Оқу әдістемелік кешен типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған


Пәннің оқу-әдістемелік жабдықтау картасы



бет101/101
Дата28.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#115280
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101
Байланысты:
2018. МОӘ. УМК каз
1b528d56-1f2e-44da-9d8d-01a960580b07, знак жас улан, zadanija munitsipalnogo etapa 8 klass matritsa1 biologija, Математика қыркүйек 1 апта
Пәннің оқу-әдістемелік жабдықтау картасы


Физика-математика факультеті, математика кафедрасы

Пән оқытушысы: п.ғ.к., доцент Б.Р.Қасқатаева



Мамандық

Пән аты


Кредит

МЖБС


Типтік оқу бағдарламасы


ОӘК,электрондық ОӘК

ОӘК


Оқулықтар


Оқу құралдары


Оқу-әдістемелік әдебиет


Студент саны

Кредит саны

5В010900

Математика





МОӘ

51

3

1

1


60

50

100



52




Глоссарий.


  1. «Математика» – грек тілінен шыққан сөз, оның мағынасы «білім, ғылым».

  2. «Әдістеме» - гректің «жол» деген сөзінен шыққан. математиканың әдістемесі (немесе математиканың дидактикасы не педагогикасы деп те айтылады) - қоғамның талабы бойынша, оқыту мақсаттарына сәйкес математика ғылымының белгілі бір даму деңгейінде, математиканы оқыту заңдылықтарын зерттейтін, педагогиканың бір тарауы.

  3. Салыстыру - зерттелетін объекттердің ұқсастығы мен айырмашылығын ойша анықтау. Салыстыру аналогиямен тығыз байланысты.

  4. Жалпылау деп объекттер жиынына қатысты және сол объекттерді біріктіретін қасиеттерін анықтау тәсілін айтамыз.

  5. Абстракциялау деп зерттелініп отырған объектінің кейбір елеусіз қасиеттерін ойдан шығарып, оның елеулі қасиетін анықтауды айтамыз.

  6. Нақтылау - объектіні біржақты ғана ойлау әрекеті. Белгілі бір ұғымды нақты көрнекілік арқылы енгізгенде, абстрактілі жағдайды нақты келістіруде, объектінің нақты жағдайда қасиетін анықтауда нақтылау әдісі қолданылады.

  7. Анализ - салдардан, оны туғызған себепке көшетін, синтез - себептен, оның өзінен туындайтын салдарға көшетін ойлау әдістері деп те түсінеміз.

  8. Бақылау деп қоршаған ортадағы құбысыстардың қатынастары мен қасиеттерін табиғи бәз қалпында зерттеу әдісін айтады.

  9. Қабылдау – объектінің біздің сезім органдарымызға әсер ету кезінде біздің санамызда сол объектінің бейнеленуі..

  10. Тәжрибе деп объектілер мен құбылыстардың табиғи күйі мен дамуына жасанды жағдайлар туғыза отырып, оларды жасанды түрде бөліктерге бөліп, басқа объектілермен және құбылыстармен біріктіру арқылы зерттеу әдісін түсінеді.

  11. Эвристикалық іс-әрекет деп адамды қоршаған объектілердің білгісіз жаңалықтарын ашатын, немесе жаңа амалдар жүйесін ашатын ойлаудың түрін айтамыз.

  12. Проблемалап оқыту дегеніміз мұғалімнің басшылығымен келжағдайлар туғызу және оны оқушылардың шешу жолындағы өзіндік қызметінің нәтижесінде шығармашылдығын, кәсіптік білімін, дағдысын, іскерлігін, ойлау қабілетін жетілдіруді туғызу.

  13. Интерактивті әдістер - оқушылардың өзара әрекет етуіне жағдай жасайтын әдістер немесе оқушылардың бір – бірімен қарым қатынас жасауларына мүмкіндік тұғызатын әдістер деп түсінеміз.

  14. Математикалық қабілет дегеніміз адамның математиканы саналы және терең меңгеруіне қажет ақыл – ойының жеке психологиялық ерекшеліктері.

  15. Ойлау дегеніміз өзінің даму үдерісінде зор кәмілдікке жеткен материяның жемісі.

  16. Индукция - (латын: іnductіo-жетелеу) екі немесе бірнеше дербес пікірлерден жаңа ортақ пікірге көшетін ой-тұжырымы.

  17. Дедуктивтік әдіс деп неғұрлым жалпы талдаудан жекеге, жалпы қағидадан дербес қорытындыға көшу тәсілін түсінеді.

  18. Аксиома – (грек: axioma – беделді сөйлем) дәлелдеусіз алынатын сөйлем.

  19. Сase – study - нақты практикалық ситуацияларды талдау

  20. Рефлексивтік практика – сананың өзіне назарын аударып, өзінің психикалық күйіне ой жүгірту практикасы, меңгерілген әдістемелік ақпаратты бір жүйеге келтіру

  21. Тірек конспект (логика-құрылымдық схема) – белгілі бір тақырыптың негізгі моменттерін қысқаша сурет немесе кесте түрінде келтіру. Тақырыптың құрамының компоненттерінің арасындағы логикалық байланыс стрелкамен не арнаулы белгілермен көрсетіледі.

  22. МОТӘ – математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі;

  23. АТ – ақпараттық технология;

  24. ҰБТұлттық біріңғай тестілеу;

  25. ОӘК – оқу-әдістемелік кешендер;

  26. ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет