Оқу сауаттылығы Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтін мазмұны бойынша берілген төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Бір дұрыс жауапты таңдаңыз



бет9/32
Дата18.04.2023
өлшемі136,15 Kb.
#174840
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
Байланысты:
О у сауаттылы ы М тіндерді м ият о ы ыз. М тін мазм ны бойынша
LS, Өзін-өзі танудан 10 күндік шара, СОЧ 1 9 кл Я2, 9 сынып 22-23, ОКСИДТЕР 108
38. Ең дәмді інжір
А) Дала інжірі В) Ақ інжір С) Самарқан інжірі
Д) Ирандық інжір Е) Мысыр інжірі
39. Інжір жайында ел ішінде таралған сенім
А) Дауысыңды ашады. В) Жұмысыңа табыс, жетістік әкеледі.
С) Ақындарға шабыт береді. Д) Інжірмен үйді аластайды.
Е) Сыңарыңды табуға мүмкіндік береді.
40. Інжір ағашының әр түрін зерттеген ғалым
А) Ибн Сина В) Ескендір Зұлқарнайын С) Теофраст
Д) Клеопатра Е) Мысыр патшайымы
41. Мәтін мазмұнынан алшақ ой
А) Інжір жемісі күйзелістен арылуға көмектеседі.
В) Інжір жемісі мол күш-қуат береді.
С) Інжір жемісі ұйқыны қалыпқа келтіреді.
Д) Інжір жемісі қант диабетінен емдейді.
Е) Інжір жемісі мидың қызметін күшейтеді.
42. Мәтін мазмұнына сәйкес інжірді қолдана алатындар
А) Ас қорыту жүйесі нашарлар В) Ас қорыту жүйесі бұзылғандар
С) Қант диабетімен ауыратындар Д) Құяңмен ауыратындар
Е) Жөтелден емделушілер
43. Інжір жемісін ем ретінде бағалаған ғалымдардың бірі
А) Мысыр патшайымы В) Ибн Сина С) Клеопатра Д) Даймонд Е) Теофраст
44. Інжірдің түр-түсі сипатталған бөлім
А) Үшінші В) Барлығында С) Бірінші
Д) Екінші Е) Ешқайсысында
45. Інжір ағашы қанша жасайды?
А) Бір-екі ғасыр В) Бір ғасыр С) Үш-төрт ғасыр
Д) Екі ғасыр Е) Жарты ғасыр


10-мәтін
Қызылорда қаласының «Халық» газеті өзінің оқырмандарының арасында сауалнама жүргізген болатын. Сіздерге сауалнамаға қатысқан респонденттердің ойымен танысу үшін келесі мәтін ұсынылады.
Раушан, архитектор: Қобыз кейпіндегі көпір
Бізге қобыз бейнесіндегі көпір жасауға болады. Ол қаланың қос бөлігін байланыстырып, шаһарға ерекше көрік беріп тұрар еді. Мұнда келетін демалушылар саны да үзілмейтін болады. Сонымен қатар, ұлттық нақыштағы нысан, яғни, ерекше назар аударатын көпір болмақ. Енді бұл ұсынысты облыс әкімінің назарына ұсынсам ба деп отырмын. Бұқаралық ақпарат құралдарында қолдау тапса, тіпті жақсы.
Сәкен, журналист: Қымызханалар
Бізге ұрпақ саулығы керек. Қалада ашылатын әр қоғамдық орынның барынша пайдалы болуын ойластыру керек деп ойлаймын. Айталық, қымыз қырық аурудың алдын алады екен. Салауатты өмір салтын қалыптастыру іс-шараларының бірі ретінде қымызханалар ашуды ұсынып отырмын. Әрине, қымызхана қандай болу керек деген сауал туады. Ол заман талабына сай кафе типтес болу керек. Мұны аз десеңіз, ішіне жалт-жұлт еткен шамдар жақсын, әйтеуір елді өзіне тартсын. Сол арқылы ауылшаруашылығы өнімін өткізсін. Ондай жерлерде терме, түрлі аңыз—әңгімелер айтылып тұрса нұр үстіне нұр. Қазір қоғам соған сусап отыр. Ең бастысы, денсаулық пен ауылшаруашылығының дамуына үлес қосатын, рухани күшейтетін дүние – осы демалыс орындары.
Динара, қала тұрғыны: Кемпинг
Ашық аспан астындағы спорттық ойын алаңдары салынса жақсы болар еді. Халық сондай орындарға зәру. Бұл бір жағынан бұқаралық спортты дамытуға сеп болса, екіншіден, бос уақытты өткізетін керемет орын болар еді. Содан соң қала сыртында демалыс орындарын көбейткен дұрыс. Мәселен, кемпинг (автосуреттерге арналған демалыс орны) түріндегі орындар бой көтергенін қолдаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет