Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған



Pdf көрінісі
бет1/68
Дата08.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176235
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva
Жо арыж не (немесе) жо арыо уорнынанкейінгібілім беру йымдарына, Педагогика Молдасан Қ. (1)


1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 
университеті
Р.К. Қарсыбаева, А.Б. Қарсыбаева
Сауат ашу және жазуға үйретудің 
теориясы мен технологиясы 
Оқу құралы
«Қыздар университеті» баспасы
Алматы, 2013


2
Пікір жазғандар:
Қ.А. Аймағамбетова
-
п.ғ.д., профессор;
Ғ.З. Таубаева
– 
п.ғ.к., доцент
Қарсыбаева Р.К
., 
Қарсыбаева
А.Б. 
Қ 20 Сауат ашу және жазуға үйретудің теориясы мен 
технологиясы
/студенттерге арналған көмекші оқу құралы /
Қарсыбаева Р.К., Қарсыбаева А.Б. – Алматы: «Қыздар 
университеті» баспасы, 2014 ж.-152 б.
ISBN 978-601-224-557-8
Оқу құралында бастауыш сыныптағы сауат ашу кезеңінің теориялық 
және практикалық бағыттары қарастырыла отырып, сауат ашу кезеңіндегі 
әдістер, тәсілдер және қазіргі сабақ құрылымының ерекшеліктері көрсетілген. 
Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы 
және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне 
арналған. 
УДК 81.36(075.8)
ББК 81.2-2 я 73
ISBN 978-601-224-557-8
© Қарсыбаева Р.К., 
Қарсыбаева А. Б.,2014
© «Қыздар университеті» 
баспасы, 2014
Баспаға Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 
университетінің Редакциялық баспа кеңесі мақұлдап ұсынған
 
УДК 81.36(075.8)
 ББК 81.2-2 я 73
 Қ 20


3
КІРІСПЕ
Мектептегі оқыту үдерісі сауат ашудан басталатыны белгілі. 
Сондықтан оның балаға әріп танытып, таза сөйлеуге, сауатты 
жазуға үйретуде алатын орны да ерекше.
Сауат ашудың негізгі мақсаты – болашақ ұрпаққа терең 
білім мен өнегелі тәрбие беру, сол арқылы оларды өз ана 
тілін, Отанын, ел-жұртын шексіз сүйе білуге тәрбиелеу болса, 
негізгі міндеті – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды 
үйрету. Сонымен қатар, сауат ашу барысында оқушылардың 
тілі мен ой өрісін, танымдық қасиеттерін дамыта отырып білім 
беруге баса назар аударылады. Соның нәтижесінде жас ұрпаққа 
тиісінше жалпы білім негіздерін меңгерте отырып, адамгершілік 
тәрбиесі қалыптасқан, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеуге 
негіз қаланады. Демек, сауат ашу білім мен тәрбие алудың 
кілті іспетті. 
Білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын талаптардың 
ішіндегі аса күрделісі – алты-жеті жастағы балаларды 
сауаттандыру мәселесі. Өйткені, мектеп есігін алғаш ашқан 
баланы оқытудың өзіндік қиындықтары бар. Ол қиындықтар 
балалардың физиологиялық – психологиялық өзгешеліктеріне 
байланысты. 
Бұл жөнінде көрнекті психолог А.С.Мухина мектеп 
табалдырығын жаңа аттаған балада кездесетін қиыншылықтың үш 
түрін көрсетеді: біріншісі, жаңа мектеп тәртібінің ерекшелігіне 
байланысты (уақытында оянып тұру, сабақты тастауға болмайтыны, 
барлық сабақтарда тыныш отыру, үй жұмысын орындау т.б.). 
Екінші қиындық – баланың жаңа мұғаліммен, 
сыныптастарымен және отбасындағы қарым-қатынасына 
байланысты туындайды. Мұғалімнің барлық мейірімі мен 
жақсы қарым-қатынасына қарамастан, ол оқушылар үшін қатаң 
талаптарды қоятын, тәртіп орнататын, үстемдік көрсететін 
бағыттаушы, басқарушы. Ол үшін оқушы мұғалімнің беделін 
сезінуі қажет. Осыдан барып, көбінесе бірінші сынып оқушысы, 
жаңа ортаға бейімделе алмай, жалғыздық сезімде болады.
Үшінші жағдайда баланың мектепке баруына байланысты 
отбасындағы ролі де өзгереді. Балаға жаңа міндеттер мен жаңа 
құқықтар жүктеледі (оқушының үй жұмысын жасауда өзіндік 
орны, уақытының бөлінуі, оның күн тәртібімен санасуы т.б.),


4
оқу бағдарламаларының талаптарын орындау, мектептің ішкі 
тәртібін сақтау үлкендердің айтқандарын екі етпеу сияқты қатаң 
ережелер шеңберіне түседі. Осы айтылған дәстүрлі жүйенің
«орындаушы» талабын жою үшін, бүгінгі мұғалім де қазіргі 
заман талабына сай коммуникативтік құзіреттілігі қалыптасқан 
шығармашыл, білім берудің жаңа үдерістерін жете меңгерген 
маман болуы аса маңызды. Ойыннан мектептегі ой еңбегіне 
ауысқан балалардың өзіндік ерекшеліктерін мұқият есепке ала 
отырып, мұғалім әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізгенде ғана 
сауат ашу кезеңі нәтижелі болмақ. 


5


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет