ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ҧйымдарында оқу-тәрбие процесін



Pdf көрінісі
бет46/48
Дата23.10.2019
өлшемі5,04 Mb.
#50520
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48

Әдістемелік қызмет тҥрлері: 

Әдістемелік  кӛмек –  әдіскердің,  мектеп  және  мектепке  дейінгі  ұйымдар 

әдіскерлерінің,  педагогтардың,  балалар  ұжымының  сұраныстары  мен 

қажеттіліктеріне  жедел  және  перспективалық  әрекет  етуі.Әдістемелік  кӛмек 

түрлі құралдармен – кеңес беру, әдістемелік басшылық, әдістемелік қамтамасыз 

ету және т.б. жүзеге асырылады.  

Тақырыптық  кеңес  әдіскермен  алдын-ала  жоспарланып,  перспективалық 

жоспарға  енгізіледі.  Тақырыптық  кеңестерді  оқыту  семинарларының 

бағдарламасына  енгізуге  болады.  Тақырыптық  кеңестерге  дайындық  кезінде 

әдіскер кӛрнекі құралдар мен әдістемелік материалдарды таңдайды.  



Ағымдағы кеңес педагогикалық қызметкерлердің кәсіби қызметі барысында 

туындайтын әртүрлі мәселелер бойынша жүйелі түрде ӛткізіледі.  



Жедел 

кеңес 

әкімшіліктің, 

әдіскердің 

бастамасы 

бойынша 

педагогтердің   нақты  тәрбие  ісітерін  ұйымдастыру  және  жүргізу  барысында 

ӛткізіледі.Әдіскердің  құзыреттіліг  жіберілген  қателіктерге  жедел  әрекет 

еткенде және шұғыл кӛмек кӛрсетуде кӛрінеді. 



Тәлімгерлік жас мамандармен жұмыста, сондай-ақ нәтижелі педагогикалық 

тәжірибені  игеруде  қолданылады. Осы  кӛмек  түрінің  негізінде,  педагог 

қызметінің  проблемалық  ӛзіндік  талдау,  оқу  бағдарламаларын,  жаңа 

әдістемелерді  апробациялау  жағдайы  мен  процесс  талдау  және  т.б.  деректері 

бар.  

Әдістемелік  басшылық  педагог  қызметкерлермен  бірге  бірлескен 

шығармашылық  қызметтің  перспективалық  және  нақты  мақсаттарын,  оларға 

қол  жеткізудің  тиісті  тәсілдерін  нақты  айқындаумен  айқындалады,  білім  беру 

қызметін ұйымдастыру кезеңдері мен тәртібін белгілейді, білім беру қызметінің 

нәтижелілігінің 

ӛлшемдері 

мен 

кӛрсеткіштерін 



әзірлейді, 

жұмыс 


бағдарламалары мен жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. 

Әдістемелік  оқыту –  әдіскерлердің  әдістемелік  бірлестіктерін  құру  және 

жұмысқа  қатысу,  сондай-ақ  педагогикалық  шберханаларды,  проблемалық 

семинарларды, пікірталас клубтарын, шығармашылық зетрханаларды құру. 

Әдсітемелік қызмет түрлері: 

- теориялық семинарлар (баяндамалар, хабарлама);  

- семинар-практикумдар (баяндамалар, хабарлама); 

-  диспуттар,  пікірталастар  («дӛңгелек  үстел»,  диалог-дау,  дебаттар,  форум, 

симпозиум, «аквариум техникасы», «панельді пікірталас», «идеялар» кассетасы 

және т.б.);  

- «іскер ойындар», рӛлдік ойындар, иммитация - сабақ; панорама-сабақ; 

- ғалым-дидакт, психолог, социолог, логопед және дәрігер дәрістері;  

-  қазіргі  заманғы  жаңа  әдістемелерді,  технологияларды,  психологиялық-

педагогикалық ғылымның жетістіктерін талқылау;  



 

419 


 

-  жеке  ашық  сабаққа,  ӛзара  сабаққа  қатысу,  іс-шараларға  немесе  олардың 

цикліне қатысты талдау;  

- авторлық оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын талқылау және талдау;  

- балалардың дамуын диагностикалау әдістерін талқылау;  

-  түрлі  кӛрмелер,  ӛз  білімін  жетілдіру  бойынша  есептер  (баяндамалар, 

рефераттар, сабақ әзірлемелері, дидактикалық және кӛрнекі құралдар дайындау; 

үздік балалар жұмыстарының кӛрмелері;  

-  нәтижелі  педагогикалық  тәжірибені  талқылау  және  оны  тарату  мен 

енгізуге ұсыныстар;  

- «Үздік әдіскер», «Үздік жыл мұғалімі» байқаулары;  

- педагогикалық оқу, ғылыми-практикалық конференциялар жән т.б. 

Әдістемелік 

қызмет 


үлгісіне 

сәйкес 


әдістемелік 

орталықтардың/кабинеттердің мақсаттары мен міндеттері анықталды

1



*  Жаңартылған  білім  беру  мазмұны  жағдайында  педагогтарды  әдістемелік 



қолдау; 

*  Заманауи  білім  беру  саясаты  контекстінде  педагогтармен  әдістемелік 

жұмыстың мазмұны мен формаларын жаңарту

* Консалтингтік қызметтер спектрін кеңейту, олардың қол жетімділігі мен 

сапасын қамтамасыз ету;  

* Қызметкерлерді ішкі және сыртқы оқыту есебінен ӛзінің кадрлық әлеуетін 

күшейту. 

  Әдістемелік қызметінің критерийлері: 

* Педагогтардың кәсіби ӛзін-ӛзі жетілдіру, 

* Авторлық бағдарламаларды әзірлеу, 

*  Инклюзивті  білім  беруді,  менторлық  институтты,  критериалды  бағалау 

бойынша мектеп және ӛңірлік үйлестірушілердің қызметін дамыту үшін жағдай 

жасау. 

  Әдістемелік  қызметтердің  қызметі  педагогтердің  біліктілігін  арттыруды 



болжаумен,  жоспарлаумен  және  ұйымдастырумен,  олардың  қызметінің 

мониторингімен,  инновациялық  педагогикалық  тәжірибенің  әзірлемелерін 

сараптаумен, әдістемелік құралдар мен ұсынымдарды әзірлеумен айқындалады.  

Осылайша,  білім  берудің  жаңартылған  мазмұны  жағдайында  әдістемелік 

кабинеттің/орталықтың  қызметі  заманауи  педагогикалық  парадигмаға,  жаңа 

педагогикалық ойлауға, педагогтың кәсіби қызметінің жеке стиліне, сондай-ақ 

заманауи  педагогикалық  технологияларға  негізделген  білім  беру  процесінің 

жоғары сапасына қол жеткізуге және қолдауға бағытталған. 

 

 

 



                                                      

1

 



Жаңартылған білім мазмұны жағдайында әдістемелік кабинеттердің дамуы. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2019. – 116 б. 



https://nao.kz/blogs/view/



   

 


 

420 


 

17 

 

ПИЛОТТЫҚ 



ОРТА 

БІЛІМ 

БЕРУ 

ҦЙЫМДАРЫНДА 

ОҚУ 

БАҒДАРЛАМАЛАРЫ, ОҚУЛЫҚТАР МЕН ОӘК АПРОБАЦИЯДАН ӚТКІЗУ 

 

17.1    11-сыныптың  оқу  бағдарламаларын,  оқулықтары  мен  ОӘК-ні 

апробациялау 

  

11  сыныптардың  оқу  пәндері  бойынша  оқулықтар  мен  ОӘК 

апробациясының  мақсаты  –  жаңартылған  білім  беру  мазмұны  бойынша 

әзірленген  оқулықтар  мен  ОӘК  сапасын  бағалау  және  оларды  одан  әрі 

жетілдіру. 

Міндеттер: 

 



әзірленген оқулықтардың, ОӘК тиімділігін практикада тексеру: 

 



оқулықтар сапасы, ОӘК (әзірленген мазмұнының сәйкестігі);  

 



оқулықтар,  ОӘК  Үлгілік  оқу  бағдарламалары,  оқу  мақсаттарына  қол 

жеткізуге ОӘК бағыттылығы, дизайны); 

 

апробациядан  ӛткізілетін  оқулықтардың  оқу  бағдарламасына  сәйкес 



дәрежесін анықтау; 

•  жаңартылған  білім  беру  мазмұнының  11-сынып  бағдарламасы 

бойынша пысықтау, ұсыныстар, оқулықтар, ОӘК әзірлеу. 

Білім берудің жаңартылған мазмұнындағы апробациялық оқулықтар мен 

ОӘК  бойынша  ұсыныстарды  әрбір  пилоттық  мектеп  2020  жылдың  наурыз 

айында ұсынады. 



 

11-сыныпта 

«Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәнінің  оқу 

бағдарламасын,  оқулықтары  мен  оқу-әдістемелік  кешендерін  апробациядан 

ӛткізу 

2019-2020  оқу  жылында  17  пилоттық  мектептің  11-сыныптарында 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2017  жылғы  31 

қазандағы  №  556  бұйрығының  6-қосымшасына  сәйкес  «Кәсіпкерлік  және 

бизнес  негіздері»  пәні  бойынша  оқу  бағдарламасы  мен  оқулықтарын 

апробациялау жалғасады.  

Оқу  пәнінің  мақсаты  –  білім  алушылардың  кәсіпкерлік,  бизнес, 

экономика,  менеджмент  және  маркетинг  негіздерінен  базалық  білім  алуы;  ӛз 

таңдауы  үшін  жауапкершілікті  қалыптастыру  және  кәсіпкерлік  қойманың 

ойлауын,  белсенді  ӛмірлік  ұстанымды  қалыптастыру;  қазіргі  нарықтық 

жағдайларда болашақта ӛз бетінше әрекеттену үшін практикалық база құру. 

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің ерекшеліктері: 

1)  пәнді  Қазақстанның  кәсіпкерлігі  практикасы  мен  ерекшеліктерінің, 

даму тарихы мен қалыптасуының негіздеріне сүйене отырып, оқу пәнін құру; 

2)  ӛмірлік  саналы  ұстанымдарды  және  ӛз  әрекеті  бойынша  жасаған 

таңдауына жауапкершілікпен қарау ұстанымын қалыптастыру үшін коучингтік 

тәсілдемелерді қолдану; 

3) Қазақстандық және әлемдік нарық жағдайларындағы кадрлық үрдістер  

тұрғысынан талап етілетін ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру. 

Оқыту міндеттері

1)  оқушылардың  кәсіпкерлік  пен  бизнестің  теориялық  негіздерін  


 

421 


 

қалыптастыру; 

2)  оқушылардың  жеке  қаржылық  сауаттылықтың  тәжірибелік 

дағдыларын меңгеруі; 

3)  оқушыларда  ӛз  жетістіктері  мен  ӛмірлік  ұстанымдарына  қатысты 

жауапкершілік сезімін қалыптастыру; 

4)  оқушыларда  кәсіпкерлік  ойлауды  және  ӛз  әлеуетін  жүзеге  асыру 

мүмкіндіктерін кӛре білу біліктілігін қалыптастыру; 

5) бизнес-идеяларды ойлап табу дағдыларын қалыптастыру және оларды 

кәсіпкерлік әрекет деңгейіне дейін дамыту

6)  бизнес-модельдеу  дағдыларын  дамыту  және  бизнестің  ӛміршеңдігін 

арттыру мақсатында бәсекелестіктің құбылмалы жағдайларына бейімделе білу; 

7)  зерттеу  дағдыларын  қалыптастыру  және  заманауи  ақпараттық 

технологияларды қолдану. 

Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны 4 бӛлімді құрайды: 

«Стартап  акселератор»  1  және  «Стартап»  2    алғашқы  екі  бӛлімі  бизнес-

моделдеумен таныстырады, сондай-ақ жобаның стартап негізінде «ӛте қажетті» 

разрядынан  қажетті  әлеуметтік  дағдыларды  әзірлейді.  Білім  алушы  белгілі  бір 

білімдерге  ие  бола  отырып,  ӛз  бизнес-идеясын  қалыптастырады  және  бизнес-

акселератор  принципі  бойынша  нақты  бизнеске  айналдыру  үшін  құралдарды 

алады.  

«Кәсіпкердің  ӛзін-ӛзі  ілгерілетуі»  бӛлімі  оқушының  әлеуметтік 

дағдыларын  жетілдіруді  жалғастыруда,  онда  ол  да  қаржылық  сауаттылыққа 

үйренеді,  отбасы  үшін  жеке  тиімді  қаржылық  жоспарлаумен,  банк  жүйесімен 

және халықаралық нарықтармен танысады. Осы бӛлімнің басты артықшылығы 

демо-шотты пайдалана отырып, KASE нақты мәліметтеріне ойын платформасы 

арқылы инвестициялау дағдыларын алу болып табылады. 

Бұл  жұмыс  білім  алушылардың  аналитикалық  қабілетін  жандандырады, 

оқиғалардың мәнін және олардың экономикалық кӛрсеткіштерге әсерін түсінуге 

үйретеді. 

«Даму  стратегиясы»  бӛлімі  білім  алушылардың  назарын  нарықтың  даму 

болжамдарына  аударады.  Мақсат  қою  дағдыларын,  Бизнестің  ауқымымен, 

халықаралық  бизнеспен,  жеке  стратегиямен  танысуды  үйретеді.  Қазақстан 

ӛнімінің  халықаралық  нарықтарға  шығу  стратегиясының  жеке  пайымын 

қалыптастырады.  Бұл  бӛлім  тұтынушылардың  құқықтарын  қорғауға 

бағытталған  мемлекет  және  Қоғамдық  қозғалыстар  жүзеге  асыратын  шаралар 

кешенімен таныстырады. 

Орыс және қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің 11-

сыныбына  арналған  «Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  оқу  пәні  оқыту 

процесіне  арналған  әдіс-тәсілдерімен  ерекшеленеді,  басқа  бағыттарда 

басымдықтар  қоя  отырып.  Академиялық  білімнің  орнына  практикалық 

дағдыларды  алуға  үлкен  назар  аударылады,  бұл  оқушылармен  ӛзара  іс-

әрекеттің  белсенді  түрлерінің  басым  екенін  кӛрсетеді.  Оқыту  процесінің  ӛзі 

Life-long  learning  (ӛмір бойы  үздіксіз оқыту)  тұжырымдамасына  жауап  беретін 

тұрақты  және  тиімді  мінез-құлық  үлгісін  қалыптастыра  алатын  табиғи  және 

үздіксіз құбылыс болып табылады. 



422 

11-сыныпта  «Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері» пәні  бойынша  оқу

 

жүктемесінің кӛлемі аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды. 



«Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері» пәні  бойынша  жиынтық  бағалау 

жүргізілмейді.  Формативті  бағалау  пәнді  оқу  барысында  білім  алушылардың 

оқу  жетістіктеріне  мониторинг  жүргізу  және  оқу  үдерісінде  оларға  қолдау 

кӛрсету  мақсатында  жүргізіледі.  Тоқсан  мен  оқу  жылының  соңында  сынып 

журналына "есептелді" ("есептелген жоқ") қойылады. 

11-сыныпта  «Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық»  пәнінің

 

оқу бағдарламасын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан 



ӛткізу 

Қазақстан Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2017  жылғы  31 

қазандағы  №556  бұйрығына  сәйкес  2018-2019  оқу  жылында  16  пилоттық 

мектептердің 10-шы  сыныптардың  «Алғашқы  әскери  және  технологиялық 

дайындық»  пәнінің  оқу  бағдарламасы,  оқулықтары  мен  оқу-әдістемелік 

кешендері  апробациядан  ӛткізілді,  2019-2020  оқу  жылында  16  пилоттық 

мектептердің  (

2-қосымшасы)  11-шы  сыныптарда «Алғашқы  әскери  және 

технологиялық  дайындық»  пәнінің  оқу  бағдарламасы,  оқулықтары  мен  оқу-

әдістемелік кешендері апробациядан ӛткізу жалғастырылады.  

Алғашқы  әскери  және  технологиялық дайындық  меншік  түрі  мен 

ведомстволық  бағыныстылығына  қарамастан,  барлық  типтегі  жалпы  білім 

беретін  мектептерде  әскерге  шақырылуға  дейінгі  және  әскерге  шақырылу 

жасындағы  білім  алушы  жастардың  міндетті  оқытылатын  пәні  болып 

табылады. 

«Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық»  пәні  –  білім 

алушыларды  отаншылдық  рухпен  Отанды  қорғауға  дайын  болуға  тәрбиелеуге 

баса  назар  аударады.  Бұл  бағдарлама  білім  алушыларды  әскери  қызметтің 

дағдыларын  меңгеруімен  қоса  тӛтенше  жағдайларда  адамның  ӛмір  қауіпсіздік 

әрекеті мен әскери іс негіздерінен білім беруге бағытталған. 

2019-2020  оқу  жылынан  бастап  жалпы  білім  беретін  мектептің  10-

сыныбында және 2020-2021 оқу жылынан бастап 11-сыныпта «Алғашқы әскери 

және  технологиялық  дайындық»  пәні  бойынша  оқыту    ҚР  Білім  және  ғылым 

министрінің  2017  жылғы  27  шілдедегі  №  352  бұйрығымен  бекітілген  үлгілік 

оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. 

Қазақстан  Республикасының  білім  беру  ұйымдарында  алғашқы  әскери 

және  технологиялық  дайындықты  жастарға  ұйымдастыру  және  ӛткізу  үшін 

негіз болып табылады: 

1. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы. 

2. «Бастапқы  әскери  даярлықты  ұйымдастыру  және  жүргізу,  сондай-ақ

оның  оқу-материалдық  базасын  қалыптастыру  қағидасы  туралы»  Қазақстан 

Республикасы  Қорғаныс  министрінің  2014  жылғы  19  желтоқсандағы  №  606 

бұйрығының  күші  жойылды,  оны  Қазақстан  Республикасы  Қорғаныс 

министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығымен  ауыстыру қажет 

(Қазақстан  Республикасының  Әділет  министрлігінде  2017  жылғы  20 



 

423 


 

қыркүйекте № 15725 болып тіркелген). 

3. «Кӛлік құралының сәйкестендіру нӛмірі бойынша кӛлік құралдарының 

жекелеген  түрлерін  мемлекеттік  тіркеу  және  есепке  алу,  Механикалық  кӛлік 

құралдарын  жүргізушілерді  даярлау,  Емтихандар  қабылдау  және  жүргізуші 

куәліктерін  беру  қағидаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Ішкі 

істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы.  

Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық  теориялық  және 

практикалық  сабақтарда  іске  асырылады:  теориялық  сабақтарды  оқытудың 

дидактикалық  материалдарын,  техникалық  құралдар  мен  инновациялық 

әдістерін  қолдана  отырып,  әңгімелесу  және  сұхбаттасу  түрінде  ӛткізіледі. 

Практикалық  сабақтар  оқулықты,    қару  және  әскери-техникалық  мүлікті, 

құралдарды  және  ӛзге  де  жабдықтарды  қолдана  отырып,  оқу  материалын 

игеруге бағытталады. 

Оқу  пәнінің  мақсаты  –  білім  алушыға  мемлекетті  қорғау  негіздері 

туралы ойының қалыптасуын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 

арналуын  және  түрлері  мен  ерекшеліктерін  түсіндіру,  әскери  қызметтің 

маңызын,  Қазақстан  Республикасының  әр  азаматының    қасиетті  парызы  және 

міндетін оқыту. 

Пәнді оқытудың негізгі міндеттері: 

6)  әскери 

анттың,  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің 

жарғыларының негізгі талаптары туралы білімін қалыптастыру

7) әскери  бӛлімдердің  қару-жарағы  мен  әскери  техникасы,  жеке 

құрамның ӛмірі мен орналасуымен таныстыру; 

8) қажетті  әскери  білім  мен  практикалық  дағдыларды  ақпараттық 

технологияны  пайдалана  отырып  робототехникада,  дӛңгелекті  машиналарды 

жүргізудің негіздері және тӛтенше жағдайда адам ӛмірі қауіпсіздігі негіздерінде 

қалыптастыру; 

9) жастарға қазақстандық патриотизм мен Отанына деген адалдық сезімін 

дарытуға тәрбиелеу; 

10) 


әскери  істерге  байланысты  мамандық  кәсібіне  оң  кӛз-қараста 

тәрбиелеу. 

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің мазмұны. 

11-сынып. 

«Технологиялық дайындық» бӛлімі: 

1)  Дӛңгелекті  машина  жүргізу  негіздері  және  ережелері.  Жол 

қозғалысына  қатысушылардың  міндеттері  –  Жол  қозғалысы  Ережелеріндегі 

негізгі  түсініктер  мен  терминдер.  Жүргізушілерді,  жол  жүргіншілері  мен 

жолаушылардың міндеттері. Жүргізушінің ӛзімен бірге болуы тиіс құжаттарды;  

2) Бағдаршам және жол қозғалысын реттеушінің сигналдары – Бағдаршам 

және  жол  қозғалысын  реттеушінің  сигналдары.  Арнайы  сигналдарды 

пайдалану. Авариялық дабыл және авариялық аялдау белгiсiн қолдану. Маневр 

жасау. Кӛлік құралдарының жолдың жүріс бӛлігінде орналасуын; 

3)  Қозғалыс  жылдамдығы  –  Қозғалыс  жылдамдығы.  Қарсы  қозғалыс, 

басып  озу.  Аялдама  және  автотұрақ.  Қиылыстардан  ӛту  бағыттары. 

Маршруттық  кӛлік  құралдарының  аялдамасы  және  жаяу  жүргіншілерге 



 

424 


 

арналған жолдарды; 

4)  Әртүрлі  жағдайлардағы  қозғалыс    –  Темір  жол  ӛткелдері  арқылы  ӛту. 

Автомагистраль 

арқылы 

қозғалыс. 



Тұрғын 

аудандардағы 

қозғалыс. 

Маршруттық  кӛлік  құралдарының  басымдықтары.  Дыбыстық  сигналдарды 

және сыртқы жарық түсiру құралдарын пайдалануды; 

5)  Жолаушылар  мен  жүктерді  тасымалдау  –  Механикалық  кӛлік 

құралдарын  сүйреу.  Кӛлік  жүргізуді  үйрету.  Жолаушыларды  тасымалдау. 

Жүкті  тасымалдау.  Велосипедтер,  мопедтер,  кӛлік-арбаларының  қозғалысы 

және  жолмен  мал  айдауға  қойылатын  қосымша  талаптар.  Тірек-қимыл 

аппараты бұзылған адамдардың қозғалысын қамтамасыз етуді; 

6)  Жол  белгілері  –  Ескерту  белгілері.  Басымдық  белгілері.  Тыйым 

салатын белгілерді;  

7)  Жол  белгілері  –  Міндетті  белгілер.  Ақпараттық-нұсқағыш  белгілері. 

Қызмет  кӛрсету  белгілері  (таңбалары).  Қосымша  ақпарат  беру  (кесте  белгі) 

белгілерін; 

8)  Жол  таңбасы  және  оның  сипаттамалары  –  Таңбалардың  жіктелуі. 

Кӛлденең 

және 


тік 

таңбалану 

талаптарына 

сәйкес 


орындалатын 

жүргізушілердің  іс-әрекеттері.  Жұмыс  істеу  үшін  кӛлік  құралдарының 

рұқсатнамасының негізгі ережелерін; 

9) Автотранспорт құралдарын басқару және жол қауіпсіздігінің негіздері 

–  Сабақтағы  қауіпсіздік  шаралары.  Жүргізушінің  жұмыс  орнын  дайындау. 

Автомобильдің басқару тетіктерімен танысу. Жұмыс істемейтін қозғалтқыштың 

басқару  элементтерін  әзірлеу.  Жағдаяттық  міндеттерді  шешу.  Қозғалтқышты 

қосу.  Автомобильді  орнынан  қозғалту,  тура  жолдағы  қозғалыс,  тежеу  және 

тоқтату.  Жағдаяттық  міндеттерді  шешу.  Қисық  траекториядағы  қозғалыс, 

маневр.  Қосу  қорабының  қозғалыс  жылдамдығын  ауыстыра  отырып  жүргізу. 

Жағдаяттық  міндеттерді  шешу.  Гаражға  кіру.  Жағдаяттық  міндеттерді  шешу. 

Тар  кеңістіктегі  бұрылыс.  Автомобильді  кӛлік  тұрағына  қою.  Жағдаяттық 

міндеттерді шешу. Эстакадаға кіру. Ӛрде тұрған автомобильді орнынан қозғау, 

жүргізу. Жағдаяттық міндеттерді шешуді; 

10)  Күрделі  жол  жағдайында  автокӛлiк  құралын  басқару  –  Қозғалысты 

бастау  және  жол  жиегіне  (тротуар  жанына)  тоқтату.  Жағдаяттық  міндеттерді 

шешу.  Қашықтықты  сақтай  отырып  лекпен  қозғалу.  Жағдаяттық  міндеттерді 

шешу.  Бір  қатардан  екінші  қатарға  ӛту.  Жағдаяттық  міндеттерді  шешу. 

Реттелмейтін жол қиылысынан ӛту. Жағдаяттық міндеттерді шешу. Реттелетін 

жол  қиылысынан  ӛту.  Жағдаяттық  міндеттерді  шешу.  Басып  озу.  Жағдаяттық 

міндеттерді шешуді қамтиды. 

Сабақтың,  сабақтан  тыс  және  сыныптан  тыс  іс-шаралардың  тәрбиелік 

мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады. 

«Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық»  пәні  бойынша 

сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  және  жоспарлау  барысында  2019-

2020  оқу  жылында  мерекеленетін  мерейтойлық  шараларға  кӛңіл  бӛлу 

ұсынылады.  

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №352 

бұйрығы) «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні бойынша 


 

425 


 

оқу жүктемесінің кӛлемі: 

1) 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат қарастырылған. 

Жаңартылған  білім  беру  мазмұнын  пилоттық  енгізу  туралы  Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 455 

бұйрығының  7-қосымшасына  сәйкес  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым министрінің 2017 жылғы «31» қазан №556 бұйрығының 5-қосымшасын 

іске  асыру  мақсатында  2019-2020  оқу  жылында  11-шы  сынып  оқушылары 

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу бағдарламасын, 

оқулықтары  мен  оқу-әдістемелік  кешендерін  апробациядан  ӛткізу  үшін 

жаңартылған білім мазмұны бойынша оқитын болады (Республика бойынша 16 

мектеп тізімі қосымша тіркелген). 

 

Қазақстан Республикасы  



Білім және ғылым министрінің 

2017 жылғы «31» қазан №556 

бұйрығына 5-қосымша  

 

Қазақстан Республикасы  



Білім және ғылым министрінің 

2014 жылғы 6 қарашадағы 

№ 455 бұйрығына 7-қосымша 

(Жаңартылған білім беру мазмұнын 

пилоттық енгізу туралы) 

 

10-11 сыныптарға арналған 

 «Алғашқы әскери және технологиялық даярлық» пәнінің оқу 

бағдарламасын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет