Оқу іс-әрекетін ұйымдастырдың технологиялық картасы. Күні: Топ: Білім беру саласы



бет2/4
Дата12.03.2018
өлшемі0,7 Mb.
#39180
1   2   3   4


Күтілетін нәтиже:

Білу керек:қысайларын, жабайы аңдар мен құстарды

Қалыптасуы керек: мұз бен қардың қасиеттері

Меңгеру керек: салыстырып айту,қорытынды жасау;


Оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы.
Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Кіші сала: қазақ тілі

Тақырыбы: үй жануарлары.

Мақсаты:1.Білімділік: үй жануарлары олардың пірплері,адамға әкелетін пайдасы туралы білімдерін кеңейту;

2. Дамытушылық:ү жануарлары мен төлдерін ажырату және атауын дұрыс атауға,үй жануарлары дыбысына еліктеуге, малдың енесі өз төлін қалай еркелетіп атайтынын жеткізу,есте сақтау, зер салып тыңдау әрекетін дамыту;

3.Тәрбиелік:өзіне және айналасындағыларға жақсы сезімін ояту, үй жануарларына сүйіспеншілігін арттыру, оларға деген қамқорлық сезімдерін ояту.

Билингвальдық компоненті: үй жануарлары – домашние животный

Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті

I кезең


Мотивациялық-қозғаушы


Шеңбер құрамыз. Балаларға шеңбер жасауға шақырады.

-Біздің шеңберіміздің көлемі қандай болды?

-ол неге ұқсайды?

-ендеше балалар, шеңберімізді үрлеп, үлкен шеңбер жасайық.

-кәне балалар, бәріміз бірдей үрлейік.

-енді деніміз сау болсын,!деп бір-бірімізді емдейік.

Қайырлы таң! Көздерім сендер ояныңдар. (көздерін уқалайды)

-Қайырлы таң құлақтарым сендер ояныңдар.(құлақтарын уқалайды)

-Қайырлы таң саусақтарым сендер ояныңдар! (шапалақтайды)

-Қайырлы күн сенде ояндың ба? (жмияды)!




Ол допқа және шарға ұқсайды.


Мұғаліммен бірге мәтін сөзін қайталап және қимылмен қайталайды.

Тыңдайды,қайталайды.



II кезең ұйымдастырушылық-ізденушілік
1 тапсырма.
2 тапсырма.

«Үй жануарлары мен төлдері»


3 тапсырма.

«малдың пірлерін ата»

4 тапсырма

«Малды қалай шақырады.»



Алдаркөсе:

«сиқырлы шапан» қалтасынан сызбада көрсетілген бірнші тапсырманы алып шығады.Ол суретті тақтаға іледі.

-Балалар,суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?
Қалтасынан екінші тапсырманы алып шығады. Үй жануарлары мен төлдерін атаңдар?
Сурет көрсетеді.

Қой атасы – Шопан ата

Түйе атасы – ойсылқара

Сиыр атасы – Зеңгібаба

Жылқы атасы – Қамбарата

Ешкі атасы – сексеката

Сергіту сәті: «Малдың баласын сүюі»

Балалар шеңбер құрады.

Қой сүйеді баласын – қоңырым деп.

Ештеңені білмейтін момыным деп.

Бә-бә-бә

Сиыр сүйеді баласын торпағым деп

Қараңғыға баспаған қорқағым деп

Мө-мө-мө


Түйе сүйеді баласын боташым деп
Жас судырған көзінен тоташым деп

Бө-бө-бө.


Ит

Мысық


Қой

Жылқы


Түйе

Сиыр


Күз мезгілі
Қыс мезгілі
Үй жануарлары мен төлдерін атайды.

Пірлерді атайды.


Мұғаліммен бірге қайталайды.

Үй күзетеді

Тышқан аулайды.

Жүннен жылы киімдер тоқиды.,ет береді

Түйе сүтінен шұбат жасайды, көлік болады

Сүт,ет береді.сүттен құрт,май,айран жасайды



III кезең

Рефлексивті-түзуші


Тәрбиеші:

-Менің барлық сынақтарым аяқталдыүСиқырлы сандық енді ашыла ма екен? Тексеріп көрейік. Сандық ашылды.

Сиқырлы андықтан құрт алып балаларға дәм тартқызады.


Алдар көсеге рахметтерін айтады.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек:үй жануарлары мен олардың төлдерін және пірлерін атауын;

Қалыптасуы керек: Алдар көсені әдеби кейіпкер ретінде тануды

Меңгеру керек: Топта жұмыс істеуді,малдың енесі өз төлін қалай еркелетіп айтатынын жеткізе білу;

Оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы.
Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Кіші сала: қазақ тілі

Тақырыбы: Киім

Мақсаты:1.Білімділік: Киім аттарына байланысты сөздерді қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету;киім атауларын білу,қыз бен ұл балалардың киімдерін ажырата білуге үйрету;

2. Дамытушылық: ауызекі сөйлеу тілін,есте сақтау,көру,сұрақтарға жауап беру тілдерін дамыту,

3.Тәрбиелік:киімді күтіп киюге,таза ұстауға, бой тазалығын сақтауға тәрбиелеу;

Билингвальдық компоненті: көйлек-пальто, шалбар-брюки, шұлық-носки.

Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті

I кезең


Мотивациялық-қозғаушы


Шеңбер құрамыз. Балаларға шеңбер жасауға шақырады.

-Біздің шеңберіміздің көлемі қандай болды?

-ол неге ұқсайды?

-ендеше балалар, шеңберімізді үрлеп, үлкен шеңбер жасайық.

-кәне балалар, бәріміз бірдей үрлейік.

-енді деніміз сау болсын,!деп бір-бірімізді емдейік.

Қайырлы таң! Көздерім сендер ояныңдар. (көздерін уқалайды)

-Қайырлы таң құлақтарым сендер ояныңдар.(құлақтарын уқалайды)

-Қайырлы таң саусақтарым сендер ояныңдар! (шапалақтайды)

-Қайырлы күн сенде ояндың ба? (жмияды)!



Ол допқа және шарға ұқсайды.


Мұғаліммен бірге мәтін сөзін қайталап және қимылмен қайталайды.

Тыңдайды,қайталайды.



II кезең ұйымдастырушылық-ізденушілік



Жаңа материалды түсіндіру: Тақтадағы суреттерді қараңдаршы.Нелер бұлар?аттарын атаңдар.

Жаңа сөздер: көйлек-пальто, шалбар-брюки, шұлық-носки,тон-шуба,жейде-рубашка

Қуыршақты киіндіруден басталады. Киімнің суретін көрсете отырып сөйлесеміз.

Қуыршақты көрсетіп мынау не?

Қуыршақтың аты кім?

Қуыршақ не киді?

Көйлек қандай?

Мынау не? Оны кім киеді?

Ойын: Кімнің көйлегі қандай? Екі түрлі көйлек киген үлкен,кішкентай қуыршақ қыздардың суретн көрсетеді.Бірінің көйлегі көк, екіншісінікі көйлегі сары.

Мына жерде неше қыз қуыршақ бар?

Мына қыз қандай?

Қазір қай жыл мезгіл?

Иә,күзде күн қандай болады? Жерде қазір не жатыр?

Біз үстімізге қандай киімдер киеміз?



Сергіту сәті:Желулейді: у-у,

Құйынкеліпбилейді: зу-зу

Қатты-қаттыжелсоқты: гу-гу,

Жапырақтарқолсоқты: ду-ду



Киімдер. Көйлек,шалбар,тон,құлақшын


қуыршақ

Әсия


Ол көйлек киді.

Қызыл көйлек

Жейде

Оны ұл бала киеді



Екі қыз бала

Үлкен


Күз жыл мезгілі

Күн суық,жерде қар бар.

Біз басымызға құлақшын,үстімізге тон, аяғымызға етік киеміз.

Тәрбиешімен бірге қайталайды


III кезең

Рефлексивті-түзуші


Тәрбиеші:

-Мына киімдерді бөліп көрейік.Ұлдардың киімін бір бөлек, қыздардың киімін бір бөлек топтастырайық.


Құлақшын, шалбар, жейде ұл бала киімі

Көйлек,орамал қыз бала киімі



Күтілетін нәтиже:

Білу керек:киім атауларын екі тілде білу, ұл мен қыз бала киімін ажырата білуге үйрену

Қалыптасуы керек: ұл,қыз бала киімін тану

Меңгеру керек: Топта жұмыс істеуді,ұл мен қыз бала киімін ажыратуды меңгеру

Оқу іс-әрекетін ұйымдастырдың технологиялық картасы.
Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: Жабайы аңдар.

Мақсаты:1. Балаларды жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрдерін бір-бірінен ажыратуға,ден мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.Аю мен қасқыр балаларының қалай аталатынымен таныстыру.

2. Жұмбақтар шешу арқылы ойлау,қиялдау қабілеттерін арыттыру.

3.Аңдарды қорғап, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Билингвальдық компоненті: жабайы аң – піл-слон, қоян-заяц, қасқыр – волк, түлкі-лиса

Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті

I кезең


Мотивациялық-қозғаушы


Топ бөлмесінің әдемілігіне назар аударылады.

-Балалар,алдымен амандасайық.

-Балалар, іс-әрекетімізді бастамас бұрын біріміздің-біріміз жылуымызды сезінейік

-Балалар, назарын тәрбиешіге аударады.

Балалар амандасады.

Балалар бір-біріне қолдарын беріп жылуларын сезінеді.



Армысың алтын күн!

Армысың,асыл жер!

Армысың,көк аспан!

Армысың жан досым

Жылуыма жылу қос

Міне менің қолым.


II кезең ұйымдастырушылық-ізденушілік



Тәрбиеші: Мен бүгін балабақшаға келе жатып, сандық тауып алдым.Ол сандықтың ішінде ормандағы аңдарды сиұырлап салып қойыпты.Оларды құтқару үшін жұмбақтарды шешу керек.

Жұмбақтар.

Көлеңкесінен қорқып безектейді,

Ал,оның баласын көжек дейді. (қоян)

Азуы бейне, шалғы орақ,

Шөп емес бірақ,малды орады (қасқыр)

Өзі қу,әрі айлакер,

Жүрген жері айқай да шу (түлкі)

-Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай айтамыз?

-олар қайда мекендейді? Қайда жүреді?

-қандай жабайы аңдарды білесіңдер?

Сендер аңдарды сиқырдан құтқарғандарың үшін рахмет айтуда.

-ал,сендермен «не бар?не жоқ?» ойынын ойнаймыз.

-Енді сендермен аңдар саябағындағы аңдарды көрейік.

-Балалар,қараңдар аңдар бізден қорқып тығылып қалыпты.

-Мынау суретке қараңдар қай аңның жарты денесі көрініп тұр. Түлкінің құйрығы,пілдің тұмсығы, қоянның құлағы.


Тыңдап отырады, жұмбақтың шешуін табады.


Жабайы аңдар дейміз

Орманда, тау – тас арасында

Қасқыр,піл,түлкі


Суретке қарап аң дене мүшесінің жартысын айта бастайды.


III кезең

Рефлексивті-түзуші


Ойын: «Ненің басы,ненің құйрығы?»

Саяхатты аяқтап, балалардың бүгінгі іс-әрекеттерінен алған білімдерін бекіту.

-Аңдардың жандарында нелер жүр?

-қазір сендерге аңдардың балалары қалай аталатынын айтып беремін.

-Аюдың баласы – қонжық

-Қасқырдың баласы – бөлтірік.

-Қоянның баласы – көжек

Тақтаға қараңдар, суретші саябақ суретінде қателік жіберген сияқты тауып алайықшы. Кәне қателігін тауып алайық?

-Жылқы қандай жануар?

Дұрыс айтасыңдар, балалар.

Ойын «Кім шапшаң?»

-Біз қайда саяхат жасадық?

-Аюдың баласы қалай аталады?

-Қасқырдың баласы қалай аталады?

-Қоянның балсы қалай аталады?

-балалар,бүгінгі іс-әрекетіміз ұнады ма?

Мен мендерге жақсы баға қоямын

Аңдардың балалары

Қонжық

бөлтірік



сиыр үй жануары

үй жануары

саябаққа
балалар,бір-бірлеп жауап бере бастайды.




Күтілетін нәтиже:

Білу керек:жабайы аңдар атауын ажырата білу.

Қалыптасуы керек: жабайы аңдардың балаларының атауын үйренеді.

Меңгеру керек: Сұрақтарға жауап береді, аңдарға қамқорлық жасады.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастырдың технологиялық картасы

Күні:21,09,15

Білім беру саласы: Қатынас

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: онға дейін санау, кері санау

Мақсаты:1. Балаларға өз еркімен атқаратын тапсырма беріп, өткен сабақтарда танысқан сандарға талдау, жасау. Құрамын аңықтап, сандарға байланысты алған білім деңгейін бақылау.

2.Ақыл- ой белсенділігін күшейту, шапшандыққа, дәлдікке тәрбиелеу.

3.адамгершілікке,адалдыққа тәрбиелеу;

Билингвальдық компоненті: сан – цифр, бір – один, екі-два, үш-три


Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті

I кезең


Мотивациялық-қозғаушы


Психологиялық сәт (хормен айту)

-Армысың алтын күн!

Армысың көк аспан!

Сәлеметсіз бе, достарым

Сіздерді көрсем қуанам

Қуан, шаттан алақай!

Қуанатын күн бүгін

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.




Оқушылар тәрбиешімен бірге қайталап,іс әрекет арқылы орындайды

II кезең ұйымдастырушылық-ізденушілік

«Логикалық сұрақ»


Тәрбиеші: Әлемде үлкен бір ел болыпты. Бұл елдің тұрғындары сандар екен.

Балалар тақтаға шығу, санамақ айтып беру (1-10 дейін)

-Санау білеміз ме: Ия (хормен айту)

ә)Тақтаға назар аудару

-Ненің сүретін көріп тұрсындар?

-қоян нешеу?

-Қоянның неше құлағы бар?

-Қоянның неше аяғы бар?

-Қоян қандай аң?

а) Табақта үш алма

қолымда екі алма

біреуін әжеме береймін,

біреуін атама беремін

екеуін беремін мамам ман папам

нешеу калады?

(1) бір санның құрамын ажырату.

ә) қоянның неше құлағы бар?

(2) екі санның құрамын ажырату



«Қоянға сәбіз жинаймыз» ойыны

- Неше сәбіз бар?

-Сәбіз қайда өседі?

-Түсі қандай?

ә) Плақатқа қарап, затты санау, сәйкес санмен көрсету.

(4) төрт санның құрамын ажырату.



Сергіту сәті:

Бір, екі , үш

Қарлығаш боп ұш

Төрт, бес, алты

Қарлығаш боп қалқы

Жеті, сегіз, тоғыз, он

Қарлығаш боп қон.

он қалымда 5 саусақ

сол қалымда 5 саусақ

жасырып ем бесеуін

қалды сонда нешеуі?

Барлығы қанша саусақ?


Санамақты онға дейін санау, кері санайды

қоян
қоянның екі құлағы бар

қоянның төрт аяғы бар


қоян кішкентай, қорқақ, үй жануары
1 алма

2 құлағы бар

10 саусақ

III кезең

Рефлексивті-түзуші


Тәрбиеші:

Сергіту сәті:

Жоғары қарап күн көрдім

Төмен қарап жер көрдім

Оңға, солға бұрылдым,

Егеменді ел көрдім

Бүгінгі жиынға

Келдіңіз бәріңіз

Рахмет сіздерге

Айтамыз бәріміз



іс әрекет арқылы көрсету

Хормен орындау



Күтілетін нәтиже:

Ұғынады:сандары 10-ға дейін санау,кері санап үйрену.

Түсінеді: сандарды ажырата білу,айыра білу дағдысын қалыптастыру;

Қолданады: 10-ға дейінгі сандарды меңгеру

Оқу іс-әрекетін ұйымдастырдың технологиялық картасы.
Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: Орманда

Мақсаты:1Балаларға көктем жайлы түсінік бере отырып, орман көрінісінен мағлұмат беру. Ормандағы аңдарға, олардың ерекшеліктеріне мән бергізе отырып түсіндіру.

2.Баланың ой-өрісін дамыту. Сөздік қорын молайту. өз ойын ашық, еркін айтуға дағдыландыру;

3.Табиғатты қорғауға, әдемілікті көре білуге тәрбиелеу.

Билингвальдық компоненті:орман – лес, саяхат – путешествие, қоян – заяц.


Іс-әрекеті кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті

I кезең


Мотивациялық-қозғаушы


Шаттық шеңбер:

-Армысың алтын күн!

Армысың көк аспан!

Сәлеметсіз бе, достарым.

Сіздерді көрсем қуанам

Қуан, шаттан алақай!

Қуанатын күн бүгін

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

-Балалар, бізде қандай сабақ?

-Сабақты бастауға дайынбызба, балалар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінің айларын атаңдаршы?



Оқушылар тәрбиешімен бірге қайталап,іс әрекет арқылы орындайды

Қазақ тілі сабағы

-иә,дайынбыз.

Күз жыл мезгілі

Қыркүйек,қазан,қараша

II кезең ұйымдастырушылық-ізденушілік





Ендеше, балалар бүгін біз орманға саяхат жасап көрейік. Орман дегенде көз алдарыңа не елестейді?

Балалар, сендер қандай аңдарды білесіңдер?

Бұл аңдарды қайдан көрдіңдер?

Дұрыс, суреттен, теледидардан. Себебі бұл аңдар орманда болады. Олар өз тамағын өздері тауып жейді. Енді балалар, осы орман ішін аралап көрейік. Балалар, мына ағаштың түбіндегі қандай аң, білесіңдер ме?

Балалар, біз аюдан қалай өтіп кетеміз? Қане, кім аю туралы тақпақ біледі?

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп, теріп алайық,

Аюға біз салайық.

Балалар аюдың алдына құлпынай салады.

Балалар, аю жеміс-жидекпен, балмен қоректенеді, ал қыста ұйқыға жатады. Міне, біз аюдан өттік. Орман іші қандай екен, балалар?

Дұрыс, әдемі, құстар көп, іші шу. Балалар ана бір ағаштың түбіне қарайықшы. Байқадыңдар ма, ол жерде қандай аң жүр?

Дұрыс айтасыңдар, балалар! Ол қасқыр. Қасқыр туралы не білеміз?

Қасқыр жортып түнімен

Күндес болып күнімен.

Қасқыр жортар сайменен,

Араз болып айменен.

Балалар, қасқыр жануарларды өзінің тамағы үшін өлтіріп қана қоймайды, оларды текке қыра береді. Балалар, біз біраз жүрдік. Шаршаған шығармыз, кішкене сергіп алайық.



Сергіту сәті:

Аю маң-маң басады,

Түлкі бұлаң қағады,

Қасқыр ылаң салады,

Қоян үркіп қашады,

Орман іші көңілді.

Балалар, мынау қандай аңның ізі?

Балалар, біз түлкіге көрінбей өтіп кетейік.

Балалар, аяқтарының ұшымен түлкіге білдіртпей өтіп кетеді.

Міне, біз түлкіден де өтіп кеттік. Түлкі деген балалар, қу, айлакер, мақтаншақ аң. Біз орманда біраз серуендедік. Қараңдаршы, ана бір аң біздің дыбысымыздан қашып бара жатыр. Ол қандай екен?

Дұрыс айтасыңдар. Қоян туралы кім тақпақ біледі?

Ақ, қоянмын, қоянмын

Үркек қоян, сақ қоян.

Дыбыс шықса қашамын

Белдерден бірақ асамын.

Балалар, қоян қашқанда жеткізбейді. Орманда өз жауларынан қашу үшін түстерін өзгертіп отырады. Қоянның түсі ақ және сұр түсті болады. Ал, жаңағы біз көрген, қашып бара жатқан қоянның түсі қандай? Қане, кім сұр қоян туралы тақпақ біледі.

Ұзын құлақ, сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы қырлы жерлермен

Ытқып, ытқып жүгірді.


Көп ағаштар, құстар, аңдар.


Аю, қасқыр, түлкі, қоян.

аю

Түлкінің ізі.


Қоян.



III кезең

Рефлексивті-түзуші



Ойын: «Қарағайлы ормандағы аю»

Балалар, енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Ит сияқты пішіні,

Ұнатпайды ол кісіні

(қасқыр)

Жазда қыдырады,

Қыста тынығады.

(аю)


Орғыған қорқақ көзі еді

Қыс пен жазда түрлі тон киеді

(қоян)

Қуы екен аңдардың

Бір сәтте алдандым.

(түлкі)

Ал енді балалар, осы аңдардың кейіпкері бар қандай ертегілерді білесіңдер?

Дұрыс айтасыңдар, «Бауырсақ», «Маша мен аю», «Үш аю» ертегілері. Өте жақсы, балалар! Сендер көп ертегі біледі екенсіңдер. Мен сендерге ризамын. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап, сыйлықтар тарату.



Қасқыр
Аю
Қоян

түлкі


Каталог: uploads -> doc -> 09fa
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09fa -> Сабақтың тақырыбы: Ж. Нәжімеденов «Сен ақылды болсаң екен», «Жаманыңды көрмесем»
09fa -> Сабақтың барысы: Сабақтың тақырыбы: Кім тапқыр


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет