Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов


Абу-н-Низам Мұхаммед Фалақи Ширван



бет64/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Абу-н-Низам Мұхаммед Фалақи Ширван (1108-1146) Ширваншах астанасы Шемахта дүниеге келедi. Ол туған қаласын­да­ғы медреседе оқып, сол жерде өз заманына сай терең білім алады, араб филологиясы мен теология ғылымын да жақсы меңге­реді. Лақап аты Фала­қи (яғни, аспан және жұлдыз) болғандығына қарағанда астрономияны да жақсы білгенге ұқсайды. Бiзге дейiн оның лирикалық өлеңдерінің қасыдалар, ғазалдар мен рубаиалар­дан тұра­тын аз ғана бөлігі жеткен. Фалақидің қасыдасы панеги­рика­лық тақырыптарға жазылған және жоғары көркем шеберлігі мен терең ғылыми мәні арқылы ерекшеленеді.

Өзінің мұғалімі Абу-л-Ала мен досы Хагани сияқты Фалақи да өз патша­лы­ғында бақытсыз күндерді бастан кешеді. Ол өз қызме­тінде жеткiлiктi адалдық көрсетпегені үшін айыпталып, Шаба­­­­­ран түрмесіне қамауға алынады. Мұның барлығы ақынның денсаулы­ғына қатты әсер етіп, оның өмірiнде өшпестей iз қалдырады. Түрмеде отырып хабсийе («түрме жолдары») жанрындағы қасыда жазады. Ақын өз шығармаларында әділетсіздік пен заман­ның қаталдығы тура­лы жырлай­ды. Фалақидің ғазалдары мен рубаиаларының ерекшелігі махаббат туралы суреттеулерінен айқын көрінеді.

XII ғ. әзiрбайжан поэзиясындағы ең iрi ақындардың бiрi Хаган Ширван бол­ған. Афзаладдин Бадиль Хаган Ширван 1120 ж. да Шемахта дүниеге келедi. Оның әкесі Әли ағаш шебері, ал атасы тоқымашы болған. Хаган балалық шағында ақылдылығы мен шапшаңдығы арқылы көзге түседі. Оның анасы христиан дінін ұстанып, кейін ислам дінін қабылдаған. Хаган әкесі жағынан немере ағасы Кафиэддиннің тәрбиесiнде болған. Ол өз уақытының медицина, астрономия, жаратылыс­тану, логика, грамматика, әде­биет сияқты түрлі ғылым саласын терең меңгерген iрi ғалым және мұсылман заңдарын жақсы білген заңгер де болған. Хаган 1156 ж. Меккеге барып, қажылық жасауға рұқсат алады. Бұл Иран, Ирак, Сирияның жер­лерін, сонымен қатар Хамадан, Медаин, Бағдат, Дамаск сияқты тарихи қалаларын кө­руіне де үлкен мүмкіншілік туады. Ширва­нға қайтып келген соң Медаин шахта­ры­ның бұрын­ғы бас қаласының қираған орындары туралы филосо­фиялық элегия жазады.

Ақынның «Медаин қаласының қираған орны» атты қасыдасы халық ара­сын­да кең тарайды. Онда билік басындағылар мен халықтың тұрмыс-тіршілігі суреттелген. Ақынның философиялық ойы мен лирикалық классикалық үлгiсi шығыстың ең iрi ақындарын да қызықтырған. Хаган өз заманындағы феодал таптың өкілдеріне үлкен сабақ берді: қандай күштi құдiреттi болса да, барлығына ортақ апаттан ешкім құтыла алмайды.

Ақын батыл новатор болған. Ол дәстүрлі поэзиялық жанр­лардың тақырып­тық шекара­сын кеңейтіп, өз шығармаларында әлеу­меттік идеялар мен филосо­фия­­лық мәселелерді де қарасты­ра­ды. Хаган көбіне мұсылмандық моральдерге қарсы тұрып, махаббат әншісі ретінде адамның сұлулығы мен сезімін жырлай­ды. Бірқалыпты формада, әрі көркем құралдарға толы оның шығарма­лары өзінен кейінгі әзірбайжан ақындарына ғана емес, бүкіл Таяу Шығыс ақында­рына керемет үлгі бола алған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   205




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет