ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған «Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары Семей 2015 Алғы сөз


Ветеринариялық биологиялық препараттарды өндірудің жалпы технолоиясы



бет10/13
Дата07.10.2019
өлшемі0,79 Mb.
#49324
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
d08d306e-fa83-11e5-9a8c-f6d299da70eeУМКД 3 Вет био преп

2. Ветеринариялық биологиялық препараттарды өндірудің жалпы технолоиясы.


Вакциналар компоненттері. Вакциналар негізін қорғаныштық антигендер құрайды, яғни арнайы иммунды жауап дамуын қамтамасыз ететін бактериальды жасуша немесе вирустың кішігірім бөлшегінен тұрады. Қорғаныштық антигендер ақуыздар, гликопротеидтер, липополисахаридті ақуыздар бола алады. Олар микробты жасушалармен байланысты (көкжөтел таяқшасы, стрептококтар және т.б.), және олармен секрециялануы (бактериальды токсиндер) мүмкін, ал вирустарда вирионның суперкапсидінің беткейлік қабаттарында басым орналасады. Негізгі әрекеттесуші бастамамен қатар, вакцина құрамына басқа да компоненттер - сорбент, консервант, толтырғыш, стабилизатор, арнайы емес қоспалар ене алады.
Тарихы

1796 жылы ағылшын дәрігері Э.Дженнер алғаш рет сиыр шешегін адамға егу арқылы алды.

Вакциналар классификациясы

Тірі вакциналар құрамында әлсізденген тірі микроорганизм (вирус, бактерия) болады, оның вируленттігі жоғалып, иммуногендігі сақталады. Тірі вакциналарды жасанды аттенуирлендіру арқылы алады (штаммды әлсіздендіру BCG -200-300 өт сорпасында егу, ЖВС жасыл маймыл бүйрегінің ұлпасында егу) немесе табиғи авирулентті штаммдарды іріктеу.

Тірі вакциналар қызылшаға қарсы (Рудивакс), қызамыққа қарсы (Рувакс), полиемиелитке қарсы (Полие Сэбин Веро), туберкулезге, паротитке қарсы (Имовакс Орейон). Полиемиелитке қарсы вакцинадан басқа, тірі вакциналар лиофилизацияланған күйде шығарылады.



Инактивацияланған немесе өлі вакциналарды микроорганизмге формалин, ацетон, фенол, жылу, УКС, ультрадыбыспен әсер ету арқылы алады. Мұндай вакциналар едәуір тұрақты әрі қауіпсіз болады, себебі вируленттілік реверсиясын тудыра алмайды, практикалық қолданыста ыңғайлы болатыны, олар суықта сақтауды талап етпейді. Алайда бұл вакциналардың жағымсыз жақтары болады да, олар әлсіз иммунитет тудырады және бірнеше егу мөлшерін қолдануды талап етеді (бустерлі иммунизация). Грипп, құтыру, жапон энцефалиті т.б. қарсы вакциналар жатады.

Бір инфекцияға қарсы моновакцина, екі инфекцияға қарсы дивакцина деп аталады, ассоциацияланған вакциналар түрлі микроб антигендері мен анатоксиндерінің қоспасы, мысалы АКДС.



Ассоциацияланған Вакцина — 2 — 3 ауруға бірден қолданылатын вакциналар. Мысалы, сиырларды қараталақ пен қарасан (эмкар) ауруына қарсы бір вакцинамен егіп тастау өте тиімді. Вакциналарды организмге әр түрлі әдіспен енгізеді. Мысалы, шешек, туберкулез вакцинасын тері үстіне (тырнап), полиомиелитке қарсы ауыздан, гриптікін танау қуысынан құяды. Сүзек, тырысқақ, топалаң, құтыру вакцинасын тері астына, қызылша мен қарасан вакцинасын бұлшық етке егеді. Вакцина егілген организмде ауруға қарсы иммунитет 2 — 3 аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жылдар бойы сақталады.

Химиялық вакциналар адъювантпен байланысқан микроп клеткаларының антигендік комплектерінен тұрады. Адъювант арқылы вакцина иммуногендігі оғарлайды және антигендік бөлшектер іріленеді. Адьюванттарға алюминий гидроксиді, минералды және органикалық майлар жатады.

Коньюгацияланған вакциналар. 1931 жылы карбогидрат пен бөтен белоктан коньюгат құрастырылды. В типті Haemophilis influenzae –ның капсулалы полисахаридін дифтерия немесе сіреспе анатоксинімен коньюгат жасағанда жедел антиденелер түзілу мен IgM-нің IgG- ге айналуы эксперементальды жануарларда байқалды, коньюгатты вакциналар иммуногендігі жоғары болады.

Суббірлікті вакциналар адекватты иммунды жауап тудыра алатын антиген фрагменттерінен тұрады.

Бактериальды полисахаридті вакциналар. 1881 жылы Л.Пастер бактерияларда ерекше құрылым-капсуланы анықтады. Қазіргі таңда стрептококтар, менингококтар, стафилококтар кіретін инкапсулалы бактериялар туысына жататын Streptococcus pneumaniae, Haemophilis influenzae, Escherichia coli және т.б.-дың көпфункциялы полисахаридті қабықшасы қызығушылық тудырады.

Анатоксиндерге негізделген вакциналар. Кейбір бактериальды инфекциялар қоздырғыштары токсиндер секрециялайтындықтан патогенді болады. Негізгі жетістігі – иммуногендігін сақтай отырып, бұл белоктардың детоксикациясының тәсілдерін табу, негізгі мысалы, дифтерия мен сіреспеге қарсы вакциналар. Ондай вакциналар микроп бөлшектерінен тұрады немесе гендік инженерлік жолмен лабораторияда алынған болады.

Рекомбинантты ДНК технологиясы негізіндегі жаңа буынды вакциналар. 20 ғасырдың биологиялық жаңалығы ДНҚ құрылымын және универсалдығын анықтау болып табылады. 70 –ші жылдары химерлі ДНҚ –лар, ДНҚ сегменттерін клондау, басқа клеткаға енгізу, енгізілген ДНҚ-ның керекті белок өндіруі ойлап табылды. Вирус немесе бактерия геномынан ДНҚ тізбектерінің селективті делециясы, бөтен ДНҚ-ға сегмент ДНҚ-ларды енгізу арқылы реципиент организмде иммунитет тудырып, химерлі енгізілген ДНҚ сегменттеріне жауап беруге арналған зерттеулер жасалды. Осындай аналогиялық ұзын тізбектерді де тірі аттенуирленген вирус немесе бактериальды вакциналар геномына енгізіп, векторда кодталған химерлі ДНҚ ақуыздарын синтездей алады. Гендік инженерия арқылы алынған вакциналар алу әдістің мәні: протективті антигендер синтезіне жауапты вирулентті микроорганизмнің гендерін басқа зиянсыз микроорганизм геномына енгізіп, оларды дақылдандырғанда керекті антигенді өндіріп, жинақтайды. Вирусты гепатит В-ға және ротавирусты инфекцияға қарсы вакцина мысал болады. Иммунды жауап тудыру үшін ДНҚ-ның өзін иммунизациялауға мүмкіндік туғызды, сонымен қатар пероральды белгіленетін иммуноген ретінде трансфицирленген өсімдіктер, прокариотты клеткалар, төменгі эукариотты клеткалар, сүткоректілердің клеткаларының трансфекциясын қолдану арқылы вакцина жасау ойлап табылды. Клеткалардың ДНК және кДНК трансфециясы процедурасында 3 түрлі клеткалар қолдананылады: прокариотттық, мысалы E.coli, төменгі эукариоттық, мысалы ашытқылар және сүткоректілердің линиялы немесе штамм түріндегі клеткалары. Таңдалған ДНК тізбегі автономды репликацияланатын векторға, яғни ротавирус немесе плазмидаға енгізіледі, сонда транформацияланған немесе трансфекцияланған клетка пайда болады.

Адамзат тіршілігінде соғыстар, экологиялық апаттар мен әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар инфекцияның белсенуіне, көп жағдайда эпидемия мен пандемияға ұшыратады. Инфекционды ауруларды ликвидация мен төмендету шараларының негізгісінің бірі вакцинопрофилактика болып табылады.
Қазіргі таңдағы вакцинология актуальды мақсаты вакциналық препараттарды әрдайым жетілдіріп отыру.Вакцинацияны бақылайтын халықаралық ұйымдардың сарапшылары вакцина өндіруші барлық мемлекеттерде орындалатын эффективті вакциналардың критерийлерін бір қатарын құрастырды:

  • қауіпсіздік

  • вакциналар ауру мен өлім себебі болмау керек

  • протективтік немесе қорғаныштық қасиеті

  • патогеннің «жабайы» штаммы тудыратын аурулардан қорғау керек

  • қорғаныштық иммунитетті сақтау, қолдау

  • қорғаныштық нәтижесі бірнеше жыл сақталу керек

  • бейтараптандыратын антиденелерді индукциялау

  • протективті Т-жасушалардың индукциясы

  • вакцинаның салыстырмалы төмен бағасы

  • қолдану жеңілдігі

  • нәтижесі кең болу керек

Дамыған және дамушы елдерде барлық жас топтары мен әлеуметтік топтар үшін вакцинация белсенді ұзақ өмір сүрудің ең тиімді, ең үнемді және қол жетерлік жолы. Вакцинопрофилактика бүкіл әлемде денсаулық сақтаудың негізгі құралы және негізгі құрал болып қалады.



Ет қоректілердің вирусты инфекциялық ауруына қолданылатын биопрепараттар.

Ет қоректілердің обасына қарсы қолданылатын құрғақ эмбрионды вирусвакцина.

Препаратқа сипаттама: Ет қоректілердің обасына қарсы қолданылатын құрғақ эмрионды вирусвакцинасы аморфты, қызғылт – сұр түсті болып келеді, құрамында биологиялық өзгертілген, тірі, дамып келе жатқан тауық эмбрионына бейімделген етқоректілердің оба вирусының апотогенді штаммы бар.

Препараттың сапасын анықтау шарттар. Вакцинаны тәжірибелік қолдануға шығармас бұрын, қалған ылғалдылығына, стерильділігіне, зиянсыздығына және иммунагенділігіне тексереміз.

Стерилділігін қоректік ортаға 5 ампулды вакцинаны себу жасау арқылы тексереміз. Себіндіні термостатта 10 күн ұстағанда патогенді микрофлораның өсуі байқалмауы керек. Вакцинаның зиянсыздығын бес ақ тышқанға, екі қоянға және екі теңіз шошқасына тексереді. Физиологиялық ерітіндіде 1:10 қатынасында ерітілген вакцинаны жануарларға мынандай дозада : ақ тышқандарға 0,5 мл, қояндарға 5 мл тері астында, теңіз шошқасына 1 мл жамбас бұлшық етіне егеді. Ол жануарлардың өлімін, енгізген жерінде некроз және абцесс тудырмауы керек.

Вакцинаның белсенділігін 2 – 3 айлық және одан үлкен түлкілер немесе песецтердің (қызыл түлкі) күшіктеріне егу арқылы анықтайды. Оны бұлшық ет ішіне мынандай мөлшерде: 3 айға дейінгі күшіктерге 3 мл, ал 3 айдан жоғарыларына 5 мл – дан енгізеді.

Егілгеннен кейін 14 – 20 күндері вакциналанған және 3 бақылау күшіктерін етқоректілердің обасының вирулентті вирусының 100% - ы өлім дозасымен тері астына егу арқылы жұқтырады. Егер вакцинамен иммундалған жануарлар тірі қалса немесе ауруды жеңіл түрде өткізсе, ал бақылау жануарлар обаға тән белгілермен өлетін болса вакцина белсенді болып табылады. Егер бақылау жануарларының біреуі обаның клиникалық белгілерімен ауыр түрде ауырса, бірақ тірі қалатын болса да вакцинаны белсенді деп санауға болады.



Шығару үлгісі: Вакцина ампула түрінде шығарылады. Әр бір ампуланың құрамында 2 – 3 мл вакцина мөлшері болады. Бір дозада 1:10 қатынасында ерітілген вирус вакцинаны үлкен күзеңге (норка) , бұлғынға (соболь) және оның күшіктеріне бір рет қолдануға болады.

Сақтау мерзімі шығарылған күннен бастап сақтау шарттары (қараңғы жерде -10°С – тан жоғары емес) дұрыс сақталған жағдайда 9 айға дейін жарамды.



Қолданылу тәсілі және реті. Құрғақ эмбрионалды вирусвакцинаны обадан таза, қауіпті және таза емес шаруашылықтарда қолданылады.

Аурудан таза шараушылықтарда асыл тұқымды малдарды бірінші рет айдау алдында (желтоқсан – ақпан) және және күшіктеген сон 1 айдан кейін (шілде - тамыз) егеді. Терісі бағалы аңдарды 2 айында, иттерді – 3 айында, ал асыл тұқымға қалтырылған төлдерді үлкендері сияқты вакциндейді (желтоқсан – ақпан).

Обадан таза емес шаруашылықтарда тек клиникалық сау жануарларды, сонымен қатар буаз және емізетін( лактирующих) жануарларды егеді. Обадан таза емес шаруашылықтарда бір жарым айлық күшіктерді вакциндейді және 1 айдан кейін қайта вакцинация жүргізеді.

Егудің алдында ампуланы ашып, этикеткада көрсетілген мөлшерде вакцинаны стерилді дистилденген суда ерітеді.

Вакцинаны жамбас бөлігіне бұлшық ет ішіне келесі дозаларда: үлкен күзендерге, иттерге және салмағы 1,5 кг – ға дейінгі күшіктерге 1,5 дозада, 2 кг – ға дейінгілерге 2 доза, 3 кг иттерге 3 дозада, 3 кг – нан жоғарыларына 5 дозада, 2 – 3 айлық түлкілерге және песецтерге 3 дозада, 3 айдан үлкендеріне 5 доза көлемінде енгізеді.

Вакцинациялаудан кейін 14 – 20 күндері егілген жануарларда иммунитет қалыптасады, төлдерде 6 айға дейін, ал үлкен жануарларда 8 айға дейін сақталады.



Вакцинациядан кейінгі реакция. Негізі жануарлар мен иттерде вакцинациядан кейін жалпы және жергілікті реакция байқалмайды.

Құтырыққа және лептоспирозға қарсы қолданылатын инактивтелген вакцина

Құрамы: әр бір флаконда белсенділіг 2 МЕ – ден жоғары емес, Paster/RIV штамының құтырық вирусының өсіндісінен, инактивтелген мынандай бактериялардан L. canicola (штамм Ca-12-000) 2х108 және мынандай микроорганизмдерден Licterohaemorrahagia (штамм 820К) 2х108 тұрады. Қызғылт немесе сары – қоңырқай түсті сұйықтық. Сау жануарларды құтырыққа қарсы белсенді иммундеуге арналған.

Вакцинациялау: 12 апталық клиникалық сау иттерге жүргізіледі. Керек болған жағдайда 8 – 9 - шы аптада вакцинациялап келесі вакцинацияны 12 аптада жүргізеді. Құтырыққа қарсы иммунитет 3 жылға дейін, ал лептоспирозда 1 жылға дейін сақталады. Тек сау иттерді ғана егеді. Вакцинаны еккенне кейін жоғары сезімталды реакция сирек кездеседі.

Қолданылу реті: алдын ала дұрыстап шайқап, тері астына егеді.

Шығарылу үлгісі: шыны флакон, аузы резина тығынмен тығындалып сырты алюмин қақпақпен бұралып жабылған. 10 флаконды жәшіктерде шығарылады.

Бақылау сұрақтары:
Негізгі әдебиеттер

1 Технология ветеринарных биологических препаратов ., / Ахметсадықов Н.Н., Шабдарбаева Г.С., Хусаинов Д.М. Учебник – Алматы : Изд-во «Агроуниверситет», 2011. – 353 с.

2 Современные лекарственные средства в ветеринарии.,/ Субботин В.М., Субботина С.Г., Александров И.Д. издание 2-е дополненное и переработанное. г. Ростов-на-Дону «Феникс» 2001г. – 600 с.



2 Қосымша әдебиеттер

1 Фитотерапия: оқу құралы / Қожанов, К.Н. -2010

Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану./ Шәріпбаев Н. Ш. – Алматы, Қайнар: 1988. – 243 б.



2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов К.Н. – 2009

Лекарственные растения в ветеринарной практике / Рабинович М.И. - 1987



3 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007

Практикум по ветеринарной рецептуре с основами технологии лекарственных форм / Набиев, Ф.Г. - 2008



4 Фармакопея СССР. – М.: Медицина, 1990. – 333 с.

5 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007

3 Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер

3.1 Фитотерапия: оқу құралы / К.Н.Қожанов; С.К.Қожанова. – Алматы, - 2010// http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_98/

3.2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов, К.– 2009 // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_93/

«Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінен №9 Дәріс
Модуль 2 Биопрепараттардың ветеринариялық іс шараларда қолданылуы
Тақырыбы: Ветеринариялық биологиялық препараттарға қойылатын талаптар
Жоспары:

  1. Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды шығару кезiнде қойылатын талаптар


  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет