгейін сақтау немесе міндетті түрде бағытталған шаралар жүйесі ретінде жүргізіледі.

Бағаны реттеу дегеніміз – бағағ кез келген әсер ету емес (оол мемлекет органдарының қандай да бір щараларының нәтижесі болуы мүмкін), ал бағаға оның деңгейіне, жүйесіне және динамикасына мақсатты, сапалы түрде әсер етуі. Экономикалық аграрлық сектор-ң мемлекеттік жүргізілген жалпы тұжырымдамасынан шыға отырып, баға белгілеудің нысандары мен әдістерін анықтау кезінде ауыл шаруашылығы, шикізат пен азық-түлік нарығын, сонымен қатар келісім шарт негізінде орталықтандырылған қорларға жеткізудің бірнеше белгілердді көрсетуі қажет.

Мемлекеттің ауыл шаруашылығы экономикасына араласуы нарықтық қатынастар дамуымен анықтайды. Дерективті түрде бағаны орнату сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдік заңын мойындалады. Бағаны мемлекеттік реттеудің жалпы құн қағидаларын пайдалана отырып, құрған яғни бағдарламалық тұрақтандыру және төмендету. Өтпелі кезеңдегі аграрлы сектор экономикасын мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру мен дамудың алғашарттарына келесілер жатады:

1. Табиғи-климаттық жағдайлардың сан алуан түрі

2. Табиғи факторлармен катар нарық жағдайына байланысты болатын бағал-ң тұрақсыздығы

3. Ауыл шаруашылығы монополизацияны төмен дәрежесі және ресур. қамтамасыз етуші және қызмет көрсетуші салардағы монополияның жоғарғы дәрежесі

4. Ұдайы өндіру процесімен ерекш-ке қарай ауыл шаруашылығы инвестициялау әлсіз тартымдылығы

5. Ауылдың әлеуметтік инфрақұрылының қалыптастыру ерекшелігі

6. Ауыл шаруашылығы өнд-ті экологиялау қажет

Республикамыздың агроонеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жолдауында Республика Прсзиденті Н.Ә.Назарбаев: "Ауыл дегеніміз - сайып келгснде, халықтың тұр-мыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет-ғүрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары. Осынау саяси-моральдық және әлеуметтік факторлардың өзі-ақ бізден ауылға барынша байсалды қарауымызды талап етеді", -деп атап көрсетті. ("Егемсн Қазақстан" газеті, 30 сәуір, 2002 ж.) Көптеген жылдар бойы өнімді еңбекке ынталандыру тетіктерін жете пайдаланбағандықтан аграрлық салада терең дағдарыс қалыптасты. Одан шығудың бірдсн-бір жолы, сөзсіз, осы салада кешенді және жүйелі түрде экономикалық реформа жүргізу еді. Ал оның қалай жүзеге асырылып жатқандығына талдау жасайтын болсақ, ең алдымен нарықтық қатынастарға көшу тактикасындағы орын алған қателіктерді атап өту керек. Бұл ауыл және барлық халық шаруашылығында реформа жүргізудің стратегиялық бағытын жүзеге асыруда қолдан жасалынған қиыншылықтар тудырды. Әуелі көптеген жылдар бойы орталықтан басқару жағдайында қалыптасқан шаруашылықпен айналысу мен еңбек ету психологиясын жекеменшік өрістеген жағдайға бейімдеу революциялық емес эволюциялық процесс екені ескерілмеді. Әсіресе мал шаруашылығын дамытуда жергілікті халықтың еңбек ету "философиясы" ескерілмеді: - эволюциялық өзгерістер нарыққа өтуге даиын емес ортаға "секіріспен" ауыстырылды.

Жоғарыда жүргізілгсн талдау мәліметтері көрсеткендей, Қазақстан ауыл шаруашылығының "құлдырауына" не себеп болды?

Біріншіден, жекешелендірілген ауыл шаруашылық кәсіпорындарының мүшелерінің негізгі бөлігінің өз бетімен шаруашылық жүргізуге дайын болмауы, нарық жағдайына өтуге ауыл шаруашылық жұмысшыларының психологиялық дайындықсыздығы, еңбекті ұйымдастырудың ұжымдық формасына дағдыланғандықтан өз шаруашылығын ұйымдастыру тәжрибесінің жеткіліксіздігі.

Екіншіден, іс жүзінде жекешелендіру формальды түрде, яғни тек сыртқы көрінісін, түрін өзгертумен шектелді, оның түрлері мен әдістері біржақты сипат алды. Алғашқы кезеңде жеке шаруашылық жүргізу үшін жағдайлар жасалмастан негізінен ірі кәсіпорындарды ұсақ және шағын кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарына бөлшектеу қалыптасқан өндіріс процесінің бұзылуына, ішкі және сыртқы байланыстарының үзі-луіне алып келді. Оның үстіне, ауыл шаруашылығында айналым заттарының қоры болмауы мен баға қайшылығынан жағдай қиындай түсті.

Үшіншіден, жекешелендіру бағдарламасы тұтастай аграрлық саясат пен экономиканы тұрақтандыру шараларымен нығайтылмады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы дамуын мемлекеттік қолдау деңгейі анықталмады. Жекешелендірумен Мемлекеттік мүлік комитеті жеткілікті мөлшерде негізделген экономикалық есептеусіз айналысты. Аграрлық кәсіпорындар деңгейінде жекешелендіру жұмыстарының жағымсыз зардаптарын болдырмау шаралары жасалынбады және өндірістік бөлімшелердің қызмет көрсетуші, қосалқы, көмекші көсіпорындармен өзара қарым-қатынас механизмі дайын-далмады.

Төртіншіден, АӨК-тің өндеуші кәсіпорындарын жекешелендіру де жеткілікті экономикалық негіздеусіз жүргізілді, нәтижесінде ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің өніміне төменгі сатып алу бағалары және өз өнімдеріне жоғары өткізу бағалары монопольды жағдайда белгіленді. Бұл ауыл тауар өндірушілерін әділетсіз, ауыр жағдайларға душар етті. Бұл жерде ұтымды тәжірибе ретінде, кезінде Алматы темекі фабрикасын басқаруға алған американдық "Филипп Морис" компаниясының қызметін атауға болады. Компания темекі өсіруші шаруашылықтармен фючерстік келісім-шарттар жасап, күзде алынатын өнім есебінен олардың көктемгі жұмыстарын қаржыландыру шараларын жүргізді, темекі түқымымен, тыңайтқыштармен, басқа да заттармен қамтамасыз ете білді. Сатып алынған өнімнің ақысын уақыт өткізбей төлеп отырды. Соның салдарынан темскі дақылының түсімі 2000 жылы 1990 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге өсті.

Жоғарыда айтылғандарды және аграрлық секторды нарық жағдайына бейімдеу тәжрибесін ескере отырып, төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:



  • аграрлық сектордың өндірістік-әлеуметтік ерекшелігіне қарай онда нарықтық механизмді ешқандай шектеусіз және түзету енгізусіз "таза күйінде" пайдалану өндірістік потенциалды қолдану тиімділігінің төмендеуін және әлеуметтік мәселелердің шиеленісуін тудырады;

  • меншік пен шаруашылық жүргізудің түрлері мен әдістерін өзгерту процесі бәсекелес нарықтық орта құрудың алғы шарты ретінде мемлекеттің бағыттауы мен қолдауы нәтижесінде біртіндеп дамуы тиіс; сондықтан көпукладтылық, ұсақ тауарлы жеке және ірі өндірістің (ерікті кооперация негізінде) үйлесуі ұзақ мерзімге сақталады;

- аграрлық сектор нарықтық өзін-өзі реттеудің
бастапқы алаңы" рстінде нарықтың дамуы үшін
рсттсу мсн қолдаудың ерекше мемлсксттік саясаты енгізілетін экономиканың бірінші саласы болуы қажст; оның мәні-әкімшілік емес, экономикалық құралдарды (баға, салық, несис,т.б.) өзара байланысқан жүйе ретіндс пайдалану болып табылады.

Ең алдымсн экономикалық рсттеудс жср рефор-масы - мсмлекст дсңгейіндсгі үлттық мәселелерді қам-титын аса күрделі процесс. Әлемдік төжірибеде жерге шексіз жскс мсншіктік қүқығын бермей, мемлекет және қоғамдық мүдделсрдің артықшылыгын қамтамасыз ете-тін ер түрлі шектеулер бар. Мүндай қүқықты беру - иқсат смсс, тек жерді пайдалану тиімділігін арттыру үшін пайдаланатын құрал. Ауыл тұрғандарын көбірек толғандыратын мәселс жерге жеке меншік орнатудан горі, одан алынатын оз еңбегінен түсксн нотижеге иелік ету қүқығы. Атап айтқанда, кеңінен етек алған бүрынғы тәжірибені, яғни алдымен ауылдың бар онімін, пайдасын алып қойып, соңынан дотация, қарыздарын отеу түрінде біртіндел қайтарудан арылу мүмкіндігін бсру қажет болды.

Ауыл еңбеккерінің жсрді сенімді пайдалануы үшін республикамыздың Ата заңына сойкес жерді үзақ мсрзімге жалға, нсмесс омірлік мүрагерлікке беру оте тиімді екенін баса айту керск. Сондықтан жер туралы заңда бүл процссті аягына дейін жеткізу моселесін қарастыру оте маңызды іс екені белгілі.

Жер қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары:



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет