Оқу жылындағы І жартыжылдық бойынша


Қараша - желтоқсан айында бастауыш сыныптар онкүндігі өткізілді



бет2/5
Дата24.04.2017
өлшемі1,22 Mb.
#14734
1   2   3   4   5

Қараша - желтоқсан айында бастауыш сыныптар онкүндігі өткізілді.

Тақырыбы: «Мен Отанымды мақтан тұтамын!»

«Я горжусь своей Родиной!»

Мақсаты: Оқушыларға Отан туралы әңгімелей отырып, олардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін оятып, жігерлі болуға тәрбиелеу. Оқушылардың адамгершілік қасиетін нығайту. Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.  Оқушыларды елін жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. 

Бұл апталық өте тартымды да қызықты өтті. Оқушылар онкүндіктің ашылуына байланысты саптүзеуде Отанға, елге байланысты тақпақтар айтып, әндер шырқады.

Оқушылар сынып жетекшілерінің қадағалауымен осы тақырып аясында суреттер салды. 4 «А» сынып мұғалімі Дөненбаева А.Е 3 – 4 сыныптар арасында «Әдептілік әліппесі» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Бұл жерде балалар әдепті болу үшін не



істеу керек екені жайлы сөз етті. Әртүрлі сұрақтарға топтаса отырып жауап берді.




Соңында оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір – біріне жүрек жарды тілектерін айтты. 3 «А» - сынып мұғалімі Сандыбаева Б.С «ХХІ ғасыр көшбасшылары» атты интеллектуалдық ойын өткізді. Бұл ойын барысында 3 – 4 сынып оқушылары өздерінің білімдерін көрсете білді. Бұл ойын жеңімпаздары 4 «А» - сынып оқушысы Тлеубаев Еркін мен 3 «А» сынып оқушысы Башарова Дарига мадақтама қағаздарымен марапатталды. Бұл апталықта мектепалды даярлық сынып мұғалімі Айткешова А.С ашық сабақ өткізді. Тақырыбы: «Ққ дыбысы мен әрпі». Кішкентай бүлдіршіндер «Ққ» әрпіне байланысты сөздер айтып, жаңылтпаштар айтты. Сабақта мұғалім оқушылармен топтық жұмыс жасады. Сабақ өте қызықты өтті. Сабақ соңында мұғалім сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды жұлдызшалармен марапаттады. 0 «Б» - сынып мұғалімі Мукушева Ж.М «Моя Родина» атты сынып

сағатын өткізді. Бұл жерде оқушылар Отан туралы тақпақтар айтып, «Моя Родина Казахстан» атты ән шырқады. Мұғалім оқушылармен әртүрлі сұрақ – жауап жұмыстарын жүргізді. Сабақ Отан туралы сурет салумен аяқталды. 2 «Б» - сынып мұғалімі Киселенко Л.С «Конкурс знатоков природы» атты сайыс сабақ өткізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет