Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет71/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Джованни Боккачо - Еуропаның қайта өрлеу дәуіріндегі гума­нис­тік әдебиет­тің Пет­рар­ка­дан кейінгі екінші негізін салушы. Екеуі дос болғанымен, Боккаччо өзін Петрарканың шәкірті деп санаған. Қайта өрлеу гумманизміне Боккаччо мүлдем басқа жолмен жеткен. Оның шығармашылығы кейінгі ортағасырдың халықтық–қалалық мәдениетіне байла­ныс­­ты болып, осы себеппен батыс жазушылары Боккаччо шығармаларын, тіпті «Декамеронды» да орта ғасырға жатқызады

Боккаччо 1313 ж. II жартысында Чертальдо қаласында қара­пайым шаруа отбасында дүниеге келген. Боккаччо 1330 ж. Неапольге қоныс аударып, әкесінің қалауымен сауда ісін, кейін құқықты оқыған. Ал оны тек қана поэзия қызықтырған. Әкесінің байлы­ғы­ның арқа­сын­да оған патша Роберт Анжуйскийдің қарамағын­дағы ғылыми-әдеби үйірменің есігі ашылады. ХІҮ ғ. бұл үйірме Батыс Еуропаның ең маңызды мәдени орталық­тарының бірі болған. Неа­поль­де болған жылдары Боккаччо ақын-гуманист ретінде атағы шыққан.

Жас ақын ақыл, қайырымдылық, батылдық, адамның тағдыры туралы көп толғанады. Оның «Декамерон» мен басқа да шығарма­ларында орын тапқан басты ерекшелік – поэтика­лық фантазияға деген құмарлығы да Неаполь әсерінен оянды десек болады. Боккаччо шығар­ма­шылығының құрылуына патша Роберт билігі кезіндегі сарай ортасы да өз әсерін тигізеді. Роберт патша сарайында Боккаччо Мария Д’Аквиноны кездес­тіріп, оған ғашық болған жазушы кейін өзінің көптеген туындыла­рында қызды Фьяметта есімімен әлемге танымал етеді. Неаполь маңайындағы табиғатқа және Фьяметтаға арналған көпте­ген өлеңдер мен «Дианаға аңшылық» атты поэмасынан басқа Дан­те­­нің «Жаңа өмір» туындысының әсерімен Боккаччо 1336-1340 ж. аралығында прозалық «Филоколо» романын және екі үлкен «Филос­трато» мен «Тезеида» поэмаларын жазады. Осы аталған шығармалардың барлығы дерлік XIY ғ. үлкен сұранысқа ие болып, жаңа италиялық әдебиеттің құрылуына айтарлықтай әсер етеді. Жас ақын ортағасырлық әдебиеттегі халық шығармашылығына тән формалар мен антикалық риторика, Вергилий, Овидий, Стацийлар­дан алынған поэтикалық тәсілдерін өз тәжірибесінде пайдалана отырып, әдебиеттің дамуына өз үлесін қосады. Сонымен қатар антикалық поэзияның кейбір жанрларын жандандырып, оларды латын тілінде емес, италия тілінде жазып шығарады.

Флоренциялық цехтағы қаызметіндегі араласқан халық пен олардың өмірлік, қоғамдық, саяси және эстетикалық идеалдары ақынға гуманизмге арналған алғашқы еңбектерін жазуға негіз болады: «Амето» (1341-42 ж.), «Мадонна Фьяметта элегиясы» (1343-44 ж.), «Фьезо­лан­дық нимфалар» (1344-46 ж.), «Ғашықтық елес» (1342 ж.) және т.б.

«Декамерон» (грек тіліндегі мағынасы «он күн») - новеллалар кітабы. Құрамында 100 новелла бар. Ол 10 күн бойы 10 жас жігіт пен қыздың ортасында оқылады.

«Декамерон» шығармасының жазылуына оба ауруы себеп бол­ды. 1348 ж. бұл дерт елдің шығысынан бастап Флоренцияға дейін тарайды. Бұл көрініс 100 жылдық соғыстан да қорқынышты болған. «Қара өлім» Флоренция тұрғындарының үштен екі бөлігін өзімен бірге алып кетеді. Осы індет кезінде Боккаччо әкесі мен туған қызынан айырылады. Бұл індетті барлығы құдайдың қаһары­нан деп, Х–ХІ ғ. қорқыныштан жүрегі ұшқан тұрғындар ақыр заман келді деп ойлаған.

1348 ж. Боккаччо Флоренцияда болып, осы індеттен туындаған «сұрапыл өлімді» өз көзімен көреді. Боккаччо індетті тарихшы сияқты емес, жаңа заманның алғашқы ұлы прозаигі секілді көркем суреттеген. Шығармада індет қайғылы тарихи оқиға емес, дүниенің тоқырауы ретінде көрсетіледі.

1348 ж. бастап жазылған «Декамерон»37 шығармасы 1351 ж. аяқталады. Бұл шығарма қарапайым әрі түсінікті халықтық флорен­циялық тілмен жазылған проза болып табылады.

ХYI ғ. Фаблио мен антиклерикалдық (дінге қарсы) қалалық новеллаларға қарағанда Боккаччо монахқа күлгені үшін емес, оларды жан-жақты бейнелегені үшін «Декамерон» өткір сынға ұшырайды.

Декамерон новелласындағы әзіл сол кездегі оба ауруына қара­мастан өмірге деген сүйіс­пеншілік пен қуанышқа толы болады. Бұл әзіл жаңа гуманистік қоғамның өліп бара жатқан орта ғасырмен қоштасу әзілі етін.

Ортағасырлық аңыздар мен мысалдарға қарағанда «Декаме­рон­да» айтыла­тын әңгі­ме­лердің діни, саяси, философиялық және т.б. мақсаты болмаса да, бұл әңгімелердің жарамсыз­дығы мен мәнсіздігін көрсетпейді. Әдетте әңгімелер шынайы айғақтар мен қоғамдық талқыға түскен идеялардан басталады. Сонымен қатар «Декамерон» баяндаушылары өмірде кездесе­тін айғақтарды өмір­дің қарапайым жағдайларынан алшақтатпай, ешқандай да әсіре­леусіз жеткізеді. «Декамеронда» өмірдің өзі қалай өмір сүру керекті­гін үйретеді. Шыншылдыққа тал­дау жасай отырып, «Декаме­ронда» жаңа дүние, жаңа адам, және жаңа әдебиет қалып­таса­ды. Яғни ол тек қана қиял емес, «тәрбиелік мәні бар роман». Боккаччо адамды тәрбиелеу неме­се қайта тәрбиелеу мүмкіндігіне құдайға қарағанда қатты сенген. Кітапта барлық кейіп­керлер, тіпті баяндаушы­лар қауымының өзі де жаңадан тәрбиеленеді. Бұл шығарма үлкен табысқа қол жеткізіп, бүкіл Еуропада кең тараған. «Декамерон» бір ғасырға озып, ондағы жаңа қоғамның идеялары, тілі мен стилі тек жүз жылдан кейін ғана жаңа италиялық проза­ның идеясы мен тіліне айналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   205




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет