Оқу жетістіктерін бақылау, бағалау және мониторинг жүйесін іске асыру


Оқушылардың математикадағы оқу жетістіктерін бақылау, бағалау және бақылау жүйесі



бет3/9
Дата26.10.2022
өлшемі31,54 Kb.
#155090
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
17-24
17-24, stud.kz 13528, Лекция Жары дифракциясы. 7 апта
Оқушылардың математикадағы оқу жетістіктерін бақылау, бағалау және бақылау жүйесі
Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.
Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды.Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушылардың тәртібін, білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін, тәжірибелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп, мұғалім оқушылардың жеке ерекшіліктерін анықтап, оларды өз жұмысында қолданып, оқушылардың білімдерін дұрыс тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады.Ауызша сұрау оқушылардың білімін тексеріп бағалау үшін жиі қолданылады. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушыларға оқылған материал бойынша сұрақ беріп, жауаптарын бағалап, материалды қаншалықты деңгейде түсінгендерін анықтайды. Ауызша тексерудің жетілдірілген түрі жаппай тексеру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқылған материалды ұсақ бөліктерге бөліп, оларды оқушылардың қалай меңгергенін білу үшін сыныпқа сұрақтар беріп, олардың білімдерін тексеріп, көп оқушылардың білімдерін анықтауға мүмкіндік алады. Бірақ жаппай тексеру арқылы оқушыларға әділ баға қою қиын, себебі бір-екі шағын сұраққа жауап берген оқушының толық білімін анықтау қиын.
Ауызша сұрауға сабаққа үнемі қатысып отырған оқушылардың біліміне ұпай беру де жатады. Мәселен, өз жолдасының жауаптарын толықтырған, нақтыландырған және тереңдеткен оқушылар, мысалдар келтірген, мұғалімнің жаңа материалды баяндау кезінде қойған сұрақтарына жауап берген, жаңа тақырыпты тез түсінген балалар ұпай ала алады. Сабақтың соңында аталған өлшемдер бойынша 4-8 оқушыға ұпай беріп, олардың танымдық белсенділігіне және зейініне жақсы әсер етіп, баға қорын жинауға болады. Бақылау жұмысы. Оқу бағдарламасының жекелеген тақырыптарын және бөлімдерін өтіп болған соң жазбаша немесе тәжірибелік бақылау жұмыстары өткізіледі.Бақылау жұмысының алдында мұғалім оқушылардың оқылған материалды меңгергенін анықтау мақсатымен жазба жұмыстарын жүргізеді. Егер оқушылар тақырыпты не бөлімді жақсы меңгермесе, онда бақылау жұмысы жүргізілмейді, оқу материалын меңгерту бағытында еңбектенеді.Оқушылар бақылау жұмысына дайындалу үшін, мұғалім бақылау жұмысы болатынын бір-екі апта бұрын хабарлап, дайындық жұмыстарын ұйымдастырады. Мысалы, бақылау жұмысына ұқсас тапсырмалар орындау және жаттығулар жазу. Алдын ала бір бақылау жұмысын жүргізіп, оқушылардың болашақтағы бақылау жұмысына дайындығын тексереді.
Бақылау жұмысы кезінде оқушылардың тәртіп бұзбауы үшін оларға түрлі-түрлі тапсырмалар беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет