Оқу жетістіктерін бақылау, бағалау және мониторинг жүйесін іске асыру



бет5/9
Дата26.10.2022
өлшемі31,54 Kb.
#155090
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
17-24
17-24, stud.kz 13528, Лекция Жары дифракциясы. 7 апта
Оқытудың дәстүрлі технологиясы
Дәстүрлі технология білім, ептілік және дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі, ол бүгінгі таңда да кең таралған. Оның мәні: жаңаны игерту-бекіту-қадағалау-бағалау сұлбасы бойынша оқу процесін жүргізу. Дәстүрлі технология ең алдымен авторитарлық педагогиканың талаптарына сай оқушының ішкі өмірімен байланыспайтын, өте нашар білім болып табылады, ал ол әртүрлі сауалдар мен мұқтаждардан тұрады, онда тұлғаның өзіне тән қабілеттерін көрсету үшін жағдайлары мен творчестволық көріністері болмайды. Оқыту белгілі бір үлгілермен, (индуктивтік логикамен жеке даралықтан жалпылыққа механикалық есте сақтауға, көзбен көргенді мазмұнын айқын беру, репродуктивтік еске түсіру, елестеу.) жүргізіледі.Дәстүрлі оқыту технологияларының әдістерін екі келесі топтарға жатқызуға болады:Иллюстративті–түсіндіру әдістері (лекция, баяндау, әңгімелесу, тәжірибелерді көрсету, еңбек опера–циялары, экскурсиялар және т.б) мұғалім түсіндіреді және оқу материалын көрнекті түрде көрсетеді.Репродуктивтік әдіс: мұғалім білімді, іс–әрекет тәсілдерін, тапсырмаларды шешуді тәжірибелерді елестету үшін тапсырмалар құрастырады; оқып үйренуші оқу материалдарын белсенді еске түсіреді. (сұрақтарға жауап береді, есептер шығарады және с.с.).Сонымен дәстүрлі оқыту технологиясының артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады: ерекшеліктердің жүйелілігі; оқу материалын логикалық дұрыс бере білу, ұйымдастырудың анықтылығы; мұғалім тұлғасының оқушыларға әдістері, тұрақты әсерлі эмоция сезімдік ықпал, жалпы оқу барысында қаржыны орынды жұмсау. Бұл технологияның нашар жақтары мыналар: біркелкілік, табандық құрылым, сабақ уақытын тиімсіз бөліп тарату, оқушылардың бір–бірімен қатынастардан изоляциялау, оқшаулау, оқушыларда дербестіктің болмауы, енжарлық немесе көзбоярлықтағы белсенділік); оқушылардың сөз іс–әрекетінің нашарлығы; оқушыларға орташа өшеммен қарау, индивидуальді оқытудың таза болмауы, нашар қайта байланыс. Бұндай сабақтарда материялдан тек қана хабардар болу қамтамасыз етіледі, ал ең жоғарғы деңгейге жету үй тапсырмасын орындауға қолданылады.
Сабақ негізгі форма ретінде оқыту–тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың басқа формаларымен толықтырылуы мүмкін. Олардың бір бөліктері сабақты параллелді дамытады; яғни класс–сабақ жүйесі шеңберінде (экскурциялар, консультациялар, үй жұмысы, оқу конференциялары, қосымша сабақтар.) Жоғары оқу орындарында қолданылатын лекция–семинар жүйесінен алынып пайланған. Олар оқушылардың жас ерекшелігін ескеруге бейімделген (лекциялар, семинарлар, практикумдар, зачеттар, экзамендер). Мысалы, лекция–семинар–зачет оқу жүйесінде (формасында) алдымен класқа оқу материалы лекциялық әдіспен беріледі, содан соң семинар, практикалық және лабораториялық сабақтарда талқыланады (меңгеріледі, қолданылады) және меңгеру нәтижесі зачеттік формада тексеріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет