Оқу жылындағы І жартыжылдық бойынша



бет5/5
Дата24.04.2017
өлшемі1,22 Mb.
#14734
1   2   3   4   5


Атап кетсем; жүргізушілер Дөненбаева А.Е мен Сандыбаева Б.С, Аяз ата -Жармағамбетова М.М, ақшақар - Айткешова А.С, қой - Азмағанбетова Б.Т, маймыл - Мукушева Ж.М, алтын балық - Виттих Е.В, ата – Гринцевич Н.В, әже – Киселенко Л.С, сайқымазақтар – Абуова Б.Т мен Сорокина А.Р.



2015/2016 оқу жылында бастауыш буында І тоқсанда 60 оқушы бар. Оның ішінде –13 үздік, 26 екпінді оқушы, сапасы - 65% құрады. ІІ тоқсанда 58 оқушы , 13 үздік, 27 екпінді оқушы бар, сапасы - 69%. Тоқсан сайын өткізілетін бақылау жұмыстарының қорытындысы жасалып, салыстырылып отырылады. Оқушылардың оқу жылдамдығы, көркем жазу үлгісі және үй тапсырмасының талапқа сай болуы тексеріледі.Тәжірибелі мұғалімдер мен жас мұғалімдер үнемі тәжірибе алмасып, сабақтарына қатысып, әдістемелік отырыс өткізіліп, мұғалімдер  пікірлерін айтып талқылайды. Тоқсан сайын сыныптағы үлгерім мониторингі жүргізіліп отырды.
Бастауыш сыныптарының І жартыжылдықтағы сапалық көрсеткіші – І тоқсан бойынша – 65 %, ІІ тоқсан бойынша – 69 %.

І тоқсан бойынша оқу сапасының көрсеткіші


ІІ тоқсан бойынша оқу сапасының көрсеткіші

Сыныптар бойынша І жартыжылдық көрсеткіші мынадай:



Бастауыш сынып мұғалімдері қашықтық олимпиадаға қатысты. 3 «А», «Б» сынып оқушылары орыс тілінен «Русский медвежонок» атты интеллектуалдық сайысқа қатысып, қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталған болатын. Олар: 3 «А» сынып оқушылары Балташев А, Әбу Ғ, Башарова Ғ (мұғ:Шайхыгалиева Б.С).

3 «Б» сынып оқушылары Киреев Б, Салабаева К қатысты (мұғ Киселекнко Л.С). Қазақ тілі апталығында 3 «Б» сынып оқушылары қазақ тілі пәнінің мұғалімі Азмағанбетова Ф.А өткізген сайысында «Жас ақындар» номинациясымен марапатталған болатын. Салабаева К мен Егоров А Қазақстан тақырыбына жазған өлеңдері «Мектеп жаршысы» газетіне жарияланды. Желтоқсан айында өткен

педкеңесте Кембридж бағдарламасы бойынша ІІІ деңгейді оқып келген ұстаздар өз

іс – тәжірибелерімен алмасты. Киселенко Л.С «Мотивация учения основное условие успешного обучения» атты баяндама оқып, мұғалімдермен бірлесе топтық жұмыстар өткізсе, Сандыбаева Б.С мен Дөненбаева А.Е оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалай арттыруға болатыны жайлы сөз етті. Мұғалімдер өз іс – тәжірибелерімен алмаса отырып, көптеген топтық жұмыстар өткізді. 1 «Б» - сынып мұғалімі Виттих Е.В. математика пәнінен «Закрепление и решение задач» атты ашық сабақ өткізді. Сабақта мұғалім көптеген әдіс – тәсілдер қолдана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра білді. Ойын технологиясы арқылы көптеген тапсырмалар орындалып, сабақ тартымды өтті. Биылғы оқу жылында 2 мұғалім аттестацияға дайындалуда. Олар Киселенко Л.С – жоғары санатты бекіту, Виттих Е.В ІІ санатты алу мақсатында қыруар жұмыстар атқаруда. Ивановка бастауыш мектеп мұғалімдері де біздің мектеп мұғалімдерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Жас маман Хакимова Е.А көптеген көмектер көрсетіледі. Тәжірибелі ұстаздардың білім – біліктіліктеріне сүйене алады.

Қорыта келсек, осы қысқаша жартыжылдық уақытта бастауыш сынып мұғалімдері көптеген жұмыстар атқарды деп ойлаймын, өйткені бастауыш сынып мұғалімдері әрдайым ізденіс үстінде.



«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға», – деп адамзаттың данышпаны атанған ақын Абай жырламақшы, ұлағатты сөзбен есебімді аяқтағым келеді. Үйрету, оқыту жолында табандылық танытып, ешқашан үйрену мен ізденуден жалықпайық! Әрқашан жаңашылықдықтан қалмайық, жаңа талапқа сай болайық.

Әдістеме бірлестігінің жетекшісі: Дөненбаева Алма Ерғалиқызы



.
Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Ақкөл орта мектебі

Бастауыш сыныптар әдістеме бірлестігінің

І жартыжылдық бойынша есебі

ӘБ жетекшісі: Дөненбаева А.Е.

2015 – 2016 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет