Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет160/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Премчанд алғашында урду тілінде жазса да, кейін шығармаларын хинди тілінде жазған. Оның «Севасадан» («Приют»), «Премашрам» («Махаббат тұрағы»), «Нирмала» («Жастық­тың оралуы»), «Рангбхуми» («Күрес алаңы»), «Габан» («Айырылысу»), «Годан» («Құрбан­дық сиыры») және басқа роман­дары әлем әдебиетінің шығармаларымен тең тұрады.

Премчанд мектебінің өкілдеріне Вишвамбарнатх Шарма Каушик, Пратап Нараян Шривастав, Бхагаватипрасад Баджпейялар жатады.

Премчандтан кейін хинди романдарында екі айрықша психологиялық және прогрес­сив­ті тенденция анық көрінді. Психо-аналитикалық романдар деректерін Фрейд және Адлердың ілімдерінен іздеген. Шеберлік жағынан бұл мектептің шығармаларының үздік орнын Агьейннің «Шекхар ек дживани» («Шекхардың өмірбаяны») романы алады. Сол секілді Илачандра Джошидің «Саньями» («Өмірден безген»), «Парде ки рани» («Көрпе астындағы хан­шайым»), «Прет аур чхайя» («Елестер мен көлеңке») романдары бір тоға.

Прогрессивті роман мектебінің жарқын өкілі – Яшпал. Оның шығармала­рында Премчандтың әлеуметтік ұмтылысы айқынырақ көрініс табады. Оның негізгі романдары: «Дада комред» («Дада жолдас»), «Манушья ке руп» («Әр түрлі адамдар») және басқалар. Ол өз шығармашылығында көбінесе ащы және қатал, ал кейде тіпті қорқынышты болатын сарказмға жүгінді.

Хинди романы секілді, хинди әңгімесі – жаңа дәуірдің көрінісі. Прозаның дамуының бастапқы кезеңінде Инши Алла-ханның «Рани Кетаки ки кахани» («Кетаки жайлы»), Джат­ма­ланың «Горе бадал ки катха» және Шивпрасадтың «Раджа Бходж ки сапна» («Раджи Бходжаның түсі») әңгімелері жазылды. Қызықты оқиғаларды баяндайтын олар новелладан гөрі очеркке жақын тұрады.

Әңгімеге қызығушылық жалпы түрде «Инду» журналының басып шығары­луынан бас­талды. Оның беттерінде Мaйтхилишарана Гупттың «Ниньянвайка пхер» («Дилемма») және Ракмчандра Шукланың «Гьярах варш ка сапна» («Он бір жылдық түс»), 1962 жылы Прасадтың бірінші әңгімесі «Грам» («Ауыл») жарияланып шықты.

Үнді әңгімесінің дәстүрлі тақырыбы - жесір әйелдің қайта үйленуі, төменгі «касталарда­ғы­ның» рухани көтерілуі, шетелдік мәдениет және батыс өркениеті, ескірген салт пен дәстүрге қарсылық білдіру. Бұл кезең әңгімелерінде кейіпкер мінездері керемет суреттелді.

Чатурсенаның «идеалистік» әңгімесіне қарсы Шастри Угра және басқа жазу­шы­лар нату­ра­лизм ұстанымында болды. Сол кезеңнің әңгімелерінен Сиярамшаран Гупттың «Манушья» («Адам») жинағына кірген шығармалары маңызды. Жазушының әңгімелері адамның ішкі жан-дүниесінің жұмсақ және таза күйзелісін суреттейді және ғибадатханадағы қасиетті шамның жарығымен жарқырайды. Бұл әңгімелерде суреттеу, автобиографиялық, әңгімелеу және эпистолярлық секілді көптеген стильдерді кездестіруге болады.

Әлеуметтік бағыттағы әңгімелердің мақсаты - ой-сананы ояту. Бұл мақсатты көздеген жазушылар легіне Яшпал, Радхакришна, Амритрай, Рангейя Рагхав, Чандракиран Саунрекса шығармалары жатады. Алайда дүние-танымы кең Упендранатх Ашканың әңгімелері ерекше орында. Оны тек кедейлердің мәселесі ғана емес, сондай-ақ орта таптық өмірдің реалистік суреті қызық­тырады. Бхагватипрасад Бажпейн қаламы адам үмітсіздігі көлеңкесінің қараңғылығына қарсы махаббаттың ал-қызыл түстерін асқан шеберлікпен жазады.

Қазіргі таңдағы әдебиет жаңа қалыптасқан жағдай мен өзгерістердің талабына сай стиль мен жанрлық құрлымындағы өзгерістерге батыс әдебиетінің ықпалын елемейді. Сонымен қатар өзін-өзі қалаған, өзіне жетімді «таза үнді» мәдениетін ерекше атап көрсетеді, бұл мәдениеттің сыртқы күштердің әсерінсіз қалыптасқаны айтылады. Үнді әдебиеттанушылары нақ осы мәдениетті олар батыстық терминологиямен модернистік және постмодернистік50 деп қарастыруға болатындығын ескертеді.

Мұндай пікірді қазіргі заманғы жетекші әдебиеттанушы, хинди әдебие­тіне маманда­ну­шы Намыар Сингх білдіреді: «Біз үшінші әлем өкілдері әдебиет­тің шынайы иеленушілеріміз, ал Батыста тек әдебиет тоериясы ғана бар. Постмодернистік әдебиеттің теориялық базасы сонда болғанымен, өзі осында туындауда...» (Parajape, Makarand. “The ideology of form. Notes on the third world noYel”//Social Sientist 18.8-9 (August-September 1990). P.72.)

Постмодернизм термині Үндістанда батысқа тән құбылыс деп танылады, сол себепті, бұған қатысты көзқарас бірінші кезекте жалпы батыстық мәдениетке деген қарым-қатынас­пен айқындалады. Үнді әдебиетіне постмо­дернизмді отарлаудан кейінгі кезеңмен байланыс­тыру тән. Тарихшы, философ Макаранд Паранджапе өзінің үнділік мәдениетте постмодер­низмге балама элементтер бұрыннан бар болғандықтан, өзіне мәнсіз және құрдымға алып келетін батыс өркениетінің жетістіктерін үнді негізіне ауыстыру ұмтылысы мен «постколо­ниалды синдром» арасындағы байланыс туралы қорытынды жасайды. Оның пікірінше, үнді мәдениетінде постмодернизмнен де жоғары нәрсе болғандықтан, Батыс қалдығына көнбеу керек. Осылайша, Паранджапе де, Намвар Сингх секілді Үндістанда кең тараған постмодер­низмнің үнді әдебиетінідегі болмысы туралы радикалды теріс көзқарасын білдіреді.

Бұл терминнің тура аудармасының жоқтығы үнді әдебиетіндегі постмо­дернизм жайлы түсініктің аймақтық тілдердегі әдебиетте бұл ұғымның қолданылуына теріс көзқарастың барлығына келіп саяды. Сонымен қатар батыстық зерттеушілердің бұл әдебиет туындыларын постмодернизмдік жолда қарастыру ұмтылыстарының жалғандығын әшкерелеу байқалады.

Енді ағылшын тіліндегі үнді әдебиетінің қалыптасу құбылысына келер болсақ, ол Үндістандағы ұзақ уақыт бойындағы британдық отаршылдықтың салдарынан ағылшын тілі аталмыш ел территориясында кең тарады. Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейін ағылшын тілі хинди тілімен қатар екінші мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазіргі кездегі ағылшын тіліндегі үнді әдебиетінің негізгі екі бастауы бар: біріншісі Үндістаннан шетелге қоныс аударушылардың үнді тарихы мен ақиқатынан алшақтамаған ұрпағы болып табылатын жазушылар. Сонымен қатар үнділік бірқатар жазушылар да әр түрлі себеппен өз туынды­ларын ағылшын тілінде жазады. Осы себептердің жиі кездесетіні, әрі маңыздысы – оқырман тобын аймақтық деңгейден көтеруде. Жоғарыдағы екі бастауға мысал бола алатын Үндістан мен Пәкістанда өскен, ұзақ уақыт бойы Ұлыбритания мен АҚШ-та өмір сүріп келген Салман Рушди мен Үндістан территориясының тұрақты тұрғыны Арундати Рой туралы сөз қозға­мақшымыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   205




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет