ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ҧйымдарында оқу-тәрбие процесін


«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ



Pdf көрінісі
бет10/48
Дата23.10.2019
өлшемі5,04 Mb.
#50520
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48

«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ 

 

«Математика  және  информатика»  білім  беру  саласының  мазмұны 



«Математика»  және  «Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар»  пәндері 

арқылы жүзеге асырылады. 

 

«Математика» оқу пәні   

Математика  бойынша  бастапқы  білім  сыни  тұрғыдан  ойлау  қабілетін 

дамытады,  зерттеу  және  қарым-қатынастың,  математикалық  білімді  ӛмірде 

қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. 

Бастауыш  сынып  білім  алушылары  математика  курсын  игере  отырып, 

талдау,  синтездеу,  жіктеу,  салыстыру,  себеп-салдарлық  қатынастар  мен 

заңдылықтарды  анықтауды  үйренеді,  түрлі  заттар  мен  қоршаған  орта 

құбылыстарын  сипаттау  үшін  математикалық  тілдің  негіздерін  игереді,  білім 

мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге 

негіз болады. 



Математика»  пәнін  оқыту  бейнелік  және  логикалық  ойлауды  дамытуға, 

математикалық  тілді  дамытуға,  оқу-танымдық  және  практикалық  міндеттерді 

шешуге,  айтылған  пікірді  дәйектеу,  дәлелдеу,  негіздеу  біліктерін  дамытуға, 

басқалардың пікірлерін бағалау және қабылдауға бағытталған. 

«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі: 

1)  1-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 132 сағат; 

2)  2-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат; 

3) 3-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағатты; 

4) 4-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағатты құрайды. 

4-сыныпта  сабақтастық  және  тереңдету  принципін  сақтай  отырып, 

математиканы  оқытудың  бүкіл  курсы  бойынша  білімдер  және  дағдыларды 

жүйелі дамытужәне тереңдете түсу қамтамасыз етіледі. 

 «Математика»  оқу  пәнінің  мазмұныбілім  берудің  кейінгі  деңгейлерінде 

жалғасын табатын бес бӛлімнен тұрады: 

1.  Сандар және шамалар. 

2.  Алгебра элементтері. 

3.  Геометрия элементтері. 

4.  Жиындар. Логика элементтері. 

5.  Математикалық модельдеу. 

Білім 


алушылардың 

математика 

курсы 

бойынша 


білімдерінің 

сабақтастығын  қамтамасыз  ету  үшін  пәннің  оқу  бағдарламасына  2013  жылғы 

бастауыш  білім  беру  деңгейінің  оқу  бағдарламасында  қарастырылмайтын 

«Комбинаторика»,  «Тізбектер»,  «Жиындар  және  олармен  орындалатын 

амалдар» деп аталатын жаңа бӛлімшелер енгізілді. Жаңа оқу бағдарламасында 

негізгі және жоғары мектептерде геометрияны табысты меңгерудің алғышарты 

болып 

табылатын 



«Геометриялық 

фигуралар» 

бӛлімшесі 

кеңінен 


қарастырылған. 

Бұл  бӛлімшелерді  оқып-үйрену  4-сыныптың  білім  алушыларында 

логикалық  ойлаудың,  процестер  мен  құбылыстарды  талдау,  себеп-салдарлық 


 

77 


 

байланыстарды  табу,  бұл  құбылыстардың  заңдылықтары  мен  тенденцияларын 

ашу  дағдыларының  дамуына  ықпал  етеді.  Бұл  сипаттағы  тапсырмалар  TIMSS 

халықаралық зерттеулерінде кездеседі. 

«Математика»  пәні  бойынша  мұғалім  алдын  ала  дайындалған 

критерийлер  мен  дескрипторлар  бойынша  әр  түрлі  жұмыс  түрлерін  жүргізіп, 

оқу тапсырмаларын бере алады (19-кесте). 

 

30-кесте – Жұмыс түрлерінің критерийлері мен дескрипторлары 



 

№ 

Жұмыс түрлері 



Критерийлер/дескрипторлар 



Берілген  мәліметтері  жетіспейтін 



есептерді шешу 

Білім алушылар сандары,  шарты мен 

сұрағы бар есептердің шығару 

жолдарын жақсы түсіну үшін оларға 

жетіспейтін мәліметтері бар есептерді 

ұсынуға болады. 

- мәліметтері 

толық  емес  есептерді 

ажырата біледі; 

- есепті 

жетіспейтін 

мәліметпен 

толықтыра алады; 

- жазбаны нақты мәліметтермен 

толықтыра алады

 



Артық мәліметтер берілген есептерді 

шешу 

Білім алушылар сандары,  шарты мен 

сұрағы бар есептердің шығару 

жолдарын жақсы түсіну үшін оларға 

артық мәліметтері бар есептерді 

ұсынуға болады. 

артық  мәліметтері бар есептерді 



ажырата алады; 

есептің  шартын ӛзгерте және 



дәлелдей алады; 

бақылай, салыстыра және қорытынды 



шығара алады 



Графикалық модельдеу 

Графикалық модель – сюжеттік 

есептің сызбасы, ол білім алушыларға 

есеп шартында берілген абстрактілі 

қатынастарды нақты кеңістіктік 

формада түсінуіне кӛмектеседі.  

есеп мәтінін сызбамен келтіре алады; 



есеп  мәтінін  және  оған  сай  келетін 

сызбаны сәйкестендіре алады; 

есептің  берілгендерімен  модельді 



толтыра алады; 

сызба бойынша есеп құрастыра алады 





Заңдылықтарды табу және ӛзінің 

заңдылықтарын жасауға арналған 

шығармашылық тапсырмалар

Математикалық заңдылық – бұл 

белгілі бір ереже. Осы ереже бойынша 

элементтердің сандық, пішіндік немесе 

басқа да қатарында белгілі бір сәйкес 

тәртіппен элементтердің немесе 

олардың қасиеттерінің қайталануы 

немесе ӛзгеруі болып табылады. 

заңдылық – бұл белгілі бір ереже, 



іздеу екенін біледі; 

-  элементтері/заттар  белгілі  бір  ереже 

бойынша орналасқанын түсінеді; 

- топтастыра және қорытынды жасай 

алады. 

 

Пән  бойынша  жиынтық  бағалау  тоқсандық  жиынтық  бағалауды  (ТЖБ) 



және  бӛлім  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ)  рәсімдерінің  нақты  санын 

жүргізуді  кӛздейді.  1-сыныпта  пән  бойынша  жиынтық  бағалау  үшінші 

тоқсаннан  басталады.  Тӛменде  бӛлім/ортақ  тақырып  үшін  жиынтық  бағалау 

саны  кӛрсетілген (20-кесте). 

 

 

 



 

78 


 

31-кесте – «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны  

 

Сыныптар 



Бӛлім/ортақ тақырыптар бойынша 

жиынтық  бағалау саны  

1-тоқсан 

2-тоқсан  

3-тоқсан 

4-тоқсан  

1-сынып 



2-сынып 





3-сынып 




4-сынып 






 

 «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәні   

Бастауыш  мектепте  «Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар»  (әрі 

қарай  –  АКТ)  пәнін  оқытудың  мақсаты  оқушылардың  заманауи  ақпараттық 

технологияларды  практикада  тиімді  пайдалану  үшін  компьютерлік  дизайн, 

ақпаратты  ұсыну  және  ӛңдеу,  Интернетте  жұмыс  істеу,  есептей  білу  және 

робототехника  бойынша  базалық  білімдер  мен  дағдыларды  қамтамасыз  ету 

болып табылады. 

2019-2020 

оқу  жылында  республиканың  жалпы  білім  беретін 

мектептерінің  3-ші  және  4-сыныптарында  АКТ  пәнін  оқыту  Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 

бұйрығымен  бекітілген  бастауыш  білім  берудің  1-4-сыныптарына  арналған 

«Ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялар» 

пәнінен 

жаңартылған 

мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. 

3-сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу 

пәнінің базалық мазмұны:  

1) «Компьютер»; 

2) «Ақпаратты ұсыну және ӛңдеу»; 

3) «Интернет желісіндегі жұмыс». 

Бастауыш 

мектепте 

«АКТ» 

пәнін 


оқыту 

негізгі 


мектептегі 

информатиканың негізгі курсын оқытудың пропедевтикасын қамтамасыз етеді. 

Ақпараттық  технологиялар  әртүрлі  білім  салаларымен  интеграциялау 

үшін  ресурстар  мен  техникалық  құралдарды  қамтамасыз  ететін  басқа  да  оқу 

пәндерін оқып-үйренудің жаңа құралына айналуда. 

4-сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу 

пәнінің базалық мазмұны: 

1) «Компьютер»: компьютер құрылғылары: компьютерлік және мобильді 

технологиялардың  ескіруі  ғылыми-техникалық  прогреспен  байланысты  екенін 

түсіндіру.  

Қауіпсіздік:  сенімді пароль критерийлері; 

2) «Ақпаратты ұсыну және ӛңдеу».  

Мәтін: мәтіндегі кестелер.  

Презентациялар: слайдтың макеті; объектілердің анимациясы; бейне мен 

аудионы орналастыру. 

Мультимедиа: бейнеролик жасау. 

3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу: компьютерде  файл мен 

бумаларды  іздеу;  ақпарат  алмасу  :  браузерді  реттеу  (бетбелгі,  журнал  мен 



 

79 


 

жүктеу); электрондық пошта: хабарлама қабылдау және жіберу, файлдары қоса 

берілген хабарлама. 

4)  «Есептей  білу»:  алгоритмдер:  енгізілген  циклдер,  логикалық 

операторлар, салыстыру операторлары. 

Программалау:  программалау  ойын  алаңында  айнымалыларды  қолдану; 

жеке сценарийі бойынша ойын әзірлеу. 

5) «Робототехника»: түс датчигі; ультрадыбыс датчигі. 

«Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар»  пәні  бойынша  оқу 

жүктемесінің кӛлемі:  

1) 3-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылы бойынша 34 сағат; 

2) 4-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылы бойынша 34 сағат.  

Оқыту 

процесінде 



белсенді 

оқыту 


стратегияларын 

қолдану 


(тапсырмаларды  орындау  арқылы  практикалық  дағдыларды  іске  асыру);  кері 

байланыс алу (оқушылар арасында немесе мұғалім мен оқушы арасында); оқуға 

ынталандыруға ықпал ету (оқушыға сенімділік беру); оқыту сапасын жетілдіру 

(сараланған тапсырмалар) ұсынылады.  

Бастауыш  мектепте  «Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар» 

пәнін  оқу  негізгі  мектепте  информатиканың  базалық  курсын  меңгеруді 

қамтамасыз етеді.  

Бастауыш  сыныптарда  «Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар» 

пәнін оқытудың әдістемелік ерекшелігі бастауыш мектепте білім алушылардың 

жас  ерекшеліктерін  және  «Информатика»  пәнінің  ерекшелігін  ескере  отырып, 

оқытудың  белсенді  формалары  мен  әдістерін  оқу  процесіне  кіріктіру  болып 

табылады. 

2019-2020  оқу  жылында,  мысалы,  4-сынып  оқушылары  үшін  «Есептей 

білу»  бӛлімінің  тақырыптары  жаңа  болады:  онда  білім  алушылар  енгізілген 

циклді  іске  асыруды,  логикалық  операторларды  пайдалануды,  салыстыру 

операторларын  пайдалануды,  айнымалыларды  пайдалануды,  ӛз  сценарийі 

бойынша  ойын  жасауды  және  түстер  датчиктерін  пайдалануды  үйренеді. 

Түсініктерді жақсы меңгеру үшін оларды ӛмірде жиі кездесетін нақты ӛмірмен 

байланыс арқылы, жұмыс формаларының, әдістерінің, тәсілдерінің әртүрлілігін 

пайдалана отырып кӛрсету ұсынылады. Осы бӛлімнің ұғымдарын енгізу кезінде 

белсенді тыңдау дағдыларын дамыту әдістері мен жаңа білімді зерттеу кезінде 

оқушылардың тәжірибесін қолдану әдістерін қолдану қажет.  

Мысалы, «енгізілген цикл» ұғымы ӛмірде айлар ауысқанда (12 ай ӛткенде 

–  жыл  ӛзгереді),  күндер  ауысқанда  (30  күн  ӛткенде  –  ай  ӛзгереді),  тәулік 

ауысқанда (24 сағат ӛткенде – күн ӛзгереді), сағат ауысқанда (60 минут ӛткенде 

–  сағат  ӛзгереді)  және  т.б.  кездеседі.  Логикалық  операторлар,  салыстыру 

операторлары  және  айнымалылар  оқушыларға  таныс  математика  есептері 

арқылы түсіндіріледі және т. б. 

 Ақпараттық 

технологиялар 

әртүрлі 

білім 


беру 

салаларымен 

интеграциялау  үшін  ресурстарды  және  техникалық  құралдарды  қамтамасыз 

ететін басқа да тақырыптарды зерттеудің жаңа құралы болып табылады.  

Пән бойынша бӛлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) 

және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) қарастырылған. Тӛменде бӛлім/ортақ 



 

80 


 

тақырыптар бойынша жиынтық  бағалау саны берілген. 

 

32-кесте  «Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар»  пәні  бойынша 



жиынтық бағалау саны 

 

Сыныптар 



Бӛлім/ортақ тақырыптар бойынша 

жиынтық  бағалау саны  

1-тоқсан 

2-тоқсан  

3-тоқсан 

4-тоқсан  

3-сынып 



4-сынып 





 

  



«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ 

 

«Жаратылыстану»  білім  саласының  мазмұнында  «Жаратылыстану»  пәні 

ұсынылады. 

«Жаратылыстану» оқу пәні 

«Жаратылыстану» пәнінің мазмұны «Адам – Табиғат» жүйесі аясындағы 

ғылыми білімдердің қарапайым деңгейін қамтамасыз етеді.  

Оқу  пәні  қоршаған  әлемнің  күрделілігі  мен  кӛпқырлылығын,  сондай-ақ 

табиғи  құбылыстар  мен  процестердің  ӛзара  байланысын;  жанды  және  жансыз 

табиғатта  болып  жатқан  кейбір  табиғи  құбылыстар  мен  процестердің 

себептерін;  жаратылыстану-ғылыми  білімнің  адамның  кӛптеген  іс-әрекет 

түрлері үшін маңыздылығын; алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері 

арқылы  алынған  білімнің  күнделікті  ӛмірмен  байланысын  түсіндіруге 

бағытталған. 

«Жаратылыстану»  оқу  пәні  негізгі  мектепте  «Биология»,  «Физика», 

«География»  және  «Химия»  пәндерінен  білім  берудің  негізі  және  

пропедевтикалық курсы болып табылады. Бастауыш мектепте білім алушылар 

негізгі  мектептің  барлық  жаратылыстану-ғылыми  пәндері  курстарынан 

алғашқы түсініктер алады. 

 

«Жаратылыстану» пәнінің бастауыш мектептегі мазмұны зерттеу, ойлау, 



коммуникативтік  дағдылар  мен  біліктер  негіздерінің  қалыптасуына 

бағытталған: 

1)  гипотеза  құру  және  оларды  тексерудің  жолдарын  ұсыну, 

эксперименталды берілулер негізінде қорытынды жасау; 

2)  мәселені  анықтау,  сұрақтарды  дұрыс  құру,  зерттеу  жұмысының 

жоспарын құру, бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу жұмысының нәтижесін 

бағалау және сипаттау, пайымдау, қорытынды шығару; 

3)  БАҚ  хабарламалары  мазмұнындағы,  Интернет  ресурстарындағы, 

ғылыми-кӛпшілік әдебиеттердегі жаратылыстану ғылымындағы ақпараттармен 

жұмыс: іздеу әдістерін игеру, ақпараттың мағыналық негізін айрықшалау және 

ақпараттың растығын бағалау; 

4)  ӛлі  және  тірі  табиғаттағы  үрдістердің  сипатын,  экожүйе 

компоненттерінің  ӛзара  байланысын,  адам  әрекетінің  қоршаған  ортаға  қалай 


 

81 


 

ықпал ететінін ашуға кӛмектесетін қарапайым эксперименттер мен бақылаулар 

жүргізу;  

5)  ӛзіндік  қарапайым  зерттеулердің  қорытындыларын  түрлі  формада 

ұсыну; 

6)  жаратылыстану  ғылымы  саласындағы  маңызды  жетістіктердің 



қолданбалы мәнін түсіндіру. 

«Жаратылыстану»  пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі: 1-сыныпта  – 

аптасына  1  сағаттан,  оқу  жылында  –  33  сағатты,  2-сыныпта  –  аптасына  

1  сағаттан,  оқу  жылында  –  34  сағатты,  3-сыныпта  –  аптасына  2  сағаттан,  оқу 

жылында  –  68  сағатты,  4-сыныпта  –  аптасына  2  сағаттан,  оқу  жылында  –  

68 сағатты  құрайды. 

Ұзақ  мерзімді  жоспардың  «Жанды  табиғат»,  «Заттар  және  олардың 

қасиеттері»,  «Жер  және  ғарыш»,  «Табиғат  физикасы»  бӛлімдерінің 

әрқайсысының  оқу  мақсаттары  «Мен  –  зерттеушімін»  бӛлімінің  оқу 

мақсаттарымен  кіріктірілген,  ол  білім  алушылардың  зерттеушілік  білік  және 

дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. 

Пән  бойынша  жиынтық  бағалау  тоқсандық  жиынтық  бағалауды  (ТЖБ) 

және  бӛлім  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ)  рәсімдерінің  нақты  санын 

жүргізуді  кӛздейді.  1-сыныпта  пән  бойынша  жиынтық  бағалау  үшінші 

тоқсаннан  басталады.  Тӛменде  бӛлім/ортақ  тақырып  үшін  жиынтық  бағалау 

саны  кӛрсетілген (33-кесте). 

 

33-кесте – «Жаратылыстану» пәні бӛлім бойынша жиынтық бағалау саны  



 

Сыныптар 

Бӛлім/ортақ тақырыптар бойынша 

жиынтық  бағалау саны  

1-тоқсан 

2-тоқсан  

3-тоқсан 

4-тоқсан  

1-сынып 



2-сынып 





3-сынып 




4-сынып 




 

 



«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ 

 

«Адам  және  қоғам»  білім  беру  саласының  мазмұны  «Дүниетану»  және 

«Ӛзін-ӛзі тану» пәндері арқылы беріледі. 

 

«Дҥниетану» оқу пәні  

«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны адам, табиғат және қоғам, оның ішінде 

отбасы,  мәдениет,  денсаулық,  қарым-қатынас,  ұлт,  қауымдастық,  мемлекет, 

қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған. 

Бұл  оқу  пәні  негізгі  және  жоғары  мектепте  қоғамдық-гуманитарлық 

ғылымдар  циклі  пәндерінің  негізін  қалай  отырып,  олардың  ӛзара  байланысы 

мен 


тәуелділігі 

жӛніндегі 

білім 

жүйесін 


құрайтын 

кіріктірілген 

пропедевтикалық  пән.  Ол  Қазақстан  тұрғындарының  әлеуметтік,  моральдық, 


 

82 


 

шығармашылық және коммуникативтік ӛмірінің жалпы бейнесін кӛрсетеді, ӛзі, 

үйі,  отбасы  мәселелері  негізінде  білім  алушылардың  қоршаған  орта  туралы 

түсініктерін дамытуға ықпал етеді. 

«Дүниетану»  пәні  бойынша  оқу  жүктемесінің  кӛлемі:  1-сыныпта  – 

аптасына 1 сағат, оқу жылында  – 34 сағат;  2-сыныпта  – аптасына 1 сағат, оқу 

жылында – 34 сағат; 3-сыныпта – аптасына –1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты; 

4-сыныпта – аптасына – 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды. 

Мұғалім  дүниетану  сабақтарында  оқытудың  түрлерін    қолдана  алады  

(34-кесте).

 

 

34-кесте – «Дүниетану» оқу пәнін оқыту бойынша «стратегия» үлгілері 



 

№ 

Жұмыс түрлері 



Критерийлер/Дескрипторлар 



«Ӛсімдікті таны» 

Білім алушылар ӛсімдіктер туралы сипаттау мәтінін 

оқиды немесе тыңдайды.  

- Мына ӛсімдікті атаңыз.  

- Адамдар оны қалай пайдаланады? 

 

- ӛсімдіктің атауын сипаты 



бойынша анықтайды; 

- бұл ӛсімдіктің не үшін 

қолданылатынын біледі 

«Жедел жәрдем» ойыны. Мысалы, 



- Жараларды емдеу үшін қандай ӛсімдіктер 

пайдаланылады? (алоэ, түймедақ, жолжелкен, 

орамжапырақ...) 

- Қызуды басу үшін қандай ӛсімдіктер 

пайдаланылады?(таңқурай, лимон) 

- Жүрек ұстамасы кезінде қандай ӛсімдік 

пайдаланылады? (валериан) 

- Қандай шӛптің кӛмегімен қалай күн соққысынан 

құтылуға болады? (басқа түйежапырақты қою керек) 

- Кӛруді жақсарту үшін қандай жемістерді адамдар 

тұтыну керек? (сәбіз, қаражидек) 

- Қай гүлдің тұнбасына шаш жуғанда сары түс 

береді? Оларды атаңыз. (гүл, түймедақ) 

- жараларды емдеу үшін 

қандай ӛсімдіктердің 

қолданылатынын біледі; 

- қызуды басатын дәрі 

ретінде қандай ӛсімдіктер 

пайдаланылатынын біледі; 

- жүрек ұстамасы кезінде 

қандай ӛсімдікті 

қолданатынын біледі; 

- қандай шӛптің кӛмегімен 

күн соққысынан сақтануға 

болатынын біледі; 

- адамдар кӛруді жақсарту 

үшін қандай жемістерді 

тұтынатынын біледі; 

- қандай шӛптің тұнбасына 

жуылған шаштың түсі сары 

түсті болатынын біледі 



«Орман тыңшылары» ойыны 

Балалар орманда болған тӛтенше оқиғаларды, 

табиғаттағы кез келген ӛзгерісті (ағаштардың кесілуі, 

сүйікті алаңындағы кӛп гүлдердің жұлынуы, 

бұлақтың ластануы) зерттеп, тексеру жүргізеді.  

- оқиғалар тізбегін құра 

алады; 


- ӛз тұжырымдарын жасай 

алады; 


- табиғатты қорғау туралы 

біледі 


«Құстар асханасы» 

Жобаның мақсаты – мектеп немесе үйдің 

ауласындақұстардың тұрақты «асханасын» жасау 

және  ұйымдастыру. Жобаның бірінші кезеңі – 

құстарғаарналған үйшіктерді дайындау бойынша 

әдебиеттерді зерделеу, тәжірибе алмасу, жем жинау. 

Жобаның екінші кезеңі – дайындалған үйшіктердің 

кӛрмесі.Жобаның үшінші кезеңі – «асхананың»  

- құстардың үйшігітуралы 

ақпаратпен жұмыс жасай 

алады; 


- үйшікті жасайалады; 

- үйшікті таныстыра біледі 



 

83 


 

салтанатты ашылуы (презентация) 



Экологиялық жағдаят 

Жерге тасталынған банан қабығы біздің климатта  

шамамен 2 жылда ыдырайды.  

Пластикалық пакет шамамен 96 жылға ұзағырақ 

уақытта ыдырайды. Пакеттің ыдырауына, шіруіне 

неше жыл қажет? 

- пакеттіңшіруіне неше жыл 

қажет екенін біледі; 

- табиғатты қорғау 

жӛніндебіледі 



«Мен ӛзенді қорғаймын» экологиялық міндеті  

Тӛменгі жағын үнемі су шайып жататын жарды 

немесе жағалауды қалай бекітуге болатыны туралы  

ұсыныстарыңызды айтып кӛріңіз. 

- ӛзенді құтқару үшін 

ӛсімдіктер тамырының 

пайдаланылатынын біледі; 

- ӛсімдіктің белгілі бір түрін 

(тамыры мықты ӛсімдіктер) 

пайдалану керектігін 

дәлелдей алады; 

- қандай ӛсімдіктің сол жерде 

жақсы жерсінетінін біледі; 

- ӛз жауабын түсіндіре біледі 



«Жасыл досқа» хат  

Мұғалім білім алушыларды белгілі бір жағдаятпен 

таныстырады. Балаларға хат жазуды, мысалы, ағашқа 

хат жазуды ұсынады. Жұмыс шағын шығарма түрінде 

(ойын элементтерінің болғаны жақсы) жүргізілуі 

мүмкін: конвертке хат салынып, суреттермен 

толтырылады, мекенжайы толтырылады. 

- қандай да бір жағдаятқа ене 

алады; 

- хат жаза біледі 





«Экологиялық мамандық» коллажы 

Жобаның бірінші кезеңі – экологиялық мамандықтар 

деп санауға болатын мамандық түрлері (орман 

шаруашылығының, қорықтардың қызметкерлері, 

экологиялық қызмет, кӛгалдандыру қызметкерлері, 

хайуанаттар бағының қызметкерлері, дәрігер, 

жүргізуші, ғарышкер, аула тазалаушы, бағбан, 

зертханашы және т.б.) туралы білу. Балалар осы 

мамандықтар туралы материал жинайды. Жобаның 

екінші кезеңі мамандықты қорғау болып табылады. 

Бұл кезде білім алушыларосы мамандықтар туралы 

әңгімелейді, фактілер келтіреді, суреттер, плакаттар, 

фотосуреттер кӛрсетеді, сюжеттерді ойнап кӛрсетеді. 

- экологиялық мамандықтар 

туралы ақпарат жинай алады; 

- осы мамандықтың 

таныстырылымын жасай 

біледі 




Табиғаттың «Шағым кітабы». 

Білімалушылар «Шағым кітабына» туған ӛлкесінің 

аумағында ӛсетін ӛсімдіктер мен тіршілік ететін 

жануарлардан келіп түсетіншағымдарды жазады. 

Жобаның бірінші кезеңі – қоршаған ортаның 

(жануарлар, ӛсімдіктер)жағдайын бақылау 

мақсатында экскурсия жасау, қосымша ғылыми 

әдебиеттерді зерделеу. Жобаның екінші кезеңі – 

ӛсімдіктер мен жануарлар атынан шағымдарды 

сипаттау әңгімесін жазу.  Түскен шағымдарды 

талқылау және оларға жауап беру. Үшінші кезең – 

материалдарды безендіру, балалардың 

шығармашылық жұмыстары мен суреттері 

орналастырылған кітап жасау. 

- экскурсияда кӛргендерін 

салыстыра біледі; 

- қосымша әдебиеттермен 

жұмыс жасай алады; 

- ӛсімдіктер мен жануарлар 

атынан әңгіме жаза алады; 

- ӛзінің шағын кітапшасын 

жасай алады 

 


 

84 


 

Пән бойынша жиынтық бағалау бӛлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) 

рәсімдерінің  жүргізуді  кӛздейді.  1-сыныпта  пән  бойынша  жиынтық  бағалау 

үшінші тоқсаннан басталады. Тӛменде бӛлім бойынша жиынтық бағалау саны  

кӛрсетілген (35-кесте). 

 

35-кесте – «Дүниетану» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны  



 

Сынып 


Жиынтық бағалау рәсімдері 

І тоқсандағы ЖБ 

саны 

ІІ тоқсандағы ЖБ 



саны 

ІІІ тоқсандағы ЖБ 

саны 

ІV тоқсандағы ЖБ 



саны 

1-сынып 




2-сынып 




3-сынып 




4-сынып 




 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет