Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау деп нені атаймыз?


Жазбаша пікірлердің жазылуына ұсыныс



бет3/5
Дата30.09.2022
өлшемі36,58 Kb.
#151318
1   2   3   4   5
Байланысты:
оқу

Жазбаша пікірлердің жазылуына ұсыныс: 
- Пікірлер бағалау критерийлеріне тиісті жазылуы қажет. 
- Пікір жазғанда ең бастысы жұмыстың мықты, яғни жақсы жағынан бастау қажет, ол жұмыстың тек жақсы жақтарын анықтаудан ғана емес, неге және қаншалықты жақсы екендігіне анықтама береді.
- Пікір жазғанда оқушының атын қолдансақ, онда ол алда тұрған жұмысқа қуатты әсерін тигізеді;
- Жазылу кезінде қандай сала жақсартуды қажет ететінін анықтау және 
жұмысты жақсартатын анықтамалар мен мысалдар беру.
- Көп пікірлер жазылмауы тиіс
- Мүмкіншілігінше «сіздің ойыңыз бұл мәселеге басқа жақтан көрсетті» немесе «Сіз дәлел қолданудан ғажайып жетістіктер көрсеттіңіз» деген мадақтайтын сөлемдер қолдануға болады. Осылайша, жазбаша пікірлер оқушыны жасалған жұмысқа ақпаратпен және алдағы жетілдіру жолын көрсетумен қамтамасыз етуі қажет. Пікірлердің жазбаша түрі көп уақытты қажет етеді, сондықтан да оның басқа түрлерін қолдануға болады.

Ауызша кері байланыс
Тапсырма немесе критерий үшін ауызша пікір жалпы болып табылады. Көбінесемұғалім қысқа пікірлер береді, жұмысқа тек баға беріліп, алдағы жұмыстың орындалуына ешқандай ұсыныстар берілмейді. Тиімді кері байланыс қамтамасыз ету үшін толықтай пікірлер қолдану қажет. Нұсқа ретінде ауызша кері байланысты қолдануға болады. Ол үшін үш минутқа дейінгі аудио хабарлама мен құжаттарды электронды түрде жіберуге болады. Бұл жағдайда, аудио хабарлама пікір ретінде қабылданады, бұл ауызша хабарламадан неғұрлым жақсы болып есептеледі, себебі бетпе бет байланысты қажет етеді, аудио хабарлама болса, оқушы аудио хабарламаны тыңдай отырып, құжаттарды қарай алады. Мысалға, VoiceMemo қолданбалы бағдарламасын пайдалануға болады. 
Жеке кездесу 
Оқушының көбісі мұғалімнің ол жайлы не ойлатынына үлкен мағына береді, ол туралы бастан кешіреді. Одан басқа олар кері байланыстағы ескертулерді өзінің жеке тұлғасына бағытталған ескертулермен шатастырады. Бұл мәселені шешу үшін оқушыны жеке кездесуге шақырып, сенімді қарым-қатынасқа түсіп, оның жұмысына жазылған пікірлерді көрсету және қызықты мәселені шешу.Оқытушының жеке кездесудегі басты міндеті болып оқушының білім сапасын жақсарту және ұсыныс беру. Жеке кездесулер оқушымен диалог құрастыруға көмектеседі, яғни оқудағы прогресстің жоғарлауына әкеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет