Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған


Сауат ашудың мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет2/68
Дата08.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176235
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva
Жо арыж не (немесе) жо арыо уорнынанкейінгібілім беру йымдарына, Педагогика Молдасан Қ. (1)
Сауат ашудың мақсаты мен міндеттері
Сауат ашу жұмысы оқушылардан оқуға, ой еңбегіне қажет 
белгілі бір қабілет, бейімділікті талап етеді. Осыған орай, алғашқы 
оқу барысында мынадай ерекшеліктер ескеріледі:
- оқу жылының бірінші жартысы тұтасымен сауат ашуға 
беріледі;
- сабақ үстінде әрбір 10-15 минут сайын қимылды ойын 
түрінде сергіту минуттары өткізіліп тұрады;
- баланың оқуға деген ынтасы мадақтау, мақтау, көңілдендіру 
сияқты әдіс-тәсілдер арқылы арттырылады;
- үйге тапсырма берілмейді; алайда сабақтан тыс уақытта 
ата-ананың көмегімен сурет салу, графикалық ойындар өткізу, 
қима әріпті кубиктерден сөз құрату тәрізді сызу жұмыстарына 
жаттықтыру арқылы оқушылардың қолын жазуға даярлауға 
арнайы көңіл бөлінеді;
- апта ортасындағы бір күн жеңілдетілген сабақтарға 
арналады.
Сауат ашу - аса күрделі де жауапты жұмыс. Оны ойдағыдай 
жүзеге асыру үшін мұғалімдер атқаратын міндеттер көп әрі 
сан алуан. Олардың негізгілерінен мыналарды айтуға болады:
- балаларды мектептегі оқу жұмысына – сауат ашуға даярлау;
- сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін (фонетикалық 
естуді) меңгерту арқылы сөздегі дыбыстарды айқын естіп, дұрыс 
айтуға үйрету;
- оқушылардың жалпы ой-өрісін дамыту, ойлауға, 
байқағыштыққа тәрбиелеу;
- балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздігін байыту, 
сөйлемдерді дұрыс құрып, ойын айқын да дәл жеткізе білуге 
үйрету;
- сөзді жеке дыбыстардан құрап, ежіктеп оқымай, түсініп, 
дұрыс буындап оқуға, одан әрі біртіндеп сөзді тұтас оқуға 
дағдыландыру;
- дыбыстарды әріптермен дұрыс таңбалауды жете меңгерту 
арқылы жазудың каллиграфикалық талаптарын орындауға
әріптерді үзбей және сөз ішіндегі олардың байланысу тәсілдерін 
сақтап, сөзді тұтастыра жазуға үйрету; жеке сөздерді, сөйлемдерді 
көшіріп және есту бойынша жаза білуді жетілдіру;
- сөйлемдегі сөздердің айтылу мен жазылу ережелерін 
меңгерту: сөйлемді оқығандағы дауыс ырғағы, соңына дауыс 
үзілісінің жасалуы; сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып, 


6
сөйлем соңына нүкте қойылуы; сөйлемдегі бас әріппен жазылатын 
сөздер (кісі, жер-су аттары).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет