Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет10/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)
203 топ сабакка катысу, ағылшын тест, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson
2.4. Өсімдіктің тканьдары
Өсімдік – көп клеткалы (торша) тірі организм. Ол көптеген ұсақ 
клеткалардан тұрады. Клетканың құрамы күрделі. Олардың аумағы 
10-нан 60 мкм жетеді (бір микрометр 0,001 мм-ге тең). Оларды микро-
скоппен 60-80 рет үлкейтіп қана көретін, ал оның құрамын 400-600 есе-
ге дейін үлкейтіп тексеруге болады. Олардың пішіні де ірі: дөңгелек, 
төртбұрышты, көпбұрышты, жұлдызша немесе бұтақша түрінде 
кездеседі.
Клетканың құрамында оның сыртқы қабығы сілікпе сияқты прото-
плазмадан жəне ішкі ядродан тұрады. Ядро біреу немесе бірнешеу бо-
луы мүмкін.
Клетканың қабыршағы клетчаткадан (целлюлозадан) жəне олар-
ды бірі мен бірін желімдеп ұстап тұратын пектин заттарынан тұрады. 


19
Протоплазманың ядродан басқа бөлігі цитоплазма деп аталады. Ол – 
сұйық түссіз зат. Оның сыртында жұқа үлпек қабыршақ бар. Ол жұқа 
тор сықылды. Сондықтан одан əртүрлі заттардың бəрі өте бермейді, 
яғни ол керекті заттарды таңдап қана өткізе алады.
Химиялық жағынан протоплазманың құрамы өте күрделі. Олардың 
құрамында ферменттер, витаминдер, көмірсутекті əртүрлі майлар, азот-
ты жəне минералдық заттар болады. Өсімдік жетіле келе протоплазма-
да көптеген ұсақ вакуолдар түзеді. Олар күкірт қышқылды магний, ас 
тұзы, азот қышқылды кальций, хлорлы темір, лимон, алма, қымыздық 
тағы басқа қышқылдарды, қант сияқты органикалық заттардың 
ерітінділерін көп ұстайды. Олар клеткада пайда болатын ферменттер 
мен витаминдердің құрамына кіреді.
Ядро
. Ядро коллоидтық ерітінділерден тұрады, цитоплазмадан 
гөрі қоюлау. Мұның құрамында ерекше ақуыздар, нуклеопротеидтер 
бар. Олардың жай ақуыздан айырмашылығы өз құрамында фосфор 
қышқылының қалдықтарын ұстайды жəне өсімдіктің бойында жүріп 
тұратын барлық үдерістерді басқарып, тəртіпке салып, реттеп тұрады. 
Бұл қызметті ДНК басқарады. Ол өсімдіктің барлық қасиеттерін 
кейінгі ұрпақтарына бұлжытпай қалдырып отыру міндетін атқарады. 
Өсімдіктің өсуі, клетканың бөлінуі де осылардың қасиеттеріне байла-
нысты. Ядроның құрамында ферменттер де өте көп болады.
Өсімдіктердің өсуі клеткалардың бөлінуі арқылы жүреді. 
Клеткалардың бөлінуі екі түрлі болады. Митоз (кариокинез) неме-
се вегетативтік органдар клеткаларының бөлінуі. Өсімдік өскен кезде 
клеткалардың бөліну үрдісі, генеративтік органдардан басқа да өсу 
мүшелерінде тоқтаусыз жүріп тұрады. Мұнда хромосомалардың (хро-
мо латынша бояу деген сөзден шыққан) арасында хроматин жіпшіктері 
пайда болады да, хромосомалардың саны екі есеге көбейеді. Жаңа пайда 
болған хромосомдар бір клетканың ішінде екіге бөлініп, екі жерге топ-
тасады. Одан соң клетка бөлініп, бір клеткадан осы жаңа топтасқан екі 
ядро төңірегінде екі клетка пайда болады да, олардың көлемі тез өсе бас-
тайды, яғни өсімдіктің өсуі тоқталмай жүре береді. Жаңа пайда болған 
клеткаларда хромосоманың саны, олардың екі-екіден қосақталуы осы 
клеткаларға сай формада толық сақталады.
Өсімдіктің өсіп жетілуінің белгілі бір кезеңінде генеративтік 
органдардың клеткалары басқаша, мейоз немесе редукциялық бөліну 
кезеңіне көшеді. Мұнда əр қосақты екі хромосом екі жаққа кетіп, 
жаңа пайда болған клеткаларда хромосомның саны екі есеге азаяды. 
Олардың бірі аталық ұрық, екіншісі аналық ұрықтың бірінші бастама 


20
клеткаларын береді, кейін өсе келе аталық жəне аналық ұрықтарға ай-
налады да, өзімен-өзі ұрықтанатын өсімдіктерде олар өзара тозаңданып, 
ұрықтанған кезде екі (аталық жəне аналық) ұрықтар қайта қосылып, 
өсімдіктің жай вегетативтік клеткаларындағы хромосомның саны, 
олардың екі-екіден қосақталуы қайтадан қалпына келеді. Ал айқас 
тозаңданатын өсімдіктерде екі бөлек (аталық жəне аналық) өсімдіктер-
дің ұрықтары қосылып, жаңа будан бірінші клетка пайда болады. Осы-
лай ұрықтануды орыс ғалымы Новашин ашып, қос ұрықтану деп атаған. 
Осы қос ұрықтанған клеткадан дəннің ұрығы мен эндоспермі пайда бо-
лады, яғни хромосомдағы жазылған өсімдіктің барлық қасиеттері тегіс 
сол ұрықтан өсіп шыққан жас өсімдікке өзгеріссіз көшеді. Осы айтылған 
үдеріс клетка бөлінгенде бірінен-біріне бұлжымай көшіп, тұқым қуалау 
қабілетін бұлжытпай келешек ұрпақтарына беріп отырады.
Хромосомның саны, оның формасы əр өсімдіктің түріне сай болады. 
Жұмсақ бидайдың ядросында 42 (7х2х3=42), қатты бидайда 28(7x2x2), 
жүгеріде – 20, бұршақта – 14, арпада – 14, сұлыда – 42, күнбағыста –
34, зығырда 30 хромосом бар. Көпшілік ең кіші бір санға тең болады. 
Ол сан дəнді дақылдардың дерлік көпшілігі үшін цифры. Жеті цифрын 
екіге, төртке, алтыға, т.т. еселіктерге көбейтіп, əр түрге өзіне меншікті 
хромосомның санын табуға болады. Осы еселіктің оның қасиеттерін 
кейінгі ұрпағына қалдыруға, олардың өзгеруіне тура қатынасы бар. 
Егер хромосомның саны бастамадағы цифрдан (мысалы, 7-ден) екі 
есе болса, онда бұл хромосомдар екіұрықтық (диплоидный набор) 
жиынтық, ал одан көп болса, көпұрықтық жиынтық (полиплоидный) 
деп аталады. Көптеген өсімдік түрлерінің хромосомдары – полиплоид-
тар. Алғашқы жай өсімдіктер диплоидтер болған. Полиплоидтер неше 
жүздеген ғасырлар бойы өсімдіктердің əртүрлі жылы мен суықтың 
құбылмалылығынан, əртүрлі (рентген, ультракүлгін, көзге көрінбейтін 
инфрақызыл) сəулелердің əсерінен пайда болады.
Бұл өсімдіктер өздерінің хромосомдарының еселігінің саны өскен 
сайын оның өнімі, дəннің салмағы басқа көрсеткіштері өсе беретіні 
байқалған. Мұның себебі ядродағы хромосомдар саны, əсіресе, 
еселігі өскен сайын оның көпұрықты плоидтарымен енген пайда-
лы қасиеттер дің саны, əртүрлі құбылмалы жағдайларға төзімділігі 
өскенінен, былайша айтқанда, тұқым қуалау дəстүрінің кеңеюінен 
болады. Жабайы жұмсақ бидайдың хромосомының саны 7x2=14-ке 
тең болған, қатты бидайда 7x2x2=28-ге тең, мəдени жұмсақ бидай-
да 7x2x3=42-ге тең, осы теңдікті жалғастыра отырып, селекционер-
лер 7x2x4=56 хромосомды (октоплоид) жəне (декаплоид) хромосом 


21
жинақты бидайлар сортын шығарған. Олардың 1000 дəнінің салмағы 
80-95г-ға жетеді, ал 42 хромосомды бидайларда ол тек 30-40 г-ға ғана 
тең. Сонымен селекцияның бұл əдісі өте тиімді əдіс болып отыр. 
Бұл əдіспен шығарылған сорттар басқа да қолайсыз жағдайларға 
өте төзімді келеді, сағызды да көп байлайды. Сондықтан бұл əдістің 
келешегі қазір мұндай сорттар тек ғылыми мекемелерде ғана бар, ал 
өндіріске əлі толық шыға қойған жоқ.
Тканьдар. Өсімдіктің барлық клеткалары бірдей емес. Олар өздерінің 
орналасқан орындарына, атқаратын қызметтеріне жəне құрылысына 
байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Өсімдіктің əртүрлі органдарын-
да орналасқан, шыққан түбі бір жəне бірдей қызмет атқаратын клет-
калар тобы тканьдар деп аталады. Оларға құрылыс, сыртқы қабыршақ, 
өткізгіш, механикалық жəне негізгі тканьдар жатады.
Құрылыс меристема тканьдары өсімдік бұтақтарының ұштарында 
орналасқан жас клеткалардан тұрады. Ол тканьдардың клеткалары тез 
бөлінуінің арқасында өсімдіктің өсіп жетілуін қамтамасыз етеді. Кейін 
келе, өз мерзімі жеткен уақытта олардан басқа да тканьдар пайда бола-
ды.
Сыртқы қабыршақ тканьдар суға, ауаның құбылуына төзімді, ку-
тикуласы көп ескі клеткалардан тұрады. Олар жапырақтың, сабақтың 
сыртқы қабаттарында орналасқан, өсімдіктің ішкі нəзік мүшелерін 
құрғап кетуден, механикалық зақымданудан жəне зиянды жəндіктердің 
кеміруінен сақтайды. 
Өткізгіш тканьдар өсімдік сабақтарының ішінде орналасқан. Олар 
жапырақтарда пайда болған органикалық заттарды жапырақтардан 
тамырға, ал тамырдағы суға еріген минералдық заттарды өсімдіктің 
жер үстіндегі мүшелеріне жеткізеді. Олар ұзын түтік тəріздес болып 
келеді.
Механикалық тканьдар қалың қабықты клеткалардан тұрады 
да, өсімдіктің сабақтарының тік тұруын жəне басқа да төзімділік 
қабілеттерін қамтамасыз етеді. Оларда клетчатка мен пентозандар көп.
Негізгі тканьдар өзінің орналасқан орнына қарай əртүрлі қызмет 
атқарады. Жапырақтың паренхима тканьдары көптеген хлорофилл 
дəндерін ұстайды да, күндіз күннің ультракүлгін сəулелерін өзіне тар-
тып алып, көмір қышқылы мен судан көмірсутектердің пайда болуын 
қамтиды. Бұл қорлық заттар астықтың жəне басқа да ұрықтардың клет-
каларына жиналып, қоректік заттар сақтайтын орынға айналады. Міне, 
осы екі топ тканьдар негізгі тканьдар деп аталады. 


22


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   302




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет