Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет130/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Антонио Мачадо (1875-1939) - ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы таны­мал испан ақындарының бірі. Ол да Унамуно сияқты «98 жыл ұрпақтарының» қатарына жатады. Ол 20-30 жылдар арасында авангардтық бүлікшіліктен әдебиет­тің жаңа шарттарын қабылдауға өткен жас жазушылардың жақтасы болған. Антонио Мачадо Севильеде дүниеге келген. Оның әкесі танымал ғалым-фольклорист болған. Антонио Мадридте білім алған.

Мачадо өзінің әдеби шығармашылығын 1903 жылы жарыққа шыққан «Жалғыз­дық» атты поэтикалық жинағымен бастайды. Аталған жинаққа енген өлеңдерден француздық символизммен, ең алдымен, Поль Верленнің поэзиясымен, сонымен қатар латын америкалық ақын Рубен Дарионың шығармашылы­ғымен байланысы байқалады. Мачадо келесі онжыл­дықта («Кастилия жазықта­ры», 1912) өзін реалисттік ағымдағы ақын ретінде танытады. Оның дүниетаны­мы­ның қалыптасуына экзистенциализмнің әсері зор болған. Оның ойлары Мигель де Унамуноның философиялық көзқарастарына жақын болғанын Мачадоның 1913-1917 ж. арасында жазған өлеңдерінен байқауға болады. Мачадо өзінң философиялық лирика­сында о дүниелік өмір жайында емес, өзінің өлімінен кейінгі осы әлем жайында айтады. «Кастилия далалары» атты шығармасында тарихи оқиғалар суреттеледі. Мачадо «Исапа­ния­ның жерлерімен», «Дуэро жағаларына», «Өткеннен» атты өлеңдерінде туған жердің өткен тарихын жаңа заманмен байланыстырады.

Республика жылдары мен азаматтық соғыс жылдарында Мачадо фашизмге қарсы шығады. Ол Испаниямен, халықпен бірге күреске шығу керек екендігіне сенімді болады. Мачадо республикалық басылымдарда шығарамларын жарыққа шығарып, жиналыстарда сөз сөйлейді, Гарсиа Лорка өліміне элегия жазады, соғыс кезінде қираған қалалар жайлы өлең­дерді дүниеге әкеледі. Мачадо қашқындармен біріге Франция шекарасынан асып, қайтыс болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   205




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет