Оқу іс-әрекетін ұйымдастырдың технологиялық картасы. Күні: Топ: Білім беру саласы



бет4/4
Дата12.03.2018
өлшемі0,7 Mb.
#39180
1   2   3   4

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:балалар көктем мезгілі жайлы,құстар туралы,адамдардың еңбектері жайлы алған білімдерін көрсете білуі керек.

Қалыптасуы керек: қойылған сұрақтарға нақты, әрі толық жауап қайтаруды дұрыстап айта біледі.

Меңгеру керек: тапқпақтарды мәнерлеп, нақты айта біледі.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастырдың технологиялық картасы.
Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат. (әр түрлі ертегілер кейіпкерлеріне)

Мақсаты:1Оқушыларға ертегілер кейіпкерлерін қайталата отырып,мінездеме беру;

2.Сөйлеу тілдерін,сөздік қорларын, көру,елестету,ойлау қиялын,есту қабілеттерін дамыту;

3.

Билингвальдық компоненті:ертегі – сказка,


Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті

I кезең


Мотивациялық-қозғаушы








II кезең ұйымдастырушылық-ізденушілік





-Тәрбиеші:




III кезең

Рефлексивті-түзуші








Күтілетін нәтиже:

Білу керек:балалар

Қалыптасуы керек: қойылған сұрақтарға нақты, әрі толық жауап қайтаруды дұрыстап айта біледі.

Меңгеру керек:


Оқу іс-әрекетін ұйымдастырдың технологиялық картасы.
Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы:

Мақсаты:1Оқушыларға ертегілер кейіпкерлерін қайталата отырып,мінездеме беру;

2.Сөйлеу тілдерін,сөздік қорларын, көру,елестету,ойлау қиялын,есту қабілеттерін дамыту;

3.

Билингвальдық компоненті:


Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті

I кезең


Мотивациялық-қозғаушы








II кезең ұйымдастырушылық-ізденушілік





-Тәрбиеші:




III кезең

Рефлексивті-түзуші








Күтілетін нәтиже:

Білу керек:балалар

Қалыптасуы керек: қойылған сұрақтарға нақты, әрі толық жауап қайтаруды дұрыстап айта біледі.

Меңгеру керек:


Оқу іс-әрекетін ұйымдастырдың технологиялық картасы.
Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Жеті лақ» ертегісі

Мақсаты:1Оқушылармен бірге жеті лақ ертегісіндегі кейіпкерлерге мінездеме беру;

2.Сөйлеу тілдерін,сөздік қорларын, көру,елестету,ойлау қиялын,есту қабілеттерін дамыту;

3.Қамқор болуға, достыққа,адамгершілікке тәрбиелеу;

Билингвальдық компоненті:Ешкі – коза,лақтар – козлята,үй –избушка,домик,шеше – мать,бабушка,сүт –молоко,қасқыр – волк,өмір сүріпті – жыли-были,жиналды – собралась,кейін қайту – вернуться назад,есік қағу – постучать в дверь,жорту – рыскать

тыңдау – слушать.



Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті


I кезең

Мотивациялық-қозғаушы



Шеңберде балаларды тұрғызып амандасу.

-Сәлеметсыңдар ма, балалар!


Армысың асыл күн!

Армысын асыл жыр!

Армысын көк аспан!

Армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Мінекей менің қолым.




Балалар, үлкен шеңбер құрып тұрып бәрі бірге хормен тәрбиешіден кейін қайталайды.




II кезең ұйымдастырушылық-ізденушілік



-Тәрбиеші:

-тақтадағы ненің суреті?

-қандай ертегі?

Ертеде бір ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті. Бірде орманға жиналыпты.

-Есікті ешкімге ашпаңдар! Мен қайтып оралғанда есікті қағып: «Лақтарым,шұнақтарым!Есіікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!-деп ән саламын»-дейді.

Осы кезде Ешкі үйінің маңында Қасқыр тамақ іздеп жүрген. Ол лақтарды алдамақ болды. Ешкінің кеткенің күтіп, лақтарға келді.

Қасқыр ісмер адамға келіп,жіңішке дауыспен ән салу үшін тамағын қағып беруін сұрады.

Қасқыр Ешкі үйіне жақындап келіп, есігін қақты. Соннан соң жіңішке, нәзік дауысымен: «лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді»-деп әндетеді.

Лақтар есікті ашады. Жауыз Қасқырға керегі сол еді.Ол үйге баса көктеп кіреді. Лақтарды бірінен соң бірін жей бастайды.

Ешкі үйіне келсе, есік ашық. Үй ішінде ешкім көрінбейді. Пеш ішінен бір лағын тауып алады. Ешкі басына түскен қайғыдан көз жасын көл қылып зарлап жылады.

-Лақтарым,шұнақтарым!Көлге біткен құрақтарым!Есікті ашып,Қасқырға жем болдыңдар!

Ешкі Қасқырға келіп: «Сен бе менің лақтарымды жеп қойған?»-деп сұрады.

Қасқыр оған: «Сенің лақтарыңды жеген жоқпын.»-деп жауап айтты.

«Жемегеніңді дәлелде.Кел екеуіміз мына ордан секірейік.Егер сен менің лақтарымды жемесең, онда оңай секіріп кетесің»-деді Ешкі.

Қампиған қарнымен ордан секіру Қасқырға қиын түсетіні белгілі ғой. Амал қанша?!

Секіреді, бірақ өзін-өзі ұстай алмай, тура ыстық шоқтары бар орға құлады.

Қарны жарылып, одан лақтар орғып-орғып шықты. Олар аналарымен шұрқырасып табысты. Ешкі лақтарымен қосылып,тату-тәтті өмір сүріпті.

Балалар, кәне кейіпкерлерге мінездеме беріп көрейік

Қасқыр қандай аң?

Қандай зияны бар?




Жеті лақ ертегісі

Балалар мұқият тыңдап отырды.

Жабайы аң, арам, жыртқыш

Малды,адамды,құсты жейді




III кезең

Рефлексивті-түзуші

Балалар, енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Ит сияқты пішіні,

Ұнатпайды ол кісіні

(қасқыр)


  • Ешкінің неше лағы бар?

  • Анасы қайда кетті?

  • Кім олардың есігін қақты?

  • Бір лақ қайда тығылып қалды?

  • Ешкі,лақ қандай жануар?


Ешкінің жеті лағы бар

Анасы лақтарына сүт әкелуге кетті

Бір лақ пеш ішіне тығылып қалған

Үй жануарлары, адамға пайдалы, сүт,ет, киім береді





Күтілетін нәтиже:

Білу керек:балалар жабайы аң мен үй жануарларын ажырата білуді;

Қалыптасуы керек: қойылған сұрақтарға нақты, әрі толық жауап қайтаруды дұрыстап айта біледі.

Меңгеру керек: ертегі кейіпкерлерге мінездеме беруді

Оқу іс-әрекетін ұйымдастырдың технологиялық картасы.
Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: Сен қайда барасың?

Мақсаты:1Қонаққа келгенде, әсіресе дастарқан басында балалар қалай отыру керек екендігі туралы насихат айту,қонақ туралы білімдерін кеңейту;

2.Өзара сөйлесу, сөздік қорларын,есте сақтау қабілеттерін жан-жақты дамыту;

3.Қонақта балаларды әдептілікке,имандылыққа, адамгершілікке, тамақ ішіп болғанша дастархан басындағы төзімділкке тәрбиелеу;

Билингвальдық компоненті:Қонақ – гость, дастарқан-скатерть,накрытый стол, төр-пачетное место, ыдыс – пасуда,тағам-блюда,ас дәмді болсын!-Приятного аппетита!


Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті

I кезең


Мотивациялық-қозғаушы



-Балалармен амандасу:

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Қол ұстасып бәріміз,

Ақ тілекті жолдайық.


Балалар шеңберге тұрып допты бір­біріне ұсыну арқылы тілектер айтады: Аспанымыз ашық болсын. Еліміз тыныш болсын. Туымыз биікте желбіресін. Атаанамыз аман болсын. Татутәтті дос болайық.

II кезең ұйымдастырушылық-ізденушілік





-Тәрбиеші:

Дастарқан қасиетті.Дастарқанға киелі нан,тәттілер,сүт,қаймақ,ірімшік,бауырсақ қойылады.

-Мынау суреттен не көріп отырсыңдар?

-енді осы суретке қарап сөйлемдер құрастырып көрейік.

-Төрде кім отыр?

-Дұрыс төрде үлкен ата мен әже, құрметті қонақтар отырады.

-Дастарқан басында отырғанда өздеріңді қалай ұстау керек?

Дастарқан басында күлмеу керек,сөйлемеу керек, дастарқан аяғына дейін күтіп отыру керек. Тамақ ішіп болған соң дастарқан батасын айтып ас қойыру керек.

Тамақ ішіп отырған қонақтарға -- -Ас дәмді болсын! деп айту керек.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Біп-биік боп өседі.

Тербеледі ағаштар

Жылы-жылы жел соқты.

Күлімдеген балалар

Шуылдасып қол соқты.


Қонақта отыр.

Ата мен әже отыр

Дастарқан басында тыныш отыру керек.

Балалар қимыл қозғалыспен көрсете отырп бірге қосылып айтады.


III кезең

Рефлексивті-түзуші


-Сендер бір-бірлеріңмен дос болып,сыйласып,бір-бірлеріңді қонаққа шақырыңдар.Достарыңды қонаққа шақырған соң оны төрге отырғызыңдар.Қазақ халқы қонақжай халық болған.

-Қонақ кісі қааонаққа келгенде қайда отырады?

-Дастарқан басында кім бата береді?

-Тамақ ішіп отырғанда не деп айтамыз?


Дастарқан басында төрге отырады.

-үлкен ақсақал бата береді
Ас дәмді болсын!



Күтілетін нәтиже:

Білу керек:балалар қонақ қайда отыратынын,дастарқан басында өзін қалай ұстау керек екендігін білді.

Қалыптасуы керек: қойылған сұрақтарға нақты, әрі толық жауап қайтаруды дұрыстап айта біледі.

Меңгеру керек: сұраққа толық жауап беруді,төл әріптерді нақты анық айтуды;

Оқу іс-әрекетін ұйымдастырдың технологиялық картасы.
Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: Қалада

Мақсаты:1Балалар ауыл мен қала арасындағы айырмашылықтарды айыра білу,жаңа сөздермен танысу,қаладағы ғимараттар жайлы түсініктерін кеңейту;

2.Еркін сөйлеу тілін,өзара сөйлесу, сөздік қорларын,есте сақтау қабілеттерін жан-жақты дамыту;

3.Өзі туылған,өскен қаласына деген сүйіспеншіліктерін арытту;

Билингвальдық компоненті:пәтер-квартира, үй – дом, аула-двор, бөлме – комната, бір қабатты – одноэтажный, көп қабатты – много этажный.


Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті

I кезең


Мотивациялық-қозғаушы



-Балалармен амандасу:

Шуақ шашып, алтын таңда,

Мөлдір таза ауада

Табиғатта бәрі оянды

Оян сенде, бар бала

Қайырлы таң саған да

Қайырлы таң маған да!


Балалар шеңберге тұрып табиғат құбылыстарымен амандасады..

II кезең ұйымдастырушылық-ізденушілік





-Тәрбиеші:

-Балалар,тақтадағы ненің суреттері іліулі тұр?

-Елордамыз қай қала?

Астанада нелер бар?

-балалар, қалада не бар?

-ал,ауылда не бар естеріңе түсіріңдерші?

Біз қалада тұрамыз.Біздің қалада театр, бағдаршам,мұражай, саябақ бар.Қаланың үйлері биік,көшелері кең. Қалада бір қабатты және көп қабатты үйлерде бар.

-қала көшелерінде нелер жүреді?

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Біп-биік боп өседі.

Тербеледі ағаштар

Жылы-жылы жел соқты.

Күлімдеген балалар

Шуылдасып қол соқты.

Жаңа сөздер:

пәтер-квартира, үй – дом, аула-двор, бөлме – комната


Қала суреттері


Елордамыз –Астана қаласы

Бәйтерек,Ақорда,конгресхолл

Қалада мұражай,бағдаршам бар.

Ауылда малдар,тракторлар, шөптер бар.


Қала көшелерінде көп машиналар жүреді?


іс-әрекеттер жасай отырып, бірге қайталап айтып жасайды

Барлығы бірге қайталап айтады.


III кезең

Рефлексивті-түзуші


-Балалар Қазақстанда қандай қалалар бар?

-Біздің облысымыз қай қала?

-Қостанай қаласында нелер бар?

-енді оқушылар, Астана қаласы туралы өлең жолдарын бәріміз бірге қайталап айтайық.


Астана.

Астаан – арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап-жасыл боп,

Мен үлкен болғанда да.
Төкті оған нұрын дала,

Астана – сұлу қала.

Бз оны анамыздай,

Сүйеміз шынында да. Т.Молдағалиев.



Алматы,Астана,Қостанай
Облысымыз Қостанай қаласы

Театр,саябақ,мұражай, дүкен


Балар, барлығы бірге өлеңді қайталайды.




Күтілетін нәтиже:

Білу керек:балалар ауыл мен қала айырмашылығын, қалада не бар екенін білді;

Қалыптасуы керек: сөздерді екі тілде қайталап айтуды,төл дыбыстарды анық айтуы;

Меңгеру керек: сұраққа толық жауап беруді,анық сөзді айту;

Оқу іс-әрекетін ұйымдастырдың технологиялық картасы.
Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан.

Мақсаты:1Қазақстанның тәуелсіздігі туралы айту және Отанымыз Қазақстан жайлы әңгімелеу,Қазақстан рәміздерімен таныстыру;

2.Еркін сөйлеу тілін,өзара сөйлесу, сөздік қорларын,есте сақтау қабілеттерін жан-жақты дамыту;

3.Отанын,елін,жерін сүюге,қорғауға,құрметтеуге,Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

Билингвальдық компоненті:Отан – Родина,тәуелсіз-независимый,мемлекет-государство, тату-дружный,өлке-край,туған жер – родная земля,туған елім- родная страна, рәміздер – символы, ту-флаг,елтаңба-герб, әнұран - гимн


Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті

I кезең


Мотивациялық-қозғаушы



-Сәлеметсіздер ме, балалар! Енді маған қараңдаршы, мына ғажайып жүрек суреті арқылы мен сендерге жүрегімнің жылуын жіберемін.Қабыл алыңдар!

-Балалар,оң қолымызды жүрегіміздің тұсына қояйықшы. Жүрегіміздің жылуын сеземіз бе?

Жүрегіміз қандай?

-Менің жүрегім мейірімді.

Менің жүрегім ыстық.

-Олай болса, жүрегімізден шыққан жылуымызды қонақтарға сыйлайық. (қонақтарға қарап алақандарын үрлеу)



Қолдарын жүректеріне қойып жүрек жылуын бір-бірлеріне білдіреді.

Менің жүрегім -бақытты.

Менің жүрегім –нәзік.

II кезең ұйымдастырушылық-ізденушілік





-Тәрбиеші:

--Балалар,қазір қандай жыл мезгілі?

Көктем айлары қандай?

-Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?

-Қазір қандай ай?

Енді мына тақтадағы суретке қараңдаршы.

Бұл қай қала?

Біз қай мемлекетте тұрамыз?
-Елбасымыз кім?
-Бас қаламыз қай қала?

-Дұрыс балалар, олай болса егеменді еліміз Тәуелсіз қазақстан.Мемлекеттік рәміздеріміз:ту,елтаңба,әнұран.

Әнұранды естиміз,тыңдаймыз,айтамыз.

Мемлекеттік туымыз төртбұрышты, түсі көгілдір. Тудың ортасында күн,қыран бейнеленген.Елтаңбасы алтын түсті.Шаңырақ,екі пырақ,уық,жұлдызша,қазақстан жазу бар.Әнұранның сөзін жазғандар: Н.Әбішұлы,Жүмекен Нәжімеденов. Әнін жазған: Ш.Қалдаяқов

-Астана қандай қала?
-Астана қаласында нелер бар?

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Біп-биік боп өседі.

Тербеледі ағаштар

Жылы-жылы жел соқты.

Күлімдеген балалар

Шуылдасып қол соқты.


Қазір көктем мезгілі.

Көктем айлары: наурыз,сәуір,мамыр.
Қазір наурыз айы.

Астана қаласы.

Біз Қазақстан мемлекетінде тұрамыз

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Бас қаламыз Астана қаласы.

Астана – әдемі,жас,үлкен,таза көрікті қала.


Бәйтерек,Ақ орда, биік үйлер,мектептер бар.

III кезең

Рефлексивті-түзуші


- Астана қаласына барғыларың келе ме?

Онда осы қалаға тез жету үшін тапсырма орындау керек.

Рәміздер туралы тақпақта барлығымыз бірге айтуымыз керек.

Көк аспанда көкөпеңбек,

Қазақстан жалауы,

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.
Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат әдемі.

Тұнығындай көңілді,

Ортада аспан әлемі.


Иә.


Барлығы бірге қосылып айтады.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек:Қазақстан,Астана қаласы туралы,рәміздері жайлы білді.

Қалыптасуы керек: төл дыбыстарды анық айтуды,жаңа сөздерді меңгеруін қалыптастырды

Меңгеру керек: сұраққа толық жауап беруді,анық ойын жеткізуді меңгерді.

Оқу іс әрекетін ұйымдастырутехнологиялық картасы.
Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: Мамандық.

Мақсаты:1Балаларға мамандық атауларын үйрету,жаңа сөздермен таныстыру,мамандық суреттері арқылы түсіндіру,білімдерін кеңейту;

2.Еркін сөйлеу тілін,өзара сөйлесу, сөздік қорларын,есте сақтау қабілеттерін жан-жақты дамыту;

3.Мамандық иелерін құрметтеуге,сыйлауға,Отанын,елін,жерін сүюге,қорғауға тәрбиелеу;

Билингвальдық компоненті:мамандық –профессия, мұғалім-учитель,дәрігер-врач,кітапханашы-библиотекарь,ұшқыш – летчик,аспаз-повар.


Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті


I кезең

Мотивациялық-қозғаушы



-Сәлеметсіздер ме, балалар!

Шаттық шеңбер.

Шуақ шашып алтын таңда,

Мөлдір таза ауада.

Табиғатта бәрі оянды,

Оян сенде, бар бала.

Қайырлы күн саған да,

Қайырлы күн маған да!



Сәлеметсіз бе!


II кезең ұйымдастырушылық-ізденушілік



-Тәрбиеші:

--Балалар,қазір қандай жыл мезгілі?

-Көктем айлары қандай?

-Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?

-Қазір қандай ай?

Балалар, тақтадағы суретке қарайықшы.

- Не көріп тұрмыз?

-Бұл қандай мамандықтар?

-Өте жақсы бұл мамандықтар.

Енді жаңа сөздермен таныс болайық.Сөздерді мұқият тыңдап, қайталайық.Дәйек сөздер:

мамандық –профессия,

мұғалім-учитель,

дәрігер-врач,

кітапханашы-библиотекарь,

ұшқыш – летчик,

аспаз-повар.

Енді мамандыққа байланысты тақпақ айтып көрейікші.



Тақпақ.

Сәуле сеуіп санаға,

Білім берген балаға.

Мұғалімге бас иген,

Хан мен қара,дана да.

Сергіту сәті:

Аюдың үйі үлкен,

Қоянның үйі кішкентай.

Аю маң-маң басады,

Қоян секіріп қашады.

Қазір көктем мезгілі.

Көктем айлары: наурыз,сәуір,мамыр.

Қар ериді,күн жылынады,құстар ұшып келеді.

Қазір сәуір айы.

Мамандықтарды

-дәрігер,мұғалім,ұшқыш,

кітапханашы

балалар барлығы бірге қазақша-орыша сөздерді қайталап айтады.
Барлығы бірге тақпақты мәнерлеп айтады.
Сергіту сәтін іс қимыл арқылы жасап көрсетеді.



III кезең

Рефлексивті-түзуші

- Балалар қандай тақырыппен таныстық?

-Мынау тақтадағы сурет кімдер?

-Мынау кім?

-Мынау кім?





мамандықтар

мынау -мұғалім

мынау -дәрігер



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Балалар мамандық атауы жайлыалған білімдерін сұрақтарға жауап беру кезінде көрсете білуі керек.



Қалыптасуы керек: Қойылған сұрақтарға нақты, әрі толық жауап беру;

Меңгеру керек: Тақпақтарды және сергіту сәтін мәнерлеп айта білу,төл дыбыстарды анық айту;

Оқу іс әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы.
Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: Кім не істейді?

Мақсаты:1Балаларға мамандық атауларын меңгерту,кім не істейтінін түсіндіру,жаңа сөздермен таныстыру,білімдерін кеңейту;

2.Еркін сөйлеу тілін,өзара сөйлесу, сөздік қорларын,есте сақтау қабілеттерін жан-жақты дамыту;

3.Мамандық иелерін құрметтеуге,сыйлауға,Отанын,елін,жерін сүюге,қорғауға тәрбиелеу;

Билингвальдық компоненті:Аурухана-больница,мектеп-школа,кітапхана-библиотека


Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті


I кезең

Мотивациялық-қозғаушы



-Сәлеметсіздер ме, балалар!

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Қол ұстасып бәріміз,

Ақ тілекті жолдайық.


Сәлеметсіз бе!

Балалар шеңберге тұрып допты бір­біріне ұсыну арқылы тілектер айтады: Аспанымыз ашық болсын. Еліміз тыныш болсын. Туымыз биікте желбіресін. Атаанамыз аман болсын. Татутәтті дос болайық.




II кезең ұйымдастырушылық-ізденушілік



-Тәрбиеші:

--Балалар,қазір қандай жыл мезгілі?

-Көктем айлары қандай?

-Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?

-Қазір қандай ай?

Балалар, тақтадағы суретке қарайықшы.

- Не көріп тұрмыз?

-Бұл қандай мамандықтар?

-Өте жақсы бұл мамандықтар.

Енді жаңа сөздермен таныс болайық.Сөздерді мұқият тыңдап, қайталайық.Дәйек сөздер:

Аурухана-больница,

мектеп-школа,

кітапхана-библиотека

дүкен – магазин

-Мұғалім не істейді?

-Дәрігер не істейді?

Ұшқыш не істейді?

Сатушы не істейді?

Тақпақ.

Тағам сырын түсінем,

Тәтті тамақ пісірем.

Бәрі қуат алады,

Дәмді асымның күшінен.

Бұл кім?


Аспаз не істейді?

Сергіту сәті:

Оң қолымды көтерем,

Сол қолымды көтерем,

Оңға қараймын,

Солға қараймын.

Оң қолымды түсірем,

Сол қолымды түсірем.

Аяқты топ-топ басамын,

Орнымыа отырамын.

Қазір көктем мезгілі.

Көктем айлары: наурыз,сәуір,мамыр.

Қар ериді,күн жылынады,құстар ұшып келеді.

Қазір сәуір айы.

Мамандықтарды

-дәрігер,мұғалім,ұшқыш,

кітапханашы

балалар барлығы бірге қазақша-орыша сөздерді қайталап айтады.

Мұғалім оқытады.

Дәрігер емдейді?

Ұшқыш ұшады.

Сатушы сатады.
Барлығы бірге тақпақты мәнерлеп айтады.

аспаз


аспаз пісіреді

Сергіту сәтін іс қимыл арқылы жасап көрсетеді.




III кезең

Рефлексивті-түзуші

- Балалар қандай тақырыппен таныстық?

-Кім не істейді екен?

Барлық заттың жаңасын,

Сатушыдан аласың

Төлеп толық бағасын

Керегіңді аласың.

Бұл кім?


мамандықтар
Мұғалім оқытады.

сатушы



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Балалар мамандық атауын еске түсіреді,мамандық не істейтіні жайлы алған білімдерін сұрақтарға жауап беру кезінде көрсете білуі керек.

Қалыптасуы керек: Қойылған сұрақтарға нақты, әрі толық жауап беру;

Меңгеру керек: Тақпақтарды және сергіту сәтін мәнерлеп айта білу,жасырылған өлең жұмбақты дұрыс шешу,төл дыбыстарды анық айту;
Каталог: uploads -> doc -> 09fa
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09fa -> Сабақтың тақырыбы: Ж. Нәжімеденов «Сен ақылды болсаң екен», «Жаманыңды көрмесем»
09fa -> Сабақтың барысы: Сабақтың тақырыбы: Кім тапқыр


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет