ОҚУ-Әдістемелік материалдары «Адам анатомиясы» Биология 5В011300 мамандығы 2-ші курс студенттеріне арналған Семей 2013ж Мазмұны


Тақырып бойынша жазбаша бақылау жұмысы



бет2/3
Дата15.06.2017
өлшемі1,36 Mb.
#19148
1   2   3
Тақырып бойынша жазбаша бақылау жұмысы.
Тапсырма:

  1. Адам денесіндегі сүйекаралық байланыс түрлерін зерттеу.

  2. Буын құрылысымен танысып болғаннан кейін препараттар арқылы олардың түрлері мен пішіндерін анықтау.

  3. Буындардың біліктерден айнала өтетін жұмысын зерттеу.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.

Тақырып 3. Тұлға сүйектері және олардың байлансулы. Омыртқа жотасы және көкірек клеткасы. Бас қаңқасы.

Сабақ оқу-әдістемелік нұсқаудың көмегімен өткізіледі.

Сұрақтар:


  1. Омыртқа жотасының құрылысы.

  2. Көкірек клеткасының құрылысы, маңызы.

  3. Қабырға құрылысы.

  4. Тұлға сүйектерінің байланысы мен жасқа сай өзгеруі.

  5. Зертханалық жұмыс жасап, қорытындысын оқытушыға тапсыру.

Тапсырма.

1. Бас сүйектері тақырыбының теориясына дайындалу.

2. Бас сүйектерінің өзара байланысымен танысу.

3. Бас сүйектерінің топографиясы, жас шамасына қарай өзгеруімен танысу.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.

Тақырып 4. Қол және аяқ сүйектері, өзара байланысы.

Сабақ оқу-әдістемелік нұсқаудың көмегімен өткізіледі.

Сұрақтар:


  1. Қол және аяқ сүйектерінің құрылысы.

  2. Жауырынның ішкі және сыртқы көрінісі.

  3. Тоқпан жілік, білек сүйектерінің, қол басының сүйектерінің құрылысы.

  4. Қол және аяқ сүйектерінің байлынысы.

5. Зертханалық жұмыс жасап, қорытындысын оқытушыға тапсыру.

Тапсырма.

  1. Қол және аяқ сүйетері, олардың байланысы тақырыбына дайындалу.

  2. Қолдың және аяқтың байланысын салыстырып келу.

  3. «Тегіс табандылық» не себептен үлкен кемістік болып саналады?

Әдебиеттер(1-18)
Тақырып 5. Бұлшық еттер туралы ілім (миология).

Сабақ оқу-әдістемелік нұсқаудың көмегімен өткізіледі.

Сұрақтар:

1. Бұлшық еттің құрылысы және қызметі.

2. Бұлшық еттердің классификациясы.

3. Бұлшық еттің қосымша аппараттары.

Тапсырма:

1. Бұлшық ет құрылысын қарастырып оның суретін салу.

2. Әр бұлшық етті қарастыруда, оның 1) атын, 2) орналасуын, 3) басталуын, 4) бекінуін, 5) қызметін білу керек.

3. Бұлшық еттердің схемасын жасау.

Негізгі әдебиеттер 1-18.
Тақырып 6. Мойын мен бастың бұлшық еттері. Тұлғаның және арқаның бұлшық еттері.

Сұрақтар:



  1. Көкірек клеткасының бұлшық еттері.

  2. Құрсақтың бұлшық еттері.

  3. Арқаның терең және беткей бұлшық еттері.

4. Мойыннгың бұлшық еттері.

5. Бастың бұлшық еттері.

6. Ымдау еттері.

Тапсырма:


  1. Мойын мен бас бұлшық еттері тақырып теориясына дайындалу.

  2. Атлас пен таблицаны пайдаланып мойынның және бастың бұлшық еттерінің суретін салу.

  3. Тыныс алу бұлошық етінің маңызына талдау жасау.

4. Тақырып бойынша зертханалық жұмыс жасап, қорытындысын оқытушыға тапсыру.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.



Тақырып 7. Қолдың және аяқтың бұлшық еттері.

Сұрақтар:



  1. Иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын бұлшық еттері мен шандырлары;

  2. Жамбас және аяқтың бұлшық еттері.

Тапсырма:

1. Кестелерді, атластарды, оқулықтарды қолдана отырып қол-аяқ бөлімдерінің бұлшық еттерін адам денесінен көрсете білу.

2. Буындарда жасалынатын қимылдарға қатысатын бұлшық еттерді көрсете білу.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.



Тақырып 8. Бұлшық еттің қызметіне ж алпы сиппатама. Бұлшық еттің жұмысы. Треқ қимыл аппаратының 1-ші, 2-ші, 3-ші тартылу турлері.

Сұрақтар:

1. Бұлшық ет күйі.

2. Бұлшық ет тонусы.

3. Бұлшық ет күші.

4. Бұлшық ет түрлері.



Тапсырма:

1. Оқу-әдістемелі нұсқауды, атластарды, муляждерді қолдана отырып бұлшық еттің түрлерін схема және сурет ретінде салу.

Әдебиеттер:1-18.
Тақырып 9. Ішкі мүшелер (спланхнология). Ас қорыту және тыныс алу жүйелері.

Сұратар:


  1. Ішкі органдар туралы жалпы түсінік;

  2. Ас қорыту жүйесі;

  3. Тыныс алу жүйесі.

Тапсырма:1. Оқу-әдістемелі нұсқауды қолдана отырып ішкі мүшелердің құрылысының суретін салу. Негізгі әдебиеттер: 1-18.

Тақырып 10. Зәр шығару жүйесі. Аталық және аналық жыныс мүшелері.

Сұрақтар:

1. Зәр шығару жүйесі және органдары;

2. Аталық жыныс органдары;

3. Аналық жыныс органдары.

Тапсырма:

1. Кестелерді, оқулықтарды қолдана отырып зәр шышару мүшелерін қарастыру және оның суретін салу.

Әдебиеттер:1-18.

Тақырып 11. Тамырлар жүйесі (ангиология). Үлкен және кіші қан айналу шеңбері. Жүрек, оның құрылысы, қызметі.

Сұрақтар:

1. Жүрек қан тамырлар жүйесі.

2. Үлкен және кіші шеңберінің вена қан тамырлары.



  1. Жүректің құрылысы, қызметі. Жүректің дыбысы және физиологиясы.

  2. Өкізгіш жүйесі және жүрек қызметіне жүйкенің әсері. Қан қысымы. Пульс. Қолқа.

  3. Тұлғаның, қолдың артерия қан тамыры.

Тапсырма:

1. Оқу құралдарын қолдана отырып жүректің ішкі және сыртқы құрылысының суретін салу.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.

Тақырып 12. Үлкен қан айналу шеңберінің артерия қан тамыры. Үлкен қан айналымның вена қан тамыры. Лимфа жүйесі. Иммунитет.


  1. Қолқаның артерия тамырлары.

  2. Вена қан тамырлары.

  3. Үлкен және кіші қан айналу шеңбері

Тапсырма:

1. Үлкен қан айналу шеңберінің артериялары мен вена қан тамырларын қарастырып схемаларын жасау.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.
Тақырып 13. Жүйке жүйесі (неврология).

Сұрақтар:

1.Жүйке жүйесі. Жұлын.


  1. Рефлектор доғасының құрылысы.

  2. Ми қабықтары.

Тапсырма:

1. Оқу құралдарын қолдана отырып жүйке жүйесін қарастыру, оның схемасын жасау.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.

Тақырып 14. Ми. Ми бөлімдері. ОЖЖ өткізгіш жолдары және оның рефлектор доғасының түзілуіне қатысуы


  1. Үлкен ми сыңары.

  2. Сопақша ми, артқы ми, мишық, орталық және аралық ми бөлімдерінің құрылысы, қызметі.

  3. Ми қабықтары.

  4. Өткізгіш жолдарының жіктелуі

  5. Экстра пирамидалық жүйе

6. Қызыл ядролы жұлынның өткізгі жолыялық бездерге жалпы түсінік.

7. Аралық ми құрылысы

8. Үшінші қарынша

9. Үлкен ми жартышары

10. Ми негізінің базальды ядросы, оның орналасуы мен маңызы

Тапсырма:

1. Оқу құралдарын қолданып ми бөлімдерін қарастырып суретін салу.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.

Тақырып 15. Ми және жұлын жүйкелері. Қозғылы жүйке жүйесі.


  1. Бас ми жүйкелері.

  2. Жұлын жүйкелері.

Тапсырма: Кестелерді, оқулықтарды, атластарды қолдана отырып тапсырманы орында:

Бас мидан 12 жұп жүйке шығады, 12 жұп жүйке қызметіне қарай 3 топқа бөлінеді. Ол: қимылдық, сезгіш және аралас топтар. Адамнан 31 жұп жұлын жүйкесі шығады. Ол 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 1 құйымшақ жүйкелері. Мойын өрімі сезім талшықтары 4 жүйке тармағына бөлінеді. Кеуде немесе иық өрімінің 5 жүйке тармағына бөлінеді. Бел өрімі 3 жүйке тармағына, сегізкөз өрімі қысқа және ұзын тармаққа бөлінеді.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.

Тақырып 16. Эстезиология.

1. Көру мүшесіне жалпы сипаттама.

2. Көру жүйкесі.

Тапсырма:

1. Көздің құрылысының суретін салу.

2. Көру жүйкесінің қыртысты, қыртысасты орталықтарының схемасын салу.

Негізгі әдебиеттер 1-18.



Тақырып 17. Есту және тепе-теңдік мүшелері.

Сұрақтар:

1. Есту және тепе-теңдік мүшелері

2. Дәм сезу мүшесі



  1. Иіс сезу мүшесі

4. Тері

Тапсырма:

1. Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ – есіту тепе-теңдік мүшесі.

Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтың ұлу бөлімі есту мүшесі, ішкі құлақтың кіреберісі мен жартылай иірімді түтікшелер тепе-теңдік мүшесі. Сыртқы құлақ, дабыл жарғағы, ортаңғы

құлақ, дабыл қуысы, есту түтігі, есту сүйекшелері, ішкі құлақ, кіреберіс, жартылай иірімді түтікшелер. Естудің сенсорлық жүйесі. Дыбысты қабылдау.

Әдебиеттер(1-18)

Тақырып 18. Ішкі секрециялық бездер (эндокринология).

Сұрақтар:

1. Ішкі секрециялық бездерге жалпы түсінік.

2. Гормондар.

3. Топографиялық жағдайына байланысты топқа бөлінуі.

Тапсырма:

Адам денесіндегі бездер сыртқы және ішкі бездер деп қызметіне байланысты 2-ге бөлінеді. Ішкі секрециялық бездің түтігі болмайды. Ол гормонын қанға бөліп отырады. Гуморальдық және нейро-гуморальдық реттелу жолдары. Гормон – активті зат. Эдокринді без топография жағдайына және шығу тегіне байланысты 5 топқа бөлінеді: 1-нейрогенді бездер; 2-бронхигенді бездер; 3-хромофинді бездер; 4-қарынасты безінің эндокринді бөлімі; 5-жыныс безінің эндокринді бөлімі жатады.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.

2.5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША САБАҚ ЖОСПАРЫ (СӨЖ):

Студент өзіндік жұмысты орындаудың алдында ұсынылатын әдебиеттермен танысуы жөн. Әр жұмыс бойынша студент назарына тақырыптың аты, қаралатын сұрақтар, әдебиеттер ұсынылады. Берілген тақырып бойынша студент жазбаша талдау жүргізеді. Тақырыпты схема немесе таблица, жазба, мазмұндама түрінде көрсетуіне болады. Әр берілген тақырып терең талдаудан өтуі қажет. Тақырыпқа талдау жүгізуде студент соңғы ғылыми-техникалық жетістіктер, соңғы ғылыми жаңалықтардан хабар беруіне болады. Берілген тапсырма студенттің жазба дәптерінде көрсетілуі тиіс. Өзіндік жұмысы бойынша студент есеп береді.

Тақырып 1. Жүрек бұлшық еті, оның қаңқа бұлшық етінен айырмашылығы.

1. Миокардтың құрылысы.

2. Миокардттың көлденең дискілерінің құрылысы.

3. Миокардтың жиырылуы.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 2. Эмбриогенез стадиясы. Ұрық жапрақшалары. Гистогенез. Органогенез.

1. Адам эмбрионының дамуы.

2. Ұлпаның дамуы.

3. Мүшелердің дамуы.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 3. Сына сүйегі.

1. Сына сүйегінің құрылысы.

2. Сына сүйегінің өсінділері.

3. Сына сүйегінің орналасуы.

4. Сына сүйегінің жас ерекшелігі.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 4. Сүйек үсті қабық.

1. Сүйек үсті қабықтың құрылысы.

2. Остеогенді қабаттың қызметі.

3. Сүйек үсті қабықтың жас ерекшелігі.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 5. Буында жасалатын қимылдардағы тежеушілер және шектеушілер.

1. Буынның қосымша аппараттары.

2. Буын байламдарының қызметтері.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 6. Самай төменгі жақ буыны.

1. Самай төменгі жақ буынының құрылысының ерекшелігі.

2. Буын байламдарының орналасуы.

3. Комплексті, құрама буын.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 7. Самай сүйегі.

1.Самай сүйегінің құрылысы.

2. Самай сүйегінің орналасуы және қызметі.

3. Самай сүйегінің бөлімдері.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 8. Бұлшық еттің қан тамырлары және жүйкелері.

1. Бұлшық ет қан тамырлары.

2. Бұлшық ет жүйкелері.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 9. Антогонисті және синергисті бұлшық еттер.

1. Антогонисті бұлшық еттер.

2. Синегисті бұлшық еттер.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 10. Шайнау бұлшық еті.

1. Беткейлі жатқан шайнау бұлшық еті.

2. Терең жатқан шайнау бұлшық еті.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 11. Ымдау бұлшық еттерінің орналасуы және қызметі.

1. Ымдау бұлшық етінің орналасуы.

2. Ымдау бұлшық етінің қызметтік маңызы.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырыбы 12. Құрсақ прессі және оның спортпен шұғылданатындардағы қызметтік маңызы.

1. Құрсақ бұлшық етінің прессі.

2. Диафрагма бұлшық еті.

3. Құрсақтың тік бұлшық еті.

4. Құрсақтың қиғаш бұлшық еті.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 13. Қол бас және аяқ бас бұлшық еттері.

1. Алақан бұлшық еттері.

2. Табан бұлшық еттері.

Әдебиеттер(1-18)

Тақырып 14. Табан көтеретін бұлшық еттер.

1. Аяқ басын жазатын бұлшық еттер.

2. Аяқ басын бүгетін бұлшық еті.

Әдебиеттер)

Тақырып 15. Тістер. Сүт және тұрақты тістер, олардың құрылысы.

1. Тістің құрылысы.

2. Тістің формуласы.

3. Тісті таза ұстау.

Әдебиеттер(1-18)

Тақырып 16. Көкбауыр, оның орналасуы, ішкі және сыртқы құрылысы.

1. Көкбаурдың құрылысы және қызметі.

2. Көкбаурдың қан айналысуындағы ролі.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 17. Бас миы және жұлынның қабықтары.

1. Менингиальді қабық.

2. Торлы қабық.

3. Жұмсақ қабық.

4. Қабық аралық кеңістік.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 18. Гипофиз.

1. Аденогипофиз.

2. Нейрогипофиз.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 19. Әйел және еркектердің морфологиялық айырмашылықтары.

1. Дене пішіні.

2. Дене салмағы.

3. Трек-қимыл аппараты.

Әдебиеттер (1-18)

2.6. Жазбаша жұмыс тақырыптары:

Адам анатомиясы пәні бойынша реферат тақырыптары:

1. Адамның даму кезеңдері.

2. Қан оның құрылысы және қызметтері.

3. Мимикалық бұлшық еттер оның қызметтері.

4. Конституциялық морфология.

5. Жыныстық диморфизм.

6. Бауыр оның құрылысы.

7. Іштік оның құрылысының ерекшелігі.

8. Мұрын қуысының құрылысы.

9. Бүйректің ішкі құрылысы.

10. Стресс ол спорттағы морфофункциональді бейімделу механизімі.

11. Спортшы ағзасының дене әлеуетіне бейімделуінің жалпы

биологиялық негізі.

12. Спортшы ағзасының құрылым – қызметтік ерекшеліктерін зерттеу әдістері.

13. Денеге күш түсуден сүек жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер.

14. Жыныс жасушаларының дамуы.

15. Қан жасалатын мүшелер және иммунды мүшелер.

16. Иіс және дәм сезу мүшелері.

17. Тері және оның туындылары.

Рефераттық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқау: Рефераттық жұмысқа қажетті материалдар ұсынылған әдебиеттерден алынады. Орындауға 2-3 апта беріледі.

Жұмыс компьютерлік нұсқа түрінде өткізіледі. Парақ көлемі А4, жұмыстың барлық көлемі 15-20 бет. Жұмыстың мазмұны тақырыпты толық ашуы тиіс.



Рефератты дайындау және мазмұны:

1. Алғашқы парақ, (жұмыстың тақырыбы, кім орындады, қабылдайтын оқытушының аты-жөні, мекеменің толық мәліметі.)

2. Реферат жоспары.

3. Кіріспе, жұмыстың маңызы және мақсаты.

4. Негізгі бөлім.

5. Қолданылатын әдебиеттер тізімі.



Бақылау жұмысын орындаудың әдістемелік нұсқасы.

Бақылау жұмысын орындау кезеңінде (1-6, 7-10, 11-14)-апталар аралығында өткен дәріс тақырыптарын, лабораториялық сабақтардың мазмұнын, зерттеу тәсілдерін жүргізу жолдарын, бағалау сипат межесін білу қажет. Бақылау жазба түрінде жүргізілетін болғандықтан студент тақырыпты толық машықтауы жөн.



Ұсынылған әдебиеттер: Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерді қараңыз. Ұсынылған әдебиеттер болмаған жағдайда оқытушыны алдынала ескерту қажет.
Өзін бақылауға арналған тестік тапсырма:

Сұрақтар:


  1. Көрсетілген сүйектердің қайсысы біліктік қаңқаға жатады?

A) бассүйек сүйектері

B) аяқ сүйектері

C) білек сүйектері

D) аяқ ұшы сүйектері

E) қол ұшы сүйектері


  1. Омыртқада қандай өсінділер бар?

A) құстұмсықтәрізді өсінді

B) қылқанды өсінді

C) тәждік өсінді

D) иық өсіндісі (акромион)

E) бізтәрізді өсінді


  1. Мойын омыртқаларына тән анатомиялық құрылымдарды көрсетіңіз?

A) көлденең өсінділеріндегі тесік

B) қабырғалық шұңқырлар

C) тәждік өсінді

D) емізіктәрізді өсінді

E) бізтәрізді өсінді


  1. Қандай омыртқалардың артқы бүйір беттерінде қатарынан толық және жартылай шұңқырлар орналасқан

A) І-кеуде омыртқасы

B) Х- кеуде омыртқасы

C) ХІ- кеуде омыртқасы

D) ХІІ- кеуде омыртқасы

E) ІІ- кеуде омыртқасы


  1. Қандай омыртқалардың артқы бүйір беттерінде жартылай қабырғалық шұңқырлар бар?

A) І-бел омыртқасы

B) VII-мойын омыртқасы

C) ХІ- кеуде омыртқасы

D) ХІІ- кеуде омыртқасы

E) ІІ-кеуде омыртқасы


  1. Омыртқа бағанасының қай жерінде мүйіс орналасқан?

A) IV және V-бел омыртқаларының қосылған жерінде

B) V-бел омыртқасының сегізкөзбен қосылған жерінде

C) V-бел омыртқа денесінің тұсында

D) І-сегізкөз омыртқасы деңгейінде

E) ІІІ және IV бел омыртқаларының арасында


  1. Сегізкөздің қай бөлігінде құлақтәрізді буындық бет орналасқан?

A) дорсалды бетінде

B) латералды бөлігінде

C) жамбастық бетінде

D) сегізкөз негізінде

E) сегізкөз ұшында


  1. Қай омыртқаның қылқанды өсіндісі екіге айырылған және көлденең өсіндісінде тесік бар:

A) ауыз омыртқа (атлант)

B) қатардағы кеуде омыртқасы

C) қатардағы мойын омыртқасы

D) жетінші мойын омыртқасы

E) бірінші кеуде омыртқасы


  1. Бірінші қабырғаның қай жерінен бұғанаасты артериясының жүлгесі өтеді?

A) алдыңғы сатылы бұлшықет төмпешігінің артында

B) алдыңғы сатылы бұлшықет төмпешігінің алдында

C) алдыңғы сатылы бұлшықет төмпешігінде

D) қабырға төмпешігінің алдында

E) төстік шетінде


  1. Иық белдеуіне қандай сүйектер жатады?

A) бірінші қабырға

B) І-кеуде омыртқасы

C) шынтақ жілік

D) жауырын

E) кәрі жілік


  1. Жауырынның тоқпан жілікпен байланысатын буындық ойығы қай жерінде орналасқан?

A) акромионда

B) жауырынның жоғарғы бұрышында

C) құстұмсықтәрізді өсіндісінде

D) жауырынның латералды бұрышында

E) жауырын қылқанында


  1. Сегізкөздің тақ қыры неден құралған?

A) буындық өсінділерінің бітісуінен

B) қылқанды өсінділердің бітісуінен

C) көлденең өсінділерінің бітісуінен

D) денелерінің бітісуінен

E) сегізкөздік мүйізшелерден


  1. Тоқпан жіліктің дисталды шетінде қандай анатомиялық құрылымдар орналасқан

A) шынтақ өсіндісі

B) кіші төмпешік

C) басы

D) төмпешікаралық жүлге



E) дельтатәрізді бұдырмақ

  1. Кәріжіліктің дисталды шетінде қандай анатомиялық құрылымдар орналасқан?

A) бізтәрізді өсінді

B) басы


C) мойны

D) емізіктәрізді өсіндісі

E) бұдырмағы


  1. Ұршық ойығын құруға қандай сүйек қатысады?

A) мықын сүйек

B) ортан жілік

C) асықты жілік (үлкен жіліншік)

D) сегізкөз

E) асықты жілік шыбығы (кіші жіліншік)


  1. Үлкен жамбас астауын кіші жамбас астауынан бөліп тұратын шекараны көрсетіңіз

A) доғатәрізді сызықтың бойымен

B) жапқыш тесіктің жоғарғы шетімен

C) жапқыш тесіктің төменгі шетімен

D) бесінші бел омыртқасының жоғарғы шетімен

E) ұршық ойығының ортасымен


  1. Ортан жіліктің дисталды шетінде қандай анатомиялық құрылымдар орналасқан?

A) ұршықаралық қыр

B) үлкен ұршық

C) басы

D) тақымдық беті



E) мойны

  1. Асықты жіліктің дисталды шетінде қандай анатомиялық құрылымдар орналасқан?

A) асықты жіліктің бұдырмағы

B) медиалды толарсақ

C) латералды толарсақ

D) камбалатәрізді бұлшықет сызығы

E) айдаршықаралық томпақ


  1. Тілерсек сүйектерін көрсетіңіз

A) өкше сүйегі

B) үлкен трапециятәрізді сүйек

C) кіші трапециятәрізді сүйек

D) басты сүйек

E) ілмектәрізді сүйек

20. Мисауыт құруға қатысатын сүйекті көрсетіңіз

A) жоғарғы жақсүйек

B) мұрын сүйектері

C) желбезек

D) шүйде сүйегі

E) таңдай сүйегі

21. Бассүйек күмбезін құруға қандай анатомиялық құрылымдар қатысады?

A) сынатәрізді сүйектің үлкен қанаттары

B) сынатәрізді сүйектің кіші қанаттары

C) түрік ертоқымы

D) шеке сүйектері

E) шүйде сүйектің негізгі бөлігі

22. Мисауыт сүйектерінің қайсысында жұтқыншақтық төмпешік бар?

A) шүйде

B) маңдай

C) шеке

D) сынатәрізді



E) самай

23. Шүйде сүйекте қандай бөліктерді ажыратады?

A) базилярлы бөлігі

B) денесі

C) мойны

D) өсінділері

E) доғасы

24. Мисауыттың қай сүйегінің үлкен және кіші қанаттары бар?

A) шеке

B) шүйде


C) сынатәрізді

D) маңдай

E) самай

25. Мисауыттағы қандай сүйекте гипофизарлық шұңқыр бар?

A) маңдай

B) сынатәрізді

C) торлы сүйек

D) шүйде


E) самай

26. Самай сүйек пирамидасы арқылы қандай өзек өтеді?

A) көру өзегі

B) беттік өзек

C) айдаршықтық өзек

D) жапқыш өзек

E) мұрын-көзжас өзегі

27. Беттік өзектің шығу тесігін көрсетіңіз

A) үлкен тасты нерв жүлгесі

B) доғаасты шұңқыры

C) ішкі есту жолының қабырғасы

D) біз-емізіктік тесік

E) мойындырық шұңқырының түбі

28. Қай мұрын қалқаны торлы сүйектің өсіндісі болып табылмайды?

A) ең жоғарғы мұрын қалқаны

B) ортаңғы мұрын қалқаны

C) жоғарғы мұрын қалқаны

D) төменгі мұрын қалқаны

E) торлы көпіршік

29. Жоғарғы жақсүйек қойнауы қайда ашылады?

A) жоғарғы мұрын жолы

B) сына-таңдай шұңқыры

C) төменгі мұрын жолы

D) ортаңғы мұрын жолы

E) мұрын-көзжас өзегі

30. Мойындырық тесігін қандай сүйек шектейді?

A) сынатәрізді сүйек

B) шүйде сүйек

C) маңдай сүйек

D) шеке сүйек

E) торлы сүйек

31. Маңдай қойнауының тесігі қайда ашылады?

A) ортаңғы мұрын жолы

B) жоғарғы мұрын жолы

C) алдыңғы бассүйек шұңқыры

D) көзұя


E) төменгі мұрын жолы

32. Қандай тесік қанат-таңдай шұңқырын мұрын қуысымен байланыстырады?

A) сопақ тесік

B) сына-таңдай тесігі

C) қанаттәрізді өзек

D) қанаттәрізді-жоғарғы жақсүйектік саңылау

E) дөңгелек тесік

33. Көзұяның медиалды қабырғасын қандай сүйектер құрайды?

A) бетсүйек

B) самай сүйек

C) көзжас сүйегі

D) жоғарғы жақсүйек

E) төменгі жақсүйек

34. Жоғарғы мұрын жолына қандай қосымша қойнаулардың тесіктері ашылады?

A) маңдай қойнауының тесігі

B) сынатәрізді қойнаудың тесігі

C) торлы сүйектің алдыңғы ұяшықтары

D) жоғарғы жақсүйек қойнауы

E) мұрын-көзжас өзегі

35. Қандай сүйектер мұрын қуысының латералды қабырғасын құруға қатысады?

A) көзжас сүйегі

B) бетсүйек

C) самай сүйек

D) шүйде сүйегі

E) жоғарғы жақсүйек

36. Маңдай сүйек қандай қуыстың қабырғасын құруға қатысады?

A) мұрын қуысы

B) көзұя


C) ауыз қуысы

D) қанат-таңдай шұңқыры

E) артқы бассүйек шұңқыры

37. Қандай анатомиялық құрылымдар буынды сипаттайды?

A) буын қуысы

B) бұлшықеттер

C) сүйек қабығы

D) тамырлар

E) нервтер

38. Көрсетілген буындардың қайсысы бір біліктіге жатады?

A) І-алақан сүйегі мен білезіктегі трапеция сүйектің арасындағы буын

B) орталық ауыз омыртқа-білік буыны

C) кәріжілік-білезік буыны

D) иық буыны

E) ұршық буыны

39. Қандай буындар екі білікті буындарға жатады?

A) шынтақ буыны

B) ұршық буыны

C) төс-бұғана буыны

D) акромион-бұғана буыны

E) иық буыны

40. Көрсетілген буындардың қайсысы көп білікті буындарға жатады?

A) бунақаралық буындар

B) кәріжілік-білезік буыны

C) иық буыны

D) иық-шынтақ буыны

E) сирақ-асық буыны

41. Пішіні бойынша шықшыт буыны қандай буындарға жатады?

A) шығыршықтәрізді

B) тостаған тәрізді

C) эллипстәрізді

D) жалпақ

E) айдаршық

42. Бала басын ұстай бастағанда қандай иілім пайда болады?

A) сколиоз

B) мойын лордозы

C) кеуде кифозы

D) бел лордозы

E) сегізкөз кифозы

43. Омыртқа доғаларын қандай байлам байланыстырады?

A) сары байлам

B) алдыңғы бойлық байлам

C) артқы бойлық байлам

D) желке байламы

E) қылқанаралық байлам

44. Ауыз омыртқа-білік буыны пішіні бойынша қандай буынға жатады?

A) шығыршық тәрізді буын

B) цилиндр тәрізді буын

C) ертоқым тәрізді буын

D) жалпақ буын

E) шар тәрізді буын

45. Ауыз омыртқа-білік буынында қандай қозғалыстар болуы мүмкін?

A) бүгу және жазу

B) басты бұру

C) басты әкету

D) басты әкелу

E) сыртқа айналдыру

46. Омыртқа бағанасының ең қозғалмалы жерін көрсетіңіз

A) жоғарғы кеуде бөлігі

B) төменгі кеуде бөлігі

C) бел бөлігі

D) мойын бөлігі

E) сегізкөз бөлігі

47. Шынтақ буынына жататын анатомиялық құрылымдарды көрсетіңіз

A) буындық ерін

B) кәрі жіліктің сақинатәрізді байламы

C) менискілер

D) буындық диск

E) сүйекаралық жарғақ

48. Қолдың қандай буындары кешенді буындарға жатады?

A) шынтақ буыны

B) төс-бұғана буыны

C) проксималды кәріжілік-шынтақ буыны

D) дисталды кәріжілік-шынтақ буыны

E) иық буыны

49. Қолдың қандай буындары шығыршық тәрізді буындарға жатады?

A) тоқпан-кәрі жілік буыны

B) проксималды кәріжілік-шынтақ буыны

C) бунақаралық буындар

D) кәріжілік-білезік буыны

E) иық буыны

50. Иық буыны құрылысы бойынша қандай буындарға жатады?

A) күрделі буындарға

B) қарапайым буындарға

C) үйлесімді буындарға

D) кешенді буындарға

E) жартылай буындарға

51. Қандай сүйектер сирақ-асық буынын құруға қатысады?

A) асықты жілік

B) өкше сүйек

C) қайықтәрізді сүйек

D) шаршытәрізді сүйек

E) медиалды сынатәрізді сүйек

52. Иық буынында қандай байламдар бар?

A) құстұмсық-акромиалды байлам

B) құстұмсық-бұғана байламы

C) жауырынның төменгі көлденең байламы

D) құстұмсық-тоқпан жілік байламы

E) жауырынның жоғарғы көлденең байламы

53. Тоқпан-кәрі жілік буыны пішіні бойынша қандай буындарға жатады?

A) шартәрізді

B) шығыршықтәрізді

C) цилиндртәрізді

D) ертоқымтәрізді

E) эллипстәрізді

54. Шынтақ буынында қандай қозғалыстар болуы мүмкін?

A) тоқпан жілікті әкелу және әкету

B) білекті бүгу және жазу

C) тоқпан жілікті айналдыру

D) қолды шеңбер бойымен айналдыру

E) білекті әкету және әкелу

55. Кәрі жілік-білезік буынында қандай қозғалыстар болуы мүмкін?

A) кәрі жілікті айналдыру

B) шынтақ жілікті айналдыру

C) супинация

D) әкелу және әкету

E) пронация

56. Сегізкөз-мықын буыны пішіні бойынша қандай буындарға жатады?

A) жалпақ буындарға

B) ертоқым тәрізді буындарға

C) эллипстәрізді буындарға

D) айдаршықтәрізді буындарға

E) шартәрізді буындарға

57. Сегізкөз-мықын буынына қандай байламдар тән?

A) сегізкөз-төмпе байламы

B) сегізкөз-мықын байламдары

C) сегізкөз-қылқан байламы

D) ортан жілік басының байламы

E) ұршық ойығының көлденең байламы

58. Иық буыны қызметі бойынша қандай?

A) бір білікті

B) екі білікті

C) көп білікті

D) амфиартроз

E) гемиартроз

59. Иық буынындағы буынішілік құрылымдарды атаңыз

A) буындық ернеу

B) буындық диск

C) мениск

D) буындық қыртыстар

E) буынішілік байламдар

60. Сегізкөз-мықын буыны қызметі бойынша қандай қосылыс түріне жатады

A) бір білікті

B) екі білікті

C) симфиз

D) көп білікті (амфиартроз)

E) гемиартроз

61. Тізе буынында қандай қозғалыстар болуы мүмкін?

А) бүгу және жазу

B) әкету


C) шеңбер бойымен қозғалу

D) әкелу


E) супинацио

62. Арқаның терең бұлшықеттеріне жататын бұлшықетті көрсетіңіз

A) артқы жоғарғы тісті бұлшықет

B) артқы төменгі тісті бұлшықет

C) омыртқаны тіктейтін бұлшықет

D) үлкен және кіші ромбтәрізді бұлшықеттер

E) арқаның аса жалпақ бұлшықеті

63. Арқаның аса жалпақ бұлшықеті қандай сүйекке бекиді?

A) жауырын қылқаны

B) тоқпан жілікке

C) акромион

D) шынтақ өсіндісі

E) жауырынның құстұмсықтәрізді өсіндісі

64. Үлкен ромбтәрізді бұлшықет қандай сүйекке бекиді?

A) ІІ-V қабырға бұрышына

B) жауырынның жоғарғы жиегіне

C) жауырынның медиалды жиегіне

D) жауырынның латералды жиегіне

E) акромионға

65. Омыртқа бағанасын тіктейтін арқа бұлшықетінің аты?

A) қабырғааралық сыртқы

B) жоғарғы тісті

C) төменгі тісті

D) m. erector spinae

E) қылқанаралық бұлшықет

66. Тыныс алуға қатысатын арқа бұлшықеті

A) артқы жоғарғы тісті

B) бастың және мойынның қайыс бұлшықеті

C) үлкен ромбтәрізді бұлшықет

D) арқаның аса жалпақ бұлшықеті

E) кіші ромбтәрізді бұлшықет

67. Кеуде торын кеңейтуге қатысатын бұлшықетті көрсет

A) үлкен ромбтәрізді бұлшықет

B) жауырынды көтеретін бұлшықет

C) трапециятәрізді бұлшықет

D) алдыңғы тісті бұлшықет

E) арқаның аса жалпақ бұлшықеті

68. Қандай бұлшықет қабырғаны түсіреді?

A) сыртқы қабырғааралық бұлшықет

B) ішкі қабырғааралық бұлшықет

C) трапециятәрізді бұлшықет

D) арқаның аса жалпақ бұлшықеті

E) алдыңғы тісті бұлшықет

69. Көкеттің атқаратын қазметін көрсетіңіз

A) тынысалу бұлшықеті

B) омыртқа бағанасын айналдыру

C) омыртқа бағанасын иеді

D) омыртқа бағанасын жазады

E) қабырғаларды көтереді

70. Іштің тік бұлшықеті қынабының артқы қабырғасын түзуге кіндіктен төмен қандай анатомиялық құрылымдар қатысады?

A) көлденең шандыр

B) іштің көлденең бұлшықетінің апоневрозы

C) іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы

D) іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің апоневрозы

E) шап байламы

71. Шап өзегінің төменгі қабырғасын құруға қатысатын құрылымдарды көрсетіңіз

A) іштің ішкі қиғаш бұлшықеті

B) іштің тік бұлшықеті

C) көлденең шандыр

D) шап байламы

E) пирамидатәрізді бұлшықет

72. Шап өзегінің терең сақинасына - іштің алдыңғы қабырғасының артқы бетінде қандай анатомиялық құрылым сәйкес келеді?

A) медиалды шап шұңқыры

B) қуықүсті шұңқыры

C) латералды шап шұңқыры

D) тамырлық лакуна

E) бұлшықеттік лакуна

73. Санның артқы тобының бұлшықеттерін көрсетіңіз

A) санның екі басты бұлшықеті

B) үлкен бөксе бұлшықеті

C) қырлы бұлшықет

D) сымбатты бұлшықет

E) санның шаршы бұлшықеті

74. Шап өзегінің беткей сақинасын құруға қатысатын құрылымды көрсетіңіз

A) қуықүсті шұңқыры

B) қайырылған байлам

C) нерв-бұлшықеттік тесік

D) шап байламы

E) тамырлық тесік

75. Төс-бұғана-емізік бұлшықеті бір жақты жиырылғанда қандай қызмет атқарады

A) басты өз жағына қарай иеді

B) басты алға қарай иеді

C) басты артқа шалқайтады

D) қосымша тынысалу бұлшықеті

E) төменгі жақсүйекті түсіреді

76. Тіласты сүйегі үстіндегі бұлшықеттерді көрсетіңіз

A) төс-тіласты бұлшықеті

B) қос қарыншалы бұлшықет

C) қалқанша-тіласты бұлшықеті

D) төс-қалқанша бұлшықеті

E) жауырын-тіласты бұлшықеті

77. Тіласты сүйегі астындағы бұлшықеттерді көрсетіңіз

A) төс-бұғана-емізік бұлшықеті

B) қос қарыншалы бұлшықет

C) қалқанша-тіласты бұлшықеті

D) алдыңғы сатылы бұлшықет

E) біз-тіл асты бұлшықеті

78. Ұйқы үшбұрышының қабырғаларын құруға қандай құрылымдар қатысады?

A) жауырын-тіласты бұлшықеті

B) трапеция тәрізді бұлшықет

C) төменгі жақсүйек

D) бұғана

E) жақ-тіласты бұлшықеті

79. Төменгі жақсүйек асты үшбұрышын құруға қандай құрылымдар қатысады?

A) біз-тіласты бұлшықеті

B) жақ-тіласты бұлшықеті

C) төс-тіласты бұлшықеті

D) қос қарыншалы бұлшықет

E) қалқанша-тіласты бұлшықеті

80. Мимикалық бұлшықеттердің топографиялық және құрылымдық ерекшеліктері.

A) терең орналасады

B) тері асты шандырымен қапталмаған

C) бассүйек тесіктерінің айналасына шоғырланған

D) сүйектерге бекиді

E) І-ші висцералды доға негізінде дамиды

81. Қандай бұлшықет жоғарыда орналасқан қабырғадан басталып, төмен орналасқан қабырғаның жоғарғы жиегіне бекиді

A) үлкен кеуде бұлшықеті

B) кіші кеуде бұлшықеті

C) сыртқы қабырғааралық

D) бұғанаасты

E) алдыңғы тісті

82. І-қабырға мен бұғана арасында орналасқан бұлшықетті атаңыз

A) үлкен кеуде

B) кіші кеуде

C) бұғанаасты

D) дөңгелек пронатор

E) алдыңғы тісті

83. Көздің дөңгелек бұлшықетінің бөліктерін көрсетіңіз

A) маңдайлық

B) жоғарғы жақсүйектік

C) мұрындық

D) қабақтық (pars palpebralis)

E) беттік

84. Көкеттің сіңірлі орталығында қандай тесік орналасқан

A) төменгі қуыс вена тесігі

B) кезбе нерв тесігі

C) симпатикалық тесік

D) төс-қабырға саңылауы

E) бел-қабырға саңылауы

85. Меншікті шайнау бұлшықеті қай сүйектен басталады?

A) сынатәрізді сүйектің қанаттәрізді өсіндісі

B) жоғарғы жақсүйектің бетсүйектік өсіндісі

C) самай сүйектің бізтәрізді өсіндісі

D) жоғарғы жақсүйектің алвеолалық доғасы

E) самай сүйектің емізіктәрізді өсіндісі

86. Самай бұлшықеті төменгі жақсүйектің қай жеріне бекиді?

A) төменгі жақсүйек бұрышының сыртқы бетіне

B) төменгі жақсүйек бұрышының ішкі бетіне

C) буындық өсіндінің мойнына

D) тәждік өсінді

E) жақ-тіласты сызығы

87. Көкеттің бұлшықетті бөлігінен қандай тесік өтеді

A) қолқалық тесік

B) төс-қабырға тесігі

C) бел-қабырға тесігі

D) төменгі қуыс вена тесігі

E) жоғарғы қуыс вена тесігі

88. Қандай бұлшықеттер иықты иық буынында бүгеді?

A) иық бұлшықеті

B) иықтың екі басты бұлшықеті

C) иықтың үш басты бұлшықеті

D) үлкен дөңгелек бұлшықет

E) қылқанасты бұлшықеті

89. Кәрі жілік нерві өзегінің қабырғаларын қандай құрылымдар құрайды

A) құстұмсық-иық байламы

B) жауырын

C) иықтың үш басты бұлшықеті

D) иық-кәріжілік бұлшықеті

E) иық бұлшықеті

90. Иықтың үш басты бұлшықетінің қызметін көрсетіңіз

A) иықты пронациялайды

B) білекті жазады

C) иықты супинациялайды

D) иықты әкетеді

E) иықты әкеледі

91. Бұлшықеттік тесік арқылы қандай анатомиялық құрылымдар өтеді

A) алмұрттәрізді бұлшықет

B) мықын-бел бұлшықеті

C) қырлы бұлшықет

D) бедренная артерия

E) сан венасы

92. Үлкен шонданай тесігі арқылы қандай бұлшықет өтеді?

A) мықын-бел бұлшықеті

B) ішкі жапқыш бұлшықет

C) сыртқы жапқыш бұлшықет

D) алмұрттәрізді бұлшықет

E) қырлы бұлшықет

93. Ерлердің шап өзегінің құрамы

A) несепағар

B) несеп шығаратын өзек

C) шәует қуықшасы

D) шәует шылбыры

E) жатыр түтігі

94. Сан өзегінің терең сақинасын шектейтін құрылымдарды көрсетіңіз

A) шәует шылбыры

B) мықын-қыр доғасы

C) шап байламы

D) торлы шандырдың орақтәрізді жиегі

E) қырлы бұлшықет

95. Тақым шұңқырын шектейтін бұлшықеттерді көрсетіңіз

A) санның екі басты бұлшықеті

B) жіңішке бұлшықет

C) үлкен әкелуші бұлшықет

D) ұзын әкелуші бұлшықет

E) тігінші бұлшықет

96. Қандай өзек тақым-сирақ өзегімен байланысады

A) төменгі бұлшықет-кіші жіліншік өзегі

B) әкелуші өзек

C) жоғарғы бұлшықет-кіші жіліншік өзегі

D) сан өзегі

E) шап өзегі

97. Әйелдердің шап өзегінің құрамын көрсетіңіз

A) шәует шылбыры

B) жатырдың жұмыр байламы

C) анабездің меншікті байламы

D) шәует қуықшалары

E) жатыр түтіктері

98. Шап өзегінің алдыңғы қабырғасы неден құралған

A) іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы

B) іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің апоневрозы

C) көлденең бұлшықет апоневрозы

D) көлденең шандыр

E) шап байламы

99. Ауыз кіреберісінің қабырғаларын қандай анатомиялық құрылымдар құрайды?

A) таңдай бадамшасы

B) еріндер

C) жұмсақ таңдай

D) ауыз көкеті

E) жақасты сілекей безі

100. Қандай анатомиялық құрылымдар ауыз кіреберісін меншікті ауыз қуысынан бөліп тұрады?

A) аңқа

B) еріндер



C) тістер

D) таңдай-тіл доғалары

E) ұрттар

101. Аңқаны шектеп тұрған анатомиялық құрылымдарды көрсетіңіз

A) жұмсақ таңдай

B) түтік буылтығы

C) көмей қақпашығы

D) тіласты қатпары

E) ауыз көкеті

102. Тістің бөліктерін көрсетіңіз

A) цемент

B) нервтер

C) қан тамырлар

D) лимфа тамырлары

E) тіс сауыты

103. Адамның тұрақты тістері қай жаста шығады?

A) 6-7 ай.

B) 2-3 жас

C) 6-7 жас

D) 9-10 жас

E) 7-8 жас

104. Ауыз қуысының қай жеріне шықшыт безінің түтігі ашылады?

A) тіласты бүртігі

B) тіласты қатпарының шырышты қабығы

C) жұмсақ таңдай

D) ауыз кіреберісі

E) меншікті ауыз қуысы

105. Ауыз қуысының қай жерінде төменгі жақсүйек асты безі ашылады?

A) ауыз кіреберісі

B) төменгі ерін жүгеншігі

C) тіласты бүртігі

D) бадамшаүсті шұңқыры

E) меншікті ауыз қуысы

106. Ауыз қуысы жұтқыншақпен қандай тесік арқылы байланысады

A) хоаналар

B) евстахий түтігінің жұтқыншақтық тесігі

C) аңқа

D) көмей кіреберісі



E) алмұрттәрізді тесік

107. Тілдің қай жерінде науашықтәрізді бүртіктер орналасқан

A) шекаралық жүлге мен соқыр тесіктің алдында

B) тілдің жиегінде

C) тілдің ұшында

D) тіл арқашығының бетінде

E) тіл денесі мен түбірінің арасында

108. Тіл бадамшасының орналасқан жерін көрсетіңіз

A) тіл жиегі

B) тілдің денесі

C) тілдің төменгі беті

D) тіл түбірі

E) тілдің ұшы

109. Қандай бұлшықет тілді артқа және төмен тартады

A) біз-тіл бұлшықеті

B) иек-тіласты бұлшықеті

C) тіласты-тіл бұлшықеті

D) таңдай-тіл бұлшықеті

E) көлденең бұлшықет

110. Қандай бадамша таңдай-тіл және таңдай-жұтқыншақ доғаларының арасында орналасқан

A) жұтқыншақтық

B) түтіктік

C) тілдік

D) таңдайлық

E) лимфа түйіншелері

111. Мұрын-жұтқыншаққа ашылатын тесіктерді көрсетіңіз

A) Гаймор қойнауы

B) аңқа


C) сынатәрізді қойнау

D) есту түтігі

E) жұтқыншақарты кеңістігі

112. Өңештің қандай бөліктері бар?

A) бастық бөлік

B) ауыздық бөлік

C) кеуделік бөлік

D) ішастар артындағы бөлік

E) айырықтық бөлік

113. Сыртқы есту өтісінің астында орналасқан сілекей безін атаңыз

A) еріндік бездер

B) жақасты безі

C) тіласты безі

D) шықшыт безі

E) таңдай бездері

114. Өңештің анатомиялық қысыңқыларын көрсетіңіз

A) мойындық

B) асқазандық

C) бастық

D) жұтқыншақтық

E) іштік

115. Жұтқыншақ мұрын қуысымен қандай тесік арқылы қатынасады

A) хоаналар

B) аңқа


C) евстахии түтігінің жұтқыншақтық тесігі

D) көмейге кіреберіс

E) өңештік тесік

116. Жұтқыншақтың артқы және жоғарғы қабырғаларының арасында орналасқан бадамшаны атаңыз

A) түтіктік

B) таңдайлық

C) жұтқыншақтық

D) тілдік

E) жекеленген лимфа түйіншелері

117. Кеңірдек айырығы тұсындағы өңештің қысыңқысын атаңыз

A) жұтқыншақтық

B) қолқалық

C) бронхтық

D) көкеттік

E) кардиалық

118. Мезоморфты типті адамдардың асқазанының пішіні қандай

A) мүйіз тәрізді

B) ілмек тәрізді

C) шұлық тәрізді

D) ұршық тәрізді

E) ұзартылған шұлық тәрізді

119. Жіңішке ішектің шажырқайлық бөлігін көрсетіңіз

A) он екі елі ішектің жоғарылаған бөлігі

B) мықын ішек

C) он екі елі ішектің горизонталды бөлігі

D) он екі елі ішектің төмендеген бөлігі

E) он екі елі ішектің жоғарғы бөлігі

120. Үлкен бүртік он екі елі ішектің қай бөлігінде орналасқан

A) жоғарғы бөлігі

B) горизонталды бөлігі

C) төмендеген бөлігі

D) жоғарылаған бөлігі

E) төменгі бөлігі

121. Тоқ ішектің қай бөлігінде шажырқай жоқ?

A) сигматәрізді ішек

B) көлденең жиек ішек

C) құрттәрізді өсінді

D) соқыр ішек

E) тік ішек

122. Ұйқы безі басының қандай омыртқаның тұсында орналасқанын көрсетіңіз

A) ХІІ-кеуде омыртқасы

B) ХІ-кеуде омыртқасы

C) ІІ-бел омыртқасы

D) ІV-бел омыртқасы

E) Х-ХІ кеуде омыртқасы

123. Ұйқы безінің басы қандай ағзалармен жанасатынын көрсетіңіз

A) көлденең жиек ішек

B) асқазан

C) оң бүйрек

D) он екі елі ішек

E) өтқуық

124. Ұйқы безінің ішастармен қатынасын көрсетіңіз

A) интраперитонелды орналасқан

B) мезоперитонеалды орналасқан

C) экстраперитонеалды орналасқан

D) интраперитонеалды орналасқан, шажырқайы бар

E) интрамезоперитонеалды орналасқан

125. Ұйқы безі түтігінің он екі елі ішектің қайсы бөлігіне ашылатынын көрсетіңіз

A) он екі елі ішектің жоғарғы бөлігі

B) он екі елі ішектің төмендеген бөлігі

C) он екі елі ішектің жоғарылаған бөлігі

D) он екі елі ішектің горизонталды бөлігі

E) төменгі бөлігі

126. Асқазан ішастармен қалай жабылған?

A) интраперитонеалды

B) мезоперитонеалды

C) экстраперитонеалды

D) экстра-, мезо- және интраперитонеалды

E) ретроперитонеалды

127. Ұйқы безі түтігімен қосылатын түтікті көрсетіңіз

A) ішектің шырышты бездерінің түтіктері

B) оң бауырлық түтік

C) сол бауырлық түтік

D) өтқуық түтігі

E) жалпы өт түтігі

128. Аталған ағзалардың қайсысы экстроперитонеалды орналасқан

A) асқазан

B) ұйқы безі

C) бауыр

D) тік ішектің төменгі бөлігі

E) бүйректер

129. Пейер түйіншелері қандай тіннен құралған

A) майлы

B) бұлшықетті

C) эпителиалды

D) дәнекерлі

E) лимфоидтық

130. Ішектің қай бөлігінде пейер түйіншелері орналасқан

A) асқазан

B) 12-елі ішек

C) аш ішек

D) мықын ішек

E) соқыр ішек

131. Аш ішек ішастармен қалай жабылған

A) экстраперитонеалды

B) мезоперитонеалды

C) интраперитонеалды

D) ретроперитонеалды

E) экстра-, мезо- және интраперитонеалды

132. Ішек түтігінің қай бөлігінде алғашқы рет май ыдырай бастайды

A) өңеш

B) асқазан



C) 12-елі ішек

D) аш ішек

E) сигматәрізді ішек

133. Асқазан ішастармен қалай жабылған?

A) интраперитонеалды

B) мезоперитонеалды

C) экстраперитонеалды

D) экстра-, мезо- және интраперитонеалды

E) ретроперитонеалды

134. Тоқ ішектің сыртқы ерекшеліктерін көрсетіңіз

A) бүрлер

B) қатпарлар

C) жүлгелер

D) таспалар

E) дөңгелек қатпарлар

135. Қандай ағза эмбрионалды кезеңде қан өндіру қызметін атқарады:

A) өтқуық

B) бауыр


C) бүйрек

D) ұйқы безі

E) асқазан

136. Қандай ағзада Купфер жасушалары фагоцитарлық қызмет атқарады

A) өтқуықта

B) бауырда

C) бүйректе

D) ұйқы безінде

E) асқазанда

137. Тоқ ішектің бастапқы бөлігін атаңыз

A) көлденең жиек ішек

B) жоғарылаған жиек ішек

C) соқыр ішек

D) сигматәрізді ішек

E) тік ішек

138. Соқыр ішек ішастармен қалай жабылған

A) интраперитонеалды

B) мезоперитонеалды

C) ретроперитонеалды

D) экстраперитонеалды

E) интра-, мезо- және экстраперитонеалды

139. Ішек түтігінің аталған бөліктерінің қайсысы жіңішке ішекке жатады?

A) көлденең жиек ішек

B) соқыр ішек

C) сигматәрізді

D) жоғарылаған жиек ішек

E) мықын ішек

140. Қандай ішкі ағза ұйқы безінің басын қоршай орналасқан?

A) асқазан

B) он екі елі ішек

C) көкбауыр

D) бауыр


E) бүйрек

141. Ұйқы безінің құйрығы қай ағзаның жанында орналасқан?

A) асқазан

B) он екі елі ішек

C) көкбауыр

D) бауыр


E) бүйрек

142. Қандай ішкі ағза ұйқы безінің алдыңғы бетіне жанасып жатыр?

A) асқазан

B) он екі елі ішек

C) көкбауыр

D) бауыр


E) бүйрек

143. Мұрын қуысының қорғаныштық (тазарту) қызметін атқаруға икемделген бөлігін көрсетіңіз

A) мұрынның шырышты қабығының кірпікшелі эпителиі

B) май бездері

C) шырышты бездер

D) мұрын қалқандары

E) шырышасты бездері

144. Мұрын қуысының тыныстық аймағының бездерін көрсетіңіз

A) терлік бездер

B) сірлік (сероздық) бездер

C) май бездері

D) шырышты бездер

E) шырышасты бездері

145. Аталған қуыстардың қайсысы төменгі мұрын жолына ашылады?

A) торлы сүйектің ортаңғы ұяшықтары

B) мұрын-көзжас өзегі

C) жоғарғы жақсүйек қойнауы

D) торлы сүйектің артқы ұяшықтары

E) сынатәрізді қойнау

146. Көрсетілген қуыстардың қайсысы ортаңғы мұрын жолымен байланыспайды?

A) маңдай қойнауы

B) жоғарғы жақсүйек қойнауы

C) сынатәрізді қойнау

D) торлы сүйектің ортаңғы ұяшықтары

E) торлы сүйектің алдыңғы ұяшықтары

147. Мұрын қуысының шырышты қабығының қай бөлігі иіс сезу аймағына жатады?

A) төменгі мұрын қалқандарының шырышты қабығы

B) жоғарғы мұрын қалқандарының шырышты қабығы

C) ортаңғы мұрын қалқандарының шырышты қабығы

D) мұрын қалқасының төменгі бөлігінің шырышты қабығы

E) ортаңғы және төменгі мұрын жолдарының арасындағы шырышты қабығы

148. Мұрын қуысының веналық өрімі қандай қызмет атқарады?

A) қорғаныш

B) фагоцитоз

C) ауаны жылыту

D) ауаны ылғалдандыру

E) тазарту

149. Көмейдің жүзікке ұқсас тақ шеміршегі қалай аталады

A) қалқанша тәрізді

B) мүйіз тәрізді

C) сынатәрізді

D) көмей қақпашығы

E) жүзік тәрізді

150. Көмей кірісін шектейтін тақ шеміршек қалай аталады?

A) қалқанша тәрізді

B) қалқанша маңы

C) көмей қақпашығы

D) мүйіз тәрізді

E) сынатәрізді

151. Көмей артқы жағынан қандай анатомиялық құрылымдармен жанасады?

A) тіласты бұлшықеті

B) қалқанша безі

C) жұтқыншақ

D) мойын шандырының омыртқа алды табақшасы

E) жұтқыншақтың көмейлік бөлігі

152. Аталған бет сүйектерінің қайсысы алмұрттәрізді тесікті құруға қатысады?

A) жоғарғы жақсүйек

B) бетсүйек

C) маңдай сүйек

D) көзжас сүйегі

E) таңдай сүйегі

153. Көмейдің қандай шеміршегі екі табақшадан тұрады?

A) қалқанша

B) жүзіктәрізді

C) көмей қақпашығы

D) мүйізтәрізді

E) сына тәрізді

154. Дауыс саңылауының шеміршекаралық бөлігі қандай құрылымдардың арасында орналасқан

A) көмей кіреберісіндегі қатпарлар арасында

B) ожаутәрізді шеміршектер арасында

C) кіреберістік және дауыс қатпарлары арасында

D) сынатәрізді шеміршектер арасында

E) мүйізтәрізді шеміршектер арасында

155. Жүзіктәрізді шеміршектің доғасы қай жаққа қараған?

A) алға

B) артқа


C) жоғары

D) төмен


E) бүйірге

156. “Адам алмасы” бұрышын көмейдің қай шеміршегі құрайды?

A) жүзіктәрізді шеміршек

B) мүйізтәрізді

C) сынатәрізді

D) қалқанша

E) көмей қақпашығы

157. Көрсетілген бұлшықеттердің қайсысы дауыс түзуге қатысады?

A) ауыз қуысы қабырғасының бұлшықеттері

B) тіл бұлшықеттері

C) жұтқыншақ бұлшықеттері

D) көмей бұлшықеттері

E) таңдай және көмей бұлшықеттері

158. Ересек адамда кеңірдек айырығы қандай анатомиялық құрылымның тұсында орналасқан

A) төс бұрышы

B) V-кеуде омыртқасы

C) төстің мойындырық тілігі

D) қолқа доғасының жоғарғы жиегі

E) VII-кеуде омыртқасы

159. Өкпе қақпасында сол жақ басты бронхтың үстінде қандай анатомиялық құрылым орналасқан?

A) қолқа доғасы

B) сыңар вена

C) жартылай сыңар вена

D) айырша без

E) жоғарғы қуыс вена

160. Өкпенің қиғаш саңылауының орналасқан жерін көрсетіңіз

A) оң өкпенің артқы жиегі

B) ортаңғы жиек

C) сол өкпенің төменгі жиегі

D) оң өкпенің латералды жиегі

E) сол өкпенің алдыңғы жиегі

161. Өкпенің горизонталды саңылауының орналасқан жерін көрсетіңіз

A) сол өкпенің қабырғалық беті

B) оң өкпенің қабырғалық беті

C) сол өкпенің көкірекаралық беті

D) оң өкпенің көкеттік беті

E) оң өкпенің төстік беті

162. Өкпе қақпасына кіретін анатомиялық құрылымдарды көрсетіңіз

A) сол ұйқы артериясы

B) оң ұйқы артериясы

C) басты бронх

D) жалпы ұйқы артериясы

E) ішкі мойындырық венасы

163. Оң өкпеде қанша сегмент бар?

A) 5

B) 6


C) 7

D) 8


E) 10

164. Бронх тармақтарының (ағашының) қай бөлігінде шеміршек болмайды

A) басты бронхтар

B) үлестік бронхтар

C) соңғы бронхшалар

D) үлесшелік бронхтар

E) сегменттік бронхтар

165. Өкпенің құрылымдық-функционалдық бірлігін атаңыз

A) соңғы бронхшалар

B) тыныстық бронхшалар

C) көпіршіктік (альвеолярлық) жолдар

D) көпіршіктер (альвеолярлық) қапшалары

E) ацинус

166. Өкпенің құрылымдық элементтерінің қайсысында ауа мен қан арасында газ алмасу жүреді

A) сегменттік бронхтар

B) көпіршіктер (альвеолдар)

C) үлесше бронхшалары

D) үлестік бронхтар

E) соңғы бронхшалар

167. Қандай анатомиялық құрылымдар өкпе түбірін құрайды?

A) үлестік бронхтар

B) басты бронх

C) үлесшелік бронхтар

D) сегменттік бронхтар

E) тыныстық бронхтар

168. Оң өкпедегі үлестер санын көрсетіңіз

A) 1

B) 2


C) 3

D) 4


E) 5

169. Өкпе қақпасы қай жерінде орналасқан

A) ұшында

B) негізінде

C) қабырғалық бетінде

D) көкеттік бетінде

E) көкірекаралық бетінде

170. Артқы көкірекаралықтағы ағзаны көрсетіңіз

A) жүрек

B) айырша без

C) өңеш

D) жоғарылаған қолқа



E) жоғарғы қуыс вена

171. Айырша без көкірекаралықтың қай бөлігінде орналасқан

A) көкірекаралықтың ортаңғы бөлігі

B) көкірекаралықтың артқы бөлігі

C) көкірекаралықтың жоғарғы бөлігі

D) көкірекаралықтың алдыңғы бөлігі

E) көкірекаралықтың алдыңғы-артқы бөлігі

172. Қандай ағза несеп өндіреді?

A) бауыр

B) көкбауыр

C) жатыр

D) бүйрек

E) несепқуық

173. Қандай бұлшықет бүйректің орнын түзуге қатысады

A) сыртқы қиғаш бұлшықет

B) белдің шаршы бұлшықеті

C) іштің көлденең бұлшықеті

D) көкет


E) тік бұлшықет

174. Бүйректің милы заты құралған:

A) пирамидалардан

B) бағаналардан

C) кіші тостағаншалардан

D) үлкен тостағаншалардан

E) түбектен

175. Бүйректің ішастарға қатынасын көрсетіңіз

A) интраперитонеалды

B) экстраперитонеалды

C) мезоперитонеалды

D) ретроперитонеалды

E) интра-, мезо- және экстраперитонеалды

176. Тамырлы шумақ орналасқан:

A) ілмекте

B) Шумлянский-Боумен қапшығында (капсуласында)

C) проксималды иреленген өзекшеде

D) дисталды иреленген өзекшеде

E) ендірме бөлігінде

177. Атабездің қандай өзекшелерінде сперматозоидтар түзіледі?

A) шығаратын өзекшелер

B) иреленген шәует өзекшелері

C) тік шәует өзекшелері

D) атабез торының өзекшелері

E) атабез қосалқысының өзекшелері

178. Атабездің қандай қабығы ішастардың туындысы болып табылады

A) ішкі шәует шандыры

B) сыртқы шәует шандыры

C) атабездің қынаптық қабығы

D) атабезді көтеретін бұлшықеттің шандыры

E) атабезді көтеретін бұлшықет

179. Бүйрек түбегін несепқуықпен байланыстыратын ағзаны атаңыз:

A) шәует шылбыры

B) несеп шығаратын өзек

C) несепағар

D) шәует шығаратын өзек

E) жатыр түтігі

180. Қасаға қосылысының артында орналасқан ағзаны көрсетіңіз

A) үлкен шарбы

B) тік ішек

C) жатыр

D) несепқуық

E) жіңішке ішек

181. Несепқуық қандай қызмет атқарады

A) несеп жасау

B) қорғаныш

C) резервуарлық

D) фагоцитарлық

E) секреторлық

182. Несепқуықтың ішкі қысқышының орналасқан жерін көрсетіңіз

A) ұшында

B) денесінде

C) несепағардың кіретін жерінде

D) несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі аймағында

E) несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі аймағында

183. Әйелдерде несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі қай жерде орналасқанын көрсетіңіз

A) деліткінің алдында

B) қынап тесігінің артында

C) қынап тесігінің алдында

D) деліткіден латералды

E) қынап тесігінен латералды

184. Шәует шылбырының құрамына кіретін түтікті көрсетіңіз

A) экскреторлық түтік

B) шәует лақтыратын түтік

C) қосалқы түтігі

D) шәует шығаратын түтік

E) шығарушы түтік

185. Қуықасты безінің қызметі

A) трофикалық

B) қорғаныш

C) секреторлық

D) резервуарлық

E) фагоцитарлық

186. Аналық клетка қайда жасалады

A) жатыр

B) атабез

C) анабез

D) жатыр түтігі

E) қынап

187. Иммундық жүйенің орталық ағзаларын көрсетіңіз

A) көкбауыр

B) айырша без

C) лимфа түйіндері

D) бадамшалар

E) құрттәрізді өсінді

188. Айырша бездің орналасқан жерін көрсетіңіз

A) артқы көкірекаралық

B) жоғарғы көкірекаралық

C) алдыңғы көкірекаралық

D) ортаңғы көкірекаралық

E) төменгі көкірекаралық

189. Таңдай бадамшасының орналасқан жерін көрсетіңіз

A) таңдай-жұтқыншақ доғасынан жоғары

B) таңдай-жұтқыншақ доғасының артында

C) таңдай-жұтқыншақ және таңдай-тіл доғаларының арасында

D) жұмсақ таңдай тілшігінде

E) тілшікке жақын

190. Жұтқыншақ бадамшасының орналасқан жерін көрсетіңіз

A) ауызжұтқыншақ

B) мұрынжұтқыншақ

C) жұтқыншақ күмбезі

D) жұмсақ таңдай негізінде

E) таңдай пердесінде

191. Лимфа түйіндерінің (Пейер түйіншелері) шоғырланған жерін көрсетіңіз

A) өңеш қабырғасы

B) мықын ішек қабырғасы

C) асқазан қабырғасы

D) соқыр ішек қабырғасы

E) аш ішек

192. Жүректің қандай беттері бар?

A) көкеттік

B) жоғарғы

C) бронхтық

D) төменгі

E) төс-көкеттік

193. Ерлер жүрегінің орташа салмағын көрсетіңіз

A) 400 г.

B) 350 г.

C) 300 г.

D) 250 г.

E) 370 г.

194. Әйелдер жүрегінің орташа салмағын көрсетіңіз

A) 200 г.

B) 250 г.

C) 300 г.

D) 350 г.

E) 380 г.

195. Оң жүрекшеге қандай веналар кіреді

A) жоғарғы қуыс вена

B) өкпе венасы

C) қақпа венасы

D) жүрекқап венасы

E) жоғарғы көкеттік вена

196. Жүрек көкірекаралықтың қай жерінде орналасқан?

A) жоғарғы

B) артқы


C) алдыңғы-жоғарғы

D) төменгі

E) алдыңғы

197. Кіші қанайналым шеңберінің тамырларын көрсетіңіз

A) өкпе сабауы

B) иық-бас сабауы

C) қолқа

D) бронх артериялары

E) көкірекаралық артериялары

198. Иық-бас сабауының тармақтарын көрсетіңіз

A) оң бұғанаасты артериясы

B) сол жалпы ұйқы артериясы

C) сол бұғанаасты артериясы

D) сол ішкі ұйқы артериясы

E) сол сыртқы ұйқы артериясы

199. Сол қарыншаның қабырғасында қандай тесіктер бар

A) тәждік қойнаудың тесігі

B) өкпе веналарының тесігі

C) өкпе сабауының тесігі

D) қолқа тесігі

E) иірімді веналар

200. Оң қарыншаның қабырғасында қандай тесіктер бар

A) төменгі қуыс вена тесігі

B) өкпе сабауының тесігі

C) қақпа венасының тесігі

D) қолқа тесігі

E) митралды қақпақша тесігі

201. Жүрек қабырғасының қабықтарын көрсетіңіз

A) эпикард

B) фиброзды қабық

C) шырышты қабық

D) сірлі қабық

E) шырышасты қабық

202. Жүрек қабырғасының қабығын көрсетіңіз

A) қыртыстық

B) милық


C) жүрекқап

D) эндокард

E) дәнекертінді қабық

203. Жүректе орналасқан қалқаны көрсетіңіз

A) қойнауаралық қалқа


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет