Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Поэзиясы мен қоғамдық-саяси жұмысы



бет224/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы
Home alone 2, Saba-ty-ba-ylau-para-y-osymsha, Шамалар. Масса. 1 сынып, Хфөпма 15, stud.kz-36854, Кушербай Мадина , философия 9 Камбаралиева Н, философия 9 Камбаралиева Н, 1zX1R5JBYxVpSZQ62VZMp41z-7vDwifwM
Поэзиясы мен қоғамдық-саяси жұмысы. Мәшһүр Жүсіп қоғамдық-саяси жұмыстармен белсене айналысты. Патша үкіметінің отарлау саясатына ашық түрде қарсы шықты. 1893 жылдан өлкедегі патша үкіметінің отарлық саясатын әшкерелеген өлеңдері мен мақалаларын жариялай бастады. 1905 жылдың 9 қаңтарындағы Ресейдегі «қанды жексенбі» оқиғасы ағартушы ақынды бейжай қалдырмады.

Ақын қазақ халқының ең шұрайлы жерлерінің Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударылған шаруаларға тартып алынып берілуіне қарсы тұрды. 1907 жылы Қазан қаласында үш кітабы жарық көрді. Соның бірі «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабында автор тарихи деректер негізінде Дала өлкесінің байырғы тұрғындар қазақтарға тиесілі екендігін дәлелдеп шыққан. Патшалық билік өкілдері бұл кітаптың барлық таралымын жойып жіберді. Ал ақынның өзін саяси сенімсіздер тізіміне енгізді. Басқа кітаптарында ақын сөз бостандығы мен халық ағарту ісі мәселелерін көтерді.
Шығыс тілдерін жақсы білуі оған араб, парсы поэзиясымен, Шығыстың классикалық әдебиетімен жете танысуға мүмкіндік берді. Ол шығыстық сарындағы «Гүлшат-Шеризат», «Ғибратнама» т.б. дастандарын жазды. «Исабек Ишан», «Мұса Шорманұлы» сияқты жоқтау өлеңдерін шығарды.
1880 жылдан «Дала уәлаяты», «Түркістан уәлаяты» газеттері мен «Айқын» журналында мақалалар жариялай бастады.
Оның шығармалары патша цензурасы тарапынан аса қауіпті деп есептеліп, ақын саяси қудалауға ұшырады. Ол өзі туып-өскен Баянауыл жерінен кетіп, өзге өңірде өмір сүруге мәжбүр болды.
Қазан төңкерісі мен Кеңес өкіметінің орнауына сақтықпен қарады. Алашорда үкіметін құлатып, оны қуғынға ұшыратуы ақынның большевиктерге деген сенімсіздігін арттыра түсті. Большевиктер де ақынды қадағалап отырды. Большевиктердің пікірінше, ақынның шығармашылығы Кеңес идеологиясына қайшы келді. Сондықтан да ақынның қалдырған бай да аса құнды шығармашылық мұрасы ұзақ уақыт бойы еске алынбай ұмтыла бастаған еді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   251




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет