Оқу-әдістемелік кешені



бет2/3
Дата06.12.2016
өлшемі487,39 Kb.
#3317
1   2   3

3. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері


“Қосымша музыкалық аспап - қобыз” пәнін меңгеру үшін студенттер “Сольфеджио”, “Музыка теориясы” т.б. пәндерінің бағдарламаларын білу керек.

Аталған пәнді оқып үйрену “Концермейстрлік класс” және т.б. пәндерін меңгеруге көмектеседі.


Мазмұны



  1. Абстракт .............................................................................................................5

  2. Курстың мақсаты ...............................................................................................5

  3. Курстың міндеті .................................................................................................5

  4. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.....................................................................6

  5. Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет.............................................6

  6. Студентке арналған ережелер...........................................................................6

  7. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша бөліну кестесі........6

  8. Жеке сабақтарының мазмұны............................................................................8

  9. СӨЖ-жоспары, мазмұны...................................................................................13

  10. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі.......................................................................13

  11. Кредиттің мазмұнына сәйкес бақылау түрі......................................................15

а) академиялық тыңдау

б) техникалық тыңдау



  1. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі..................15

  2. Пән бойынша оқу процесінің картасы..............................................................16

1. А Б С Т Р А К Т

Оқу-әдістемелік кешені “Қосымша аспап-қобыз” пәні бойынша 050106 “Музыкалық білім” мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу -әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге барлық қажетті оқу -әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру мақсаты көзделіп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген: ЖС-жеке сабақтар.

СӨЖ студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде. Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындау қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысы, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Тесттік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруды пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ, емтиханды алуға арналған.


2. Курстың мақсаты:
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының музыкалық-эстетикалық тәрбисі мен біліміне қойылатын мақсаттарды іске асырушы жоғары деңгейде кәсіби дайындығы бар музыка мұғалімдерін даяарлау болып табылады.

3. Пәннің міндеті





  1. Музыкалық-терориялық білімнің негіздерін меңгеру қобыз аспабының шығу тарихын, оның теориялық негіздерін біліп спецификасымен дыбыс шығару құпиясын түсініп, музыкалық сауатты тереңдете, қобыздың құрылысын және оған арналған нота графикасының ерекшеліктерін біліп, сонымен бірге ноталарды бірден оқып ала жөнелетін дағдыларын қалыптастыру.

  2. Орындаушылық қимыл-әрекеттер тәсілдерінің негіздерін игеру: орындаушының дұрыс отыруы, қолдың, саусақтардың дұрыс орналасуы.

  3. Бастапқы оқудың ең қиында күрделі жағы-орындаушылық дағдыларды игеру.

  4. Орындаудың әдістері мен шығарманың мазмұндық мағынасын аша отрып, музыканы мәнерлеп орындаудың әр түрлі тәсілдерін үйрену.


4. Оқу жоспарынан көшірме


Кредит саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

семестр

қорытынды

Жеке сабақ

СӨЖ

2

90

68

22

1-4

сынақ

емтихан





  1. Оқу сағаттарының құрылымы:

Жеке сабақтарының – сдудентке шығарманы игеруде неге назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеу қажет.

СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды орындайды, өз бетімен меңгереді.





  1. Студентке арналған ережелер (Rules):




  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқушының кестесіне сәйкес өтілінеді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.


7. Оқу сағаттарының тақырып бойынша бөліну кестесі.




Тақырыптың аты

жеке

СӨЖ

1

Студент қобызды ұстауын, отырысын оң қол мен сол қолдың орналасуын және аспаптың бойындағы ноталық дыбыстарды меңгеру.

17

6

2

Алғашқы позицияларды меңгергеннен кейін шағын шығармалар мен пьесаларды меңгеру

17

6

3

Негізгі ойнау тәсілдерімен танысу, техникалық ойнау мәнерін меңгеру.

17

5

4

Шетел және қазақ композиторларының шығарамаларын, әртүрлі мазмұндағы ойнау шеберлігін меңгеру.

17

5




Барлығы.

68

22

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі



«Сырдария» университеті

«Өнер» факультеті

«Ән және саз» кафедрасы

«Қосымша музыкалық аспап – қобыз» пәні бойынша

050106 Музыкалық білім мамандығының студенттері үшін

ЖЕКЕ САБАҚТЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Жетісай - 2005
8. Жеке сабақтарының мазмұны

№1
Тақырыбы:


Студент қобыз аспабын ұстауын, отырысын оң қол мен сол қолдың орналасуын және аспаптың бойындағы ноталық дыбыстарды меңгеру.

Кіріспе.


Аспаппен таныстыру: оң қол мен сол қолдың орналасуы. Қобызшы орындыққа отырғанда орындықтың алдыңғы шетіне жақын, жотасын орындық арқалығына тіремей, денесін алға қарай қобыз ұстауға икемдеп отырады. Қобыз шанағын екі тізесінің арасына азғана солдан оңға қарай қисайтыңқырап ысқыш тартатын оң қолының емін еркін қозғалуына ыңғайлы етіп отырады.

Оң қол . Ысқышты дұрыс ұстау. Ысқышты оң қолмен дұрыс ұстау қобызшының алғашқы үйренер тәсілінің бірі. Ертеде ысқышты оң қолдың алақанымен ұстайтын яғни қазіргі контрабас смычогын неміс тәсілімен ұстағандай. Ысқышты бос саусақты қатты қыспай, қолдың салмағымен жұмсақ ұстаған дұрыс. Басбармақтың ұшы қалыптың біткен жеріне ортаңғы саусақ оған қарама-қарсы, қылдың біткен жерімен қалыптың ұшына қойылады, сұқ саусақ бірінші буынмен таяққа алшақтау орналасады. Ал аты жоқ саусақ пен шынашақ ортаңғы саусаққа көмектесіп соның қасына орналасады.

Ысқыш жүргізу. Дыбыс шығару: Ішекті ысқыштың түбінен бастап тартқанда оң қол кейін кетеді де, ал ысқыш орта шенінен әрі кеткенде шынашақты жазып жібереді. Ысқыш керісінше жоғары жүргізілгенде осы қимыл кері қайталанады. Арлы берлі жүргізілгенде саусақ пен буын өте жұмсақ жеңіл қимылдауы керек. Ысқышты түбімен тартқанда қолды көтеріңкіреп оның салмағын жеңілдетеді, ұшымен ойнағанда ысқыштың таяғын сұқ саусақпен аздап басу қажет.


  1. Ысқыштың қылы ішекке жақсы тиіп , жабысып тұруы қажет.

  2. Ысқышпен ішекті сүйкегенде оның жылдам жүру, жай жүру қатты немесе жай басылуы мөлшерін дұрыс табу қажет.

Сол қол, ішек басу.

Сол қол саусақтарын ішек басуға жаттықтыру, барлық позицияда сол қол саусақтарының ішек басуға икемді , оңтайлы болуы, позициядан позицияға жұмсақ жеңіл көшуі болашақта аспапты жақсы менгерудің бірден бір жолы.

Алғашқы жаттығуда ішекті саусағымен баспай , алдымен ішекке саусақтың дұрысс түсуін жаттықтырған жөн.

Қобыз ойнаудағы жазу белгілері.

Қобыз ойнаудағы ысқыштың түрлі жағдайдағы бағытын , саусақ басу, ішектердің дыбыс күшін білдіретін динамикалық және екпін белгілерін жатқа білу керек.

П-ысқыш төмен

Ү-ысқыш жоғары

Ц.С.-тұтас ысқыш.

Н.П.-төменгі жартысы.

В.П.-жоғарғы жартысы.

С.-ортасымен.

К.Ц.-ұшымен.

К.Д.-түбімен.

Саусақ қою белгісі . Ішек белгілері.

0-ашық ішек. І-Е –ми ішегінде.

1-бірінші саусақ ІІ-А-ля ішегінде.

2-екінші саусақ.. ІІІ-Д-ре ішегінде.

3.- үшінші саусақ IV-Соль ішегінде

4- төртінші саусақ.



1. Бір октавалы гаммалар мен әртүрлі жаттығулар.

Соль мажор гаммасын бірінші позицияда таза дыбысты тыңдап, әртүрлі ұзақтықта орындау: бүтін, жартылық, төрттік, сегіздік.



2. Этюдтар (ойнау ерекшеліктері әртүрлі).

Этюд (машықтану) орындаушының техникасын арттырып, шеберлігін шыңдау үшін арнайы машықтануға арналған шағын шығарма. Этюдті ойнағанда, таңдау кезеңінде жылдам және жай темптегі болуы қажет. Лига, сегіздік ноталардың төртеуі бір ысқышта орындалатын шығармалар.



3. Қазақстан композиторларының шығармалары

Студенттің қабылдауына қарай шығарманың ноталық текстін оқыту. Нота текстімен жұмыс жүргізу барысында саусақтардың дұрыс қойылуын қадағалау. Динамикалық және шапшаңдық белгілермен жұмыс жасау. Ысқыштың бір ішектен екінші ішекке көшуін қадағалау. Ысқышты үнемдеп , бір келкі дыбыс шығарып , тең бөліп үйрену I семестрде - (желтоқсан айында) академиялық тыңдау.



    1. Орыс шетел композиторларының шығармалары.

Шығарма тандау барысында ысқыштың бір ішектен екінші ішекке көшкен кезде ысқышты үзбей жайлап ,артық дыбыс шығармай көшуді қадағалау.

Жартылық ноталарды бір смычокпен,төрттік нотаны бутін ысқышпен және жарты ысқышпен орындау.



5. Ірі формалы шығарма.

Классик және қазақ композиторларынан қысқаша мәлімет.Композитордың өмірбаяны, шығармашылық мәліметі. Берілген шығарманың композитор шығармашылығындағы ролі. Шығармамен танысу

а) мазмұны, шығарманың характері.

ә) тональдігі, формасы мен жазылу фактурасы.

2

Тақырыбы:

Алғашқы позицияларды меңгергеннен кейін

шығармалар мен пьесаларды меңгеру
І семестрдегі өтілген тақырыптарды күрделендіріп, қолдарды (координациясын) дамыту. Нота ұзақтығының күрделі түрлері: созылмалы нота, ноқатты нота, форшлаг т.б. Динамикалық құбылыстарды түсіну (меццофорте, крещендо, дименуэндо). Қос ноталарды синхронды орындау. Қобыз аспабындағы ең күрделі мәселе саусақтың қимылын жеделдету болып табылады. Сондықтан күнделікті сабақтарға этюдтар, гаммалар, жаттығулар енгізілуі қажет. Бір кілттік белгісіне дейінгі мажор және минор гаммаларын (3 түрін гармониялық, мелодиялық, натуралдық) үйрену. Соль мажор, ми минор гаммалары, олардың арпеджиоларын екі октавада ойнау.

Соль мажор, ми минор гаммалары, олардың арпеджиоларын екі октавада ойнау.



1. Екі октавалы гамма, мажор, минор.

Гамманы ритмикалық әртүрлі штрихтарда ойнау (легато, стаккато, нон легато, мартле, деташе) т.б. Гаммадағы жарты тон, бүтін тон, бірінші, екінші саусақтардың және екі мен үштің, үш пен төрттің аралығын қадағалау.



  1. Техникалық дәрежеде екі этюд бір пьеса.

Шығармамен танысу барысында мұғалім мен студент арасында өзара талдау жүргізіледі. Сұхбат барысында мұғалім белгілі бір мақсатпен шығарманы бастан –аяқ ойнап көрсетуі қажет. Шығармаға жай ырғақта талдау жүргізілуі керек. Талдау барысында студент шығарманы жақсы естіп, дыбыс бояуларына назар аударады. Шығарманың қиын жерлерімен жеке жұмыс жүргізілуі қажет. Студент шығарманы жақсы меңгерген кезде жеке бөліктерімен мұқият жұмыс жүргізуі және динамикалық белгілерге (piano, forte,crescendo, diminuendo) арнайы көңіл бөлуі керек. Этюд шығармаларын таңдаған кезде таңдау барысында төрттік нүктелі нота, сегіздігімен, он алтылық ноталары бар этюдтар алыуымыз керек.

4. Орыс, шетел композиторларының шығармалары.

Орыс, шетел композиторларының өмірбаяны, шығармашылықтары туралы қысқаша мәлімет. Композитордың берілген шығарманың композитор шығармашылығындағы ролі.

Наурыз айында техникалық тыңдау өткізіледі. (Соль мажор, ми минор, этюд )

3



Тақырыбы:

Негізгі ойнау тәсілдерімен танысу, техникалық ойнау мәнерін меңгеру.

Ноталық сауаттылықты әрі қарай дамыту.

а) Күрделі өлшем 6/8, 6/4, 5/4, 3/2, т.б.

б) Триоль

в) Квинтоль

Мелизмдердің түрі:

Форшлаг –

Мордент -

Трель –


Мына музыкалық терминдерді жаттау қажет:

Adagio (адажио) - жай

Allegro (аллегро) - тез

Cantabile (кантабиле) – нәзік әндете

Dolce (дольче) – жұмсақ нәзік

Forte (форте) - қатты

Piano (пиано) - тыныш

Vivo (виво) - жылдам

Гамма, арпеджио, аккордтар міндетті түрде әр семестрге кіреді. Жоспар бойынша: Кілітте 2 белгіге дейінгі мажор мен минор гаммалары, олардың арпеджиосы мен аккордтары. Осы семестрге ойналатын гаммалар ре мажор оның паралелі си минор, ми бемоль мажор оның паралелі до минор. Сабақта берілген гамма, арпеджио, аккордтарды бірте-бірте темпін күшейте күнделікті дайындалу керек. Гамма арпеджиоларды түрлі штрихтермен (легато, стакато) ойнау қажет. Ойнау техникасын ары қарай дамыту үшін гаммаларды триолмен, пунктир ритімімен жаттықтырамыз. Саусақтарды күнделікті жаттықтыру бұлшық етті қатайттырады және орындаушылық қабілетті арттырады.

  1. Әртүрлі штрихта ойналатын этюд.

Этюд шығармасын дыбыстың таза шығуын қадағалау, ысқыштың ішекке бір қалыпты жүруін қадағалау. Сол қолдың орналасуын, денені дұрыс ұстау, оң қолмен ысқышты жүргізумен дыбыстың таза шығуын дамыту. Саусақты қою, саусақты алу, саусақтардың жүруін дамыту үшін әртүрлі штрихтарды қолдану.

Түрлі нюанстармен ойналады. Студент оқытушының көмегімен шығарманы жай темпте нотаға қарап ойнап бастайды. Шығармамен жұмыс істеп бастағаннан оқытушы студенттің көңілін шығарманың характеріне, темпіне, динамикалық белгілеріне, штрихтеріне көңіл аударады.



2. Орыс, шетел классиктерінің шығармалары.

Орыс шетел композиторларының шығармалары әртүрлі мағынада беріледі (минорлық немесе мажорлық түрде). Бірі жылдам, көңілді темпте айтылса, екіншісі жай, көңілсіз темпте айтылады. Сонымен қатар динамикалық белгілеріне назар аударамыз және 1, 2-ші семестрлерге қарағанда 3-ші семестрде күрделі түрлерін ұсынамыз.



3.Қазақ композиторларының шығармалары.

Қазақ композиторларының өмірбаяны, шығармашылықтары туралы қысқаша мәлімет. Композитордың берілген шығарманың композитор шығармашылығындағы ролі. Шығармамен танысу барысында мұғалім мен студент арасында өзара талдау жүргізіледі. Музыкалық шығарманы үйрену кезінде - әуені мәнерлеп ойналады. Әуен әр музыкалық шығарманың түбірі. Әуенді мәнерлеп ойнау тәсілі төмендегі ережелерлерде көрсетілген:



  1. Штрихтерді байқау: легато, стакато т.б. легатоны тек дұрыс апликатурамен ойнауға болады.

  2. Динамикалық белгілерді дәл сақтау қажет.

  3. Музыкалық фразаларды басы мен соңын ортасына қарағанда жай ойнау қажет.

  4. Күнделікті сабаққа дайындалу жаттығулардан басталу керек.

4.Күрделі формадағы шығарма.

Студенттің меңгеру қабілетіне байланысты, қобыз аспабына өңделген ірі шығармаларды ұсынамыз. Күрделі формадағы шығармаларды ойнау барысында студент жан-жақты дамыпойнау қабілеті өседі.Студентке концертмейстрмен сүйемелдеп ойнатып үйрету қажет. Бұл студенттің өсіп жетілуіне, ойлау қабілетін дамытып, сезініп ойнауын жетілдіреді.


4

Тақырыбы:

Шетел және қазақ композиторларының шығармаларының,

әртүрлі мазмұндағы ойнау шеберлігін меңгеру.



1. Екі-үш белгіге дейінгі мажор мен минор гаммалары, оларды үш позицияда әртүрлі штрихтармен ойнау.

Сабақта берілген гамма, арпеджио бірте-бірте темпін күшейте күнделікті дайындалу керек. Гамма арпеджиоларды түрлі штрихтермен (легато, стакато) ойнау қажет. Ойнау техникасын ары қарай дамыту үшін гаммаларды триолмен, пунктир ритімімен жаттықтырамыз. Саусақтарды күнделікті жаттықтыру бұлшық етті қатайттырады және орындаушылық қабілетті арттырады.



  1. Әртүрлі характердегі екі этюд.

Этюдтер әртүрлі мағынада беріледі (минорлық немесе мажорлық түрде). Бірі жылдам, көңілді темпте, екіншісі жай, көңілсіз темпте. Сонымен қатар динамикалық белгілеріне назар аударамыз және 1, 2-ші семестрлерге қарағанда 4-ші семестрде күрделі түрлерін ұсынамыз.

3. Қазақ композиторларының шығармалары.

Қазақ халық шығармаларында ырғақтық белгілерге ерекше көңіл бөлу керек. Шығарманың арасында жай және күрделі өлшемдердің өзгеруіне байланысты қиыншылықтарға көңіл бөлу керек.



4. Шетел композиторларының шығармалары.

Шығарма таңдау кезінде, құрамы әртүрлі музыкалық шығармалар, би және ән түріндегі пьесалар болу қажет.

а) біртіндеп шығарманың диапазонын өсіру.

б) кілттік өсу белгілеріне байланысты тональностердің шеңберін кеңейту.

в) күрделі өлшемнің майда ұзақтықтарын енгізу.

Шығармамен жұмыс істеу. Оқытушы шығарманы жазған композитор туралы қысқаша мәлімет береді. Сұхбат өте жылдам және қызықты өтуі қажет. Оқытушы студентке шығармада кездесетін қиыншылықтарды алдын-ала ескертеді. Студент оқытушының көмегімен шығарманы жай темпте нотаға қарап ойнап бастайды. Шағармамен жұмыс істеп бастағаннан оқытушы студенттің көңілін шығарманың характеріне, темпіне, динамикалық-белгілеріне, штрихтеріне көңіл аударады. Шығарманың қиын жерлерімен жеке жұмыс істеу қажет. Сонымен қатар шығарма бірнеше бөлшектерге бөлінеді (фраза, сөйлем, кезең). Әр бөлшекпен жай темпте талдап, тазалап арнайы жазылған саусақтармен ойналады.



  1. Күрделі формадағы шыңғарма.

Студенттің меңгеру қабілетіне байланысты, қобыз аспабына өңделген ірі шығармаларды ұсынамыз. Күрделі формадағы шығармаларды ойнау барысында студент жан-жақты дамыпойнау қабілеті өседі.Студентке концертмейстрмен сүйемелдеп ойнатып үйрету қажет. Бұл студенттің өсіп жетілуіне, ойлау қабілетін дамытып, сезініп ойнауын жетілдіреді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



«Сырдария» университеті


«Өнер» факультеті

«Ән және саз» кафедрасы

«Қосымша музыкалық аспап қобыз» - пәні бойынша

050106 Музыкалық білім мамандығының студенттері үшін

Студенттің өзіндік жұмысының жоспары

(С Ө Ж)


Жетісай – 2005



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет