ОҚУ-Әдістемелік кешені құрастырушы: Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы М. Т. Уразбаев



бет2/6
Дата18.02.2017
өлшемі1,2 Mb.
#9795
1   2   3   4   5   6



6. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ:

Лекция-студентке пәнді толық мегеру үшін неге назар аударуына бағыт береді. Студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет.

Семинар сабақтарында - студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек.

СОБӨЖ-оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы. Өтілген сабақты оқытушының көмегімен және ұсынылған әдебиеттерден пайдаланып тереңдетуі қажет. Сабақ кезінде оқытушы тақрыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР (Rnles):

  1. Сабаққа кешікпеуі керек.

  2. Сабақ кезінде басқа нәрселермен айналыспауы керек.

  3. Науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелуі керек.

  4. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтіледі.

  5. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУІ КЕСТЕСІ


Лекция тақырыбы


Лекция

СӨЖ

СОБӨЖ

1

2

3

4

5

1

Дене шынықтыру мен спортты басқарудың мемлекеттік органдары

1

1

1

2

Дене шынықтыру мен спортты басқару әдістері

1

1

1

3

Басқару теориясының негізгі ұғымдары 1

1

1

1

4

Кезеңмен үйрету

1

1

1

5

Туристік жорықтар, экскурсиялар мен саяхаттар

1

1

1

6

Дене тәрбиесі жүйесінің негіздері

1

1

1

7

Спорттын бірынғай классификациясы

1

1

1

8

Дене тәрбиесінің принциптері дегеніміз

1

1

1

9

Қимыл -әрекетке ұйрету және дене қуаты касиетін дамыту

1

1

1

10

Дене мәдениетінін жүйесі

1

1

1

11

Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері

1

1

1

12

Оқушылардың дене тәрбиесін ұйымдастыру

1

1

1

13

Басқару қызметі принциптері мен әдістері

1

1

1

14

Мектепішілік басқару

1

1

1

15

Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері

1

1

1

16

Орындауын бақылау мен тексеру

1

1

1

17

Есепке алу мен есеп беру

1

1

1

18

Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері

1

1

1

19

Дене шынықтыру мен спортты материалды-техникалық жабдықтар

1

1

1

20

Дене тәрбиесін басқару

1

1

1

21

Көрнекілік принципі

1

1

1

22

Дене тәрбиесін ұйымдастыру

1

1

1

23

Дене шынықтыру мен спортты басқарудын адам тұлғасындағы даму негіздері

1

1

1

24

Дене шынықтыру топтары

1

1

1

25

Дене шынықтыру мен спортты жетілдіруді жоспарлау

1

1

1

26

Орындалуын бақылау мен бағалау тексеру туралы жалпы ұғым

1

1

1

27

Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау

1

1

1

28

Дене шынықтыру мен спортты жетілдіруді жоспарлау

1

1

1

29

Балалардың спорт дайындығының ерекшеліктері

1

1

1

30

Дене тәрбиесі ілімі оның мазмұны мен құрылымы

1

1

1




Барлығы

30

30

30



Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. “Дене тәрбиесінің негіздері” автор: Еркін Уақбаев.

  2. “Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі” Т.Ш. Қуаныш.

  3. “Дидактикалық байқау құралы”. С. Тойжанов, А. Құлназаров.

ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Лекция 1

Тақырыбы: Басқару теориясының негізгі ұғымдары

Жоспары:

1. Басқару теориясының негізгі ұғымдарына сипаттама.

а) Қозғалыс қимылдарына үйрету ерекшеліктері.

б) Басқару, үйрету құрылымының маңызы.

в) Мектеп туризіміне басшылық бағдарламасы.

2. Жорық басшысы мен оқушылардың біріккен ұйымдық

– педагогикалық қызметі.

Пайдаланылған әдебиеттер.


  1. “Дене тәрбиесінің негіздері” автор: Еркін Уақбаев.

  2. “Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі” Т.Ш. Қуаныш.

  3. “Дидактикалық байқау құралы”. С. Тойжанов, А. Құлназаров.

Дене тәрбиесі мектептің оқу жоспарындағы басқа да пәндермен қатар жеке пән болып табылады. Демек, сабақ кестесі бойынша мұғалімнің басшылығымен сынып оқушыларымен өткізілетін дене тәрбиесі сабақтары дене тәрбиесінен оқу жұмыстарын ұйымдастырудыңнегізхгі түрі ретінде қарастырылады. Бұл өткізілетін сабақтардың сапасын көтері жолында үздіксіз жұмыс істеуге мұғалімді міндеттейді.

Оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық міндеттері әрбір сабақты дұрыс құра білудің негізі болып табылады. Оқу жұмысы ретінде өткізілетін мектептегі дене тәрбиесінің міндеттероі төмендегідей болады: жаңа жаттығуларды үйретуде белгілі бір қимыл дағдыларын қайталау және оны берік етіп қалыптастыру, оқушылардың меңгергендерін тексеру және оны бағалау т.б. Бұл міндеттер сабақтың құрылымына, мазмұнына және оныөткізудің әдісіне әсер етеді.

Сонымен қатар үйрену процесінде шешілуге тиісті гигиеналық міндеттер де қойылады, мысалы: өзінің дамуында артта қалған оқушылардың бұлшық еттерін нығайтады, мүсінді дұрыс қстай білу дағдысын қалыптастырады, терең ,дұрыс тыныс алуға үйретеді және тағы басқалар. Жоғарыда аталған міндеттер оқу процесіне енгізілетін болғандықтан педагогикалық міндет болып табылады.

Қандай да болсын дене жаттығулары мен жаттығулардың кез келген тобын үйрету төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:



  1. Оқушылардың белсенді қызметі оқу материалын меңгерудің қажетті шарты. Баланың дене жаттығуларын үйренуі өзінде бар психикалық және дене күшін жұмсауды талап ететін оқу-еңбек қызметі.

  2. Қозғалыс дағдылары жүйесін қалыптастыру. Тек қана қимыл жүйесі оқушылардың дене дайындығының сипатын анықтайды. Бірақ, жүйелер түрлерінің көп болуы нәтижесінде олар дене тәрбиесінің бағытына және оның нақты міндеттеріне байланысты іріктеліп алынуы керек.

Бұл жүйелерді анықтау тәсілдері бір не өзге қимылдарды пайдаланудың көп жылдық тәжірибесімен, олардың теориялық және тәжірибелік негізіне сүйенеді.

  1. Қозғалыс қимылдарына үйрету дене мүмкіндіктерін қалыптастырумен өзара байланысты. Екі процестің өзара шар ттылығы үш бағытта көрінеді. Кейбір қозғалыс қимылдарына үйретуді дене мүмкіндіктерінің тиісті деңгейінсіз жүзеге асыру мүмкін емес (мысалы өрмелеуге үйрету қолдың жеткілікті жоғары деңгейін талап етеді); қозғалыс дағдыларының қалыптасуы дене мүшелерінің тиісті деңгейінің бір мезгілде артуымен қоса жүреді (мысалы, кіші допты лақтыруға үйретукүш, шапшаңдық мүмкіндігінің өсуімен қоса жүреді); қалыптасқан дағдының нәтижелігі арнайы мүмкіндіктер деңгейіне байданысты, ал ол өз кезегінде өзге мүмкіндіктердің деңгейіне тәуелді (мысалы, қысқа қашықтыққа жүгіруге үйреткенде шапшаңдық мүмкіндіктері дамытылады, бірақ олардың дамуы күш пен шыдамдылықтың қолайлы деңгейі жағдайына тиімді болады).

  2. Қимылға үйрету нәтижелілігі дене туралы білімнің қол жеткен деңгейімен ғана емес, дене дамуының жинақталған деігейімен де анықталады. Білім жүйелерін және қимылды меңгерудің дұрыс ұйымдастырған педагогикалық жұмыстары дененің даму көрсеткіштерінің артуымен де қоса жүруі керек.



Лекция 2

Тақырыбы:Дене шынықтыру және басқау жүиесі

1Басқару жүйесі кезеңмен үйрету

2 Алғашқы кезеңдегі дайындық уақыты

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Кезеңмен үйрету, оның ішінде өзарабайланысты қозғалыс қимылын меңгеру ісі ұзақ уақытты алады. Қимылды игерудің белгілі бір деңгеймен сипатталатын әрбір кезеңі төмендегілермен түсіндіріледі: орындай алмайтын дәрежеден оларды толық меңгеруге дейін. Нәтижесінде, үйретудің әрбір кезеңі өз белгілеріне ие болады, соған сәйкес жеке міндеттер қоюға және тиріс ті құралдарды, әдістерді және жаттығуды ұйымдастыру түрін іріктеп алуға тура келеді.

Үйрету кезеңін қозғалыс дағдысыныің фазасымен араластыруға болмайды. Фазалар бұл қозғалыс дағдыларының қалыптасуының биологиялық заңдылықтарының шартты бейнеленуі. Кезеңдер-педагогикалық және психофизиологилық заңдылықтарды бейнелейтін педагогикалық істің шартты түрде бөлінуі.

Үйрету құрылымын өзкріссіз болады деп қарастыруға болмайды. Бұл үйретудің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін кезеңдер бөліктерінің арасындағы типтік қатынастар ғана. Мұндай қатынастар үйретудің нақты міндеттеріне байланысты өзгеруі мүмкін. Егер қозғалыс қимылдарын орындаудың үлгі есебінде бекітілген түрін жеткізу педагогикалық тұрғыдан қажетсіз болса, онда кезеңдердің кезектесуі де өзгереді. Ал проблемалық оқыту қолданылған жағдайда оқытушы мұғаліммен қажетті хабарларды алмай-ақ дене жаттығуларын орындау ретімен өзінің білімі мен қозғалыс тәжірибесін жинақтай отырып қойылған міндеттерді шешеді (осындаоқытудың алғашқы екі кезеңі орындарын алмастырады). Кезеңдердің ұзақтығы әр түрлі болуы мүмкін: оқушының дайындық деңгейін, қимыл күрделілігіне, үйретудің ақырғы міндеттеріне және т.б. байланысты. Мысалы, спорттық секциядағы жаттығуға қарағанда, мектептегі сабақтардың уақыты қысқа болады, оның ішіндн ең үлкен айырмашылық үйретудің соңғы кезеңінде болады (спортшы жылдар бойы қозғалыс қимылын жетілдіреді).

Алғашқы кезеңдегі дайындық уақыты аз, ал соңғы кездегі оқыту кезеңі болады (қимылды бастапқы таныстыру бірнеше минутқа созылуы мүмкін, ал жетілдіру бірнеше сабақтар бойына созылады). Қозғалыс қимылына үйретуде тұтас процесін осындац кезеңдерге бөлу шарт. Олардың шекарасын да бөлуге болады (бүгін бір кезең аяқталды делік, ал келесі сабақта басқасы басталады). Бөлу шартты және қажетті: әрбір кезеңнің ерекшеліктерін білме, дағдыны қалыптастыратын қозғалыс қимылдарына үйретудің барлық ретін түсіну мүмкін емес.

Үйрету құрылымы-бұл жеке қимылға үйрету кезеңі, бірақ сабақтың мазмұнын құрайтын қимылға үйрету кезеңі емес екендігін ұмытпаған жөн. Нәтижесінде, қозғалыс қимылдар сабағы-үйрету құрылымына қанша рет жоспарлаған болса,мұғалім әрбір сабақта үйрету құрылымының көмегіне сонша рет сүйенеді. Үйретудің бірінші кезеңі бір құрылымдарға қолданылса, басқалар үшін соңғы кезеңі қолданылады. Кез-келген қимылға, тіпті қарапайым қимылға үйреткенде де тиісті дағдылары қалыптастыру қажеттілігі туындайды.

Туристік жорықтар, экскурсиялар мен саяхаттар оқушыларға жан-жақты дене тәрбиесін берудің және оларды сауықтырудың маңызды буындарының бірі болып табылады. Қазіргі кезде мекткп туризміне басшылық етудің арнайы бағдарламасы болғандықтан, мектеп мұғалімдері күнделікті туризм саласындағы жұмысында пайдалану үшін үлгі бағдарламасының төмендегідей нұсқасын қсынып отырмыз.

Жорықтар мен саяхаттарда, экскурсиялар мен экспедицияларда оқушылар отанымыздың қуаты мен әсемдігін тереңірек түсінеді, еліміздің өткендегі тарихымен және байлығымен, қол жеткен табыстарымен, ғылымы және мәдениетімен, соғыс және еңбек ардагерлерімен танысуға мүмкіндік алады.

Лекция №3

Тақырыбы: Дене шынықтыру мен спортты басқару әдістері

Жоспар:

а) Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.

б) Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау.

Пайдаланылған әдебиеттер.


  1. Дене тәрбиесінің негіздері” автор: Еркін Уақбаев.

  2. “Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі” Т.Ш. Қуаныш.

  3. “Дидактикалық байқау құралы”. С. Тойжанов, А. Құлназаров.

Қоғамдағы орны.

Мектептегі дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың есебін жүргізу, дене тәрбиесі ұжым кеңсесінің жоспарына және мектептің дене тәрбиесі жөніндегі жылдық және ................ жоспарларының орындалуына бақылау жүргізуді жеңілдетеді. Ол арнайы есеп жүргізу құжатында жұмыс істелінген саны мен сапасын көрсету арқылы жүзеге асырылады. Есеп жүргізу жауапкершілігін дене тәрбиесі мұғалімі өз мойнына алады.

Әрбір мектепте бұқаралық дене тәрбиесімен спорт жұмыстарын тіркеп отыратын “сыныптан тыс жұмыстар есебінің журналы” жүргізіледі де оның негізгі мазмұны төмендегідей болады.

Мектептің 1994-1995 оқу жылында өткен жар стар тізімі.



Күні

Өткізілетін шаралардың мазмұны

Кімдер қатысты

Қатысқандар саны

Өткізілетін орны

Ескерту

Сыныптан тыс жұмыстардың барлығы негізінен дене тәрбиесі кеңесінің мүшелері, белсенділері тіркеп отырды. Дене тәрбиесі мұғалімінің міндеті белсенділерге есеп жүргізуді үйрету және оның жүргізілуін бақылап отыру.

Дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылы аяғыда директордың қатысуымен өтетін педагогикалықө кеңесте немесе мәжілісте сыныптан тыс өткен жұмыстар туралы есеп беріп отырады. Оқу жылы соңында дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылы ішінде атқарған жұмыстары жөнінде және он талдап, жетістіктер мен кемшіліктерді көрсетіп кеплесі оқу жылында істі жақсарту ұсынысын айтып жаба есеп береді. Дене тәрбиесінің сыныптан тыс жұмыстарын жоспарлау мына құжаттар бойынша жүзеге асырылады:



  1. Дене тәрбиесінің сыныптан тыс жұмыс жоспарында ;

  2. Бұқаралық спорт жұмыстарының күнтізбелік жоспарында;

  3. Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің жұмыс жоспарында;

  4. Секция жұмысының оқу жоспарында;

Мектептегі сыныптан тыс жұмыстың есебін жүргізу құжаттары:

  1. Сыныптан тыс жұмыстардың есебін жүргізу журналы.;

  2. Үйірме және секція жұмыстарын жоспарлау және есеп журналы;

  3. Дене тәрбиесі жетекшісінің күнделігі.

  4. Дене тәрбиесі ұжымы жұмысының есебін жүргізу журналы.

Студенттердің кәсіби мамандығының дайындығын көтеруде педагогикалық тәжірибенің маңызы зор. Студент тер институттағы теориялық оқуын ісжүзінде тәжірибежұмысымен байланыстыра отырып,жалпы білім беру мектептерінде дене тәрбиесі мұғалімдерінің жұмысын атқарады.

Педагогикалық тәжірибенің негізгі мақсаты студенттерді келешектегі жұмысымен таныстырып институтта алған теориялық әдістемелік білімін бекітіп іскелігі мен даңдысын қалыпртастыру болып табылады. Педагогикалық тәжірибе негізінде мынадай мәселер шешілуі қажет:

1. Студенттерді оқушылармен оқу тәрбие және сыныптан тыс жұмыс жүргізілуі іскерлігі мен дағдарысын қалыптастырып жете меңгеру;

2. Жалпы білім беру мектебінде өтетін дене тәрбиесі сабағының құрылысын анықтау түрімен өткізу, әдістерін үйрену;

3. Мектеп ұжымындағы жүргізілетін дене тәрбиесі және спорттық жұмыстардың алдыңғы қатарлы басқару жолдарымен таныстыру.

4. Дене тәрбиесімен сауықтыру, жалпы бұқаралық спорт пен саяси тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшелігімен танысу;

5. Тәжірибелік жұмыс барысында өз бетінше жұмыс істеп, ол жұмысын талдап, бағалап оның қортындынәтижелерін оқу тәрбие әдісін қолдануды жетілдіруін қалыптастыруы;

6. Жоспарлау, бақылау құжаттарын жасаудағы іскерлігі мен дағдысын тәжірибе жүзінде жетілдіру.

Педагогикалық практика кезінде студент практиканың мектепте орындайтын жұмысының көлемі өте үлкен болады. Жұмысты уақытында әрі тиімді пайдалы етіп орындау бірден-бір келелі жұмыс көлемін тыңғылықты жоспарлау болып табылады. Ол үшін студенттердің алғашқы күндерінен бастап істелінетін жұмыстарын апталық дербес жоспарлау жүзінде жүргізіледі.

Бұл жоспарды жұмыстың дәл орындалуымен көрсетіліп онымен методист және дене тәрбиесі мұғалімі күні бұрын танысып келісімін береді. Жоспарды орындалу барысында методист бақылау жүргізеді.



Лекция 4

Тақырыбы: Дене шынықтыру мен спортты басқарудың мемлекеттік органдары.

Жоспары:


  1. Дене тәрбиесі теориясының мәні.

а) дене тәрбиесінің жалпы мінездемесі.

б) егде және қарт адамдарға дене тәрбиесінің мәні.



Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. “Дене тәрбиесінің негіздері” автор: Еркін Уақбаев.

  2. “Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі” Т.Ш. Қуаныш.

  3. “Дидактикалық байқау құралы”. С. Тойжанов, А. Құлназаров.

Дене тәрбиесінің теориясының методологиялық негізі мен ғылыми зерттеу әдістері.

Педагогикалық тәжірибе алудың мақсаты мен міндеттері.

Дене тәрбиесінен жалпы және арнаулы білім берілгеннен кейінгі уақытта адамдар дайындығы өз бетінше дене тәрбиесінің әртүрлі тәсілдерін қолданумен шектеледі. Бұл жұмыстар ерікті спорт қоғамда ғылыми түрде ұйымдастырылған мемлекеттік мекемелерде жүргізіледі.

Дене тәрбиесінің бұқаралық сипат алуын әруақытта қоғам мемлекет, кәсіподақ қолдап отырды. Дене тәрбиесінің даму жолындағы міндеттері нақты мәселелермен шектелді. Әлеуметтік демократияның дамуы халықтың әл ауқатын жақсарту үлгісін көрсетіп, әртүрлі мәселелерді қамтиды. Мысалы еңбекшілердің еңбегін ғылыммен байланыстырып, еңбек өнімділігін арттыруда денсаулығын нығайту, бүгінгі кезеңге сай жағымсыз қылықтарға қарсы жұмыс тәртібін күшейтудедене тәрбиесінің алатын орны ерекше. Әртүрлі жағдайларға қарай отырып, дене тәрбиесінің шараларын еңбекшілердің жұмыстан бос және жұмыс уақытында бірнеше бағытта жүргізуге болады. Атап айтқанда:

1. Үй жағдайында дене тәрбиесінің гигиеналық талаптардан сақтап,жаттығулар жасап жұмыс қабілеттігін арттырып денсаулықты нығайтуға маңызы зор.

2. Жаппай бүкіл ұжым мүшелерінің денсаулығын жақсарту бағытындағы дене тәрбиесі кезекті демалыста, сонымен қатар, демалыс күндерінде тиімді шараларды ұйымдастырып уақытты дұрыс пайдаланумен шектеледі.

3. Егде және қарт адамдар үшін өткізілетін дене тәрбиесінің алдына қойған мақсаттары осы жастағы адамдардың денсаулығына байланысты жоспарланады. Жастың өсуіне юайланысты инфолюциялық өзгерістер организмде өсіп жетілу гаммасы аяталмай-ақ сезілеі. Ал денедегі қолайсыз жағдайлар ауру, ауыр және ауыр тұрмыс, дене тәрбиесінің жетіспеушілігі және т.б. инволюция гаммасы тезірек жүреді.

Негізінде инволюциялық кезең 60 жастан кейін байқалады. Бұл жадай тек қана төл құжаттағы жаспен ғана тура келе бермейді. Мысалы, кейбір қарт адамдар, жұмысқа қабілетті өзінен біраз жасы кіші адамдармен бірдей болып отырады. Адам өмірінің ұзақтығы оның материалдық тұрмысынан, әлуметтік жағдайларынының жақсы болуынан денсаулық сақтау шараларын дұрыс ұцымдастырумен еліміздегі дене тәрбиесінінің одан әрі дамып отырумен байланысты болады.

Қартаю кезінде адамның зат алмасу жұмысы нашарлап, ас қорту органдарының қызметі төмендейді. Орта жастағылар арасында семі ріп май басып кету жағдайлары көп кездеседі. Негізінде 50 жас шамасында адам семіред одан әрі қарай салмағы азаяды.

Лекция 5

Тақырыбы: Туристік жорықтар, экскурсиялар мен саяхаттар.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Елімізде балалар туризмін дамытудың ұзақ жылдар бойғы тарихы туристік жұмысты ұйымдастыру мен өткізудің көптеген бағалы тәжірибелерін жинақтады. Алайда осы күнге дейін мектеп қылметкерібалалар туризмі жөнінде қысқа нұсқаулар мен әдістемелік құралдарды пайдаланып келеді. Осыларды негізге ала жасалған бағдарлама жобасы оқушылар туристік жорықтарын дайындауға және өткізуге педагогикалық басшылық жасау жүйесінің жалпылама және жекелеген бөліктерін анықтауды мақсат етеді.

Туристік жорықтар, экскурсиялар мен саяхаттар оқушыларды отанға берілгендік рухында тәрбиелеуге, политеникалық оқу міндеттерін жүзеге асыруға, білімді өмір тәжірибесімен байланыстыра бекітуге септігін тигізеді.

Бағдарлама мазмұны туристік жұмыс мазмұнының логикасына бағындырылып, үш кезеңге бөлінген мақсаттарды көздейді. Олар туристік жолыққа дайындалу және оны жүзеге асыру, қортындыларды шығару. Жорық басшысы шешуге тиісті тәрбие міндеттері кешенінің ішіндегі ең бастысы – ұжымды қалыптастыру және тәрбиелеу. Бұл мәселені ойдағыдай шешілуі көп жағдайда жорықтың сәтті де көңілді аяқталуына септігін тигізеді.

Бағдарламада жеке адамды жан-жақты дамыту мүмкіншіліктеріне едәуір тоқталып отырамыз. Өйткені оның мазмұнының оқушылар ұжымында туристік жұмыстарды дайындаудың және қортындылаудың бүкіл жүйесіне пайдасы зор.

Жорық басшысы мен оқушылардың біріккен ұйымдық-педагогикалық қызметі.


  1. Демалыс күнгі жаттығу жорықтарының қортындысын талқылау.

  2. Туристік кештерге, театрларға, мұражайларға, жарыстарға, көрмелерге және т.б. бару.

  3. “Табиғатты қорғау” қоғамына мүшелікке өту.

  4. Туристік ребустар мен викториналар құрастыру және оларды шешу.

  5. Тұтас отрядтық және оның жеке мүшелерінің қызметін талқылау (мадақтау, жазалау).

  6. Экскурсияға немесе жорыққа қатысуға тілек білдірген жас саяхатшыларға шарттар қою.

7. Шарттардың орындалуын бақылайтын оқушыларды белгілеу.

Жорыққа дайындық кезеңінде тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі қоғамдық жұмыстар:



  1. Ата-аналармен, мұғалімдермен әңгімелесу арқылы жорыққа баратын болашақ жас туристің ерекшеліктерін зерттеу.

  2. Отрядтағы міндеттерді бөлісу.

  3. Жас туристерді жорықта кездесетін түрлі қиындықтарға төтеп беруге психологилық жағынан даярлау.

  4. Тәрбие жұмыстарының жоспарын бүкіл ұжым мүшелерімен бірлесе жасау.

Лекция 6

Тақырыбы: Дене тәрбиесі жүйесінің негіздері.

Жоспары:


1. Әлеуметтік экономикалық негіздер.

а) бағдарламалық нормалық негіздер.

2. Спорттың бірыңғай классификациясы.

а) спорттық разрядтар.

б) ұйымдастыру негіздері.

3. Балалардың дене тәрбиесі.

а) мектептегі дене тәрбиесі.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.



Әлеуметтік-экономкалық негіздер. Дене тәрбиесі жүйесі қоғамдағы экономика, саясат, ғылым және мәдениет саласындағы жүйелермен тығыз байланысты.қоғамдық қатынастардың көрінісінің бір саласы есебінде, ол солжүйедегі жүріп жатқан өзгерістер әсерімен дамып отырады. Дене тәрбиесі жүйесінің қоғамдық өндіріске кіретіндігі осы байланыстардың нақты негізінің бірі болғандығынан. Слайда қоғамдық өндіріске ол қосымша Жолдак арқылы әсер етеді. Бұл жүйе тікелей қоғамдық өнім жасауға араласпайды. Бірақ ол осы сфераға өндірістік қатынастардың субъектісі – адам арқылы аралық әсер етеді.

Өзінің әртүрлі формалары арқылы дене тәрбиесінің жүйесі адамның әлеуметтік қызметінің баролық негізгі түрлеріне қатысты.

Бұл адамның қозғалыстағы биологиялық қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймайды, сонымен бірге әлеуметтік-жеке тұлғаның қалыптасуын, қоғамдық қатынастардың жетілуін де қанағаттандырады. Адамның денесінің дамуы биологиялық заңдарға бағчна отырып,табиғи жолмен де жүзеге асатындығы мәлім. Слайда қазіргі адамның қозғалыс белсенділігі оның дене мүмкіншілігінің қажетті деңгейде ұстауға әлі жеткіліксіз.

Өзінің ар найы функциясымен жүзеге асыра отырып, дене тәрбиесінің жүйесі адамдардың қозғалысы белсенділігінің қажеттілігін қатамасыз етуге, сол арқылы дененің жетілуін және денсаулықтан жоғары деңгейге жетуін қамтамасыз етуге толық қабілетті.

Тәрбиелік-педагогикалыққызметін жүзеге асыра отырып,толықтай беріледі, дене тәрбиесі мақсаттарына жұмсалатын ұлттық табыстың бөлігі де жоғары болмақ, денсаулық деңгейі және адамдардың жасауы да ұзақ болмақ.

Жан-жақты жетілген адамджарды қалыптастырудағы денетәрбиесінің орасан зор маңызын ескере отырып үкімет тарапынан қоғамымыздың дамуының әртүрлі кезеңдерінде бұл мәселеге бірнеше рет Назар аударды (бұл орайда 1925, 1929, 1948, 1950, 1966, 1981 жылдарында қабылданған қаулыларды атап кеткеніміз жөн болады). Қаулылардың мазмұнына сол кезеңдегі саяси жағдайды бейнеден, орталықтан қатал асару мен бақылауға бастр Назар аударылды, сонымен бірге сол кездегі дене шынықтыру қозғалысының дамуына үнемі қолайлы ола бер меді.

Дене тәрбиесі жүйесі экономикалық қатынастардың дамыған аумағына жатады. Өзінің ұйымдық құрылымы жөнінен күрделі болуына байланысты (мелекеттік және қоғамдық басқарудың қағидаларын байланыстыра жүргізу) қаржыландырудың материалдық-техникалық жағынан қамтылуында да әртүрлі финанытық көздерді өзіне жинақтады: мемлекеттік бюджет, қоғадық қорларды, кәсіпорындар, кәсіподақ, кооперативтьік қоғамдар экономикалық жағынан дене тәрбиесі жүйесі дамыған материалдық және материалдық емес өндірісі бар халық шаруашылығының бір бөлігі есебінде көрінеді. Материалдық өндірісінің сала қызметкерлерінің затай материалдан формағаие болады: спорт құрылыстары, құрал-жабдық, аяқ-киім, киімдер. Бірақ, бұл сфера адамдардың денесінің жетілдіруіне бағытталған өндірістік емес дене тәрбиесінің бастр сферасына қарағанда қызмет көрсету сипатына ғана ие.
Лекция 7

Тақырыбы: Спорттың бірыңғай классификациясы.
Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.


Құқықтық негіздер. Елімізді дене тәрбиесінің жүйесі, оның қалыпты қызмет етуін реттейтін белгілі бір нормативтік құжаттарға, актілерге сүйенеді. Бұл құжаттардың әртүрлі заң күші бар (қаулылар, заңдар, жарлықтар, нұсқаулар). Оладың ішінде еліміздің жаңа 1995 жылғы 30 таызында қабылданған конституциясының алар орны ерекше (29 бап). Бұл бапқа Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтауға құқылы екендігі бекітілген. №1953 қаулысында спортты және дене тәрбиесін нақтылы жақсарту шаралары бекітілген. Бұлардан басқа да ұйымдар мен мекемелердің дене тәрбиесіменен қамтамасыз ететін, сонымен бірге қызмет көлемін анықтайтын нормативтік құжаттар да бар (олар бала-бақша, мектеп, гимназиялар, колледждер, орта және жоғары оқу орындары).

Әдістемелік негіздер. Дене тәрбиесінің заңдылықтарын және оқыту мен тәрбиелеу қағидаларын жүзеге асыру жөніндегі тиісті ұсыныстарды, сонымен қатар тұрғын халықтың әрбір әлеуметтік тобымен жаттығудың әдістері мен формаларын ұйымдастыруды, құрал-жабдықтарды пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды. Әдістемелік негіздерде дене тәрбиесі жүйесіне тән ғылымшылықкөріністерді байқауға болады. Бұл орайда бастапқы теорилық ережелер және он іс жүзіне асыру ғылыми негіздеріне арнаулы теориялық және спорттық педагогикалық ғылымға сүйене отырып жасалады.

Бағдарламалық-нормалық негіздер. Тұрғын халықтың дене дамуымен бірге білім беретін мектептерді, орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарында өткізілетін дене тәрбиесінің ең төменгі міндеті көлемін анықтап белгілейді.

Спорттың бірыңғай классификациясы. Дене тәрбиесі жүйесінің бағдарламалық, мөлшерлік негізінің ең жоғарғы, қортынды сатыфсы болып табылған. Ол елдің барлық спорт ұйымидары үшін спорттың разрядтар мен атақтарды беру ережелері мен қағидаларын, сонымен қатар спорттың әр түрімен спортшының дайындығына қойылатын бірыңғай мөлшерлеп талаптарды белгілеген.

Спорттық клссификацияның негізгі мақсаты: спорт пен көпшілікті қамту, спортшыларды жан-жақты тәрбиелеу, олардың дайындық сапасын арттыру және осы негізде жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз ету. Классификциядағы спорт түрлері ойнша мөлшерлік талап тар шамамен әрбір төрт жылда байта қаралып отырылады.



Спорттық разрядтар мен атақтар арнаулы ережесі және календары бар спорт түрлері үшін ғана белгіленген. Оның құрамына сонымен бірге, әскери қолданбалы, кәсіптік-қолданбалы, біздің еліміздің ұлттық спорт түрлері енгізілген. Спорттың кейбір түрлері үшін разрядтың нормалары мен разрядтық талап тар бірдей енгізілген.

Ұйымдастыру негіздері. Дене тәрбиесі жүйесінің ұйымдық негіздері мемлекеттік өзін-өзі туындаған қоғамдық және басқару органдарының бір тұтас байланыстылығынан құралады. Бұл байланыс дене трбиесі жүйесінің бірыңғай мақсаты.

Дене тәрбиесі процесінде, қоғам талабынеа сай қозғалыс дағдыларын, арнаулы білімді, табиғи күштер мен гигиеналық факторларды, алдан-ала дайындалған жаттығуларының комплекстерін дене қабілетін арттыру үшін пайдаланса, онда педагогикалық жүйесінің бар екендігін айқындауға болады. Әрине, бұл процесс жалпы тәрбиенің өзге жақтарынан ты.



Балалардың дене тәрбиесі. Бала денесін жетілдірудің педагогикалық жүйесі деп. білеміз.

Мектептегі дене тәрбиесі. Жоғарыда айтып өткендей жалпы педагогикалық жүйенің бастр бөліктерінің бірі. бұл жүйе тек мектеб қабырғасында жүргізілетін жұмыстармен шектелетіндігі айқын, мысалы, дене тәрбиесі сабақтарында, секциялық жұмыстарда.

Оқушылар дене тәрбиесі мектепте, мектептен тыс жерлерде мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін әртүрлі жұмыстарды қамту деп. білеміз. Мектептегі дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгіқағидалары “Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене тәрбиесі туралы ережеде” баяндалған.

Лекция 8

Тақырыбы: Дене тәрбиесінің принциптері дегеніміз

Жоспары:


1. Әдістемелік принциптерде көрінетін дене тәрбиесі заңдардың саналығын белсенділігі көрнектілігі мен жекелігі жүйелігі мен қозғалмалы.

2. Дене тәрбиесі осы принциптерді нақтылай түсетін басты

ережелері.

3. Дене тәрбиесінің принциптері.

4. Саналық және белсенділік принципі.

5. Жүйелік принципі.



Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Қимыл ептілігі мен дағдысын қалыптастыру және дене қуаты қасиетін тәрбиелеу жалпызаңдылықтарға бағынады, ол әдістемеде принцип тер деп аталады. Принциптерді білу, оларды тәжірибеде қөолдану дене тәрбиесі процесін жетілдіреді. Дене тәрбиесі прцесіне төмендегідей әдістемелік принциптер тән.


  1. Саналық және белсенділік;

  2. Көрнекілік;

  3. Жүйелілік;

  4. Біртіндеушілік;

  5. Реттілік;

  6. Даралық.

Саналық және белсенділік принципі.

Бұл принциптің мақсаты – дене тәрбиесі процес інде жаттығушылардың сапалы, белсенді және шығармашылық әрекеттерін педагогикалық тұрғыдан бағыттау. Саналық және белсенділік принципі мынадай талаптарды қамтиды.

1. Сабақтың мақсаты мен міндетін орындауға оқушылардың ынтасын саналы түрде қалыптастыру. Егер оқушы алдына қойған мақсаттың маңызын түсініп, оның міндеттерін орындауға ынта танытса, оқу барысы тезірек, сапалы болады. Жаттығушылар алдында кезекті (жақын) және перпективалық (алыс) миақсаттар спорттық разряд алу, ЕОКД компрексі нормасын орындау, мектептің, ауданның құрама командаларына мише болу. Кезекті мақсаттар: бір күрделі жаттығудың тәсілін меңгеру, кейбір дене қуаты қасиетін дамыту. Оқушылардың денсаулығын күшейтуге, әртүрлі дене қуаты қасиетін дамытуға ұсынылып отырған тапсырманың мәнін, маңызын айқын түсіндіре білу керек.

2. Сабаққа ынталы қатысу. Дене тәрбиесі сабағы кезінде балаларға қызықты тапсырмалар беру, ойындар өткізу, жүйелі түрде баға қою, жетістіктерін мадақтау, марапаттау оқушыларды ынталандыра түседі. Үйрету және тәрбиелеу процестері жаттығушылардың білімін, танымын қалыптастырады. Жаңа амалдар, әдістер, қозғалыстың жаңа элементтерін орындау, әр түрлі тәсілдер іздеу оқушыларды қызықтырады, творчестволық белсенділікке ынталандырады.

3. Жаттығушылардың өз әрекетін байқауға, бақылауға қабілетін ояту. Бұл талапты орындау үшін оқушылар жаттығуды орындаған кезде сәтті немесе сәтсіз әрекеттеріне алдау жасай білуі, орындау тәсілінен қатетаба алуы, олардың пайда болван және он қалай түзету керек екенін үйретулері қажет. Өз көңіл-күйін, машықтылығын бақылау, жаттығу күнделігін жүргізе білу, объективті және субъективті мәліметтерге талдау жасау оқушылардың қабілетін жетілдіреді.

Қазір дене тәрбиесі сабақтарында саналы бақылауға ынталандырудың мынадай әдістері қоданылады.



    • жаттығуды тек қана сөз қолдау әдісі арқылы үйрету;

    • мұғалімнің тапсырмасымен дене қуатының қасиетін дамыту, жаттығуларын өз бетімен іріктеп алу;

    • жаттығуды орындаған соң, нәтижесін өзі өзі бағалауы немесе екі-екіден орындағанда бір-біріне дұрысбаға бере білу;

    • жаңа жаттығуларды үйренгенде қозғалыс дұрыстығын сезінуге көмектесетін арнайы тренажерлар қолдану;

    • жаттығудың орындалу сапасы туралы ақыл-кеңестерді пайдалану т.б.

Лекция 9

Тақырыбы: Қимыл - әрекетке үйрету және дене қуаты қасиетін дамыту.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.



Көрнекілік принципі.

Қозғалысқа үйретуді көру арқылы емес, бұлшық ет түйсігі арқылы да түсіне білу керек. әртүрлі анализаторлар белгілері оқушылардың санасында үйренетін жаттығу туралы толық түсінік тудырады. Көрнекілік принципін іске қосу мынадай жолдармен пайдаланылады. Үйрететін жаттығуды бөлшектеп немесе толық көрсетуді оқытуды болмаса жақсы дайындықтан өткен оқушы орындайды. Әртүрлі көрнекті құралдарды көрсету арқылы (суреттер, схемалар, фотолар, кинограммалар, бейнемагнитафон жазбалары т.б.) оқытушының бейнелі сөзі (баяндау, түсіндіру, талдау, бұйрық сөздер және т.б.) қозғалыс тәсілінің қиын эементтерін, қимыл-әрекеттерді іштей қайталау (ойша) кдемоторлық қайталау деп. аталады. Көрнекілік принципті қолданғанда әрбәр адамның жетекші анаоизаторы қайсы екенін ескеру керек. Бір оқушыда жетекші көру аналізаторы болуы мүмкін. Көрнекілік принципін қолдану сипати үйрену кезеңіне, жасына және жаттығушының дайындығына байланысты. Бұл принцип түрлерін кеі пайдалану сабаққа ынталықты арттырады, тапсырманы түсіну және оны орындауды жеңілдетеді.



Жүйелік принципі.

Дене қуаты (дайындығы) қасиетін дамытудағы және қозғалысқа үйретудегі ақсы нәтиже тек дене тәрбиесі жаттығулардың жүйелі орындағанда ғана болады. Жүйелік – сабақтар арасында ұзақ үзіліс болмауы, сол арқылы жаттығушылардың дене қуаты дайындығы деңгейін түсірмеу. Сондықтан да жүйелік принципін қолданғанда өткен сабақтың ізін, өтіп жатқан сабақтың әсері басып, толықтырып жату керек. Қортындысынгда көп сабақтардың әсерлері қосылып, кумулятивтік әсер (жаттығушы организмінің берік бейімделу процесі) пайда болады, машықтану дайныдық деңгейі көтеріледі. Сабақтар белгілі бір жүйе бойынша жұмыс және тынығу кезеңдерінің алмасуымен өтеді, бұлардың негізінде бір-бірімен байланысты организмнің болдыру және қалпыне келу процесі жүреді. Бұл жүйе төрт кезеңнен тұрады:



  1. Жұмыс кезеңі – бұл кезеңде белгілі-бір жұмыс көлемі орындалады, қозғалысты қамтамасыз ететін қуат көзі таусыла бастайды, организмнің жұмысқа дейінгі деңгейге келе бастайды.

  2. Жоғары өтем кезеңі. Організм жұмысқа кеткен қуатты аротығымен қалпына келтіреді.

  3. Редукциялық кезең. Күш түсіруден кейінгі ұзақ демалыста организмнің жұмыс қабілеттілігі бастапқы деңгейге келеді.

  4. Жұмыс қабілеттілігін жақсарту кезеңі. Жұмыс қабілеттілігін жақсарту үшін жаттығу сабақтары арасындағы демалысты екі күннен әрі созбау керек. Өткен сабақтың әсері толық жоғалмай тұрғанда келесі сабақ өтілуге тиіс.



Реттілік принципі.

Қимыл -әрекетке үйрету және дене қуаты қасиетін дамыту реттілігіне арналған талаптар үш дидактикалық ережеден тұрады. Жеңілден-қиынға, қарапайымнан-күрделіге, меңгерген қимыл әрекетке. Бұрыннан қолданылып келген қимыл ептілігі мен енді ғана үйреніп жүрген қимыл ептілігін, бір-бірімен қауыштыра білу керек. Дене тәрбиесі процесінің бір әдістемелік ерекшелігі жаттығулардың сабақтастығын қамтамасыз ету, яғни оқу материалын жоспарлағанда өткен сабақтың мазмұны келесі сабақпен жалғасып жату қажет.



Лекция 10

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет