Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау деп нені атаймыз?


Нәтижелі кері байланыстың ережелері



бет4/5
Дата30.09.2022
өлшемі36,58 Kb.
#151318
1   2   3   4   5
Байланысты:
оқу

Нәтижелі кері байланыстың ережелері: 
1. Пікірлерге нақты критерийлерге сүйене қорытынды шығару. 
2. Пікірлердің ішінде жұмыстың нақты аспектілерімен байланысты егжей-тегжейліліктер көрсетілуі қажет. 
3. Пікір қалдыру алдағы мәселелерді шешудің жолын көрсетуге көмектеседі.
4. Өзінің жұмысын қайтадан қарауға мүмкіндік пайда болады. 
5. Кері байланыс максималды нәтижелілікті қажет етеді, яғни өткізілу уақытын талап етуден кешіктірмеу. 
6. Тек кері байланыс үшін берілген жаттығуларды қайта-қайта өткізу.
7. Оқушыларға өзінің жұмысн кезең бойынша көрсету. 
8. Кері байланыс аясында оқушылар не жасайтынын жазып алу.

Қалыптастырушы бағалаудың техникасы 
Жұмыс кезінде бастауыш сынып мұғалімі қалыптастырушы бағалау техникасын қалай қолдану керек екендігінің маңыздылығын түсінуі қажет. Бұл бағытта жасалған нақты, мақсатты жұмыс оқу процесінде сапалы нәтижеге әкеледі. Тәжірибе және оқу теориясында бүгінгі таңда оқушымен жұмыс жасауға бағытталған көптеген қалыптастырушы бағалау техникалары бар. Бізге ең қызықты болып көрінген Натали Регьенің (2012) техникасын мысал ретінде көрсетейік.

Қалыптастырушы бағалау қандай жағдайда қолданылады? 
Қалыптастырушы бағалау әрбір сабақта және оқытудың барлық кезеңдерінде қолданылады. Олар оқыту процессімен тығыз байланысты және де оқушы нәтижесінде не білетінін және не білу керек екендігін анықтауға бағытталған. Бұл техниканы оқыту процесінде қолдана отырып, алынған ақпараттар оқыту процесіне өзгерістер енгізуге және оқушының нәтижелілігін жақсартуға көмектеседі. Мұғалім оқыту процесіне лайықты техниканы қолданғанда нұсқауларды өзгертуге және бейімдеуге құқысы бар.


Қалыптастырушы бағалаудың техникасы не үшін қолданылады? 
Қалыптастырушы бағалаудың техникасы әр оқушының нәтижесін қадағалауға және алдағы оқыту процесіне өзгертулер енгізуге көмектеседі. Техникалардың арқасында мұғалім оқушылардың оқу процесінде олардың деңгейін анықтауға, оқыту процесінің нәтижелілігін қадағала отырып, қандай өзгертулерді қажет ететінін көрсетеді. Оқушылар оқытудың мақсатына сәйкес үлгеріп және дамып жатса, онда мұғалім ағымдағы оқыту тәжірибесін жалғастырады. Егер де оқушылар болжамдағандай оқыту мақсатына жетілмесе, онда ойдағыдай нәтижеге келу үшін мұғалімнің оқыту жоспарын өзгертуге тура келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет