Оқулық Алматы, 013 Әож 911. (075. 8) Кбж 26. 82 я 73 м қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет6/89
Дата14.12.2021
өлшемі3,12 Mb.
#127005
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
Байланысты:
mustafaev-landshafttar
Pneumonya, ответы рубежок и сессии первого года обучение, mustafaev-landshafttar, УМК Механика 1 курс 2021, 1-2 week, Іndependent work of teachers with students, Практика пед, Фтиз рубеж новый.docx, 11-14 жас аралығындағы дене шынықтыру сабақтары, ДНН РК, марк 11
 
 
 
 
 
 
 
 


 


 
 
 
ЛАНДШАФТТАНУДЫҢ ЖАЛПЫ 
ЕРЕЖЕЛЕРІ 
 
 
1.1  
ТАБИҒАТ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР 
 
Табиғат  –  қандай  да  бір  кеңістіктік  немесе  уақыттық 
шеңбермен  шектелмеген  және  бүкіл  әлемді  оның  сан  алуан 
түрлерімен  бірге  қамтитын  ең  жалпы  ғылымдық  және  
философиялық  ұғым.  
Табиғат дегеніміз – кең мағынасында бүкіл дүниенің барлық 
заттық,  қуаттық  және  ақпараттық  әлемі.  Адамзат  табиғатты 
дәстүрлі түрде жанды немесе «өзін тани білетін» материя ретінде 
қабылдайды,  яғни  ол  адамзат  қоғамының  өмір  сүруінің  адам 
тікелей  немесе  жанама  түрде  әсер  ететін  және  өзінің 
шаруашылық 
қызметінде 
байланыста 
болатын 
табиғи 
жағдайларының  жиынтығы.  «Қоғам  –  табиғат»  жүйесін 
қарастыру кезінде әдетте тап осы ұғым қолданылады. Табиғатты 
осылай    ұғынудың  адамды  қоршаған  ортамен  арақатынасына 
назар аудару қажет (1-сурет) [1].   
Адамның  табиғатпен  өзара  әрекеттесуі
 
мәңгілік  және 
сонымен  бір  мезгілде заманауи  мәселе, адамзаттың  өзінің  пайда 
болуы, өмір сүруі және болашағы табиғатпен байланысты. Адам 
табиғаттың  элементі  ретінде  «табиғат  –  қоғам»  атты  күрделі 
жүйенің  бір  бөлігі  болып  табылады.  Адамзат  өзінің  көптеген 
сұраныстарын табиғаттың есебінен қанағаттандырады.  
Табиғаттың  барлық  элементтері  қоршаған  ортаны  құрайды. 
«Қоршаған  орта»  деген  ұғымға  тұтас  қоғамды  емес,  тек 
жекелеген адамдарды ғана қоршап тұрғандықтан, адам қолымен 
жасалған заттар (ғимараттар, автомобильдер және т.б.) кірмейді. 
Бірақ  табиғаттың  адам  қызметінің  нәтижесінде  өзгертілген 
бөліктері (қалалар, ауыл шаруашылық танаптары, су қоймалары, 
қолдан  еккен  ормандар)  қоғам  өмір  сүретін  ортаны  құратын 
болғандықтан,  қоршаған  ортаға  кіреді.  Экологияда  «табиғи 
жағдайлар»  және  «табиғи  қорлар»  деген  ұғымдар  аражігі 
ажыратылып пайдаланылады. 


 

 
 
1-
сурет. «Орта» ұғымын жіктеу (Реймерс, 1990) 
 
Табиғи жағдайлар
  – 
табиғаттың барлық жақтарын қамтитын 
өте  кең  ұғым,  әдетте  олар  туралы  адамға  және  оның  қызметіне 
қатыссыз айтады. 
Табиғи  қорлар
  – 
бұрын,  осы  кезде  және  болашақта  тікелей 
және  тікелей  емес  тұтыну  үшін  заттық  игіліктер  жасау,  еңбек 
қорларын  қайта  өндіру  үшін  пайдаланылатын  табиғи  нысандар 
мен құбылыстар. 


 
10 
Қазіргі  кезде  табиғи  қорларға  пайдалы  қазбаларды, 
топырақты,  өсімдіктер  мен  жануарлар  әлемін,  атмосфералық 
ауаны,  суды,  климатты,  күн  және  космос  радиациясы 
жатқызылады. 
Табиғи  қорлар  мен  табиғи  жағдайлардың  қоғам  өмірінде 
қазіргі  кезде  немесе  жақын  арада  пайдаланылатын  жиынтығын 
табиғи игіліктер деп атайды (2-сурет) [2] 
Табиғи  қорлар  пайдаланылуы  бойынша  (өндірістік, 
денсаулық сақтау, ғылыми, эстетикалық және т.б.), ал табиғаттың 
қандай  да  бір  құрамдас  бөліктеріне  жатуы  бойынша 
(минералдық, жер, орман, су, энергетикалық және т.б.) жіктеледі. 
 
 
 
2-
сурет. «Табиғи игіліктер» ұғымының құрылымы 
(Н.Ф. Реймерс бойынша, 1990) 
 
Табиғи қорлар адамның әсер ету сипаты бойынша әдетте екі 
санатқа:  сарқылатын  және  сарқылмайтын  қорларға  бөлінеді  
(3-
сурет) [3]. 
Сарқылатын  табиғи  қорлар  жаңғырмайтын,  салыстырмалы 
түрде  жаңғыратын  және  жаңғырмалы  болып  бөлінеді. 
Жаңғырмайтын табиғи ресурстарға жер қойнауының байлықтары 
(қазба 
байлықтар) 
жатады. 
Себебі 
өндірілген 
және 
пайдаланылған  соң  қалпына  келмейді,  ал  Жерде  қазір  олардың 
пайда болуына немесе қалпына келуіне қажетті жағдайлар жоқ. 
 
 


 
11 
 
 
3-
cурет. Табиғи қорлардың жіктелуі 
 
Топырақты  дұрыс  пайдалана  білу  оның  құнарлылығын, 
дақылдардан  жақсы  өнім  беру  қабілетін  сақтауға  мүмкіндік 
беретін  болғандықтан,  ол  салыстырмалы  түрде  орны  толатын 
ресурстарға  жатады.  Жаңғырмалы  қорларға  өсімдіктер  және 
жануарлар  әлемі  де  жатады.  Олар  пайдаланылған  соң  қалпына 
келе  алады.  Соңғы  жылдары  табиғи  қорлардың  таусылу  белгісі 
бойынша  бөлуде  өзгерістер  пайда  болды.  Таусылатын  және 
жаңғырмайтын  қорларға  минералдық  қорлар  жатқызылады. 
Таусылатын,  бірақ  жаңғырмалы  қорларға  жер,  су  және 
биологиялық қорлары жатқызылады.  
Биологиялық  қорларға  өсімдіктер  және  жануарлар  жатады. 
Табиғи қорлардың қоғамның қазіргі техникалық және әлеуметтік-


 
12 
экономикалық  мүмкіндіктері  кезінде,  адамның  өмірлік  ортасын 
сақтай  отырып,  шаруашылық  қызметке  нақты  тартылуы  мүмкін 
бөлігі табиғи-қорлық әлеуеті деп аталады. 
Экономикалық  жағынан  бағаланған  табиғи-қорлық  әлеуеті 
елдің  ұлттық  байлығының  құрамына  кіреді.  Табиғи-ресурстық 
әлеуеті  табиғатты  пайдаланудағы  аса  маңызды  ұғым.  Табиғатты 
пайдалану    табиғи-қорлық  әлеуеттің  кенет  өзгеруіне  алып 
келмейтін болса ғана оңтайлы болады. Егер адам табиғатқа үнемі 
өсіп  келе  жатқан  әсерді  оны  қорғаумен,  қомқорлық  жасаумен 
және табиғи жағдайлар мен қорларды үнемі қалпына келтірумен 
қисынды үйлестіретін болса, онда ол оңтайлы болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет