Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет14/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)
203 топ сабакка катысу, ағылшын тест, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson
2.7. Өсімдіктің өсуі мен өркендеуі
Өсімдіктің өніп, өсуіне жарық, жылу, ауа, су жəне қоректік заттар 
керек. Өсіп тұрған өсімдік табиғатпен тығыз байланысты. Егер осы 
көрсетілген факторлардың көбі немесе оның ішінара кейбіреулері кем 
болса, өсімдіктің өсу үдерісі бəсеңдеп, тек сол ең кем факторға сəйкес 
қана өседі жəне өнім береді, яғни кем факторды ешқандай баска фак-
тормен айырбастау мүмкін емес. Мысалы, жер қыртысындағы қоректік 
заттардың қоры гектарынан 10 центнер өнім беруге ғана жеткілікті 
болса, басқа факторлар қанша жеткілікті болғанмен де, ол тек 10 цент-
нер ғана өнім береді. Сонымен өсімдіктің жақсы өсуі, көп өнім беруі 
тек қана барлық керекті жағдайлар толық жасалғанда ғана қамтамасыз 
етіледі.
Күн жарығы фотосинтез жүруге керекті энергия береді. Күн жарығы 


27
жапырақтарға түскен кезде, оның тесікшелерінде хлорофилл дəндері 
пайда болады. Ол күн сəулесін өзіне тартып сіңіреді де, сол энергияны 
пайдаланып көмір қышқылы мен судан органикалық заттар синтезін 
қамтамасыз етеді. Ал органикалық заттар өсімдіктің өсуіне, ал кейін 
келе, гүл тозаңданып болған соң, дəнге айналып, қоректік заттар қорына 
айналады. Қараңғы немесе көлеңке жерде өскен өсімдік жіңішке, бос 
келеді де, жел соқса немесе жаңбыр жауғанда құлап қалады, түсімі де 
төмен болады. Мұндай дəнде көмірсутектердің, сағыздың аз болуына 
байланысты оның сапасы да төмен болады.
Жылу. 
Өсімдік жақсы өсуі үшін белгілі орташа тəуліктік жылу ке-
рек. О°С жəне одан төмен температурада өсімдік өспейді. Өсімдіктің 
өсіп, өркендеуіне белгілі жалпы температураныңда жиынтығы керек. 
Ол вегатация уақытының ұзақтығы мен орташа тəуліктік температура-
мен байланысты. Көпшілік өсімдіктер үшін орташа тəуліктік темпера-
тура 25-35° шамасында. Кейбір өсімдіктер қысқа мерзімді үсікке шы-
дайды, ал екінші біреулері (күздік дақылдар) аязға да шыдайды. Мұны 
шынықтыру арқылы жеткізуге болады. Бұл жағдайда өсімдік клеткала-
рында қант көбейіп, клетка сөлі қоюланып, төзімділігі өседі.
Өсімдіктің тұқым сепкеннен кейінгі өнуі де белгілі температура-
да өтеді. Суыққа төзімді өсімдіктердің тұқымы 1+5°-та өне бастайды, 
ал жылулық сүйгіш өсімдіктер 8+12°-та өнеді. Одан кейін 20 + 25°-та 
өскені жөн.
Ауа. 
Ауа өсімдіктің өніп, өсуіне өте қажет. Ауаның құрамындағы 
оттегі, азот, көмір қышқылы, судың буы өсімдік өсуіне қоректік зат-
тар ретінде пайдаланылады. Жер қыртысындағы ауаны өсімдіктің та-
мыры тыныс алу қажетіне пайдаланады, ал жер қыртысындағы мик-
роорганизмдер де ауасыз өмір сүре алмайды. Ол организмдер жер 
кыртысындағы минералды заттарды өсімдік пайдалана алатын, суға 
еритін формаға келтіреді, ал кейбіреулері (нитрабактериялар) ауадағы 
азотты өзіне сіңіріп алып, өсімдіктердің қоректенуіне жұмсайды. Ал 
өсімдіктің өзі оттегін тыныс алуға, көмір қышқылын фотосинтезге пай-
даланады, судың буы болса, өсімдіктегі қоректік заттардың жылжуына 
пайдасы бар.
Су 
ең алдымен тұқымның өнуіне, өсіп алған соң жер астындағы 
қоректік заттарды сорып алуына керек. Су болмаса, ферменттер де 
жұмыс істей алмайды. Тұқым өну үшін ол өз массасының жартысын-
дай суды сіңіріп бөртеді жəне ылғалды жер тамырдың өсуіне де себеп. 
Дəннің өзінде піскеннен кейін 7-ден 30 пайызға дейін су қалады, ал 
бұршақ тұкымдас өсімдіктер болса олардың тұқымы өсіп шығуы үшін 


28
100 пайызға дейін су керек. Су фотосинтез кезінде көмірсутектерге ай-
налады. Дəнді дақылдар жақсы өнім беру үшін оларға жазда 300 мм-ге 
жуық қардың, жаңбырдың суы керек.
Қоректік минералды заттар. 
Өсімдік өсіп өнгенде көптеген 
қоректік минералды заттарды пайдаланады. Мысалы, 1 гажердегі би-
дай егісі 16 центнер дəн, 24 центнер сабан береді деп есептесек, ол жаз 
бойы 46 кг азот, 22 кг фосфор қышқылын, 28 кг калий, 7-8 кг кальций 
пайдаланады, ал кара бидай, соған сəйкес – 37, 22, 34, 10 кг минералды 
заттар жұмсайды, ал бұршақ оларды көбірек жұмсайды, түсімі 12 цент-
нер дəнге, сабаны 24 центнер болса, яғни – 73, 22, 43, 47 кгминералды 
заттар жұмсайды. Жер кыртысында бұлардың коры көп, бірақ олардың 
бəрі өсімдіктің қоректенуіне жарай бермейді, көпшілігі суға ерімейтін 
түрде болады Ең аз дегенде,1 га жерде 3000-нан 15 000 кг азот, 1200-50 
000 кг фосфор қышкылы бар. Өсімдіктің тамыры бұл заттарды 0,01-
0,05 пайыздық су ертіндісі ретінде болса ғана өзіне сіңіре алады.
Өсімдіктер өскенде өз айналасындағы табиғатпен тығыз байланы-
сты. Олардың өсіп-өркендеуіне адамның да себебі тиеді.
Өсу мен өркендеуді былай түсінуге болады.
Өсу – өсімдіктің массасының көбеюі, яғни бойының өсуі, көлемінің 
ұлғаюы, т. б. Олар клеткалардың бөлінуі арқасында іске асады.
Өркендеу – 
бұл өсімдік тіршілігінде кездесетін сапалық кезең. Мы-
салы, тұқымның өнуі, өсімдіктік бұтақтануы, гүлдеуі, тозаңдануы, 
масақтанып, масақтың өсуі, дəннін өсіп, жетілуі, т.б. Бұлар – клет-
када белгілі уақытта, белгілі жағдайда ғана болатын кезеңдер. Бұлар 
табиғаттың құбылмалы жағдайларымен тығыз байланысты. Күздік, 
жаздық, бір жылдық, көп жылдық, т.б. өсімдіктердің өмірі осы белес-
терден тұрады. Ол өзгерістер өсімдіктің өсу сатысында туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   302




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет