Оқу жетістіктерін бақылау, бағалау және мониторинг жүйесін іске асыру


Оқыту технологиялары/Оза оқыту, Дамыта оқыту, Компьютерлік оқыту/



бет6/9
Дата26.10.2022
өлшемі31,54 Kb.
#155090
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
17-24
17-24, stud.kz 13528, Лекция Жары дифракциясы. 7 апта
Оқыту технологиялары/Оза оқыту, Дамыта оқыту, Компьютерлік оқыту/
Оза оқыту – бұл қарапайым кәдімгі тақырыптық бағдарлама тізбегіне көмекші құрал. Мұнда жаңа тақырып оқу бағдарламасында берілген уақытынан бұрын әр сабақта қысқаша түсіндіріліп отырады. Бұл толықтыру уақытты үнемдеу және оқушыларды үнемі жаттықтыру арқылы жаңа материалды тез игеруге жол ашады.Түсіндіре басқару - әрбір оқушыны іске жұмылдыратын сабақтың қозғаушы күші. Мәселен, жақсы оқитын оқушы түсіндіріп тұрады, ал қалғандары өздерінің күш-жігерін жұмсап, оған ілесіп отыруға тырысады. Ал егер әлсіздеу оқушы түсіндірсе, ол да жауапкершілікті сезінеді, өйткені ол бүкіл сыныпты жетелеп жолдастарын соңынан ертіп отыруы керек. Түсіндіре басқару үш түрлі әрекетті ойлаймын, айтамын, жазамын қатыстыра отырып, оқу еңбегін ойлы етуге мүмкіндік береді және сонымен бірге кері байланысты қамтамасыз етеді.Мұғалімнің оқушылардың білім дәрежесін қадағалап, артта қалушылықты дер кезінде байқауына, білім мен білікті меңгеруде ілгері болуын қамтамасыз етеді.Тірек үлгілері, немесе жай ғана сүйеніштер дегеніміз сабақты түсіндіру сәтінде оқушылардың көз алдында туындап, кестелер, карточкалар, әшекейлік полотно, сызбалар, сурет түрінде көрінетін тұжырымдар. Үлгілермен жұмыс істеудегі маңызды шарт – сабақта ілініп тұрмай, үнемі іс-әрекетке қосылуы тиіс. Сонда ғана олар мұғалімнің жақсы оқытуына, оқушылардың оңай оқуына көмектеседі.Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Дамыта оқытудың дəстүрлі оқытудан айырмашылығы көздеген мақсатында, мəнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, əдіс-тəсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үдерісінің мүшелерінің əрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үдерісін ұйымдастыру жəне ондағы коммуникациялар түрлерінде.Дамыта оқыту мақсаттары төмендегідей: - оқушы субъекті, яғни ол өзін-өзі дамыта алады, жетілдіреді, тəрбиелей алады; - баланың қабілетін, дарынын дамытуға ықпал жасайды; Білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала – тыңдаушы, мұғалім – ақпарат беруші емес керісінше, бала – зерттеуші, ізденуші, жаңалық жаратушы. Дамыта оқытудағы басты іс-əрекет – диалог, пікірлесу, пікірталас. Дамыта оқытудағы мұғалім қызметі – диалогты ұйымдастырушы, бағыт беруші балалардың іс-əрекеті, ынтымақтастығын бір бағыт, бір мақсатқа бағыттаушы. Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор. Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу əрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мəселені өз беттерінше шешуге талпынады. Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мəселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Əр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің əрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту əдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мəселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды. Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нəтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дəстүрлі жүйедегі əміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы – «орындаушы», «мұғалімнің тасасындағы» объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дəлелдей, дəйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренеді.Компьютерлік оқыту .Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.Компьютерлік технологияны пайдалану мұғалімге оқушының оқу пәніне деген танымдық қызығушылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Жаңа ақпараттық технология өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Олар төмендегідей:
жобаның презентациясын жасау мен ұйымдастыру;ғылыми- көпшілік журналының сайтына кіру;
әлемнің кез-келген еліндегі оқушылар мен еркін араласу;интернет- олимпиада мен шығармашылық байқауларға қатысу. Білім беру үдерісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тəрбие үдерісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет