Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған



Pdf көрінісі
бет8/68
Дата08.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176235
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68
Байланысты:
Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva
Жо арыж не (немесе) жо арыо уорнынанкейінгібілім беру йымдарына, Педагогика Молдасан Қ. (1)
Алма пісті. Су тасыды. От жанды. Машина жүрді.
Марат оқыды. Жапырақ сарғайды. Жаңбыр жауды. Лақ 
секірді. Ат шапты.
Бұларды үйрету арқылы өтілген сөйлем үлгісін тиянақты 
бекітуге ғана емес, сонымен қатар оқушылардың жаңа сөздерді 
білуіне де назар аударылады.
2. Бастауышы – жіктеу есімдігінен, баяндауышы – зат есімнен 
жасалған екі сөзді сөйлемдерді үйрету.
Бұл – кітап. Ол – доп.
Бұл – дәптер. Ол – қуыршақ. 
Бұл – Марат. Ол – бала.
Бұл – Айжан. Ол – Қайрат.
Мынау – бор. Анау – қозы.
Мынау – қалам. Анау – Сәуле.
Сөйлемдер «Бұл не? Бұл кім? Ол не? Ол кім? Мынау 
кім? Мынау не? Анау не? Анау кім?» деген сұраулар (сұраулы 
сөйлемдер) арқылы әңгіме ретінде өткізіледі.
Сұрақ-жауап үлгілері:
- Бұл не? - Мынау не?
- Бұл – кітап. - Бұл – бор.
- Бұл кім? - Анау кім?
- Бұл – Асқар. - Ол – Сәуле.


27
Мұндай сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауыш арасына 
белгілі дауыс кідірісін жасап айтуға, оған оқушыларды 
жаттықтыруға арнайы көңіл бөлінеді. Сондай-ақ бұл типтес 
сөйлемдерді үйрету үшін сабақта ( экскурсияда ) нақты заттарды 
пайдаланған жөн.
Бұл жерде «сөз» деген терминді де түсіндіріп кетуге болады. 
Ол үшін «Бұл не?», «Бұл кім?» деген сұрақтар арқылы заттардың 
аттары тізбектеліп аталады да, «мұны не дейміз?», «Оны сөз 
дейміз» тәрізді түсініктер беріледі.
3. Бастауышы – зат есімнен, баяндауышы – сын есімнен 
жасалған екі сөзді сөйлем түрлерін үйрету.
Қар ақ. Қант тәтті. Сынып таза. Шөп жасыл. Күн жылы.
Тау биік. Қуыршақ әдемі. Болат тәртіпті. Айгүл жақсы.
Бұл тәрізді сөйлемдерді үйретуде салыстыру тәсілін қолдану 
өнімді. Ол үшін мынадай үлгіде қарсы мәндес сөйлемдер жасатуға 
болады.
Қар ақ. Көмір қара.
Түйе үлкен. Бота кішкентай. 
Сабақта қолданылатын сұрақ-жауап түрлері:
- қандай? - қуыршақ қандай?
- көк. – қуыршақ әдемі.
4. Баяндауышы жатыс септігіндегі зат есімнен жасалған 
бастауыштар тауып, екі сөзді сөйлемдер құрастырып айтуға 
үйрету.
Құс ұшты. Қой маңырады. Алма пісті.
Ұшақ ұшты. Қозы маңырады. Жүзім пісті.
Қарға ұшты. Ешкі маңырады. Өрік пісті. 
Торғай ұшты. Лақ маңырады. Қауын пісті.
Үй таза. Атам үйде.
Бөлме таза. Әжем үйде.
Еден таза. Қуат үйде.
Мектепке алғаш келген балалардың жетекші іс-әрекеті – 
ойын. Сондықтан баланың ойынға деген қажетін ескермей, оны 


28
бірден ой еңбегіне көшіруге болмайды. Демек, мектепте, әсіресе 
сауат ашу кезеңінде, оқу мен ойын ажырамас бірлікте жүргізуді 
керек етеді. Алайда, ойын түрін сабақ тақырыбының мазмұнына 
лайықтау керек. Мысалы, осындағы «ұшты» деген баяндауышы 
бар сөйлемдерді үйрету үстінде «Ұшты-ұшты» деген сөздеріне 
белгілі ойынды ойнатқан жөн. Бұл ойын оқушыларды сергітумен 
қатар, сөйлем мағынасын жете түсінуге көмектесіп, олардың 
ойлау қабілетін жетілдіре түседі. 
Әліппеде екі сөзді сөйлемдер жасауға арнайы материалдар 
беріледі. Мысалы, Қаз жүзді, Үйрек жүзді, Әтеш шақырды,
Қой жайылды, Жылқы өрісте сияқты екі сөзді сөйлемдер жасап 
айтуға болады.
Сөйтіп, екі сөзді (жалаң) сөйлемдер құрастырып айтуға 
төселген оқушыда «сөйлем» туралы біршама ұғым қалыптасады. 
Бұл кезде өзі үш, төрт сөзді сөйлемдерді сөйлеу тәжірибесінде 
ажырата білуге мүмкіндік жасайтын болады.
Үш, төрт... сөзді сөйлемдермен оқушылар «Әліппе» 
материалдары бойынша әңгіме өткізу барысында танысады. 
Бұл кезде жетекші сұрақ-тапсырмалардың көмегімен сурет 
бойынша сөйлемдер құрастырады.
Құрамындағы сөздің саны екіден көп сөйлемдер көбінесе 
«Әліппеде» берілген сюжетті суреттер бойынша қарастырылады. 
Мысалы, «Айжан ыдыс жуды» сияқты үш-төрт сөзді сөйлемдер 
құрастырып, оқушыларды байланыстырып сөйлеуге даярлауға 
болады.
Келесі сабақтарда оқушылар «сөз» деген ұғыммен арнайы 
таныстырылады. Жоғарыда айтылғандай, «сөз» деген ұғыммен 
оқушылар «сөйлем» құрастырып, сөйлеуге үйрену барысында 
таныса бастайды. Өйткені бұл екі ұғымды бір-бірінен ажыратып 
түсіндіру мүмкін емес (сөйлем сөздерден жасалады).
«Сөз» деген ұғым оқушыларға практикалық жолмен 
түсіндіріледі. Практикалық жолмен үйрету дегеніміз – ережесіз, 
баланың өз тәжірибесінде қабылданған білім негіздеріне 
сүйене отырып, нақты заттар мен суреттерді көрсету арқылы 
әңгімелесіп түсіндіру. Бұл тәсілмен түсіндірілетін нәрсенің 
мазмұны – оқушыға бұрыннан-ақ таныс дүние. Мұғалім оны 
тек жаңғыртыр, айқындап, қорытып береді. сол арқылы жаңа 
білімге жетектейді.
«Әліппеде» берілген суреттердің астына сөйлем мен ондағы 


29
сөздерді бейнелейтін арнайы схемалар орналасқан. Әр сөз ұзынша 
тік төрт бұрышпен белгіленген. Мысалы, сөйлемде үш сөз болса, 
оның схемасы үш рет ұзынша тік төрт бұрышпен беріледі.
Оқушылар «сөйлем», «сөз» туралы алғашқы мағлұматтар 
алған соң, «буын», «дыбыс» деген ұғымдар түсіндіріледі.
Сөзде неше буын болса, оны сонша рет қана бөліп айтуға 
болады. Демек, буын деген ұғымды түсіндірудің тиімді тәсілі 
– сөзді практика жүзінде буындап айтуға төселдіру. Ол үшін 
мұғалімнің өзі алдымен сөзді буынға бөліп айтады (мысалы, 
ба-ла). Сөздің буынға бөлінген әрбір бөлігін айқындау үшін 
мұғалімге қосылып бүкіл сынып ол буындарды хормен айту 
керек.
«Сөзді» бөліп-бөліп айтуға болады. Сөздің әр бөлігін бұдан 
былай «Буын» деп атайтын боламыз. Осылайша, буын деген 
термин енгізіледі.
«Дыбыс» деген ұғымды түсіндіруде сөзден жеке дыбыстарды 
бөліп алып талдаудың мәні зор. Ол үшін мынадай практикалық 
тәсілдерді қолдануға болады. 
1. Сөзден жеке дауысты дыбысты бөліп алып айту. Ол үшін 
бірінші буыны жеке дауыстыдан жасалған сөздер алынады.
А-та, а-ра, а-ла, ә-ке, ә-же, ә-теш, е-тік, е-рін.
2. Екі дыбыстан құралған ашық буынды сөздегі дауыссыз 
дыбысты табу. 
Бұл салада екі түрлі жұмыс жүргізіледі:
1) дауыссыз дыбысты әр сөздегі бір буынды қайталап беру: 
ба-ла, да-ла, қа-ла.
2) дауыссыз дыбысты сөздегі әр буында әртүрлі қайталап 
беру: ша-на, ба-қа, ке-ме, та-ға, да-ла.
3) Екі дыбыстан құралған сөздегі дауыссыз дыбысты табу.
Мұнда да екі түрлі жаттығу жүргізуге болады.
1) сөзді бір дауыссызға аяқтайтын етіп беру арқылы: ат, 
от, ет; ор, өр, ұр; ал, ол, ел, іл, ұл, ас, ес, іс, ыс...,
2) сөздің дауыссыз дыбысын әр үрлі» етіп беру арқылы : 
ат, ер, ақ, әк, ас.
Бұл кезеңде оқушыларды жазу жұмысына даярлауға жете 
мән беріледі. Ондай жұмыстың түрлері:
1) әртүрлі еркін сызықтар мен өрнектер сыздыру
2) негізгі әріп элементтерін сызуға жаттықтыру; 
3) баспа әріптерін кубиктермен таныстыру; баспа әріптер 
мен оңай әріптерді, сөздерді жаздыру. 


30
Сабақ мазмұны: сабақта балаларды оқуға даярлау 
жұмыстары: мектеп, сынып, Әліппе, басқа оқу құралдарымен 
таныстыру; дұрыс отыру, қалам, дәптерді пайдалану ережелерін 
меңгерту; саусақтарын жазуға даярлау жаттығуларын жүргізу.
«Сөз» деген ұғымды практикалық жолмен түсіндіру; қолды 
жазуға даярлау жаттығуларын жүргізу.
«Буын» деген ұғымды практикалық жолмен түсіндіру; қолды 
жазуға даярлау жаттығуларын жүргізу.
Әртүрлі буынды сөздерді буынға бөліп айтуға жаттықтыру; 
қолды жазуға даярлау жаттығуларын жүргізу.
«Дыбыс» деген ұғымды практикалық жолмен түсіндіру; 
Сөзді – буынға, буынды – дыбысқа талдауға жаттықтыру.
«Сөйлем», «сөз», «буын», «дыбыс»; А, Т әріптері бар 
кубиктерді көрсету; бұл дыбыстарды баспа әріптермен жазуға 
үйрету; А-ТА сөзін буынға бөлдіріп, баспа әріптермен жаздыру.
«Сөйлем», «сөз», «буын», «дыбыс»; У, Л әріптері бар 
кубиктерді көрсету, бұл әріптерді жазуға үйрету, әріптер өтілген 
кубиктерден сөз құрату; А-УА, А-ЛА сөздерін буындап жаздыру.
«Сөйлем», «сөз», «буын», «дыбыс»; Қ, Б, Д әріптері бар 
кубиктермен таныстыру; әріптері өтілген кубиктермен сөз құрату: 
ҚА-ЛА, БА-ЛА, ДА-ЛА сөздерін баспа әріптермен жаздыру.
«Сөйлем», «сөз», «буын», «дыбыс»; әріптері өтілген 
кубиктерден сөз құрату, сөздерді баспа әріптермен жаздыру.
Әріптері өтілген кубиктерден 3-5 сөз құрату; ол сөздерді 
оқыту, жаздыру, оқушылардың оқу, жазу машығын байқау.
Сауат ашу жұмысы балалардың өздігінен орындайтын 
жұмыстары заттық, сюжеттік суреттермен сөз, сөйлем құрату, 
дыбыстық талдау жасату, моделдеу, айнала қоршаған өмірмен 
байланыстыру, компьютерді қолдану, ой еңбегін жандандыруға 
бағытталып, таңдап алған тапсырмаларын орындауда, өздігінен 
ізденіп шешімін табуы көзделеді. Балабақшада жазу жұмысы 
арнайы жеке жүргізілмейді. Балаларға баспа түрінде әріп 
элементтерінен жеңіл сөз, сөйлем құрату, жазу не сурет салу 
кезінде дұрыс отыру, қаламды дұрыс ұстауға үйрету көзделеді. 
Дәптердің қажеттігі, оның беттері, дәптер жолы, оң жақ, сол 
жақ шеті, төмен жағы, ортасы деген ұғымдарды игерту де осы 
кезеңде іске асырылады. Кесінді әліппеден тапқан дыбыстарды 
дәптер жолына орналастыра білуге жаттықтырады.
Өтілген дыбысқа орай балаларға тәрбиешінің айтуы бойынша 


31
қара қарындашпен (дұрысы сурет контурын салу) суреттің астына 
сөздің дыбыстық құрамын белгілермен белгілету.
Балалардың қолын жаттықтыру үшін тақтаға түрлі-түсті 
бормен жаздырып дағдыландыру қажет. Балалардың саусақтары 
тез шаршайды, сондықтан, саусақ бұлшық еттерін жетілдіру 
үшін арнайы жаттығулар жасалады. Ол үшін тақтаға бормен 
түрлі ирек, ілмек, сопақша, ұшбұрыш, тік төртбұрыш сияқты 
ырғақтық өрнектерді жазу игеріледі. Балалар баспа әріптерді 
жасағанда кейбір элементтерінің, бөлшектерінің қай жаққа қарай 
өзгеретінін сызықтың бағыты бойынша айтып беруге тиіс.
Сауат ашу кезеңінде балалардың психологиялық, 
физиологиялық ерекшеліктерімен тікелей санасқан жөн. Осыған 
орай, тәрбиеші-әдіскерлер сауат ашу жұмыстарын түрлендіріп, 
мақсатты ойындар мен ырғақты қимыл-қозғалыстар, бейнелеу 
өнері, математика, айналамен таныстыру, әсіресе, балалардың 
тілін дамыту, пәнаралық байланыстардың негіздерін қолдана 
отырып, бағдарлама мақсатын шығармашылықпен жүзеге 
асыруға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет