Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет7/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы
ЖМ.Экзанен сұрақтары қаз 2022-2023 ж, Расписание лекций, менеджмент рк 1
Даму барысы. Қан айналысының жетіспеушілігі көпке дейін болмайды, себебі компенсацияны жүректің ең қуатты бөлігі (сол жақ қарынша) қамтамасыз етеді. Көбіне пайда болған қан айналысы жетіспеушілігінің белгілері емге онша көнбейді жəне толығымен жойылып кетпейді.Ақаудың себебі оның даму барысына өзінің əсерін тигізеді. Ревматизмдік процесте ақау да,жүрек əлсіздігі де ерте пайда болады. Атеросклероздық жəне мерездік ақауда жүрек əлсіздігіболмауы мүмкін немесе оның белгілері онша айқын болмайды.
Асқынулары. Қолқа қақпақтарының кемістігіне тəн асқынулар жоқ. Солқарыншалық əлсіздікпен коронарлық жетіспеушілік ақаудың даму сатылары болып есептеледі. Жүрек ырғағыныңбұзылуы жиі байқалады.
Прогнозы. Болжам кемістіктің дəрежесі мен себебіне тəуелді. Кемістік болмашы болса, болжам ұзақ уақыт жайлы болады, айқын кемістікте болжам онша жайлы емес, себебі тез солқарыншалық жүрек əлсіздігі пайда болады.
Атеросклероз себепті қолқа кемістігінің болжамы жайлы болып келеді. Əдетте ревматизмдікақау, мерез бен бактериялық эндокардит нəтижесінде пайда болған ақаумен салыстырғандақатерсіздеу дамиды.Қолқа қақпақтары кемістігінің диагнозы 3 топқа жататын белгілердің табылуына қарап қойылады.
І Клапандық белгілер:
1) диастолалық шу;
2) ІІ тонның əлсіреуі немесе жойылып кетуі.
ІІ Солқарыншалық белгілер:
1) күшейген, жайылмалы, төмен жəне солға ығысқан жүрек ұшының солқылы;
2) шартты тұйықтық шекарасының солға ығысуы;
3) рентгеноскопияда, Эхо-КГ-да сол жақ қарыншаның ұлғаюы;
4) ЭКГ: сол жақ қарынша гипертрофиясы синдромы.
ІІІ Қолқадағы диастолалық қысымның төмендеуіне тəуелді симптомдар (перифериялық симптомдар):
1) төмен диастолалық қысым;
2) жүрек тұсының ауыруы;
3) биік жəне тез пульс;
4) Траубенің қос тоны, Дюрозьенің қос шуы (шеткі тамырлар үстінде);
5) капиллярлық пульс – тырнақ көбесін басқаннан кейін оның түсінің пульспен синхронды
өзгеруі; маңдайдың терісін ысқылағанда, оның түсінің де пульспен синхронды өзгеруі.
Қолқа кемістігінің диагнозын қоюдағы басты қиындық осы ақауға тəн диастолалық шуды
анықтау жəне оны басқа себептерге байланысты пайда болатын диастолалық шулардан айырабілу.Митральдық стенозда дамитын өкпе артериясы қақпақтарының шартты кемістігінде төстіңсол жақ шетінде Грехем Стилл протодиастолалық шуы естіледі. Бұл жағдайда митральды стеноздың белгілері (жүрек ұшы тұсындағы аускультациялық белгілер, солжүрекшелік белгілер т.б.)анықталады.Биік, тез пульс, диастолалық төмен қысым, шеткі артериялардың күшті пульсациясы болғанжағдайда қолқа кемістігінің гипердиагностикасы болуы мүмкін. Бұл симптомдар қолқақақпақтарының кемістігінен басқа, айдалма қан көлемі көбеюімен жəне шеткі тамыркедергілерінің азаюымен сипатталатын күйлерде (анемия, тиреотоксикоз, қызба) байқалады.Мұқият жүргізілген тексеру көрсетілген шеткі белгілердің шын себебін табуға мүмкіндік береді.
Қолқа қақпағының кемістігінде болатын диастолалық шу кейде жүрек ұшы үстінде естіледі.Ондай жағдайда митральды стенозды жоққа шығару керек. Қолқа қақпақтарының кемістігіндемитральдық қақпақтың ашылу тоны жəне сол жақ жүрекшенің үлкеюі болмайды; эхокардиография диагнозды дəлдеуге көмектеседі.
Емі. Консервативтік емге этиотроптық ем жəне жүрек əлсіздігін жалпы ереже бойынша
дəрімен емдеу жатады.Басты ем – хирургиялық ем.
Хирургиялық ем көрсетпелері: қолқалық регургитацияның ІІІ-IV дəрежесі немесе оның ІІ
дəрежесінің төмендегі күйлердің біреуімен қоса кездесуі: жүрек əлсіздігінің ІІІ-IV функциональдық классы (Нью-Йорк кардиологтар ассоциациясының классификациясы), стенокардия, талмакүй, жедел сол қарыншалық əлсіздік (жүрек тұншықпасы жəне өкпе шемені), сол жақ қарыншадағы соңғы диастолалық қысымның с.б. 15 мм-нен жоғары болуы.Қарсы көрсетпелер: науқастың өміріне қауіп төндіретін ауыр қосымша аурулар; қан айналысыжетіспеушілігінің соңғы (терминальды) сатысы. Механикалық жасанды клапан протезін қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   110




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет