Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет70/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Данте Алигьери. Әлем әдебиетінің қалыптасуының Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі тари­хи оқи­ғалар мен жаңа идеяларды «Құдіретті комедия» атты шығармада кеңінен сипаттаған Данте тура­лы Ф. Энгельс былай деген: «Ол - ортағасырлық феодализм соңы мен жаңа капиталистік дәуір­лер тоғысында өмір сүрген ұлы тұлға. Данте – орта ғасылардың соңғы, ал жаңа заманның алғашқы ақыны».

Данте Флоренцияда 1265 жылдың мамыр айында дворяндық отбасында дүниеге келген. Оның тегі дворяндық болғанымен, ол гвельфтер отбасынан шыққан. Флоренциядағы гвельф­терді «попо­ло» халқы қолдап отырған. Жасы­нан теология, философия, астро­но­мия мен ортағасырлық схоластиканы терең меңгерген ақын Флоренцияның саяси өміріне де белсенді араласқан. Ол көпес­­тердің мүддесін жоқтаған «ақтар» партиясының құрамында болды. 1293 жылы Флорен­цияда «әділеттілік ұстанымдары» атты сол кездегі Еуропаның ең демокра­тиялық конституциясы жарық көреді. Дантенің жастық шағы гвельф республикасының гүлденуімен сәйкес келеді. «Жағымды жаңа стиль» мектебінің ең жарқын шығармасы Данте­нің «Жаңа өмірі» болды. Ол арқылы «Жағымды жаңа стиль» дамып қана қоймай, көптеген жетістіктерге де қол жеткізеді.

Данте өзінің «Жаңа өмірінде» флоренциялық Беатриче Порти­на­ри есімді жас әйелге деген зор махаббаты туралы айтады. 25 жасқа келмей жатып қайтыс болған әйелдің өліміне қайғырған ақын шығар­ма­сында тек оған арналған жеке махаббат сезімдерін емес, сондай-ақ, әлемді құтқара алатын жалпы сезімдерді де жыр­лайды. «Жаңа өмір» атты шығарманың желісі жеңіл әрі қарапайым құрылған.

Данте адамдарға тура жол көрсететініне нық сенімді болған. Осы сенімі арқылы ол тек Флоренция халқымен емес, соған қоса бүкіл Италия халқымен тығыз байланыста болған. Осылайша, ол қуғын-сүргін кезінің алғашында канцоналар мен «Ұлттық тілдегі поэзия өнері», «Той» атты философиялық шығармаларын және «Монархия» атты саяси еңбегін жазады. Осылайша «жағымды жаңа стильдің» орнына Данте атағандай «көркем немесе тамаша жаңа стиль» келеді. «Тамаша стиль» Қайта өрлеу дәуірінің ұлттық бет-пердесіне жол көрсеткендей болады.

Дантенің дүниежүзіне даңқы шыққан әйгілі шығармасы - «Құдіретті комедия»36 (1307-1321). Бұл поэма - Италия қоғамы­ның өтпелі дәуірін жан-жақты сипаттаған, бүкіл ортаға­сыр­лық мәдениеттің философиялық түйіні, көркем синтезі іспеттес шығар­ма. «Құдіретті» деген сөз Данте поэмасының діни мазмұнын емес, оның поэтикалық шеберлігін көрсету үшін қолданылған.

«Құдіретті комедияның» астарында көп мағына жатыр. Бұл - Данте поэтикасының бір түрі. Кейбір мағынасы жеке және саясатпен байланысты болып келетін «Құдіретті коме­дия­ның» қысқаша мазмұнына тоқталар болсақ, ну орманнның ішінде үрейге толы кезеңде, тү­нер­ген қараңғылықта жолдан адасқан Данте тау-қыратқа шығуға ұмтылады. Тау-қырат - әділдік пен халықтың аңсаған береке-бірлігінің нышаны. Дантеге бұл қыратқа шығу оңай көрініп, ол оған тез көтеріле бергенінде жалғандық, сатқындық пен нәпсіқұмар­лықтың ны­ша­ны болып табылатын бабыр алдынан шыға келеді. «Құдіретті Комедияның» саяси тұжырым­дамасы бойынша бұл аң олигархиялық басшы­лық­тың, әсіресе, Флоренция үкіметі­нің көрінісі іспеттес. Дегенмен Данте үмітін үзбей, бабырды айналып өтуге бел буып, жолын жалғастырып келе жатқанда, енді оның алдынан арыстан мен қасқыр шығады. Арыстан – тәкаппарлық пен зорлықтың, жауыздық мен қатыгез монархтардың аллегориясы, ал қасқыр - өзімшілдік пен ашкөздіктің белгісі. Бұл қасиет, Дантенің айтуынша, елбасы­ларға, шіркеу шенеуніктері мен «қалтасы қампиған» халық өкілдеріне тән. Дантені ең қатты шошытқан да дәл осы қасқыр, өйткені қасқыр үшін Данте қайта­дан төмен түсіп, қараңғы орманға, яғни адамзаттың қайғыға батқан жеріне оралады. Ну орманның түнегінен Данте Вергилийді көре­ді. Ол – адамзат ақылы, «данышпан көп тәңірлікке сенуші, көреген, дана», оған қоса, ол - ақын. Мұндағы Вергилий жай ғана ежелгі мифологиялық кейіпкер емес, ол адам туралы ғылымдардың – studia humanitatis көрінісі сияқты. Қайта өрлеу дәуірінің ғалымдары бұл ғы­лымға қарсы «діни ілімді», теология мен жалпы ортаға­сыр­лық шіркеулік түсінікті қояды.

«Құдіретті комедияның» алғашқы екі өлеңінде Дантенің өмір­лік тәжіри­бесі көрініс тапқан. Яғни Данте еңбегін халық тілінде жазу арқылы филосо­фиялық, қоғамдық-саяси және өмір шындығы арасындағы қайшылық­тарды шешкен. Шындығында, ол болашақ­тың «моде­лін» салып кеткен. Оның тәжіри­бесін Петрарка мен Боккаччо, Чиквеченто сияқты ұлы тұлғалар да қайта­лаған.

Данте 1321 ж. 14 қыркүйегіне қараған түні көз жұмады. Ол өмірінің соңына дейін өз мойнына алған әділет ақыны миссиясынан танбай, өмірде қандай қиындықтар мен ауыртпа­лық­тар кездессе де, ешқашан ақиқаттан жалтармаған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   205




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет