Оқу әдістемелік кешен типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған


Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнының тізімдемесі



бет2/101
Дата28.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#115280
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
Байланысты:
2018. МОӘ. УМК каз
1b528d56-1f2e-44da-9d8d-01a960580b07, знак жас улан, zadanija munitsipalnogo etapa 8 klass matritsa1 biologija, Математика қыркүйек 1 апта
Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнының тізімдемесі




Құжаттаманың атауы

Беті




Пәннің оқу-әдістемелік кешені






Типтік оқу бағдарламасы (оқу бағдарламасы)

4



Силлабус






Практикалық әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар






СӨЖ тақырыптары мен мазмұны






СОӨЖ тақырыптары






Тест сұрақтары






Емтихан сұрақтары






Пәннің оқу әдістемелік жабдықтау картасы




9

Глоссарий





Бекітемін

факультет деканы
__________ С.А.Исаев
«____» ___________ 2018 ж.


SYLLABUS



Пәннің коды және атауы, циклы

MOA 3301 Математиканы оқыту əдістемесі

Мамандықтың коды және толық атауы

«5В010900 – Математика»

Оқыту нысаны (күндізгі, сырттай кешкі, қашықтықтан оқыту)

Күндізгі

4 жылдық, 3 курс, қазақ тобы, 5 семестр

3жылдық, 2 курс, қазақ тобы, 3 семестр


Пәнді ұсынатын кафедра

математика

Оқытушы туралы мәлімет (А.Ж.Т., қызметі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, байланыс телефондары)

Бақыткүл Рахымжанқызы Қасқатаева, педагогика ғылымдарының докторы, профессор м.а.

+7 701 6443452



Өткізу уақыты және орны: Аудиториялық сабақтар

СОӨЖ (сағаты)



1 корпус, 4 қабат, 436 аудитория

Дәріс -15

Практикалық - 30

СӨЖ - 60

СОӨЖ - 30



Кредит саны

3

Пәннің пререквизиттері

(ОБ бойынша пәндер)

Пəннің пререквизиттері: Элементар математика, Педагогика,
Психология, Философия, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Білім беудегі менеджмент, Оқушылардың физиологиялық дамуы.

Пәннің постреквизиттері

(ОБ бойынша пәндер)

Кəсіби (оқу, педагогикалық, өндірістік) практика, Мамандық бойынша Мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмысты жазу жəне қорғау.




Алматы, 2018
Пәннің сипаттамасы
«Математиканы оқыту əдістемесі» курсы математиканың оқу пəні
ретіндегі өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, дидактиканы нақтылай
түседі, психологиялық-дидактикалық негізде жалпы əдістемелік идеяларды,
қағидалар мен нұсқаулықтарды жасайды, сонымен қатар осы білімдерді
мектеп математика курсының нақты тақырыптарын оқып-үйренуде
қолданудың жолдарын айқындайды. Курс негізінен алғанда, Қазақстан
Республикасының қазіргі заманғы жалпы білім беретін мектептері
математика пəні мұғалімдерінің кəсіби дайындық деңгейінің сапасын
қамтамасыз етуге бағытталған.

«Математиканы оқыту əдістемесі» педагогикалық пəндер циклына


жатады жəне оны философиялық, психологиялық, жалпыдидактикалық жəне
математикалық дайындықтан өткен білім алушылар оқып-үйренеді.
Дайындықтың осы деңгейін ескере отырып, əдістемелік курсты
«Математиканы оқыту əдістемесі бакалавриаттағы оқу пəні ретінде» атты
тақырыптан бастау тиімді болып табылады. «Математика жалпы білім беретін мектептердегі оқу пəні ретінде» жəне «Математиканы оқытудың əдістері мен заманауи технологиялары» тақырыптары жалпы білім беретін мектептің негізгі жəне жоғары буындарында математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттеріне, мазмұнына, құралдарына, əдістеріне жəне заманауи технологияларына шолу жасауға арналады.

«Мектеп математика курсының негізгі мазмұндық-əдістемелік


бағыттары жəне оны оқытудың əдістемесі» жəне «Мектепте математикадан
оқу жұмысын ұйымдастыру» атты тақырыптар курстың негізгі тақырыптары
болып табылады, олар жалпы əдістемелік идеялар мен қағидаларды мектепте
математиканы оқыту барысында нақты мысалдармен көрсетіп беруді жүзеге
асырады. Бұл өз кезегінде, жалпы əдістемеден дербес əдістемеге көшуді
қамтамасыз етеді.

Курсты оқып-үйрену «Математиканы оқыту əдістемесі пəні


педагогикалық ғылым ретінде» тақырыбымен аяқталады, мұнда
студенттердің əдістемелік-математикалық ғылымның объектісін, пəнін,
мақсаты мен міндеттерін, зерттеу əдістерін меңгеруі қамтамасыз етіледі. Бұл білімдерді олар курстық жəне дипломдық жұмыстар жазуда, сондай-ақ
өздерінің болашақтағы əдістемелік жəне ғылыми-зерттеушілік қызметтерінде қолдана алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет