ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін



Pdf көрінісі
бет2/50
Дата06.12.2019
өлшемі3,46 Mb.
#53115
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
ИМП-каз-сонгы-15.07


 

Назар аударыңыздар! 

2019-2020 оқу жылының ұзақтығы: мектепалды сыныптарда  – 

32 апта, 1-сыныптарда – 33 апта, 2-11(12)-сыныптарда – 34 апта.  

«Орта  білім  беру  ұйымдарында  2019  -  2020  оқу  жылының  басталуын, 

ұзақтығын  және  каникул  кезеңдерін  айқындау  туралы»  Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым  министрінің 2018 жылғы 5 шілдедегі  № 322 

бұйрығымен  2019-2020 оқу жылы барысындағы каникул күндері белгіленді: 

1) 


1-11(12)-сыныптарда: күзгі каникул –7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 

қарашаны қоса алғанда),  

қысқы – 10 күн (2018 жылғы 31 желтоқсан – 2019 жылғы 9  қаңтарды қоса 

алғанда),  

көктемгі – 13 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда); 

2) 


мектепалды сыныптарда:  

күзгі каникул – 7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда), 

қысқы  –  14  күн  (2018  жылғы  27  желтоқсан  –  2019  жылғы  9  қаңтарды  қоса 

алғанда),  

көктемгі – 15 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда); 

3) 


мектепалды  және  1-сыныптарда:  қосымша  каникулдар:  7  күн  (2019 

жылғы 4 - 10 ақпанды қоса алғанда). 

Сабақтардың  өткізу  мерзімі  мереке  күндерімен  сәйкес  келген  жағдайда, 

тақырыбын/оқу 

мақсаттарын 

оқу 


пәні 

бойынша 


жақын/ұқсас 

тақырыптармен/оқу  мақсаттарымен  біріктіріп/тұтастырып,  мерекелік  күндерге 

дейін немесе мерекеден кейін аздаған сағат санымен оқыту қажет.  

Бұл  ретте  жеңіл  мақсаттарды  қарастырып,    жазба  жұмыстарын 

жоспарламаған  жөн.  Қайталауға  берілген  сағаттар  есебінен,    оқу 

бағдарламаларының  кіріктіруін  ескере  отырып,  сабақтарды  келесі  күнге 

ауыстыруға болады. 

            

Назар аударыңыздар! 

 

Бастауыш 



білім 

берудің 


жалпы 

білім 


беретін 

оқу 


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

10 



 

бағдарламаларын  жүзеге  асыратын  білім  ұйымдары  дайындық  деңгейіне 

қарамастан,            білім  ұйымы  қызмет  көрсететін  аймақта  тұратын  барлық 

балаларға  қолжетімді  болуды  қамтамасыз  ете  отырып,  7  жастағы  және 

ағымдағы  жылы  алты  жасқа  толатын  барлық  балаларды    бірінші  сыныпқа 

қабылдайды. 

       Балаларды  бірінші  сыныпқа  қабылдау  үшін,  төмендегідей  құжаттар 

қажет: 


       1) баланың ата-анасы немесе басқа да заң өкілдерінің өтініші

       2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 

       3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (форма 026/у-3); 

       4) 3х4 см көлеміндегі  2 дана фотосурет. 

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге 

асыратын  білім  беру  ұйымдарының  бірінші  сыныбына  баратын  балалардың 

құжаттары ата-аналарынан немесе басқа да заң өкілдерінен ағымдағы жылдың 

1  маусымынан  30  тамызына  дейін  қабылданады.  Баланы  бірінші  сыныпқа 

қабылдау кезінде  қосымша құжаттар сұралмайды. 

«Бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта  білімнің  жалпы  білім  беретін 

оқу  бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру  ұйымдарына  оқуға 

қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы     10 

мамырдағы  № 254 қаулысы.  

Мектептердің бескүндік оқу аптасына көшуі   

Парламенттің  алтыншы  шақырылымының  2016  жылғы  25  наурыздағы 

бірінші сессиясының ашылуындағы Президенттің  тапсырмасына сәйкес, 1-ден 

11-ге  дейінгі    барлық  сыныптар  бескүндік  оқу  аптасына  еркін  түрде  көше 

алады.  Өз  сөзінде  Қазақстан  Президенті  Н.Назарбаев:  «Біз  ЭЫДҰ-мен 

интеграцияланудамыз,  бұл  ретте  біз  дәйекті  болуға  тиіспіз.  Барлық  дамыған 

елдердің мектептерінде бес күндік оқыту аптасы қалыптасқан. Балаға қалпына 

келуге,  педагогқа  демалып,  сабаққа  дайындалуға  мүмкіндік  беріледі.  Кейбір 

елдерде  тіпті  төрт  күндік  оқыту  аптасы  да  бар.  Мұндай  форматқа  көшу  – 

бүгінде  дамыған  елдердің  жалпыәлемдік  үрдісі  (тренді).  Ғалымдар  қазірдің 

өзінде  оқыту  аптасының  ұзақтығын  қысқарту  оқытудың  нәтижелілігін 

арттыратынын  ғылыми  тұрғыдан  дәлелдеген.  Бізге  де  осы  тәжірибені  енгізу 

керек.  Білім  және  ғылым  министрлігі  бұл  үдерісті  тым  болмаса  бастауыш 

мектептерден бастауы керек», - деп атап өтті. 

Бескүндік  оқу  аптасына  көшу  жұмысы  жаңартылған  білім  мазмұнына 

көшумен қатар жүргізіледі және меншік  нысанына (мемлекеттік/жеке), қандай 

ҮОЖ нұсқасын ж.т.б. таңдағанына қарамастан барлық білім беру ұйымдарында 

жүзеге асырылуы мүмкін. 

2017-2018  оқу  жылында  республиканың  7054  мектебінен  6708  мектеп  

сабақтың  ұзақтығы  40  минуттық  бескүндік  оқытуға  көшкен,  бұл  95%-ды 

құрайды (1-кесте). 

 

 



 

Назар аударыңыздар! 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

11 



 

2019-2020 

оқу 

жылы 


әр 

мектептің 

әкімшілігі   

мектептің 

материалдық-техникалық 

жабдықталуын 

(спорт 

залдар, 


аудиториялық  қор,  білім  алушылар  контингенті,  кадрлармен  қамтамасыз  ету) 

т.б ескере отырып,  жеке пәндерді оқытуда сыныптарды топтарға бөлу туралы 

дербес шешім қабылдайды.  

Сыныптарды  топтарға  бөлу  педагогикалық  кеңестің  шешімімен,  сондай-

ақ  білім  беру  ұйымдарының  басшылары  бекіткен  жұмыстың  оқу  жоспарымен 

іске асырылады.

 

1-3-сыныптарда  қалалық  мектептерде  толымдылығы  24-ке  жеткенде 



немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан 

жағдайда, төмендегі пәндер бойынша топтарға бөлінеді: 

-  оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі; 

-  оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі; 

-  шетел тілі; 

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; 



өзін-өзі тану. 

Негізгі  орта  мектеп  бойынша  білім  алатын  сыныптарда  топтарға  бөлу 

төмендегі пәндерді оқыту барысында қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке 

жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе 

одан асқан жағдайда, төмендегі пәндерді оқыту барысында топтарға бөлінеді: 

₋ 

оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті



₋ 

оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті; 

₋ 

шетел тілі; 



₋ 

информатика; 

₋ 

дене шынықтыру



₋ 

көркем еңбек.  

2013  жылғы  оқу  бағдарламасы  бойынша  оқытылатын  білім  алушылар 

қалалық  мектептерде  толымдылығы  24-ке  жеткенде  немесе  одан  асқанда, 

ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан жағдайда, төмендегі 

пәндерді оқыту барысында топтарға бөлінеді: 

₋ 

оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі; 



₋ 

оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ әдебиеті; 

₋ 

 қазақ/ұйғыр/тәжік/өзбек  тілінде  оқытылатын  сыныптардағы    орыс 



тілі; 

₋ 

шетел тілі; 



₋ 

информатика; 

₋ 

бейіндік пәндер; 



₋ 

технология; 

₋ 

дене шынықтыру.  



МЖМБС жаңа редакциясында және Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу 

жоспарларында  «Ағылшын  тілі»  оқу  пәнінің  орнына    «Шетел  тілі»  пәні 

енгізіледі.  Білім  беру  ұйымдарының:  «Ағылшын  тілін»,  «Неміс  тілін», 

«Француз тілін» таңдау құқығы бар. 

✓  Неміс  және  француз  тілдерінің  үлгілік  оқу  бағдарламалары  «2013 

жылғы  3  сәуірдегі  №  115  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 



Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

12 



 

министрінің    бұйрығына  өзгерістер  енгізу  туралы»  Қазақстан  Республикасы 

Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі   № 281  бұйрығымен 

бекітілді.  

Шетел  тілін  оқыту  білім  беру  жүйесінің  барлық  деңгейлерінде  оқытуды 

бірлік,  үздіксіздік  және  сабақтастықпен  қамтамасыз  ететін  CEFR  («Common 

European  Framework  of  Reference:  Learning,  Teaching,  Assessment»  -  «Шетел 

тілдерін  меңгеру  деңгейінің  жалпы  еуропалық  құзыреттілігі:  үйрену,  оқыту, 

баға») тілдерді меңгеру деңгейлік моделіне сәйкес жүзеге асырылады

Қазақстандағы  үш  тілді  білім  беру  моделі  CEFR  аналогі  болып 

табылмайды,  бірақ  көрсетілген  құжатты  негізге  ала  отырып  оның  идеясы  мен 

негізгі  ережелерін  ұлттық  білім  беру  жүйесінің  нақты  бір  жағдайына 

бейімдейді. 

 

Үй тапсырмасы 

Назар аударыңыздар! 

Қазақстан  Республикасының  орта  білім  беру  ұйымдарында 

үй  тапсырмасын  ұйымдастыру  және  орындау  жөніндегі 

Әдістемелік ұсынымдамалар ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 

24 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілді. 

Үй  тапсырмасын  дайындау  уақытын  қысқарту    үшін  5-11-сыныптарда 

қосарланған сабақтар өткізуге болады. 

Үй тапсырмасын орындауда: 2-сыныпта - 50 минуттан, 3-4-сыныптарда  - 

70  минуттан,  5-6-сыныптарда  -  90  минуттан,  7-9-сыныптарда  -  110  минуттан,  

10-11-сыныптарда - 130 минуттан аспауы тиіс. 

Үй  тапсырмасын  (бір  оқу  күніне)  орындауға  жұмсалатын  уақыт 

шығынын  ескере  отырып,  тапсырманың  көлемі  бойынша  нормативтер 

өзгертілді. 

Үй тапсырмасын: 

1) Мерекелік  және  демалыс  күндері  (жалпы  дамуы,  жобалық 

жұмыстар  және  математикалық  мектептерде  есептерді  шешу  үшін 

көркем, қосымша әдебиеттерден басқа); 

2) бақылау жұмыстарын өткізгеннен кейін; 

3) бірінші  сынып  білім  алушыларына  (екінші  жартыжылдықтан 

бастап  көлемі  20  минуттан  аспайтын  уақыт  ішінде  оқылатын 

тапсырмалар берілуі мүмкін) бермеу ұсынылады. 

Бейнелеу  өнері,  көркем  еңбек,  музыка,  өзін-өзі  тану,  еңбекке  баулу, 

технология,  алғашқы  әскери  дайындық,  дене  шынықтырудан  үй  тапсырмасын 

басқа пәндермен кіріктіріп беру ұсынылады. 

Білім алушылар сабақта оқыту мақсаттарына жетсе («біледі», «түсінеді», 

«қолданады», «талдайды», «бағалайды» және «жинақтайды»), үй тапсырмасын 

орындаудың қажеттілігі болмайды. 

Орта білім беру ұйымдарының басшыларына педагог қызметкерлердің үй 

тапсырмасын ұйымдастыру бойынша жұмыстардың кезеңділігі мен мерзімдерін 

басқаруды  мектепішілік  бақылау  жоспарына  жазып,  мектеп  директорының 

бұйрығымен жыл сайын бекітіп отыру ұсынылады. 


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

13 



 

Үй  тапсырмасын  беру  кезінде  бастауыш  сынып  мұғалімдеріне,  пән 

мұғалімдеріне:  

1)  білім  алушыларға  үй  тапсырмасын  сабақ  үстінде,  қоңырауға  дейін 

хабардар ету; 

2)  үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқау беру; 

3)  көлемі  аз  тапсырмалар  (орындалуы  міндетті)  және  көлемі  көп 

тапсырмаларды (орындалуы ерікті түрде) үйлестіріп беру; 

4)  сабақта үй жұмысы бойынша қателермен жұмыс жүргізу ұсынылады. 

 

Назар аударыңыздар! 

«Жол жүру ережелері» кіріктірілген оқу бағдарламасы (бұдан 

әрі – ЖЖЕ) сынып сағаттарының есебінен және сабақтан тыс уақытта 

жүргізіледі де, тақырыбы мен мерзімі сынып журналының жеке бетіне 

жазылады.  

1-4-сыныптар –  әр сыныпта 6 сағаттан; 

5-8-сыныптар – әр сыныпта 10 сағаттан өткізіледі. 

1-8-сыныптарға  арналған  сабақтың  үлгі  ретінде  алынған  тақырыптары 

2017-2018 оқу жылына арналған Әдістемелік-нұсқау хатта берілген. 

ЖЖЕ оқу курсы бойынша сыныптың қағаз түріндегі журналының соңғы 

беттеріне  жазылады.  Сондай-ақ  сыныптың  электрондық  журналында  толтыру 

үшін қосымша беті бар. 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2013  жылғы  17  мамырдағы  №499 

қаулысымен    бекітілген    Жалпы  білім  беру  ұйымдары  (бастауыш,  негізгі  орта 

және жалпы орта білім беру) қызметінің  үлгілік қағидаларының  19 т. сәйкес, 

білім  алушылардың  ата-аналары  немесе  өзге  де  заңды  өкiлдерінiң  мүдделерiн 

ескере  отырып  және  жергiлiктi  білім  берудi  басқару  органдарымен  келісу 

бойынша білім беру ұйымдарында инклюзивті сыныптар (бір сыныпта ерекше 

білім  беру  қажеттілігі  бар  екі  баладан  артық  оқытылмауы  тиіс)  және  (немесе) 

бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн. 

Инклюзивті  сыныптардағы  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балалар 

психологиялық-медициналық-педагогикалық  кеңестің  ұсынысы  бойынша  

жалпы білім беретін  оқу немесе жеке бағдарламалар бойынша білім ала алады. 

Мемлекет  инклюзивті  білім  беру  принциптерін  жүзеге  асыру  барысыда  

мүмкіндігі  шектеулі  тұлғалардың    білім  алуы,    бұзушылықтарды  түзету  және 

бейімделуі үшін арнайы жағдай құруды қамтамасыз етеді.  

Балаларға 

 деген  толеранттылықты  тәрбиелеу  мақсатында  білім  алушыларға 

инклюзия режимінде жылына бір рет әр сыныптардың паралелінде инклюзивті 

білім беруді түсіндіру бойынша ата-аналар жиналысын өткізу ұсынылады. 

Білім  беру  ұйымдары  оқу  процесін  қашықтықтан  білім  беру 

технологиялары (бұдан әрі – ҚБТ) бойынша жүзеге асыра алады. 

ҚБТ  білім  берудің  барлық  деңгейінде  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғаларға, 

соның ішінде мүгедек-балаларға, I және II топтағы мүгедектерге, бала жасынан 

мүгедек тұлғаларға қатысты.  

ҚБТ  бойынша оқыту   бастауыш, негізгі  орта, жалпы орта білім  берудің 



Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

14 



 

оқу бағдарламаларымен  жүргізіледі.  

Білім  алушы  сабаққа  үнемі  қатыспай-ақ,  тиісті  білім  беру  бағдарламасы 

бойынша оқу пәндерін өз бетінше оқитын, экстернат  - оқыту түрі қолданылуы 

мүмкін.   

Экстернат  түріндегі  оқыту  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру 

ұйымдарында,  сонымен  қатар  мамандырылған  және  жалпы  білім  беретін  оқу 

бағдарламаларын жүзеге асыратын  білім беру ұйымдарында жүргізіледі.   

 

Назар аударыңыздар! 

Салауатты  өмір  салтын  насихаттау  мақсатында:  футбол  және 

басқа  да  спорттық  ойындар  бойынша  жарыстардың,  мектепішілік 

спартакиадалардың,  республикалық  және  халықаралық  сайыстар  сияқты  

спорттық  іс-шаралардың  қорытындысын  білім  алушылардың  мектептеріндегі 

спорттық жетістіктері ілінетін стендте хабардар етіп отыру ұсынылады. 

2019-2020  оқу  жылында  «Өмір  қауіпсіздігінің  негіздерін»  кіріктірілген 

оқу  бағдарламасы  (бұдан  әрі  –  ӨҚН)  міндетті  түрде  оқыту  қамтамасыз  етілуі 

тиіс,  бұл  ретте  білім  алушылардың  төтенше  жағдайларда  (өрт,  жер  сілкінісі 

және т.б)  практикалық дағдыларының қалыптасуына ерекше назар аударылуы 

тиіс. 

Осыған байланысты «ӨҚН»  курсын оқыту: 



– 1-4-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында;  

– 5-9-сыныптарда – «Дене шынықтыру» пәні аясында; 

–10-сыныптарда  «Алғашқы  әскери  дайындық»  оқу  курсының  аясында 

жүзеге асырылады.  

Бұл  ретте  «ӨҚН»  курсы  бойынша  өткізілген  тақырыптар,  мектеп 

журналына міндетті түрде жазылуы тиіс.  

Құрамына  барлық  мүдделі  министрліктер  (ҚР  ІІМ,  ҚР  ДМ,  ХҚК  және 

т.б.) кіретін жұмыс тобы «ӨҚН» жаңа бағдарламасын қайта қарау және бекіту 

жұмыстарын жүргізуде. 

2019-2020  оқу  жылында  «ӨҚН»  курсы  бойынша  жаңа  білім  беру 

бағдарламасын жүзеге асыруды бастау жоспарлануда.  

Жаңа  оқу  бағдарламасына  сәйкес  ӨҚН-нің  әр  тақырыбын  «Дүниетану», 

«Дене  шынықтыру»  және  «Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық» 

пәндерімен  байланыстыру  қарастырылады,  бұл  білім  беру  курсының  оқу 

міндеттілігін қамтамасыз етеді. 

2019-2020  оқу  жылында  жалпы  білім  беретін  мектептерде  «ӨҚН»  курсы 

10-сыныпта  «Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық»  жаңа  пәнінің 

аясында оқытылады. 



 

Назар аударыңыздар! 

2019-2020 оқу жылында 11-сыныптарға арналған білім мазмұны 

жаңартылған  оқу  бағдарламаларының,  оқулықтардың  және  ОӘК 

апробациясы 30 пилоттық мектептерде жүзеге асырылады. 

 

 


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

15 



 

Назар аударыңыздар! 

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында және бастауыш білім 

беру  ұйымдарында  ата-аналар  өткізетін  мерекелік  іс-шараларды 

өткізу кезінде, соның ішінде  балалардың туған күндерін қоса алғанда,  тек сол 

білім 

беру 


ұйымдарының 

қызметкерлері, 

балалардың 

ата-аналары 

шақырылады.  Мерекелік  іс-шараларды  білім  алушылардың  қатысуымен  және 

тек сол ұйымның әлеуетін пайдалана отырып өткізу ұсынылады. 

Аниматорларды шақыру ұсынылмайды.  Сыйлықтарды сатып алуға ақша 

жинауға болмайды.  

 

Назар аударыңыздар! 

Жаңа  оқу  жылында  республиканың  барлық  жалпы  білім  беру 

мектептеріне    «Бір-бірімізге  жақын,  зиянды  әдеттерден  аулақ 

болайық» профилактикалық бағдарламасын енгізу қарастырылып жатыр. 

Аталған  профилактикалық  бағдарлама  2016-2017  жылы  республиканың 

жалпы  білім  беретін  мектептерінде  апробациядан  өткізілді  және  сараптама 

нәтижесі  бойынша  жалпы  білім  беретін  мектептердің  оқу-тәрбие  процесінде 

қолдануға ұсынылады.   

Профилактикалық  бағдарлама  ата-аналармен  жұмыс  істеуге  арналған 

және сынып жетекшісі бір тоқсанда 1 рет өткізетін үш кездесуден тұрады. 

Ата-аналарға  арналған  сабақтар,  білім  алушылардың  үлгерімі  немесе 

басқа 


да 

мәселелер 

қарастырылатын, 

жоспарланған 

ата-аналар 

жиналыстарымен бір уақытта өткізілмеуі тиіс.  

Сынып  жетекшілеріне  көмек  ретінде  төмендегідей  әдістемелік 

материалдар әзірленді:  

– «Ата-аналармен жұмыс жүргізу бағдарламасы»;  

– «Ата-аналарға арналған кітапша». 

Сынып жетекшілеріне көмек ретінде «Бір-бірімізге жақын тұрып, зиянды 

әдеттерден  аулақ  жүрейік»  профилактикалық  бағдарламасы  ҚР  БҒМ  сайтына 

орналастырылады. 

 

 



Назар аударыңыздар! 

«Ұсынылған  пәндік  олимпиадалардың,  кәсіби  конкурстардың, 

ғылыми  жобалардың,  спорттық  жарыстардың  және  басқа  да 

шығармашылық 

іс-шаралардың 

тізбесін 

бекіту 

туралы» 


Қазақстан 

Республикасы  Білім  және  ғылым  министрі  м.  а.  2018  жылғы  9  тамыздағы    № 

394  бұйрығына      өзгерістер    енгізіліп,    Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым министрінің 2018 жылғы 24 мамыр №226 бұйрығымен  бекітілді.  



 

Назар аударыңыздар! 

2018  жылғы  10  қаңтардағы  Қазақстан  Республикасының 

Президенті  Н.  Назарбаевтың  «Төртінші  өнеркәсіптік  революция 

жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері»  Қазақстан  халқына 

Жолдауына сәйкес  педагог мәртебесін арттыру мақсатында мектеп мұғалімдері 


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

16 



 

аттестациясының жаңа жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2018  жылғы  9  ақпандағы  №  633  

Жарлығымен бекітілген жалпыұлттық жоспарының іс-шарасымен педагогтерге 

арналған ұлттық біліктілік тестін әзірлеу және оны өткізу бойынша іс-шаралар 

қарастырылған.  Мұғалімдерді  аттестаттаудың  жаңа  жүйесі  екі  кезең  бойынша 

жүзеге асады. 

Бірінші  кезең  -  Ұлттық  біліктілік  тестілеуі.  Бұл  рәсім  білім  беру 

ұйымдарында жұмыс істейтін, бастауыш,  негізгі орта және жалпы орта білім 

берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және арнайы білім беретін 

оқу  бағдарламаларын  жүзеге  асыратын  педагог  қызметкерлері  кәсіби 

құзыреттілігінің деңгейін айқындауға бағытталған. 

Мұғалімдерге берілетін тест сұрақтарының 70-і өз пәндері бойынша және 

30-ы педагогика мен оқыту әдістемесі бойынша ұсынылады.    

Екінші  кезең  –  қызметтің  қорытындыларын  кешенді  аналитикалық 

қорытындылау  –  келесі  көрсеткіштер  негізінде  педагог  қызметкерлері  мен 

оларға  теңестірілген  тұлғалардың  кәсіби  құзыретін  жүйелі,  бірізді  және 

объективті  зерделеу:  білім  алушылардың  білім  сапасы,  іскерлігі  мен 

дағдылары,  жетістіктері,  сабақ  беру  сапасы  және  аттестаттау  кезеңіндегі 

кәсіби жетістіктері. 

Аттестациядан  өткен  мұғалімдерге  жаңа  жүйе  бойынша  біліктілігіне 

қосымша үстемақы белгіленді: 

30% - «педагог-модератор»; 

35 % - «педагог-сарапшы»; 

40% - «педагог-зерттеуші»; 

50% - «педагог-шебер». 

Жаңа жүйе бойынша өтетін аттестацияны мезгілінен бұрын тек  өздерінің 

жалақысын  көбейткісі  келетіндігін  білдірген  пән-мұғалімдерінің  қалауы 

бойынша өткізіледі.  

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 51 бабына сәйкес, 

педагог  қызметкерлері  мен  оларға  теңестірілген  тұлғалар    аттестацияны    5 

жылда 1 рет және мезгілінен бұрын қалауы бойынша өтеді. 

Бұл  ретте  2018  жылы  кезекті  аттестациядан  өтетін  мұғалімдер  (жаңа 

санатқа  ие  болу  және  қазіргі  санатын  растау),  2018  жылдың  1  сәуіріне  дейін 

іске  қосылған  форма  бойынша  аттестациядан  өтті.    2018  жылы  берілген  және 

расталған біліктілік категориялары 5 жылдың ішінде күшін жоғалтпайды.  

Мұғалімдердің  еңбекақысын  төлеудің  жаңа  жүйесі  тестілеуден  өткен 

және  аталған  категорияны  растаған  мұғалімдер  жалақысына  30-50  пайызға 

дейін қосымша ақы алуға мүмкіндік береді. 

Аттестацияның  жаңа  жүйесі  тек  жоғарыда  аталған  категорияларды  ғана 

қарастырады. Аттестацияның жаңа жүйесінің ережелеріне сәйкес:  

1.  Дипломында  екі  пән  бойынша  мамандығы  бар  мұғалімдер,  мысалы,  

«химия  және  биология  мұғалімі»,  «тарих  және  география  мұғалімі», 

«математика  және  информатика  мұғалімі»,  бір  мезгілде  екі  пән  бойынша 

аттестациядан  өте  алады,  аттестацияның  оң  нәтижелерінің  қорытындыларына 

сәйкес, олар бірден екі пән бойынша қосымша ақы алады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет