ОҚУ ҚҰралы көкшетау 2007



бет3/22
Дата28.01.2018
өлшемі4,99 Mb.
#35020
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

36

БҰЙРЫҚТАН КӨШІРМЕ
Бұйрықтан көшірме - құжаттың түпнұсқасының бір бөлімінің

дәлме-дәл көшірілуі.

Бұйрықтан көшірме құрылымы:

- бланк штампының реквизиттері;

- мекеменің аты:

- кұжаттың аты;

- айы, куні, нөмір;

- құрастырылған жері;

- мәтін тақырыбы;

- қажетті мәтін белгі;



- қолы;

- расталғаны туралы белгі.





БҰЙРЫҚТАН КӨШІРМЕ


Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 01.09.2007ж. № 1

Көкшетау қаласы


Студенттердің білім сапасын көтеру туралы

Студенттердің білім сапасын көтеру және оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру мақсатында



бұйырамын:

Жыл бойы әрбір пән бойынша мектеп ішінде олимпиадалар

мен байқаулар өткізілсін.
Университет ректоры, проф. қолы М. С. Мұсатаев
Дұрыс: хатшы колы М. Е. Ержанова

03. 09. 00 ж.

1 -3/92 - іске М. А. Сәрсенова

37

ХАТТАМА


Хаттама - алқалық ұйымдардың жиналыстарында, кеңестерінде, конференцияларында және мәжілістерінде мәселені талқылау барысы мен шешімдерін тіркейтін кұжат.

Хаттаманың құрылымы:

- мекеме аты;

- құрылымдық бөлімшенің аты

- құжат аты;

- мерзімі, индексі; мәжіліс өткізілген жер;

- хатталынатын кеңес аты;

- төрағаны, хатшыны, қатысушыларды көрсету;

- күн тәртібі;

- тыңдалды, сөйледі, қаулы қабылданды формасындағы мәтін;

- төраға мен хатшының қолы.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Қазак тілі кафедрасы

ХАТТАМА


05.02.2007 ж. № 6 Көкшетау қаласы

Қазақ тілі кафедрасының кезекті отырысы.


Төраға: каф. меңг. Б. К. Омарова

Хатшы: оқытушы Б. К. Шағырбаева

Қатысқандар: 16 оқытушы (тізімі келтірілді)
Күн тәртібі:

1. Қысқы сессияның қорытындысы және үлгермеуші

студенттермен атқарылатын шаралар.

2.1 семестрдегі оқу жүктеменің орындалуы.


1. Тыңдалды:

Кафедра меңгерушісі Б. К. Омарова - Жалпы және арнаулы пәндер бойынша студенттердің үлгерімі жақсы. Оны қысқы

сессияның қорытындыларынан көз жеткізуге болады. Қысқы сессияның сынақтары мен емтихандары тестік және билеттік

бақылау түрлері арқылы жүргізілді. Тестік бақылаулар

компьютерлік орталықта бірнеше вариантпен өткізілді, ал

билеттерде теориялық материалдар толық қамтылып, жақсы

құрылды. Бұл жағдайлар студенттер білімінің объективті көрсеткішін дәл анықтады.

Үлгермегендер қатарына 2 студент ілікті. Ол I курс орыс бөлімінен О.Литвинова сабақты себепсіз көп босатқандықтан,

38

бағдарламаны толық игермей, үлгерімі нашарлығынан сынақ

ала алмаса, II курс қазақ бөлімінің студенті Ә. Асланова

денсаулығына байланысты сессияны тапсыра алмады. Бұл екі студентпен 15.02.2007 жылға дейінгі уақытта мерзім белгілеп,

сынақ пен емтихан алу керек.
Жарыссөзде сөйледі:

Нұрышов А. А. - сөйлеген сөзінің мазмұны (түсініктемесі) Ермекова И. Л. – сөйлеген сөзінің мазмұны (түсініктемесі)


Қаулы қабылданды:

1.1. Қазақ тілі кафедрасының жалпы және арнаулы пәндері

бойынша үлгермеген студенттермен түрлі жұмыстар жүргізілсін.

1.2. Үлгермеушілерге сынақ, емтихан тапсыратыи күн -12.02.00 ж. ретінде бекітілсін.


II. Тыңдалды:

Кафедра меңгерушісі Б. К. Омарова - 2006/07 оку жылында кафедрада өткізілетін пәндер қатарына «Іс жүргізу» пәні қосылған-дықтан кафедраның сағат саны өскендігі белгілі. Осы сағат санына байланысты кафедраға сағаттық төлеу бойынша 2 окытушы алынды. Осы пән бойынша кафедрада оқу бағдарламасы дайындалды. Кафедрадағы сағат саны оку бағдарламасы бойынша ретіне келтіріліп, орыс аудиториясында студенттер білім деңгейіне карай бастауыш,

орта, жалғастырушы топ болып бөлінді.
Жарыссөзде сөйледі:

Әлмағамбетова А. А. - сөйлеген сөзінің мазмұны (түсініктемесі)


Қаулы қабылданды:

1. I семестрдегі оқу жүктемесін толық орындалды деп қарастырылсын.


Төраға қолы каф. меңг. Б. К. Омарова

Хатшысы колы окытушы Б. К. Шағырбаева

39

ХАТТАМАДАН КӨШІРМЕ


Хаттамадан көшірме - алқалык ұйымның жұмыс барысында қабылданған шешімдері қажеттілік болған жағдайда дәлме-дәл көшірілетін құжат.

Хаттамадан көшірменін құрылымы:

- мекеме аты;

- кұрылымдық бөлімшенің аты

- құжат аты;

- мерзімі, индексі; мәжіліс өткізілген жер;

- хатталынатын кеңес аты;

- төрағаны, хатшыны, қатысушыларды көрсету;

- күн тәртібі;

- қажетті мәтін бөлігі (тыңдалды, сөйледі, қаулы қабылданды)

- төраға мен хатшының қолдары;

- көшірмені растау туралы белгі.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Қазақ тілі кафедрасы


ХАТТАМАДАН КӨШІРМЕ
05.02.2007 ж. № 6 Көкшетау қаласы
Қазақ тілі кафедрасының кезекті отырысы.
Төраға: каф. меңг. Б. К. Омарова

Хатшы: оқытушы Б. К. Шағырбаева

Қатысқандар: 16 окытушы (тізімі келтірілді)

Күн тәртібі:

1. Қысқы сессияның қорытындысы және үлгермеуші

студенттермен атқарылатын шаралар.

2.1 семестрдегі оку жүктеменің орындалуы



I. Тыңдалды:

Кафедра меңгерушісі Б.К.Омарова - жалпы және арнаулы пәндер бойынша студенттердің үлгерімі жақсы. Оны қысқы сессияның қорытындыларынан көз жеткізуге болады. Қысқы сессияның сынақтары мен емтихандары тестік және билеттік бақылау түрлері арқылы жүргізілді. Тестік бақылаулар компьютерлік орталықта бірнеше вариантпен өткізілді, ал билеттерде теориялық материалдар толық қамтылып, жақсы кұрылды. Бұл жағдайлар студенттер білімінін. объективті көрсеткішін дәл анықтады.

40

Үлгермегендер қатарына 2 студент ілікті. Ол 1 курс орыс бөлімінен О. Литвинова сабақты себепсіз көп босатқандықтан, бағдарламаны толық игермей, үлгерімі нашарлығынан сынақ ала алмаса, II курс қазақ бөлімінің студенті Ә. Асланова денсаулығына байланысты сессияны тапсыра алмады. Бұл екі студенттен 15.02.2007 жылға дейінгі уақытта сынақ мерзімі белгіленіп, емтихан алу керек.



Жарыссөзде сөйлейді:

Нұрышов А. А. - сөйлеген сөзінін, мазмұны (түсініктеме)

Ермекова И. Л. - сөйлеген сөзінің мазмұны (тусініктеме)

Қаулы қабылданды:

1.1. Қазақ тілі кафедрасының жалпы және арнаулы пәндері

бойынша үлгермеген студенттермен түрлі жұмыстар жүргізілсін.

1.2. Үлгерімі жақсы, үздік студенттермен оқытушылар жеке

жұмыстар жүргізсін.

1.3. Үлгермеушілерге сынақ емтихан тапсыратын күн –

12.02.2007 ж. ретінде бекітілсін.
Төраға каф. меңг. Б. К. Омарова

Хатшы оқытушы Б. Қ. Шағырбаева


Дұрыс: лаборант қолы А. А. Мейрамова

М.О.


06.02.2007 ж.

АНЫҚТАМА


Анықтама - белгілі бір деректі дәлелдейтін, растайтын,

сипаттайтын құжат.

Анықтаманың құрылымы:

- құжат аты;

- негізгі мәтін;

- анықтаманын қай ұйымға берілгені туралы мәлімет;

- анықтаманың жарамдылық мерзімі жайлы мәлімет;

- анықтаманы беріп отырған ұйымның мөрі мен анықтама

беруші адамның қолы.

41


АНЫҚТАМА
20.10.2008 ж. №16 Көкшетау қаласы
Сәуле Маратқызы Аманжолова 1999 жылдың 22 каңтарынан бастап «Тыныс» АҚ-да бас маман болып жұмыс істейді.

Қызметтік жалақысы 17 500 (он жеті мың бес жұз) теңгені құрайды.

Бас директор қолы А.А.Айтмурзин

АНЫҚТАМА
20.11.2008 ж. №25 Көкшетау қаласы


Осы анықтама азамат Марат Болатұлы Аманжановқа

берілді.


Марат Болатұлы Аманжанов шын мәнінде Қазақ ұлттык аграрлық университетте оқытушы болып жұмыс істейді.

Анықтама Әуезов ауданының салық инспекциясына көрсету

үшін берілді.

Анықтама 4 ай өз күшінде.


Кадр бөлімінің бастығы колы Л. К. Мусин

КЕЛІСІМШАРТ


Келісімшарт - тараптар арасында қандай да бір катынастардың орнауы туралы келісімді белгілейтін және реттейтін құжат.

Құрылымы:

- құжат аты;

- келісімнің жасалған орны мен күні;

- тараптардың аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәліктерінің нөмірі мен сол куәлікті берген мекеменің атауы;

- келісімшарт мәтіні;

- нотариалдық кеңседе куәландырылған жазба;

- келісім тіркелетінтізбе;

- алынатын мемлекеттік салық;

- нотариустың қолы, мөрі.

42

ПӘТЕРДІ САТУ-САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМШАРТ


Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 38,

Екі мың жетінші жылғы екінші сәуір

(келісімшарт жасалған мекенжай және мерзімі сөзбен жазылады)
Біз, төменде кол қоюшылар, Көкшетау қаласы, Горький кешесі, 1-үй, 12-пәтерде тұратын азамат Мұрат Кәкенұлы Асанов, Қазақстан Республикасынын ПМ 1998 жылғы 12 шілдеде берген жеке куәлігінің

№ 000123871, Көкшетау қаласы, Абылайхан даңғылы 3-үй, 38-пәтерде тұратын азамат Тоқтар Саматұлы Қадырбаев, Қазақстан Республика-сының ПМ 1993 жылғы 30 қаңтарда берген жеке куәлігінің № 000123456, төмендегілер туралы келісімшартты жасадық:

1. Мен азамат Мұрат Кәкенүлы Асанов, Көкшетау қаласы, Горький көшесі, 1-үй, 12-пәтерді саттым, мен азамат Тоқтар Саматұлы Қадырбаев, Көкшетау қаласы, Горький көшесі, 1-үй, 12-пәтерді сатьш алдым;

2. Көрсетілген пәтер 1997 жылғы 5 наурызда жасалған сату-

сатып алу келісімшартының негізінде ТИБ-те тіркелген; жеке меншік құқығы бойынша азамат Мұрат Кәкенұлы Асановқа тиесілі. Келісімшарт № 16 тізбеге тіркеліп, Көкшетау қаласының лицензия № 003365 «Мерей» нотариалдық кеңсесінде

куәландырылған:

- пәтер жалпы пайдалы аумағы 65 шаршы метр 3 бөлмеден тұрады;

- пәтердің инвентарлық кұны ТИБ-тің 1995 жылғы 5 наурыздағы № 17 бланкіде көрсетілген анықтамасы бойынша 150 000 (жүз елу

мың) теңге тұрады;

3. Мен, азамат Мұрат Кәкенұлы Асанов, көрсетілген пәтерді азамат Тоқтар Саматұлы Қадырбаевқа осы келісімшартқа қол қою кезінде төленетін 800 000 (сегіз жүз мың) теңгеге саттым.

4. Осы уакытқа дейін көрсетілген пәтер ешкімге сатылған жок, қарыз өтеуге берілген жоқ, дау-талас туғызған жоқ, тұтқынға алынған жоқ.

5. Пәтерді пайдалануды Қазақстан Республикасының «Тұрғын уй

қарым-қатынастары туралы» заңында белгіленгін, тұрғын үйді пайдалану ережелеріне сәйкес азамат Тоқтар Саматұлы Қадырбаев жүргізеді.

6. Сатылған пәтерді азамат Мұрат Кәкенұлы Асановтың беруі және Тоқтар Саматұлы Қадырбаевтың қабылдап алуы -екі тарап қол қоятын беру-алу актісінің негізінде жүзеге асырылады.

7. Қолданылып жүрген заңның № 000-бабының мазмұны

түсіндірілді.

43

8. Келісімшартты ресімдеуге байланысты шығынды азамат Токтар Саматұлы Қадырбаев төлейді.



9. Келісімшарт үш дана етіп жасалған, бір данасы нотариалдық кеңсенің ісінде, екінші данасы сатушыда, үшінші данасы сатып алушыда сақталады.
Тараптардың қолы: сатушы/ Мұрат Кәкенұлы Асанов

сатып алушы / Тоқтар Саматұлы Қадырбаев


Осы келісімшартты 2007 жылдын екінші сәуірінде мен,

Аружан Бақытбекқызы Ерсін, Көкшетау қаласындағы лицензия № 346231 «Сенім» нотариалдық кеңсесінің нотариусы куәландырдым.

Осы келісімшартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол

қойды. Тараптардын жеке басы анықталды, кұқықтық іс әрекетке қабілеттігі және сатылатын пәтердің сатушыға тиесілі екендігі тексерілді.

Келісімшарт техникалық инвентаризация бюросында тіркелді.

Келісімшарт мәтіні дауыстап оқылды. № 112 тізбеге тіркелді.

Тариф бойынша 500 (бес жүз) теңге мемлекеттік салық алынды.
Нотариус:

Қолы


М.О.

АВТОКӨЛІКТІ САТУ-САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМШАРТ



Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 38,

Екі мың жетінші жылғы бесінші сәуір

(келісімшарт жасалған мекенжай және мерзімі сөзбен жазылады)


Біз, төменде қол қоюшылар, Көкшетау қаласы, Горький көшесі, 1-үй, 12-пәтерде тұратын азамат Мұрат Кәкенұлы Асанов, Қазақстан Республикасының ІІМ 1998 жылғы 12 шілдеде берген жеке куәлігінің

№ 000123871, Көкшетау қаласы, Абай даңғылы 3-үй, 38-пәтерде

тұратын азамат Тоқтар Санатұлы Ділдабаев, Қазақстан Республика-

сының ІІМ 1993 жылғы 25 каңтарда берген жеке куәлігінің №

000123789, төмендегілер туралы келісімшартты жасадық:


  1. Мен азамат Мұрат Кәкенұлы Асанов, «жигули» маркалы

жеңіл автокөлігімді саттым, кузовтың типі....., шығарылған типі......,

шасси нөмірі......., двигатель нөмірі......, мемлекеттік нөмірі

44

А 222 КОМ, мен азамат Тоқтар Санатұлы Ділдабаев, көрсетілген



автокөлікті сатып алдым;

2. Көрсетілген автокөлік Мемлекеттік автоинспекция 1998 жылғы

5 наурызда берген № 123753 техникалық паспорттың негізінде азамат

Мұрат Кәкенұлы Асановқа тиесілі.

3. Автокөлік 175001 (жүз жетпіс бес мың) теңгеге сатылады. Көрсетілген соманы қол қою кезінде азамат Тоқтар Санатұлы Ділдабаев төлейді.

4. Осы уакытқа дейін көрсетілген автокөлік ешкімге сатылған

жоқ, қарыз өтеуге берілген жоқ, дау-таласта толған жоқ, тұтқынға

алынған жоқ.

5. Пәтерді пайдалануды Қазақстан Республикасының «Тұрғын

үй қарым-қатынастары туралы» заңында белгіленгін, тұрғын

үйді пайдалану ережелеріне сәйкес азамат Тоқтар Саматұлы

Қадырбаев жүргізеді.

6. Келісімшартты ресімдеуге байланысты шығынды азамат Тоқтар Санатүлы Ділдабаев төлейді.

9. Келісімшарт үш дана етіп жасалған, бір данасы нотариалдық кеңсенің ісінде, екінші данасы сатушыда, үшінші данасы сатып алушыда сақталады.


Тараптардың қолы: сатушы/ Мұрат Кәкенұлы Асанов

сатып алушы/ Тоқтар Санатұлы Ділдабаев


Осы келісімшартты 2007 жылдың бесінші сәуірінде мен,

Аружан Бақытбекқызы Ерсін, Көкшетау қаласындағы лицензия № 346231 «Сенім» нотариалдық кеңсесінің нотариусы куәландырдым.

Осы келісімшартқа менің қатысуым кезінде Тараптар кол қойды. Тараптардың жеке басы анықталды, кұқықтық іс әрекетке кабілеттігі және сатылатын пәтердің сатушыға тиесілі екендігі тексерілді.

Келісімшарт техникалык инвентаризация бюросында тіркелді.

Келісімшарт мәтіні дауыстап оқылды. № 257 тізбеге тіркелді.

Тариф бойьшша 500 (бес жүз) теңге мемлекеттік салық алынды.


Нотариус

Қолы


М. О.

45
КЕСІМ


Кесім - бірнеше адамның қатысуымен жасалатын және анықталған деректер мен оқиғаларды растайтын кұжат.

Құрылымы:

- жалпы бланк штампының реквизиттері;

- Қ¥МТ бойынша кәсіпорын коды;

- индекс;

- БҚМТ бойынша кұжат пішінінің коды;

- құжаттың аты

- жазылу мерзімі мен индексі;

- мәтіннің тақырыбы;

- мәтін;


- мекеменің грифі;

- косымшаның бар екендігі туралы белгі;

- төрағаның және комиссия мүшелерінің қолдары, шешімдері

(фамилиялары, аты-жөндері);

- визаланғаны туралы белгі;

- бақылау туралы белгі;

- кұжаттың орындалғандығы және іске тігуге жіберілгендігі туралы

белгі.



Бекітемін

Зауыт директоры

А. В. Аврамов

КЕСІМ
07.05.2006 ж. №28 Қарағанды қаласы


Сәлемдемені алу туралы
Негіздеме: № 134 06.05.2006 ж. шығарылған зауыт директорының бұйрығы.
Кесім жасаған комиссия:

Төрағасы: жабдықтау бөлімінің басшысы В. Н. Мешков

Комиссия мүшелері:

Зауыт инженері В. Н. Павлов

Зауыт қоймасының меңгерушісі М. М. Малкина
Зауыт мекенжайына жабдықтаушы зауытынан сәлемдеме келді.

Сәлемдемені ашқан кезде № 187222 үстеме бойынша саналатын «маркасы Ракета» сағаттарына 12 корпус жетіспейді. Комиссия

46

тұжырымға келді: жабдықтаушы-зауытынан маркасы «Ракета» сағатына жетіспеген корпусын талап ету.


Кесім үш данада жасалды.

1-ші данасы - жабдықтаушы зауытқа

2-ші данасы — № 1 зауытқа

3-ші данасы - іске


Комиссия төрагасы В. Н. Мешков
Комиссия мүшелері В. Н. Павлов

М. М. Малкина


Іске 501-3 хатшы Л. А. Клюева




Бекітемін

Зауыт директоры

А. В. Аврамов

КЕСІМ


17.05.2006 ж. №29 Қарағанды қаласы
Жарық беру кұралдарын алу туралы
Негіздеме: № 135 16.05.2006 ж. шығарылған зауыт

директорының бұйрығы.

Кесім жасаған комиссия :

Төрағасы: жабдықтау бөлімінің басшысы И. П. Приблагина

Комиссия мүшелері:

Электрик А. С. Дүйсекеев

Зауыт қоймасының меңгерушісі М. М. Малкина
Негізгі кесім жоғарыдағы қызметкерлердің қатысуымен жасалды. Зауытқа 25 500 (жиырма бес мың бес жүз) теңгеге жиһаз сатып алу жоспарланған бірақ, ол ақшаға жабдықтау бөліміне қажетті жарық беру құралдары алынды.
Кесім үш данада жасалды.

1-ші данасы - жабдықтаушы бөліміне

2-ші данасы - № 1 зауытка

3-ші данасы - іске


Комиссия төрағасы И. П. Приблагина
Комиссия мүшелері А. С. Дүйсекеев

М. М. Малкина


Іске 501-3 хатшы Л. А. Клюева


47
БЛАНКТІК ІС-ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ
Кадр есебі жөніндегі жеке

ІС ПАРАҒЫ
1.Тегі_______________________________

Аты_________________________________ Фотосуретке

Әкесінің аты _________________________ арналған

2. Жынысы __________________________ орын

3.Туған күні, айы және жылы____________

4.Туған жері _________________________

(село, аудан, қала, республика)

5. Ұлты_______________________________



6. Білімі_______________________________

48


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет