Оқу іс-әрекетін ұйымдастырдың технологиялық картасы. Күні: Топ: Білім беру саласы



бет3/4
Дата12.03.2018
өлшемі0,7 Mb.
#39180
1   2   3   4

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:ормандағы аң атауларын үйрену.

Қалыптасуы керек: жұмбақты дұрыс шеше білуге қалыптастыру.

Меңгеру керек: жұмбақтарды шешті
Оқу іс-әрекетін ұйымдастырдың технологиялық картасы.
Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: Жабай құстар

Мақсаты:1.Жабайы құстар туралы ұғымдарынын кеңейту,жабайы құстардың қайда болатыны туралы түсіндіру;

2. Құстардың атын қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету, әңгімелеу дағдыларын жетілдіру, сөздік дыбыстық жағын меңгерту,дұрыс айтуға үйрету;

3.Табиғатты қорғауға,құстарды аялауға,қамқорға тәрбиелеу;

Билингвальдық компоненті:құс –птица,қара қарға – ворон,торғай - воробей,бүркіт –беркут, қарлығаш-ласточка.

Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті

I кезең


Мотивациялық-қозғаушы


Шаттық шеңбер «Сәлемдесу - амандасу»

Балалар тәрбиешімен бірге шеңбер құрып отырады: Амандық сөздерді әндетіп айтуға жаттығады.

Балалар, көңілді күймен орындайды.

Қайырлы таң, ........

Қайырлы таң.........

Қайырлы таң, аспан!

Қайырлы таң, барлық жақсылық өзімізге.


Балалар бірге қосылып айтады.

Бір – бірлерімен амандасады.



II кезең ұйымдастырушылық-ізденушілік





Сабақ құстардың суретін көрсетіп сөйлесуден басталады.

-Мына суреттегі не?

-балалар, өздері құстардың аттарын атай бастайды.

-Қандай құстарды көріп тұрсыңдар?

-Қарға,торғай,тотықұ бұларды бір сөзбен құстар дейміз. Бұл құстар орманда, тауда болады.

-Мына тотықұсты, бүркітті кім көрді? Саябақтан көргенін балалар айтады.

Құстардың балапандары кішкентай.Осы құстардың ең үлкені қайсысы.

-Ең үлкені бүркіт. Ол тауда болады. Аңдарды,түлкіні ұстайды. Аңшылар осы бүркітпен аң аулайды.

-Ең кішкене құс қайсысы?

-Қарға қандай?

-Үкі қандай?

-Үкіні қандай киімге тағады?

-Үкінің көзі қандай?

Торғай, үкі, ұарға сөздерін қайталап айтады. Қ,ғ,ү дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету.

Қ,ғ,ү дыбысы бар сөз ойлаңдар.

Сергіту сәті: «Ұшты-ұшты»

Мен құстардың немесе заттардың аттарын айтамын, ұшатын құстардың аты болса, ұшып көрсетесіңдер.


Құс, құстар


Қарға, бүркіт, торғай, қарға

Ең кішкене құс - торғай

Қарға қара.

Ең үлкен, түсі қоңыр. Оның жүні (үкісі) жұмсақ

Үкіні қыздардың тақиясына тағады.

Үкінің көзі үлкен

III кезең

Рефлексивті-түзуші



Сұрақтар:

-Құстар қыста не істейді?

-Жабай құстар қайда жүреді?

-Қандай құстар көлге келіп қонады?

Қыста қыстайтын құстарды атаңдаршы?

Көктемде келетін құстарға не жасайсыңдар?

-Балалар құстар қалай дыбыстайды?

-Қарға қалай дыбыстайды?


Аққу, үйрек, тырна,қаз


Ұя жасаймыз

Шиық-шиық

Қарқ-қарқ


Күтілетін нәтиже:

Білу керек:жабай құстар атауын білу;

Қалыптасуы керек: құстар дыбысын білу.

Меңгеру керек: жабайы құстарды үй құстарынан ажырата білуді

Оқу іс-әрекетін ұйымдастырдың технологиялық картасы.
Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: Үй құстары

Мақсаты:1Балаларға құстар туралы білімдерін тиянақтау,Қазақстанда кездесетін құстардың түрлерінмен таныстыру.Үй құстарының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы әңгімелеу;

2.Ауызекі сөйлеу тілін, сөздік қорларын, есте сақтау, ойлау қабңлеттерін жан-жақты дамыту;

3.Үй құстарына қамқор болуға, күте білуге, құстарды қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу;

Билингвальдық компоненті:құс-птица, қаз – гусь, үйрек-утка, тауық – курица


Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті

I кезең


Мотивациялық-қозғаушы


Шаттық шеңбер:

-Армысың алтын күн!

Армысың көк аспан!

Сәлеметсіз бе, достарым.

Сіздерді көрсем қуанам

Қуан, шаттан алақай!

Қуанатын күн бүгін

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.



Оқушылар тәрбиешімен бірге қайталап,іс-әрекет арқылы орындайды

II кезең ұйымдастырушылық-ізденушілік





-Балалар, саябаққа барғандағы аңдарды есімізге түсірейік.

-Суреттегі аң-құстардың аттарын атаңдаршы?

-балалар, мына суретті бір сөзбен қалай атаймыз?

-Енді, балалар, саябақтағы құстар сендерге тапсырма жіберіпті.Соны орындайық. Үш топқа құрастырғыш қағаздар таратылады. (құстардың суреті қиылып тасталады)

-Балалар, сендер нені құрастырдыңдар?

-яғни, балалар, бұл үй құстары екен. Қандай құстарды құрастырдыңдар?

-Біздің бүгінгі іс-әрекетіміздің тақырыбымыз «Үй құстары».

Тәрбиеші: -Балалар,үй құстарының түрлерін атап кетсем: Әтеш, тауық, балапан, қаз, күркетауық, тотықұс (суреттерін тақтаға іле отырып атау).

-Балалар, кімнің үй құс асырайды?

-балалар, үй құстары жеммен қоректенеді. Олар көктемде балалапан туады. Үй құстарының пайдасы көп: Жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады. Жүнінен жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқор көрсетіп асырайды. Ұя салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді. Ұя маңын тазалайды. Балапандарына да қорек беріп, көмек көрсетеді.

-Балалар, енді айналамен танысу іс-әрекетінде өткен құстар туралы тақпақтарды есімізге түсірейік.


Қоян,түлкі, қасқыр, арыстын.

Тырна,торғай,бүркіт,қарлығаш
Құстар деп атаймыз

Құстарды құрастырдық

Үй құстарын құрастырдық

Құстарды атай бастайды

Құстар туралы тақпақтарды айта бастайды.


III кезең

Рефлексивті-түзуші


Енді құстар туралы жұмбақтар шешіп көрейік.

Ақ тауық ай, ақ тауық,

Ақ тауық неден қақ сауық,

Ертемен қыт-қыттайды.

Ауламыздан шықпайды

Бұрап қойған сағаттай,

Айғайлайды таңатпай? Ол не?

Үй құстары қандай құстар?

Үй құстары қалай дыбыстайды?

Әтеш қалай дыбыстайды?

Тауық қалай дыбыстайды?

Балапан қалай дыбыстайды?

Қаз қалай дыбыстайды?

Бүгінгі іс-әрекетіне барлығымыз жақсы қатыстық. Мадақтау (жұлдызшалар тарату)



Әтеш.


Тауық, балапан,әтеш
Ку-ка-ре-ку

Қыт-қыт


цып-цып

қарқ-қарқ




Күтілетін нәтиже:

Білу керек:үй құстарын білу, құстардың дыбысталуын білу;

Қалыптасуы керек: Жұмбақты дұрыс шешуді қалыптастыру

Меңгеру керек: үй құстарын атауын, дыбысталуын меңгерді.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастырдың технологиялық картасы.
Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: Киіз үй

Мақсаты:1балаларға киіз үй жайлы түсінік беру және киіз үй бөліктерімен жекелеп таныстыру, жаңа сөздермен толықтыру, суреті арқылы түсіндіру;

2.Ауызекі сөйлеу тілін, сөздік қорларын, есте сақтау, ойлау қабңлеттерін жан-жақты дамыту;

3.киіз үй бөліктерін білуге, қазақ халқының көшпелі киіз үйін құрмет тұтуға салт – дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу;

Билингвальдық компоненті:киіз үй – юрта, уық – купольные жерди, кереге-раздвижная решетчатая основа, шаңырақ-купон юрты, сандық –сандук,


Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті

I кезең


Мотивациялық-қозғаушы



Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты.

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз,

Қайырлы күн, балалар!



Оқушылар тәрбиешімен бірге қайталап,іс-әрекет арқылы орындайды тәрбиешімен амандасады.


II кезең ұйымдастырушылық-ізденушілік





-Тәрбиеші:

Балаларға жазғы табиғат, жайлау, жайлаудағы киіз үйлер, жайлау туралы үйренген сөздермен әңгіме құрастырады.Сұрақтар арқылы киіз үй, жайлау туралы түсініктерін кеңейтеді.

-Ауылда малшылар қайда болады?

-Малшылар тұратын үй қалай аталады?



Тәрбиеші:

Киіз үй көшпелі халықтардың баспанасы. Қыста жылы,жазда салқын болады. Киіз үй ішінде ағаш төсек, сандық т.б. бұйымдар болады. Киіз үй төрт бөліктен тұрады. Олар: кереге, уық,шаңырақ,есік. Киіз үй- ағаштан жасалады. Киіз үйдің негізгі бөлшегі – шаңырақ. Жайлау- қыстаудан алыс,шалғай жатқан даладағы жазғы қоныс.

-Киіз үй неден жасалады?

-Киіз үй ішінен нелерді көріп тұрсыңдар?



Ойын: «Сөз ойлау»

Қазақ тіліне тән дыбыстар үлестіріледі. Балалар, осы дыбыстарға сөз табуларың керек.



«Ә», «Қ», «Ө»

-жайлауда

-киіз үй

Ағаштан жасалады

Сандық,көрпеше, жастық

Әтеш, әже, әке, өзен, қала



III кезең

Рефлексивті-түзуші


Киіз үй.

Киіз үй – дөп-дөңгелек,

Жыққан кезде он бөлек.

Тіккен кезде топ етіп

Қона қалар дөңге кеп.

-балалар, киіз үй бөліктерін атаңдаршы?

-Киіз үйд ішінде нелер болады?

-киіз үй неден жасалады?




Сандық,жастық

ағаштан



Күтілетін нәтиже:

Білу керек:киіз үй жабдықтарын бір-бірінен шатастырмай айыра білуі керек;

Қалыптасуы керек: киіз үйді дұрыс пайдалануды қалыптастыру;

Меңгеру керек: киіз үй жабдықтарыныңаттарын қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету;
Оқу іс-әрекетін ұйымдастырдың технологиялық картасы.
Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: дене мүшелері

Мақсаты:1Адамның дене мүшелерін түсіндіру,дене мүшелерін айыра білуге үйрету;

2.Ауызекі сөйлеу,есте сақтау,көру қабілеттерін дамыту;

3.Денені таза ұстауға, тазалықты сақтауға, жылы киініп жүруге тәрбиелеу;

Билингвальдық компоненті:дене мүшелері- части тела человека,адам-человек, бас-голова, аяқ-нога, көз-глаза,шаш-волос, мұрын-нос, қол-рука,оң қол – правый рука, сол қол – левый рука.


Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті

I кезең


Мотивациялық-қозғаушы



Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Көңіл күйлерің қалай? Бүгін ауа райы қандай?Қандай жыл мезгілі?

Барлығымыз бірге шеңбер әнін айтайық.


Түзу қане тұрайық «Қоштасу»

Қолды жанға қояйық Сапқа қане тұрайық

Алдыменен балалар Қолды жанға қояйық

Амандасып алайық

Енді балалар сендермен

(Сәлеметсіңдерме балалар) Сауболыңыз айтайық

(Сәлеметсізбе апай)

II кезең ұйымдастырушылық-ізденушілік





-Тәрбиеші:

Балаларға адамның дене мүшелері салынған үлестірмелі суреттерді таратамын. Сұрақ қою арқылы жаңа сөздерді бас,көз,мұрын, құлақ сөздерін қайталайды. Адамның дене мүшелері бар. Олар, көз.мұрын,құлақ,ауыз т.б. Әр дене мүшенің өзінің атқаратын қызметтері бар.

Балалар,сендермен мен диалог жүргіземін.

-Сенің көзін кәне?

-Көз не үшін керек?

-Сенің мұрының кәне?

-Сенің басың кәне?

-Сенің қолың кәне?



Дидактикалық ойын: «Қуыршақты жуындыру».

Мынау біздің қуыршақ,

Жуынбайды жуынсақ

Тығылмайды тығылсақ

Бұл не деген қуыршақ?

Сергіту сәті: «Бес саусақ»

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Оларды атап шақырар

Әрқайсысының ат бар.

Мынау-бас бармақ,

Мынау-балаң үйрек,

Мынау-ортаң терек

Мынау-шылдыр шүмек,

Мынау-кішкене бөбек.


-Менің көзім міне

-көру үшін керек.

Іс әрекет арқылы жасап көрсетеді.

Саусақтарын бір-бірлеп көрсете отырып,қимылдатып саусақтарға жаттығу жасайды.

III кезең

Рефлексивті-түзуші


Жұмбақ.

Оң қолымда бес сарбаз,

Сол қолымда бес сарбаз.

Ол не?


-Балалар, біз өз дене мүшелерімізді таза ұстауымыз керек. Жылы,таза киім киіп жүруіміз керек.Денсаулықты сақтау керек.

Сергіту сәті:

Оң аяқ, сол аяқ!

Бір адым алға бас!

Кәнекей, сол аяқ!

Шырағым, алға бас!

Оң аяқ!


Сол аяқ!

Басамыз оңай-ақ!

-балалар, қандай адамның дене мүшелерін білесіңдер?

-Көз не үшін керек?

-дұрыс айтасыңдар

Он саусақ


Оң,сол аяқтарын көтеріп көрсетеді.

Қол,аяқ,көз,бас

Көз көру,қарау үшін




Күтілетін нәтиже:

Білу керек:дене мүшелеріне байланысты ұғымдарды қазақша дұрыс атауға үйрену;

Қалыптасуы керек: дене мүшелерін таза ұстауын, денсаулықты сақтауын қалыптастыру;

Меңгеру керек: оң,сол бағыттарын айыра білуді,дене мүше атауларын қазақ тілінде меңгеру;

Оқу іс-әрекетін ұйымдастырдың технологиялық картасы.
Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: дене мүшелері не үшін керек?

Мақсаты:1Адамның дене мүшелері не үшін керек екендігін түсіндіру,дене мүшелерін айыра білуге үйрету;

2.Ауызекі сөйлеу,есте сақтау,сөздік қорларын, көру қабілеттерін дамыту;

3.Денені таза ұстауға, тазалықты сақтауға, жылы киініп жүруге тәрбиелеу;

Билингвальдық компоненті:дене мүшелері- части тела человека,адам-человек, бас-голова, аяқ-нога, көз-глаза,шаш-волос, мұрын-нос, қол-рука,оң қол – правый рука, сол қол – левый рука.


Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті

I кезең


Мотивациялық-қозғаушы



Шеңберде балаларды тұрғызып амандасу.

-Сәлеметсыңдар ма, балалар!


Армысың асыл күн!

Армысын асыл жыр!

Армысын көк аспан!

Армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Мінекей менің қолым.




Бір-бірінің қолдарынан ұстап үлкен шеңбер жасап тұрады. Амандасады,қуанышты сезімдерін білдіреді.

Бір –біріне сағыныш сезімдерін айтады.

Армысың асыл күн!

Армысын асыл жыр!

Армысын көк аспан!

Армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Мінекей менің қолым.

балалар бірнеше рет қайталап орындайды.

II кезең ұйымдастырушылық-ізденушілік





-Тәрбиеші:

-Қазір қай жыл мезгіл?

-Қыста ауа рай қандай болады?

-Қалай киінеміз?

-балалар,қараңдаршы тақтада нелердің суреті ілулі тұр.

-Бір сөзбен не де атаймыз?

-дұрыс айтасыңдар.

-Бүгін біз осы дене мүшелер адамға не үшін керек екендігі туралы айтамыз.

-Сенің басың кәне?

-Бас не үшін керек?

-Құлақ не үшін керек?



Дәйек сөздер:

дене мүшелері- части тела человека,адам-человек, бас-голова, аяқ-нога, көз-глаза,шаш-волос, мұрын-нос, қол-рука,оң қол – правый рука, сол қол – левый рука.



Сергіту сәті:

Аюдың үйі үлкен,

Қоянның үйі кішкентай

Аю маң-маң басады.

Қоян секіріп-секіріп қашады.

Өыс жыл мезгілі

Аяз,суық,боран

Жылы, тон,етік,қолғап киеміз


Қол,аяқ,бас, құлақ

Дене мүшелері

Мынау менің басым

Бас ойлау үшін керек.

Өқлақ дыбысты есту үшін керек

Тәрбиешімен бірге жаңа сөздерді,дене мүшелерін көрсете отырып, қайталайды.

қимыл арқылы сергіту сәтін жасайды.(секіреді, маң-маң басады)

III кезең

Рефлексивті-түзуші


«Бұйырықты орында» ойыны

-балалар, мен сендерге дене мүшелердің аттарын атаймын сендер тек дене мүшелерін көрсетіп отырындар.

Қол,аяқ,бас.мұрын,көз,құлақ,шашауыз,оң аяқ,сол аяқ.

Құлақ не үшін керек?

-Құлақ не үшін керек?-деп сұрады тәрбиеші.

-Жеу үшін!-деді атасының жанында көп жүретін кішкентай бала.Барлық бала күлді.

-Бұрау үшін!-деді бір үйдің жалғыз ұлы.

-Тыңдау үшін!-деді ақырын ғана ағайынның қолында тәрбиеленіп жатқан жетім бала.

Қ.Мыра Әли.

-ауыз не үшін керек?

-аяқ не үшін керек?

Жұмбақ.

Суда мұз бар,



Жерде қар бар.

Боран борап соғады,

Бұл қай кезде болады?

Аталған дене мүшелерін көрсетіп отырады.

Тамақ жеу үшін, сөйлесу үшін

Жүру,секіру үшін

Қыс жыл мезгілі



Күтілетін нәтиже:

Білу керек:дене мүшелеріне байланысты ұғымдарды қазақша дұрыс атауға үйрену;

Қалыптасуы керек: дене мүшелерін таза ұстауын, денсаулықты сақтауын қалыптастыру;

Меңгеру керек: оң,сол бағыттарын айыра білуді,дене мүше атауларын қазақ тілінде меңгерту;

Оқу іс-әрекетін ұйымдастырдың технологиялық картасы.
Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: Көктем

Мақсаты:1Балаларға жылдың мезгілі көктем туралы,құстар туралы білімдерін толықтыру;

2.Сөздерді байланыстыра сөйлесу тілін, тақпақты мәнерлеп айту қабілеттерін дамыту;

3.Құстарды қорғауға, ұқыпты жүруге, табиғатты таза ұстауға тәрбиелеу;

Билингвальдық компоненті:ағаш-дерево,құс-птица,көктем-весна, наурыз-март,мамыр-апрель,маусым-май,ай-месяц


Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті

I кезең


Мотивациялық-қозғаушы



Шеңберде балаларды тұрғызып амандасу.

-Қайырлы күн,балалар!

Шуақ шашып,алтың таңда,

Мөлдір таза ауада

Табиғатта бәрі оянды,

Оян сенде,бар бала.

Қайырлы күн саған да!

Қайырлы таң маған да!



Бір-бірінің қолдарынан ұстап үлкен шеңбер жасап тұрады. Амандасады,қуанышты сезімдерін білдіреді.

балалар бірнеше рет қайталап орындайды.


II кезең ұйымдастырушылық-ізденушілік





-Тәрбиеші: «Күтпеген сәт»

-Топқа поштасы апай конверт әкеледі.Бұл поездің билеттері.Балалар,көктем айларын бір-бірлеп алады.Мен айтқан ай аттары реті бойынша сапқа тұрасыңдар.

-Балалар,орманға кіру үшін мына суретті сипаттап айтуымыз керек.



Дидактикалық ойын: «Суретті атап айт»

Шарты: Мен сурет бойынша сұрақтар қоямын ал бір бала сол сұраққа толық жауап беруі керек.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

-орманда қандай өзгерістер болады?

-олай болса орманға барып келейік.

Жылы жақтан ұшып келетін құстар: тырна,қараторғай, қарлығаш,аққу.Құстар ағаштарды зиянды жәндіктерден қорғайды.Қараторғай – ұзақ ең алғаш ұшып келеді.



Д/ойын: «Құстарды атап айт»

Шарты:үстел үстінде тұрған құстар суреттерінің ішінен көктем мезгілінде ұшып келетін жыл құстарын тауып тақтаға ілесіңдер.Осы құстарды бір сөзбен қалай атаймыз?

-Құстардың қандай пайдасы бар?


Конверттен бір-бірлеп көктем айлары жазылған парақты ала бастайды. Ретімен сапқа тұрады.


Көктем мезгілі

Қар ериді,құстар ұщып келеді,күн жылынады

Ағаштар көктеп өседі, аюлар серуенге шығады

Қарлығаш,қараторғай,аққу

Жыл құстары

Құрт-құмырсқаларды, жәндіктерді жиді

III кезең

Рефлексивті-түзуші


-балалар, енді біз көктемде ұщып келетін жыл құстарына қазір ермексазбен ұя жасап көрейік.

Тәрбиеші: «Құстың ұясы» әңгіме.

Балалар ойнап жүріп,ағаштың ішінен бір құстың ұясын көрді.Бұл ұяның ішінде екі балапан бар екен.Балалар алып, үйіне әкелді.Әкесі баласына: «Бұл балапанды ұядан неге алдың?»Шешесіз балапандар тұра алмайды, далада құр өліп қалады ғой»-деді.Балалар балапанды аяп,ұясына апарып қойды.

-Балалар, біз балапандарды не істейміз?

-Оларға не істейміз?

Міне,келді көктем де,

Күн ұзара бастады.

Улап,шулап балалар

Ағаштардың басына

Ұя жасап тастады.

Ұя құрастырады.

Балапандарды қорғаймыз

Оларға ұя жасаймыз,жем,су береміз


Қайталап айтты.




Каталог: uploads -> doc -> 09fa
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09fa -> Сабақтың тақырыбы: Ж. Нәжімеденов «Сен ақылды болсаң екен», «Жаманыңды көрмесем»
09fa -> Сабақтың барысы: Сабақтың тақырыбы: Кім тапқыр


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет