Оқу әдістемелік кешен



бет5/22
Дата05.11.2016
өлшемі2,59 Mb.
#945
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


3-жаттығу. Вместо точек вставьте нужный союз мен, бен, пен, және, да, де.
Құжат толтырудың біртұтас ережесін Қазақстан Республикасы мәдениет … ақпарат министрлігінің мұрағаттар … құжаттарды басқару комитеті белгілейді. Құжаттарды толтырудың … құжат айналымын басқарудың нормалары арнайы “Ережелерде” айқындалды. Құжаттарды топтастыру – оларды ұқсастықтары … айырмашылықтары бойынша бөлу болып табылады. Түріне қарай құжаттар типтік …, үлгілік …, жекелік …, қалыпты …, жалпыға бірдей … болып бөліне береді. Іс жүргізу құжаттары хабар-мәліметтің қайнар көзі … таратушысы, заң арқылы басқарудың тәсілі болып … табылады.

Құралай қағаз … қарындаш сатып алды. Олег … Марат қазақ тілі курсында оқып жүр.


4-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз (Раскройте скобки, выбрав подходящую форму слова)
Басқарудың құралы ретінде құжаттар жоспарлауда, (қаржыландырудың, қаржыландыруда, қаржыландырумен, қаржыландырудан) несие беруде қолданылады. (Құжаттардың, құжаттарда, құжаттары, құжаттарым) мемлекеттік құрылым белгіленеді. Құжаттардың қажетті және жеткілікті мөлшерде болуы нақты (жұмыспен, жұмысқа, жұмыстан, жұмысын, жұмысының) көп уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Ұйымды басқарудағы жазба құжаттардың үйлесімді (жүйелі, жүйесінің, жүйесі, жүйесін, жүйелерін) бірте-бірте қалыптасады. Сақталу (мерзімімен, мерзімінде, мерзіміне, мерзімін, мерзіммен) қарай құжаттар 10 (жылмен, жылда, жылдан, жылының, жылға) жоғары тұрақты мерзімге сақталатын және 10 (жылмен, жылда, жылдан, жылының, жылға) дейін уақытша сақталатын құжаттар болып бөлінеді.
5-жаттығу. Морфологиялық талдау жасаңыз (Сделайте морфологический разбор).
Ұйым өзінің қалыпты қызмет етуіне қажет салалық құжаттар табелін әзірлейді. Ондай табельге дәстүрлі әдіспен жасалған құжат түрлері де, сондай-ақ есептеу-техникалық құралдары арқылы жасалған түрлері де енеді. Құжаттарды басқару қызметі салалық бөлімдердің барлығына бірдей іс номенклатурасын жасап шығарады. Қағаз санының шектен тыс көптігінен оларды жасауға көп күш, уақыт кетеді. Мұның өзі тікелей іске, ауызша түрдегі жеке қарым-қатынасқа кедергі келтіреді.


6-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз (Переведите на казахский язык).
Управление предприятием есть в значительной степени информационный процесс: получение и обработка информации, принятие решения и его исполнение. Для выработки верного решения требуется полная, оперативная и достоверная информация. Этим качествам информации и должен отвечать документ. Однако полнота информации подразумевает не столько ее большой объем, сколько выделение в ней главных, приоритетных составляющих.
7-жаттығу. Берілген сөйлемдердің құрамындағы сөздерді орын тәртібіне қарай дұрыс орналастырыңыз (Составьте предложения, соблюдая порядок слов).
Құжаттарда мемлекеттік белгіленеді құрылым. Іс жүргізу құжаттары болып табылады істі белгілеудің тәсілі. Құжаттар арасындағы заңды және жеке тұлғалар қызмет етеді қатынастар үшін. Заңды күші бар еңбек тартыстарын шешуде мәліметтер қандай да бір фактінің қызмет етеді дәлелі ретінде.
8-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз (Переведите на русский язык).
Құжаттарды топтастыру – оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша бөлу болып табылады.

Белгілеу тәсіліне қарай құжаттар жазба, графикалық, акустикалық (фото, кино, бейнеқұжаттар) болып бөлінеді.

Мазмұнына қарай – ұйымдық-өкімдік, қаржы-есеп, жабдықтау-өткізу құжаттары болып бөлінеді.

Атауына қарай көптеген түрге (жанрға) бөлінеді: ережелер, бұйрықтар, хаттамалар, жарғылар, арыздар, хаттар т.б.

Толтыру орнына қарай құжаттар ішкі және сыртқы (кіріс және шығыс) болып бөлінеді.

Орындалу мерзімі бойынша құжаттар жедел және жедел емес (жай) болып бөлінеді.


9-жаттығу. Екі бағанадағы сөздер мен сөз тіркестерінің орыс және қазақ тілдеріндегі баламаларын сәйкестендіріңіз.


бөлу

белгілеу тәсіліне қарай

ұйымдық-өкімдік

ережелер

жарғылар

арыздар


толтыру орнына қарай

кіріс және шығыс

орындалу мерзімі бойынша

қызметтік және ресми-жекелік

күнделікті қызметте қолдану үшін

құпия


заңдылық күшіне қарай

шын және жалған құжаттар жасалу



уставы

по месту составления

входящая и исходящая

служебные и официально-личные

для служебного пользования

по юридической силе

подлинные и подложные документы

по способу фиксации

секртеные

деление


заявления

положения

по срокам исполнения

организационно-распорядительные





Тест тапсырмалары


  1. Жалғаулық шылаулы қатарды белгілеңіз

А) Бұйрықтар мен жарғылар

В) Отан үшін

С) Күзге дейін

D) Заңды жақсы білетін-ді

Е) Түске таман
2. Сұраулық демеулікті табыңыз

А) хаттамаларда

В) біреу-ақ

С) жаздың ба

D) сызба

Е) қызба
3. Белгілеу тәсіліне қарай құжаттар қалай бөлінеді?

А) жазба, графикалық, акустикалық

В) ұйымдық-өкімдік, қаржы-есеп, жабдықтау-өткізу құжаттары

С) ережелер, бұйрықтар, хаттамалар, жарғылар, арыздар, хаттар т.б.

D) басқару, ұйымдастыру

Е) жеке, жалпы


4. Толтыру орнына қарай құжаттар қалай болып бөлінеді?

А) ішкі және сыртқы (кіріс және шығыс)

В) жедел және жедел емес

С) қызметтік және ресми-жекелік



D) кеңселік және кеңселік емес

Е) ағымдағы және жылдық

5. Шылау сөздер қалай жазылады?

А) бөлек

В) бірге


С) қосарланып

D) жақшаға алынып

Е) үтір арқылы
2 сабақ

ЖАРҒЫ

УСТАВ


Мемлекет заңына сәйкес жарғы мен құрылтай шарты құрылтай құжаттары болып танылады.

Жарғы немесе құрылтай шарты фирманың айқындаушы құжаттары ретінде міндетті нотариалдық куәландыруды талап етеді. Онсыз олар заңды деп танылмайды.

Екі құжат та мазмұндары сәйкестендіріліп, мұқият өңделуі тиіс. Олар банктер, салық, төрелік сот, заң және рұқсат қағаз беруші ұйымдар тарапынан қатаң тексеруден өтеді. Тағы бір ескертетін жай, жарғыда жазылғаннан басқа нәрселермен айналысқыңыз келсе, жарғыны ауыстырып, қайта тіркеуден өтуге тура келеді.

Жарғы - ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке адамдардың қызметін, сондай-ақ, олардың басқа мекемелермен, жеке адамдармен қарым-қатынасын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және міндеттерін белгілейтін ережелер жинағы. Жарғыны мемлекеттік өкімет және басқару органдары бекітеді, ал қоғамдық ұйымдардың жарғыларын құрылтайшылар жиналысы қабылдайды және бекітеді.

Жарғының деректемелері:



  • мекеменің (кәсіпорынның, ұйымның) атауы;

  • құжаттың түрі;

  • индексі, күні, жасалған грифі;

  • мәтіні;

  • кәсіпорын басшысының қолы;

Мәтіннің құрылымы төмендегідей тәртіппен жазылады:

  • жалпы ережелер;

  • негізгі міндеттер;

  • атқаратын қызметі;

  • құқықтары мен міндеттері;

  • басшылық;

  • қарым-қатынас, байланыс;

  • Өндірістік-шаруашылық қызмет;

  • Мүлік және құралдар;

  • Қызметті бақылау, тексеру, жүргізу;

  • Қайта құру және жою.

Заң құжаттары: жарғы, ереже, тұжырымдама, кодекс құрылымы, қажетті деректемелер, қолданылатын тілдік құралдары жағынан бір-біріне ұқсас келеді.
Мәтінге арналған сөздік

Словарь к тексту

құрылтай құжаттары – учредительные документы

жарғы – устав

құрылтай шарты – учредительный договор

танылады - признаются

айқындаушы құжаттары ретінде – как опеределяющие документы

міндетті нотариалдық куәландыру – обязательное нотариальное удостоверение

талап етеді – требуют

онсыз – без чего

заңды деп танылмайды – считаются недействительными

мазмұн – содержание

мұқият өңделуі тиіс – должны быть тщательно отработаны

салық – налог

төрелік сот – арбитраж

рұқсат қағаз беруші ұйым – лицензирующая организация

қатаң – пристально

қайта тіркеу - перерегистрация

мекеме – предприятие

қарым-қатынас – общение

реттейтін – регулирующий

жеке тұлға – физическое лицо

заңды тұлға – физическое лицо

құқық – право

міндет – обязанность

ережелер жинағы – свод правил

басқару – управление

өкімет - власть

бекітеді – утверждают

қоғамдық ұйым – общественная организация

деректеме – реквизит

мекеменің атауы – наименование предприятия

құжаттың түрі – вид документа

мәтін - текст

кәсіпорын басшысы – руководитель предприятия

мәтіннің құрылымы – структура текста

тәртіп – порядок

жалпы ережелер – общие положения

басшылық - начальство

байланыс - связь

өндірістік-шаруашылық қызмет – производственно-хозяйственная деятельность

мүлік – имущество

құрал - средство

қайта құру – реорганизация

тұжырымдама – концепция

тілдік құралдар – языковые средства



1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).
Мемлекет заңына сәйкес қандай құжаттар құрылтай құжаттары болып танылады? Жарғы немесе құрылтай шарты фирманың айқындаушы құжаттары ретінде нені талап етеді? Қандай құжаттар банктер, салық, төрелік сот, заң және рұқсат қағаз беруші ұйымдар тарапынан қатаң тексеруден өтеді? Жарғыда жазылғаннан басқа нәрселермен айналысу үшін не істеуге тура келеді? Қандай құжат жарғы деп аталдады? Жарғыны кімдер бекітеді? Жарғыны кімдер қабылдайды және бекітеді? Жарғының деректемелерін атаңыз. Қандай заң құжаттары деректемелер мен қолданылатын тілдік құралдары жағынан бір-біріне ұқсас келеді?
2-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз (Раскройте скобки, выбрав подходящую форму слова)
Мемлекет заңына сәйкес жарғы мен құрылтай шарты құрылтай (құжаттарға, құжаттармен, құжаттары, құжатарының, құжаттарда) болып танылады. Жарғы немесе құрылтай шарты фирманың айқындаушы құжаттары (ретімен, ретін, ретіне, ретінде, ретінің) міндетті нотариалдық куәландыруды талап етеді. Онсыз олар (заңды, заңсыз, заңмен, заңға, заңы) деп танылмайды. Екі құжат та мазмұндары сәйкестендіріліп, мұқият (өңделумен, өңделуі, өңделудің, өңделуде, өңделуің) тиіс. Олар банктер, салық, төрелік сот, заң және рұқсат қағаз беруші ұйымдар (тарапымен, тарапың, тарапта, тарапынан, тарапты) қатаң тексеруден өтеді. Жарғы - ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке адамдардың (қызметім, қызметке, қызметте, қызметін, қызметің) реттейтін ережелер жинағы.
3-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз (Переведите на казахский язык)
Законодательством страны в качестве учредительных документов признаются устав и учредительный договор. Устав и учредительный договор как определяющие документы фирмы, ее «конституция» требуют обязательного нотариального удостоверения, без чего они считаются недействительными. Оба документа должны быть содержательно согласованы и тщательно отработаны. Они будут пристально и не раз изучаться в банках, налоговыми, арбитражными, юридическими и лицензирующими организациями. Кроме того, если вам захочется заняться чем-либо, кроме записанного в уставе, придется менять устав и проходить перерегистрацию.

4-жаттығу. Екі бағанадан сөз тіркестерін құрастырыңыз (Составьте словосочетания, используя слова из столбцов).

заңға

құрылтай

айқындаушы

нотариалдық

талап

төрелік


рұқсат

қатаң


қайта

жеке


ережелер

басқару


қоғамдық

құрылтайшылар

мекеменің

құжаттың

кәсіпорын

басшының

мәтіннің

жалпы


негізгі

атқаратын

қызметті

қайта


тілдік

басшының




жинағы

органы


жиналысы

етеді


ұйымдар

жиналысы


атауы

басшысы


қолы

құрылымы


қызметі

бақылау


құралдар

құру


сот

міндеттер

қағаз

тіркеу


куәландыру

ережелер


тексеру

шарты


деректемелері

құжаттар


тұлға

түрі




5-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз (Переведите на русский язык)
Заңды ұйым, мекеме заңды ұйым болып табылады, мекеме өз қызметінде қазіргі қолданылып жүрген заңдарды, Қазақстан Республикасының Конституциясын, нормативті актілерді басшылыққа алады, өз құзіреті шеңберінде, мекеменің атауы, мекеменің мөрі, мекемені төраға басқарады, ұйымның жоғары органы – жалпы жиналыс, мекеме қажет деп табылған жағдайда қайта құрылады және жойылады, заңды тұлға, жеке мүлкі, мүлік және құралдар, бақылау мен қадағалау, өндірістік-шаруашылық қызмет, осы заң.
6-жаттығу. Сөздердің жігін ажыратып, сөйлем санын көрсетіңіз (Разбейте слова и определите количество предложений).
Жарғыұйымныңмекеменіңкәсіпорынныңжәнежекеадамдардыңқызметінсондайақолардыңбасқамекемелерменжекеадамдарменқарымқатынасынреттейтінжекетұлғалармензаңдытұлғалардыңқұқықтарынжәнеміндеттерінбелгілейтінережелержинағыжарғыны мемлекеттікөкіметжәнебасқаруоргандарыбекітедіалқоғамдықұйымдардың жарғыларын құрылтайшыларжиналысықабылдайдыжәнебекітедіжарғыныңдеректемелерінемекеменіңатауықұжаттыңтүрімәтінікәсіпорынбасшысыныңқолымәтінніңқұрылымытөмендегідейтәртіппенжазыладыжалпыережелернегізгі міндеттератқаратын қызметіқұқықтарымен міндеттерібасшылыққарымқатынасбайланысмүлікжәнеқұралдарқызметтібақылаутексеружүргізуқайтақұружәнежоюзаңқұжаттарыжарғыережетұжырымдамакодексқұрылымықажеттідеректемелерқолданылатынтілдікқұралдарыжағынанбірбірінеұқсаскеледі.
7-жаттығу. Екі бағанадағы сөздер мен сөз тіркестерінің орыс және қазақ тілдеріндегі баламаларын сәйкестендіріңіз.


құрылтай құжаттары

жарғы


құрылтай шарты

танылады

айқындаушы құжаттары ретінде

міндетті нотариалдық куәландыру

талап етеді

онсыз


заңды деп танылмайды

мазмұн


мұқият өңделуі тиіс

салық


төрелік сот

рұқсат қағаз беруші ұйым

қатаң

қайта тіркеу



мекеме

қарым-қатынас

реттейтін

жеке тұлға

заңды тұлға

құқық


міндет

ережелер жинағы

басқару

өкімет


қоғамдық ұйым

деректеме





считаются недействительными

налог


требуют

лицензирующая организация

физическое лицо

перерегистрация

учредительные документы

предприятие

общественная организация

реквизит


власть

управление

регулирующий

право


физическое лицо

обязанность

должны быть тщательно отработаны

свод правил

пристально

устав


признаются

обязательное нотариальное удостоверение

учредительный договор

как опеределяющие документы

без чего

содержание

арбитраж

общение



8-жаттығу. Берілген сөз тіркестерін оқыңыз. Олардың қандай сөз таптарының тіркесуі арқылы жасалып тұрғанын анықтаңыз, оларға сұрақтар қойыңыз (Прочитайте данные словосочетания. Определите, из каких частей речи они состоят, поставьте к ним вопросы).
Үлгі: мемлекеттік (қандай?) тіркеу (не?)
Туған жер (родная земля), тіл тигізу (оскорбить человека), салмақты кісі (уравновешенный человек), ұлт саясаты (национальная политика), сәлем беру (приветствовать), құқықтық құжаттар (правовые документы), арыз жазу (написать заявлению), қайта тіркеу (перерегистрация), жалпы ережелер (общие положения), заңды тұлғалар (юридические лица), іс жүргізу (делопроизводство), Азаматтық Кодекс (Гражданский Кодекс), шарттың мәтіні (текст договора).
9-жаттығу. Сөз тіркестерін оқып, басыңқы және бағыныңқы сыңарларын ажыратыңыз. Олардың ерекшеліктерін түсіндіріңіз (Прочитайте. Укажите в каждом словосочетании главное и зависимое слово. Чем они выражены).
Байыбына бара алмау (не дойти до сути). Белді бекем буу (твердо решиться на что-нибудь). Олжаға белшесінен батты (ему очень повезло). Құр далаға сөйлеу (говорить зря). Тарихи адам (историческая личность). Өмірдің мәні (смысл жизни). Шетел тілдері (иностранные языки). Шелектеп құйып тұр (льет как из ведра). Даусын бәсеңдету (ослабить голос). Көзге түсу (попасться на глаза). Төрт сағаттай (около четырех часов). Аралық ақпарат (промежуточная информация). Бас директор (генеральный директор). Деректерді растау (подтверждение данных). Есепте тұру (состоять на учете). Жұмыс тәртібі (режим работы). Заң актісі (юридический акт). Күнтізбелік жыл (календарный год). Мемлекеттік мекемелер (государственные учреждения). Міндетін атқарушы (исполняющий обязанности).
Тест тапсырмалары
1. Мемлекет заңына сәйкес жарғы қандай құжат болып танылады?

А) заң құжаттары

В) деректік құжаттар

С) анықтама құжаттары

D) құрылтай құжаттары

Е) бұйрық құжаттары


2. Ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке адамдардың қызметін, сондай-ақ, олардың басқа мекемелермен, жеке адамдармен қарым-қатынасын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және міндеттерін белгілейтін ережелер жинағы қалай аталады?

А) Бұйрық

В) Шарт

С) Жарлық



D) Хаттама

Е) Жарғы
3. Жарғы қайда қабылданады және бекітіледі?

А) Әкімшілікте

В) Құрылтайшылар жиналысында

С) Ұжымдық жиналыста

D) Салық комитетінде

Е) Алқа отырыстарында
4. Тұрақты сөз тіркесін белгілеңіз

А) Басшының бұйрығы

В) Мекеменің жарғысы

С) Құқықты норматив

D) Сырдың бойы сирағынан келмейді

Е) Сырдың суына шомылды


5. «Ит өлген жер» тұрақты тіркесі қандай мағына білдіреді?

А) итті байлайтын орын

В) алыс

С) жақын


D) қауіпті

Е) қорқынышты



БАСҚАРУ ҚҰЖАТТАРЫ

РАСПОРЯДИТЕЛЬНЫЕ ДОКУМЕНТЫ


3 сабақ

Бұйрықтар

(Приказы)


Бұйрық кәсіпорынның басқару құжаттарының ішіндегі ең маңызды әрі көп тараған түрі болып табылады. Бұйрық – қандай да бір міндетті (өндірістік немесе кәсіпорын қызметкерлеріне байланысты) шешу үшін кәсіпорын басшысы шығаратын нормативтік құжат.

Мазмұны жағынан бұйрықтар екі түрге бөлінеді: негізгі қызмет бойынша және жеке қызметкерлер құрамы бойынша бұйрықтар.

Бұйрық мекеменің немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің құрылу, таратылу, қайта ұйымдастырылу; оларға өзгеріс енгізу мақсатында ережелерді, нұсқаулықтарды, қағидаларды бекіту; кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау, есеп беру, жабдықтау, өнімдерді сату және басқа да өндірістік мәселелер бойынша шығарылады. Бұйрық шығару арқылы басшы қызметкерлердің алдына негізгі міндеттерді қояды, түбегейлі мәселелерді шешу жолдарын көрсетеді. Бұйрық - кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті.
Мәтінге арналған сөздік

Словарь к тексту

бұйрық – приказ

кәсіпорын – предприятие

басқару құжаттары – распорядительные документы

ең маңызды – наиболее важный

көп тараған – распространенный

түр – вид

болып табылады – является

қандай да бір – каких-либо

міндет – задача

өндіріс – производство

шешу үшін – для решения

кәсіпорын басшысы – глава предприятия

құжат – документ

мекеме - учреждение

құрылымдық бөлімше – структурная часть

құрылу – создание

таратылу – ликвидация

қайта ұйымдастырылу – реорганизация

өзгеріс – изменение

енгізу – внести

ереже – положение

нұсқаулық – инструкция

бекіту – утвердить

қаржыландыру – финансировать

жоспарлау – планировать

жабдықтау – снабжать

жеке құрам – личный состав

негізгі қызмет бойынша – по основной деятельности


Бұйрық үлгісі

(Форма приказа)




Қостанай облысының салық комитеті
БҰЙРЫҚ

14.12. 2007. № 159 ж/қ

Қостанай қаласы

Жұмысқа қабылдау туралы





  1. 2007 жылдың 28 қарашасындағы № 736 келісім-шарт бойынша бас бухгалтер қызметіне азаматша Байділдаева Қаракөз Мәсімбайқызы тағайындалсын.

  2. 2010 жылдың 29 қарашасына дейін белгіленген келісім-шартты орындауды қамтамасыз ету мақсатында бас бухгалтер мына жобаларды жүзеге асырсын:

  • бөлімшелерді, қызметтерді, лауазымды тұлғаларды және басқа да қызметкерлерді олардың келісім-шарттарымен таныстыруды көздеген басшының өкімін;

  • бас бухгалтердің келісім-шартта белгіленген құқықтары мен міндеттерін, сонымен бірге келісім-шарттың басқа да талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін бастықтың бұйрығын дайындасын.

Негіздеме: 2006 жылдың 28 қарашасындағы №736-жеке еңбек шарты
Бастық қолы аты-жөні
Бас бухгалтер қолы аты-жөні

14.12.2007.

Бұйрықпен таныстым

Жұмысқа қабылданушының қолы

17.12. 2007.





Грамматикалық мәлімет
Бұйрық рай бұйрық, өтініш, кеңес, талапты білдіреді.
Повелительное наклонение выражает волю говорящего, побуждение к действию, направленное на одно лицо.
Жекеше

І жақ. Мен орында – йын, тағайындал – айын, төле – йін, көр - ейін

ІІ жақ. Сен орында, тағайындал, төле, көр

Сіз орында – ңыз, тағайындал – ыңыз, төле – ңіз, көр - іңіз

ІІІ жақ. Ол орында – сын, тағайындал – сын, төле – сін, көр – сін
Көпше

І жақ. Біз орында – йық, тағайындал – айық, төле – йік, көр - ейік

ІІ жақ. Сендер орында - ңдар, тағайындал - ыңдар, төле - ңдер, көр - іңдер

Сіздер орында – ңыздар, тағайындал – ыңыздар, төле – ңіздер, көр - іңіздер

ІІІ жақ. Олар орында – сын, тағайындал – сын, төле – сін, көр – сін
1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы) (Ответьте на вопросы).

Бұйрық деп қандай құжатты айтамыз? Мазмұнына қарай бұйрықтар қалай бөлінеді? Бұйрық қандай мәселелерге қатысты шығарылады?


2-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз (Раскройте скобки, выбрав подходящую форму слова)
Кәсіпорынның ағымдағы (қызметінің, қызметінде, қызметі, қызметпен) бұйрық-жарлық құжаттары арқылы реттеліп, басқарылып отырады. Бұйрық беру (құқығын, құқығынан, құқығына, құқығы) бірінші басшы ие. Бұйрықтың жобасы кәсіпорын мамандары (тараптары, тарапымен, тарапынан, тарапына) әзірленеді. Егер мәтінде (бұйрыққа, бұйрықтың, бұйрықпен, бұйрықтан) аяқталу мерзімі көрсетілмесе, оның күші тұрақты болады. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар кәсіпорынның бланкісіне (толтырады, толады, толтырғызады,толтырылады).
Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет