Оқулық Алматы, 2014 Əож 631. 67 (075. 8) Кбж 40. 6 я73


Гидромелиоративтік жүйе жəне оның құрылымдық желісі



бет44/45
Дата30.03.2020
өлшемі20,16 Mb.
#61059
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
mustafaev auylsharuashylyk (1)
meliorat. mroz-18-1 zem.na kaz

Гидромелиоративтік жүйе жəне оның құрылымдық желісі


Барлық адамзаттың өркениеті даму кезеңінде, өзіне тəн қалып- тасқан озық ғылыми-техникалық жағдайдың негізінде гидромелио- ративтік (суғару) жүйесі құрылымдық желісін жетілдіруге үлкен көңіл бөліп отырған.

Гидромелиоративтік жүйесінің құрылымдық желісіне талдау жүргізу кезінде, оларды табиғи заңдылыққа негізделген əдістемелік нұсқасының негізінде қарау керек жəне оның философиялық «жоқ- ты жоққа шығару» заңдылығы бойынша дамып отырғанын естен шығармаған жөн.



Гидромелиоративтік жүйе – ол инженерлік құрылымдардың ке- шенінің көмегімен, суғармалы егістік жерлердегі ауылшаруашылық дақылдарының өсу жəне топырақ жүйесінің эволюциялық заңдылық- қа сай даму бағытын жəне қарқынын қамтамасыз етуге қажетті су, жылу, тұз, ауа жəне қоректік заттардың тəртібін басқаруға жəне реттеуге, егістік жерлерден шыққан қайтарма суларды экологиялық тұрғыда қауіпсіз жоюға арналған құрылым. Гидромелиоративтік жүйенің негізгі құрастырушысы суғару, кəріз-коллектор жəне қай- тарма суларды қауіпсіз жою желісі болып табылады (150-сурет).

Суғару желісінің құрамына суалғыш (бөгетті, бөгетсіз, жер асты), суқоймалары (мезгілді, көпжылдық), бөгет (топырақ, ағаш, тасты, бетон, темірбетон), сорғы бекті (тұрақты, жылжымалы), арықтар (арнайы жабылмаған, арнайы жабылған), құбыр (темірден, темір емес заттардан), құрылымдар (таратушы, үйлестіруші, реттеуші), жаңбырлатқыш техникалар (орнықты, жылжымалы).



Кəріз-коллектор желісінің құрамына кəріз (ашық, жабық), құры- лымдар (таратушы, үйлестіруші, реттеуші), сорғы бекті (тұрақты, жылжымалы).



  1. сурет. Мелиоративтік жүйесінің құрылымдық бөлшектерінің сұлбасы

Қайтарма суларды жою желісінің құрамына тоған (мезгілді, көпжылдық), сорғы бекті (тұрақты, жылжымалы), арықтар (арнайы жабылмаған, арнайы жабылған), құбыр (темірден, темір емес зат- тардан), кəріз (ашық, жабық), құрылымдар (таратушы, үйлестіруші, реттеуші), суғару техникалары (орнықты, жылжымалы), ауыспалы егістік жер (малазықтық).

Сонымен, суғару жүйесінің құрылымдық бөлшектерінің сұлба- сының мақсаты басқаруға келмейтін агроэкологиялық жүйені бас- қаруға болатын гидроэкологиялық (суғармалы егістік) жүйеге қайта құру ретінде қарастыратын болсақ, онда суғару жүйесі техно- логиялық нысан ретінде өте күрделі, қатаң түрде басқарылатын кибернетикалық гидро-агрожүйе ретінде қарастыруға болады.



Кибернетикалық гидро-агрожүйенің (гидромелиоративтік жүйе) негізгі маңызы өсімдік жəне топырақ жамылғысының су, тұз, жылу жəне қоректік тəртібін басқару арқылы топырақтың даму қарқынын жəне бағытын табиғи жүйенің эволюциялық заңдылықтарға сай келуін қамтамасыз ету. Осыған байланысты, суғару жүйесін жоба- лаушының мақсаты жоғарыда көрсетілен тəртіптерді есептеуді қамтамасыз ету жəне оның нəтижесі бойынша экологиялық жəне экономикалық тұрғыда сенімді жүйені жобалау (151-сурет).



  1. сурет. Мелиоративтік жүйенің жеке құрамдық бөлшектерінің байла- ныс желісі жəне олардың егістік жердің топырақ қабатындағы су-тұз жəне жылу-қоректік тəртібімен байланысының сұлбасы (Л.М. Рекс, 1978)

Кез келген мелиоративтік жүйені жобалауға қажетті мəліметтер, барлық уақытта суғармалы егістік орналасқан алқаптың жер, су жəне еңбек қорынан (ЗВТР) шығады жəне оның климаттық, топы- рақ, гидрогеологиялық, гидрологиялық (КПГГУ) ескере отырып, жобалауға қарастырып отырылған нысанның əкімшілік ерекшелі- гіне зейін аудару керек. Жоғарыда аталған мəліметтер бойынша анықталған ауыспалы егістіктің (СО) құрамы жəне құрылымы, олардың суғару тəртібі (РО), суғару жүйесінің (ПОС) жəне кəріз- коллектор (ПДС) желісінің өлшемдік көрсеткіштерін анықтауға мүмкіншілік береді, ал суғармалы егістік жердің топырақ қабаты- ның су-тұз (ВСР) жəне жылу-қоректік (ТПР) тəртібі, жерасты суының деңгейі (УГВ) жəне жалпы суды тұтынудың (И) мөлшері егістік жердегі топырақ жүйесінің дамуы үдерісіне (ПОП) сай ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігін (У) анықтайды.

Сонымен, топырақ-гидрогеологиялық, климаттық, гидрология- лық жəне ұйымдастыру-шаруашылық жағдайларының əртүрлігіне байланысты, мелиоративтік жүйенің құрамдық бөлшектеріне өзгеріс-

тер енгізілуі мүмкін, бірақ олардың негізгі өлшемдік көрсеткіштерін негіздеудің əдістемелік нұсқасы бірдей болып қала береді, тек қана суғару жүйесін жобалауға қажетті алғашқы мəліметтер ғана өзгеріп отырады.

Жан-жақты жетілдірілген кез келген мелиоративтік жүйенің өлшемдік көрсеткіштерінің үйлесімдік ауытқуы оңтайлы деңгейде болу керек, ал бірақ көп жағдайларда оған қол жеткізу өте қиынға соғады. Сондықтан жобалаушының міндеті мелиоративтік жүйені жобалаудың алғашқы кезеңінен бастап, оның оңтайлы өлшемдік көрсеткіштерін ғылыми тұрғыда жан-жақты негіздеу болып табы- лады.

Сонымен суғару кезіндегі егістік жердің сапалық өзгеруінің нəтижесінде жаңа табиғи-экономикалық субстанциялар суғармалы егістік жерді құруға мүмкіншілік береді жəне ол бір жағынан суғару жүйесі деген түсінікке енетін инженерлік құрылымдардың жиынтығынан, екінші жағынан – суғарудың жеке кезеңдеріндегі қолданылатын мелиоративтік, агротехникалық жəне басқа да шара- лардың əсерінен болып жатады.

      1. Сарқынды жəне төкпе суларды экологиялық тұрғыда қауіпсіз жоюға арналған мелиоративтік жүйе

Сарқынды жəне төкпе сулар суаруға алдын ала тазартылған соң, оның құрамындағы қоректік заттары ауылшаруашылық дақыл- дарының өсіп-өнуі кезінде пайдалану үшін арнайы мелиоративтік жүйені пайдаланады. Олар су қорлайтын бөгеттер, биологиялық жəне механикалық тазартқыштармен бірге, жыл бойы пайда бол- ған сарқынды жəне төкпе суларды пайдалану, құнарлылығы төмен жерлерді ауылшаруашылық айналымға кіргізу арқылы, топырақ- тың құнарлылығын көтеруге жəне су қорларының ластануын бол- дырмауға арналған біртұтас су шаруашылық құрылымын құрайды.

Сарқынды жəне төкпе суларды пайдалануға арналған мелиора- тивтік жүйенің үш түрі болуы мүмкін:


  • сарқынды жəне төкпе суды жыл бойы қабылдау жəне суғару (жеңіл, жақсы су сүзілетін топырақтарда);

  • сарқынды жəне төкпе суды бөгет су жинағыштарға жыл бойы қабылдау жəне ауылшаруашылық дақылдарын суғаруға, тек қана оны өсіп-өнуі кезінде ғана пайдаланады;

  • сарқынды жəне төкпе суды егістік жерге тек қана өсімдіктің өсіп-өнуі кезінде пайдаланады. Суғару жүйесінің құрамына, жал-

пы құрылыстардан басқа, бөгет су жинағыш, реттегіш бөгеттер, қоршаған ортаны бақылауға арналған құралдар кіреді.

Сарқынды жəне төкпе суды, мал қораларынан шығатын сұйық тезек төкпені пайдаланатын суғару жүйелерін мынадай жағдайда жобалауға болмайды:



  • минералдық су көздері жəне орталық шаруашылық-тұтыныс суымен қамтамасыз ету жүйелері орналасқан санитарлық қорғау аймақтарында;

  • жерасты суларын жəне жер бетіне жақын орналасқан қорғал- маған су ұстағыш қабаттарды пайдаланған аудандарға жақын жобалауға;

  • жерасты сулары шығып жатқан жəне су өткізбейтін қабаттарға дейін құмдақ, қиыршық тастармен толтырылған аудандарға;

  • демалыс орындарында орналасқан аймақтарда.

Кəріз-коллектор өндірістік жəне тұрмыстық қайтарма суларды (сарқынды жəне төкпе сулар) экологиялық қауіпсіз жою мəселесін шешу үшін гидромелиоративтік жүйенің құрамында арнайы қайтар- ма суларды экологиялық қауіпсіз жоюға арналған қосымша жүйе бо- луы керек.

Сарқынды жəне төкпе суларды экологиялық қауіпсіз жоюға арналған қосымша жүйені гидромелиоративтік жүйенің төменгі дəрежесіндегі жүйе ретінде қарастыруға болады жəне оның құрамы мынадай қорлардан тұрады: табиғи су қоры, қайтарма су қоры, төмен өнімді суғарылмаған жер, климаттық жағдайы, қайтарма суды өндіретін өндіріс, ауыспалы егістік, суғару желісі.

Сарқынды жəне төкпе суларды экологиялық қауіпсіз жоюға арналған қосымша жүйені құрамында «əсер – серпіліс», «жағымды


  • тиімді» үдерісінің теңгермелік қатынасын қамтамасыз ету арқылы экологиялық қауіпсіз суғармалы агроландшафт құру, бір жағынан мал шаруашылығының жем-шөп қорын құруға, екінші жағынан қайтарма суды экологиялық қауіпсіз жоюдың қағидасын құруға көмектеседі.

Суғармалы егістік алқаптан, өндірістік жəне тұрмыстық сарқын- ды жəне төкпе суларды механикалық жəне биологиялық тұрғыда та- залау желісінің сұлбасы 152-суретте көрсетілген.

Сондықтан суғармалы егістік алқаптарда, өндірістік жəне тұр- мыстық нысандарда суды пайдаланудың экологиялық таза желісін құрудың, яғни табиғи-өндірістік кешендердің шеңберінде тұздарды жəне ластайтын заттарды геохимиялық айналымнан шығарып алу- дың жолы тұйық жүйелер құру.





  1. сурет. Суғармалы егістік алқаптан, өндірістік жəне тұрмыстық сарқынды жəне төкпе суларды механикалық жəне биологиялық тұрғыда тазалау желісінің сұлбасы

1 – су көзі; 2 – кешенді тазалау құрылымы; 3 – тұтынушылар; 4 – механикалық тазалау бекеті; 5 биологиялық тазалау бекеті; 6 судың сапасын бақылау; 7 су- ғармалы егістік; 8 кəріз-коллектор желісі; 9 кəріз-коллектор желісінің қайтарма суын тазалау жəне бақылау құрылымы; 10 – қайтарма суды жинайтын тоған; 11

  • суағармалы егістіктен шығатын қайтарма су; 12 – кəріз-коллектордың қайтарма суымен суғарылатын егістік жер; 13 кəріз-коллектор желісінің қайтарма суын та- залайтын жəне химиялық құрамын реттейтін бөлім; 14 – кəріз-коллектор желісінің қайтарма суын тазалаудан қалған қалдық

Суғармалы егістік алқаптарда, өндірістік жəне тұрмыстық ны- сандарды суды тұтынудың жəне алып кетудің экологиялық қауіпсіз жəне қалдықсыз пайдаланудың жартылай тұйықталған желісі 153-суретте көрсетілген.




  1. сурет. Суармалы егістік алқаптарда, өндірістік жəне тұрмыстық ны- сандарды суды тұтынудың жəне алып кетудің экологиялық қауіпсіз жəне қалдықсыз пайдаланудың жартылай тұйықталған желісі

1 – су көзі; 2 – кешенді тазалау құрылымы; 3 – тұтынушылар; 4 – механикалық тазалау бекеті; 5 – биологиялық тазалау бекеті; 6 судың сапасын бақылау; 7, 9, 10 – суғармалы егістік жерге судың кіретін жəне шығатын нүтелеріндегі судың химиялық құрамын реттейтін құрылымдар; 8 – суғармалы егістік; 11 – қайтарма суды тазалағанда қалатын қалдық; 12 суды қабылдағыш; 13 – агромелиоративік жүйе; 14 – тазаланған қайтарма суды егістікке қайтаратын желі

Сарқынды жəне төкпе суларды экологиялық қауіпсіз жəне қал- дықсыз жоюға арналған табиғи-техникалық кешендерді құрған кезде малазықтық өндірісті құруға кепілдік беретін болғандықтан, оның құрамында малшаруашылық кешенін қарастыру арқылы толық тұйықталған жүйені құруға болады (154-сурет).






  1. сурет. Суғармалы егістік алқаптарда, өндірістік жəне тұрмыстық ны- сандарды суды тұтынудың жəне алып кетудің экологиялық қауіпсіз жəне қалдықсыз пайдаланудың тұйықталған желісі

15 – ауылшаруашылық өнімін өңдейтін өндіріс; 16 – малшаруашылық кешені;

17 – көң қоцмасы

Су қорын біртұтас пайдаланудың негізгі – ауылшаруашылық дақылдарынан қажетті өнім алу. Сондықтан сарқынды жəне төкпе суды өзен суларымен бірге кең көлемде пайдалану мəселесін, суғар- малы егістік жердің топырақ қабатының, су, тұз жəне қоректік зат- тар тəртібін біртұтас қарайтын, оңтайлы мелиоративтік тəртібін қамтамасыз ету арқылы шешуге болады.

Осыған байланысты, өзен жəне сарқынды төкпе суларды біртұтас пайдалану арқылы өсімдіктің өсіп-өнуі кезіндегі негізгі дəлелдерді қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талап-тілекке байланысты ықшамдау, топырақтың құнарлылығын көтеру, егістік жердің сумен қамтамасыз ету дəрежесін өсіру жəне қоршаған орта- ның ластануын болдырмау секілді көп салалы мəселелерді шешуге арналған суару əдісін жəне жүйесін Ж. С. Мұстафаев ұсынды (иелік куəлік №1087119, СССР, 1982 ). Бұл жағдайда өзен жəне сарқынды сулардың тұздылығына байланысты болатын сыртқы ортадағы қолайсыз өзгерістерді агротехникалық жəне мелиоративтік шаралар арқылы жұмсартуға болады. Сарқынды-төкпе суларды пайдалануға арналған мелиоративтік жүйенің желісі 155-суретте көрсетілген. Ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге сарқынды-төкпе суды пайда- лануға ұсынылып отырған мелиоративтік жүйесі бойынша ондағы технологиялық кезеңдерді былай жүзеге асыруға болады.





  1. сурет. Таза жəне төкпе суды бірлесіп пайдалануға арналған мелиоративтік жүйесінің желісі

Суғару кезіндегі немесе аралығындағы екі ауыспалы егістіктен құдық су жинағышқа түскен кəріз сулары сораптау бекетінің көме- гімен, төменгі жағында орналасқан суғару танаптарына ауылшаруа- шылық дақылдарды суғару үшін беріледі.

Тазарту құрылысында (1) тазартылған қайтарма су (сарқынды- төкпе жəне кəріз сулары) бөгет-су жинағышқа (2) түседі, сораптау бекетінің (II) көмегімен қайтарма суды тарату желісіне (3) беріледі. Одан тарату (бөлу) гидротехникалық құрылымы (10) арқылы, су бөлімдік тарату желілері (5) жəне уақытша арықтар (6) жеткізіліп, егістік жердің топырағын ылғалдандыру үшін жүйектерге беріледі. Судың құрамы мен сапасы, ауылшаруашылық дақылдарының жəне топырақтың түріне байланысты өзгеріп отырады. Топырақ қабаты- нан сүзіліп өтіп, тазартылған су кəріз желісіне (7), одан коллектор (8) арқылы құдық-су жинағышқа түседі (9).

Су көзінен берілетін суғару суы, таза су тарататын желі (4) арқылы гидротехникалық құрылымның (10) көмегімен, бөлімдік (5) жəне уақытша (6) арықтар арқылы, екінші ауыспалы егістің топырақ қабатын ылғалдандыру үшін жүйектер арқылы беріледі.

Бұл жағдайда қайтарма (сарқынды) суды пайдаланып суғару барысындағы егістің топырақ қабатына қорланған тұз жəне жеңіл еритін тұздары топырақтың төменгі қабатына шаю арқылы кəріз желісіне (7) түседі, одан коллектордың (8) көмегімен құдық-су жина- ғышқа (9) қорланады.

Өндірістік жəне тұрмыстық нысандарды төкпе суларының қорын агроөндірістік кешендердің ерекшелігіне байланысты екі бөлікке бөлуге болады:


  • жылдың ауа райының суық кезіндегі (Wn) арнайы тоғандарға қорланатын немесе қосымша табиғи өсімдік жамылғыларын суғара- тын жəне суландыратын;

  • жылдың ауа райының жылы кезіндегі (Wb), арнайы ауыспалы егістіктерді суғаруға пайдаланылатын.

Қосымша табиғи өсімдік жамылғыларын суғаратын жəне сулан- дыратын жердің ауданын мына өрнек арқылы анықтайды:

Fb

Wn

100 d H (


,

n o )

мұнда H – есепке алынатын топырақ қабатының қуаты, 0,4-ден 0,6 метрге дейін қабылданады; d – топырақтың көлемдік салмағы, т/м3; βn – топырақ қабатындағы ылғалдың төмегі сыйымдылығы; βo – то- пырақ қабатындағы егістікті суғару алдындағы ылғалдың шамасы.

Жылдың ауа райының суық кезіндегі қосымша табиғи өсімдік жамылғыларын суғаратын жəне суландыратын судың мөлшерін топырақ қабатының ылғал сыйымдылығының экологиялық тұрғыдан қарағандағы мүмкіншілік шамасы бойынша анықталады:



m =100· d·H · (βnβo).

Сонымен бірге, суғаратын жəне суландыратын жердің топырақ қабатының гидрогеохимиялық тəрібін бағдарлап отыру үшін топы- рақ қабатына төкпе сулармен түсетін еріген тұздардың теңгермесін есепке алып отыру керек. Топырақ қабатына түсетін еріген тұздар- дың теңгермесі егістік жерге берілетін төкпе сулардың мүмкіншілік шамасы бойынша реттеліп отырады, яғни топырақ қабатындағы тұз- дың қорлану шамасы топырақтың төменгі тұздану белгісінен асып кетпеуі керек:



Oäîï 10000 H d (S Sн ) Kci ,
äîï

мұнда Sдоп – топырақ қабатындағы тұздың құрамының шектелген мүмкіндік мəні, құрғақ топырақтың салмағының %; Sн – өсімдіктің



өсіп-өну кезеңінің басындағы топырақ қабатындағы жеңіл еритін тұздардың шамасы құрғақ топырақтың салмағының %; Ki – төкпе судың құрамындағы жеңіл еритін тұздардың шамасы, г/л.

«Топырақ өсімдік тұз қоршаған орта» жүйесіндегі биология- лық жəне гидрохимиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ететін, бірлік ауданға берілетін жылдық сарқынды судың салмағын анықтау үшін ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігінің математикалық бей- несін пайдалануға болады (Мұстафаев Ж.С., 1983):




S

У/Уmax

1 exp 1 0.053 S

,



äîï
мұнда Sдоп – топырақ қабатындағы тұздың құрамының шектелген мүмкіндік мəні, т/га. S – топырақ қабатындағы тұздық құрамының мəні, т/га; У/Уmax – нақты өнімнің жоғарғы өнімге қатынасы.

Егер суармалы егістік жердің құрамында тез еритін тұздық (Cн)

топырақтың құрғақ салмағындағы %-дық мəні белгілі болса, онда

H қабатындағы көлемдік салмағы (d) топырақтың 1 га ауданындағы тұздың салмағы мынаған тең:

Sн=Cн·H·α · 100,

мұнда Sн – топырақ қабатындағы суғару алдындағы тұздың шамасы, т/га.

Сарқынды жəне өзен сумен араластырып суғарған кездегі топы- рақ қабатына түсетін тұздық шамасы:

Sâ Op Cc Op Co (1 ) 103 Cô Op

мұнда Cc – тұздың сарқынды судағы құрамы, г/л; Co – өзен суындағы тұздың құрамы, г/л; α – ауылшаруашылық дақылдарының суару мөлшеріндегі сарқынды судың қатынасының шамасы; Sв – топырақ қабатындағы сарқынды жəне өзен суымен суғарған кездегі тұздың қорланған шамасы; Cф – топырақ қабатынан сүзілген су мен шығын болатын тұздың шамасы.

Онда топырақ қабатындағы өсімдіктің өсіп-өнуі кезеңінің соңын- да тұздың шамасы мынаған тең:

S= Sв+ Sн.

Егер Sв жəне Sн мəні белгілі болса, онда бірнеше түрлендіруден



25–1125

385

кейін ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігінің математикалық бейнесіне қойсақ, онда:

1– In (У/Уmax)= 0.053[Sн + Sв· α + Sв (1 – α)]/ Sдоп



немесе
[1 – In (У/Уmax]· Sдоп= 0.053[Sн + Sв· α + Sв (1– α)],

Егер Sдоп, Sн жəне Sв белгілі болса, онда 0 α 1 аралығында өзге- ретінін ескере отырып, «өсімдік – тұз – қоршаған орта» жүйесін- дегі биологиялық жəне гидрохимиялық оңтайлы тəртібін (Sдоп) қамтамасыз ететін «α» мəнін мына өрнек арқылы табуға болады:

18.86· Sдоп· [1– In (У/Уmax)= (Sн + Sвo)+α(SвcSвo)].

мұнда Sв = Sвo + Sвc, Sвo – суғару кезіндегі суғару мөлшерімен топырақ қабатына қорланатын тұздың шамасы, т/га; Sвo төкепе сумен суғару кезіндегі топырақ қабатына қорланатын тұздың шамасы, т/га.

Егер У/Уmax= 1 болса, онда теңдеу мына түрге енеді:



α =[18.86 · Sдоп– (Sн + Sвo)]/(SвcSвo)

Таза судың сарқынды сумен араластыруға қажетті шамасын мына өрнек арқылы анықтаймыз:



Opc= α· Op

мұнда Op – биологиялық суғару, м3/га.

Таза судың төкпе сумен араластыруға қажеті шамасын мына

өрнек арқылы анықтаймыз:



Opn =(1– α) · Op,

мұнда Opn – таза судың қажетті шамасы, м3/га, м3/га.

Бірінші ауыспалы егістіктегі суғару мөлшерінің жалпы шамасын

былай анықтаймыз:



Opбр = (Opn+ Opc) · Ko/ηкпд,

мұнда ηкпд – жүйедегі суды тиімді пайдалану коэффициенті; Ko – булануға жəне ауа райын жұмсартуға қажетті су шығынын есепке алатын көрсеткіш.

Топырақтың есептеуге алынған қабатындағы тұзданудың өзге- руін ауылшаруашылық дақылдарының суды қажет етуі жəне суғару тəртібіне байланысты суғаруға берілген судың тұздылығын еске ала отырып анықтайды.


Араласқан суғару суының тұздылығы, жауын-шашынның мөлше- ріне жəне булануға байланысты мына өрнек бойынша анықталады:

Coc Opc Cc Op Co (1 ) Oc Cp / (Op Opc Op Oc ).

Егер араласқан судың тұздылығы белгілі болған жағдайда, бі- рінші ауыспалы егістікті суғарудың ұзақтылығын (жыл) былай анықтайды:



Σt=Cдоп / Сос.

Екінші ауыспалы егістікте бастапқы кездегі пайдалану барысын- да, ауылшаруашылық дақылдарының суғару тəртібін, топырақтың есепке алынған қабатындағы ылғал тəртібінің ықтималды жағдайына байланысты анықтайды. Біраз уақыттан кейін бірінші ауыспалы егістік танаптың топырақ қбатындағы тұздық қорлану дəрежесі оның шектелген мүмкін мəніне жақындағанда, бұл жер таза сумен суғарылып, екінші ауыспалы егістік сарқынды сумен суғарылады. Бұл жағдайда бірінші ауыспалы егістік жердегі тұздық топырақ қабатында шайылу (tp), екінші ауыспалы егістік танаптың сарқынды сумен суғару (tc) ұзақтығына тең болуы керек tp= tc.

Осындай жағдайға байланысты бірінші ауыспалы егістік жердің топырағын шаюға қажетті судың қосымша шамасын анықтау қажет. Бұл жағдайда топырақ қабатына тұздың жылдық шайылу мөлшерін мына өрнек арқылы анықтаймыз:

ΔSr= (Sн– Sк)/ tc,

мұнда Sн – таза сумен суғару алдындағы топырақ қабатындағы қор- ланған тұздық шамасы; т/га; Sк – таза сумен суғарудың соңындағы топырақ қабатындағы тұздық қалуға тиісті шамасы, т/га.

Топырақ қабатындағы шаю тəртібін қалыптастыруға қажетті жалпы суғару мөлшері:



Opбр = (Op+ ΔOp) · Ko/ηкпд.

Сонымен, топырақ қабатындағы су, тұз жəне қоректік заттардың тəртібін реттеп отыру үшін сарқынды суды пайдалануға арналған суғару жүйесінің кəріз-коллектор желісі ауыспалы егістік танап- тарды ауыстырып суғару арқылы топырақ қабатында тұзды шаю тəртібін қамтамасыз етуі қажет.

Гидромелиоративтік жүйенің көрсеткіштерін анықтау үшін са- палық сынақтық көрсеткіш ретінде қосымша пайданың күрделі

қаржыға қатынасын көрсететін экономикалық тиімділік көрсеткішін (Экп) алуға болады:



Экп=Δ (Ц– С)/ K,

мұнда Ц жылдық өнімнің сатып алу құны, тг/ц; C өнімнің өзіндік құны, тг/ц.

Егер ΔC – кəріздің қызметін қамтамасыз етуге қажетті шығын мынаған тең болса ΔC = α1 ·K (мұнда α1 кəріздің қызметін қамтамасыз етуге қажетті жылдық шығынды көрсететін коэффициент), онда Экп анықтауға арналған өрнек мына түрге енеді:

Экп= (ΔЦ/K)– α1.

Өнімнің өсуіне байланысты ΔЦ-ның мəні егістік жерде кəріз желісінің құрылысын жобалауға байланысты анықталады:

ΔЦ = Цo· (У– Уо),

мұнда Цo – бірлік өнімнің құны, тг; Уo – кəріз желісін соғуға дейінгі өнім, ц/га; У – кəріз желісін соққаннан кейінгі өнім, ц/га.

Онда жоғарыда келтірілген өрнектерді түрлендіру арқылы эконо- микалық тиімділік көрсеткішін (Экп) мына өрнекті пайдаланып анықтауға болады:




Ö Ó

(1  exp 1  0.053 S Ö Ó



о

Ý

max





äîï

o

  ,
1

S


êï



Sn Ln



 

 


мұнда Sn – бір текше метр кəріздің құны, тг; Ln – 1 га жердегі кəріздің ұзындығы, м.

Жалпы Ln-дің мəні кəріздің арақашықтығына байланысты (B) болғандықтан, Ln =104 / B деп қарастырсаң, онда




Ý Öо Ó max B



    • exp

S

Ó o





êï S

104 1

1 0.053 S

Ó .

n

äîï

max

Кəріз желісінің тиімділігі Экп-нің мəні өзінің ең жоғарғы дəреже- сіне жеткенге тең, яғни Экп / B = 0. Онда жоғарғы келтірілген тең- деуді мына түрде шешу керек:

Ýêï Öо Ó max



S



Ó o





B S

104



1 exp 1 0.053 S

Ó ,

n

äîï

max

онда, Эк-нің ең жоғарғы мəні мынаған тең болады:

1  (Ó / Ó

)  exp 1  0.053 S .


max
S





äîï

Бір гектар жердегі кəріздің желісін соғуға кететін шығын мына- ған тең:

K = S · 104/B.

Онда Экп анықтауға арналған өрнекті мынадай түрге келтіруге болады:



Экп = (Цo·ΔУ/K)– α1,

мұнда ΔУ көпжылдық аралығындағы сарқынды сумен суғаруға ар- налған суғару жүйесіндегі өнімнің өсу дəрежесі.

Сонымен, сарқынды сумен суғаруға арналған суғару жүйесінің ыңғайлы өлшемдік көрсеткішін анықтау ауылшаруашылық дақыл- дарының оңтайлы суғару тəртібін негіздеудің көлемінде іске асыры- луға тиісті. Сондықтан сарқынды суды өндірісте пайдаланудың мақсатын шешу, жан-жақты қарастыру арқылы қоршаған ортаның лас- тануын, топырақтың құнарлылығын сақтау жəне ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алу секілді нəрселерді қамтамасыз ету деген. Жоғарыда қарастырылған суғару əдісін жəне жүйесін сар- қынды суды пайдалану кезінде қолдану, суғармалы егістік жердің мелиоративтік жағдайын жақсарта отырып, топырақтың құнарлы- лығын жəне егістік жердің сумен қамтамасыз ету дəрежесін көтереді, қоршаған ортаның ластануын болдырмайды.


      1. Автоматтандырылған кешенді мелиоративтік жүйе

Өсімдіктің өсіп-өну жағдайын сарқынды-төкпе жəне өзен суларын бірге пайдалану арқылы жақсартудың жолы, бір жағынан қоршаған ортаны ластанудан қорғаса, екінші жағынан тұздардың жəне орга- никалық заттардың қорлануының арқасында, суғарудың шаю тəртібі арқылы оны тұздан шайып отыруға тура келеді. Сондықтан суғару жүйесінің құрамында кəріз-коллектор желілерінің болуы, суғармалы

егістік жерде тазалау-шаю жəне суғарудың тиімділігін жақсартуды бір мезгілде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бұл жағдайда, суғармалы егістік 1 гектарына берілуге тиісті сарқынды-төкпе судың салмағы, қоршаған ортаны қорғау жəне егіншілік жүйесінің негізгі заңдылықтары (өсімдіктің өсіп-өнуінің дəлелдемелерінің бірін-бірі ауыстыра алмайтындығы жəне теңдей қажеттілігі; оңтайлық жəне шектеуші дəлелдемелер) қағидасының негізінде анықталуға тиісті. Табиғаттың заңдылықтарын біле оты- рып, өсімдіктің өсіп-өнуінің алмағайып кезіндегі, қажетті топы- рақтағы қоректік заттар жəне ылғалдану дəрежесін, өсімдіктің био- логиялық ерекшеліктеріне сай, құрғақшылық аймақтарда уақыт жəне кеңістік өлшемінде қамтамасыз ете алатын жетілдірілген суға- ру жүйесін жобалаудың маңызы зор.

Құрамында əртүрлі химиялық заттар жəне қосындылар бар сарқынды-төкпе жəне кəріз-коллектор сулар, суару кезінде топырақ- тың құрамына, суармалы егістік жердің гидрохимиялық тəртібіне жəне өсімдіктің өнімділігіне əсер ететін, өте күрделі орта.

Сондықтан, топырақ қабатындағы қайтарма сумен түсетін қорек- тік заттардың, тұздардың, тез еритін тұздардың, зиянды заттардың жəне су қорының тепе-теңдігін сақтауды қажет етеді.

Ауылшаруашылық дақылдардың суғару тəртібін есептеу кезінде, топырақ қабатына түсетін тұзды, өсімдіктің өсіп-өнуіне қажетті шекте ұстап отыру қажет. Себебі, сарқынды-төкпе судың тұздылығы өскен сайын топырақтың құнарлығы жəне ауылшаруашылық дақыл- дарының өнімділігі төмендейді.

Суғармалы егістік жердің топырағындағы биологиялық жəне гидрохимиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін, оның бір гекта- рына түсетін сарқынды-төкпе су көлемінің оңтайлы салмағын анық- тайды. Сондықтан өсімдіктің өмір сүруіне қажетті себепші шарт- тарды жан-жақты реттеп отыру суды бөлудің оңтайлы мəні арқылы жүзеге асырылуға тиісті. Ол сарқынды жəне өзен суларын бірге пайдаланған кезде, қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын, қосымша өзен, сарқынды-төкпе жəне кəріз-коллектор суларының тұздығын өлшейтін, автомат-қалқан жəне сарқынды-өзен суларын араластыратын қондырғылар, су бөлуге арналған автомат- қалқан жəне өзен-сарқынды немесе өзен-кəріз суын араластыратын басқару бөлімдерімен жабдықталған, автоматтандырылған суғару жүйесін қажет етеді.



Автоматтандырылған мелиоративтік жүйесінің бөлшек-желісі сұлбасы 156 жəне 157-суреттерде көрсетілген.



  1. сурет. Автоматтандырылған мелиоративтік жүйесінің бөлшек-желісі




  1. сурет. Автоматтандырылған мелиоративтік жүйе

Автоматтандырылған суғару жүйесі мынадай ретпен немесе тəр- тіппен жұмыс істейді. «Топырақ – өсімдік – атмосфера» жүйесін- дегі уақыт бірлігіндегі өзгерістердің барлығын, өсімдіктің өсіп-өнуі кезіндегі қажетті себепші шарттарды, уақыт бірлігінде басқаратын есептеу орталығына (3), белгілері беретін желілер арқылы (4) түсетін (24-37) өлшегіш құралдарының, автоматтандырылған метеороло-

гиялық бекеттің (7) мəліметтерін, белгілер орталығында (5), өңдеудің нəтижесінде анықтап отырады. Сандық өңдеу түрлендіру бөлігіне

(6) түскен мəліметтерді өңдеп жəне жүйелі түрде толтырылған көлемдік қызмет атқару кітапша ретінде, есептеу қондырғысының

(2) есінде сақтау бөлігінен, табиғи құрылымның қызмет атқаруының жұмыстың бейнесін шақырады да, берілген жəне онда сақталған мəліметтердің арасындағы салыстырмалық есептеулерді жүргізеді. Жүйенің жұмыс істеу бейнесін оның қызмет атқару бейнесінің ықти- малдық мəніне жақын етіп қабылдауға тиісті.

Егер басқару жүйесінде ешқандай ауытқу болмаса, онда жүйе өзінің бұрынғы тəртіптегі жағдайында жұмыс істей береді, ал егер олардағы бір немесе бірнеше себепші шарттарда өзгеріс байқалса, онда нақты уақыт бірлігіндегі басқару бөлігі себепші шарттарды есептеу бөлігіндегі (3) жүргізілген салыстырмалық талдау арқылы есептеу қондырғысының есіндегі жүйенің оңтайлы көрсеткіштерінің мəнімен салыстырып, олардағы іздеп отырған қалыптасқан жағдайға өте сай жүйенің жаңа қызмет етуінің бейнесін береді.

Автоматтандырылған суғару жүйесінің құрамына қоректенетін бе- кет бөлігі (1), басқаратын есептеу қондырғысы (2), өсімдіктің өсіп-өнуі кезіндегі қажетті дəлелдемелерді уақыт бірлігінде басқаратын есептеу орталығы (3), мəліметтерді өңдеу бөлігі (4), мəлімет (белгі) қабылдайтын орталық (5), сандық-өңдеу-түрлендіру бөлігі (6), автоматтандырылған метеорологиялық бекет (7), минералдық тыңайтқыш жəне улы зат- тар қоймасы (8), дайындалған ерітіндіні тасымалдайтын сорап (9), ерітіндіні дайындайтын араластыру түйіні (10), су жинақтайтын ыдыс (11), қалған заттарды жəне қалдықты тастайтын қойма (12), сүзгіш (13), сораптау бекеті (14), су қабылдағыштағы су алатын сүзгіш (15), өзен жəне сарқынды-төкпе суды араластыру түйіні (16), өзен жəне кəріз-коллектор суын араластыратын түйін (17), автомат-қалқан (19), суғару машинасы (20), топырақ қабатындағы кəріз-ылғалдандыру желі- сі (21), бүркіп суғаратын жаңбырлатқыш (22), жаңбырлатқыш маши- на (23), тұмандататын қондырғы (24), бағытталған жарық көзі (25), су тəртібінің өлшегіші (26), жылу тəртібінің өлшегіші (27), қоректік зат- тар тəртібінің өлшегіші (28), жерасты суының деңгейін бақылайтын құдық (29), жерасты суының тұздылығын өлшейтін өлшегіш (30), фитоклиматты өлшегіш (31), ауа тəртібін өлшегіш (32), өзен суының тұздылығының өлшегіші (33), ауаның ылғалдылығының өлшегіші (34), ауаның жылулығының өлшегіші (35), сарқынды судың тұздылығын өлшейтін (36), кəріз-коллектор суының тұздылығын өлшейтін өлшегіш (37), топырақтың тұздылығын өлшейтін өлшегіш (38), электр желісін орындау механизмдерін басқару өлшегіші (39), кəріздің жұмыс іс-

теуін бақылайтын өлшегіш (40), белгі беретін желі (42), жарқырату қондырғысы (43) жəне желдің тəртібін өлшейтін қондырғысы (4) секілді құрылымдар кіреді.

Бұл жағдайда есептеу бөлігінің берген нұсқауы бойынша элек- трлік желілік механизмдердің өлшегіштерін (8-24) қондырғылардың жағдайына байланысты себепші шарттарды басқару бөлігі арқылы іске қосады. Сонымен, жүйенің жұмыс істеу жағдайы өсімдіктің өсуіне ыңғайлы жағдай тудырады. Бұл жағдайда жаңа басқару бейнесінде, жүйенің қызмет етуінің бастапқы жағдайына келу мүмкіншілігі жəне ауысуы толық қарастырылған. Себебі, есептеу қондырғысының (2) есінде, табиғи-технологикалық құрылымның қызмет етуін басқарудың математикалық бейнесі сақталған жəне ол өзіндік түрлендіру арқылы жаңа жағдайды қалыптастыра алады. Жаңа математикалық бейне жəне жұмыс атқарудың есептік желісі оның оңтайлы мəніне жақын болуы мүмкін, онда себепші шарттар- ды басқаратын есептеу бөлігі жүйенің барлық жұмыстарын жаңа жұмыс атқару есептік желісінің жағдайына байланысты қайта құру арқылы мəліметтерді жинау, беру, өңдеу жəне басқару нұсқауын нақты уақыт бірлігінде бере алатын жағдайдағы жүйені құрастырып, есептеу қондырғысының (2) есінде қызмет атқарудың есептік желі- сін сақтау арқылы, «соңғы кірген, бірінші шықты» – деген қағидада жүзеге асырады.

Автоматтандырылған мелиоративтік жүйенің бөлшектері мына қызметтерді атқарады:



  • қоректену бекетінің бөлігі (1), жүйелерді электр қуатымен қам- тамасыз ету;

  • есептеу басқару қондырғысы (2), мұнда нысанның қызмет атқаруының математикалық бейнесі сақталған жəне ол басқару таби- ғи-техникалық құрылым берілген жəне қызмет ету көрсеткіштерін тұрақты салыстыру арқылы автоматтандырылған жүйені басқару қызметін атқарады;

  • себепші шарттарды нақты уақыт бірлігінде басқарудың есеп- теу бөлігі (3), есептеу қондырғысының (2) есінен жүйенің қызмет атқаруының жаңа есептік желісін іздеп жəне басқару көрсеткіштері берген көрсеткіштерден ауытқу байқалған жағдайда электрлік өл- шемдік механизмдердің (8) жəне қондырғысының (8 24) жағдайына байланысты іске қосады;

  • мəліметтерді өңдеу бөлігі (4), мəліметтердің қорлануын жəне сақтауды қамтамасыз ете отырып, себепші шарттарды уақыт бірлі- гінде басқаратын бөлігіне (3) есептеуге қажетті жəне есептелген мəліметтерді береді;

  • белгілерді қабылдау бөлігі (5) белгілерді қабылдап алып, олар- ды қажетті жеріне жеткізіп береді;

  • сандық өңдеу түрлендіру бөлігі (6), өлшегіштен түскен белгі- лерді түрлендіріп жəне табиғи-техникалық құрылым көлемдік қыз- мет атқаратын кітапшасы ретіндегі есептеу қондырғысының (3) есесінде сақтауға береді;

  • автоматтандырылған метеорологиялық бекет (7) ауаның жы- лулығын жəне ылғалдылығын, желдің жылдамдығын, жауын-ша- шын мөлшерін, күн сəулесінің қуатын бақылау жəне белгілерді жеткізу желісінің (39) көмегі арқылы осы мəліметтерді есептеу қондырғысына (2) жеткізіп беруді;

  • минералдық тыңайтқыштар жəне улы заттар қоймасы (8), минералдық тыңайтқыштарды қорлау жəне сақтауға арналған;

  • дайындалған ерітінділерді тасымалдауға қажетті сорап (9) араластыру түйінінде (10) дайындалған ерітінділерді қажетті жерге жеткізеді;

  • ерітінділерді дайындауға арналған араластыру түйіні (10) су жəне тыңайтқышты толық жəне тез араластыру арқылы ерітіндіні қажетті жағдайда дайындайды;

  • суды сақтау ыдысы (11) суды тұтынушыларды сумен қажетті көлемде жəне уақытта қамтамасыз етеді;

  • қалдықтарды жəне қоқымдарды қорлау қоймасы (12) улы зат- тарды жоюға арналған;

  • сүзгіш (13) судың құрамындағы қоқымды, органикалық жəне құрғақ заттарды ұстау жəне құрғатуға арналған;

  • сораптау бекеті (14) су сақталған ыдыстан суды алып, қажетті жерге дейін оны көтеру жəне тасымалдауға арналған;

  • су қабылдағыштағы қалдықтарды алу сүзгіші (15) тұз ерітін- дісіндегі қалдықтардың суару желісіне түсіп кетпеуін қамтамасыз етеді;

  • сарқынды-төкпе жəне өзен суын араластыру түйіні (16) олардың ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-өнуіне зиян келтірмейтіндей дəрежеде тұздылығын қалыптастыруға арналған;

  • кəріз-коллектор жəне өзен суын араластыру түйіні (17) олардың ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-өнуіне зиян келтірмейтіндей дəрежеде тұздылығын қалыптастыруға арналған;

  • автомат-қалқан (18), кəріз-коллектор жəне өзен суын (17) сар- қынды-төкпе жəне өзен суын (16), дəлелдемелерді басқарудың есеп- теу бөлігінің нұсқауымен жəне өлшемдік қондырғылардың мəліметі бойынша белгі беру желісі арқылы араластыратын түйінге түсетін

сарқынды-төкпе, кəріз-коллектор жəне өзен суының шамасын рет- теуге арналған;

  • электрлік қалқан (19) зерзетты қосуға жəне ажыратуға арналған;

  • суару машинасы (20) жер қабатындағы кəріз-ылғалдандыру құбыры (21), бүркіп жаңбырлату қондырғысы (22), жаңбырлатқыш машина (23), тұмандату қондырғысы (24), ауа райының жəне топы- рақтың гидрохимиялық жағдайына байланысты ауылшаруашылық дақылдарының биологиялық тұтынысын реттеуге арналған;

  • бағытталған сəуле көзі (25), өлшегіш қондырғыларына мəлімет- тер беріп, оны өңдеуге арналған;

  • су тəртібін өлшегіш (26), жылу тəртібін өлшегіш (27), қоректік заттар тəртібін өлшегіш (28), жер асты суының деңгейін өлшегіш (29), жер асты суының тұздылығын өлшегіш (30), фитоклиматты өлшегіш (31), ауа тəртібін өлшегіш (32), ауаның ылғалдылығын өл- шегіш (33), ауаның жылулығын өлшегіш (34), өзен суының тұздылы- ғын өлшегіш (35), сарқынды судың тұздылығын өлшегіш (36), кəріз- коллектор суының тұздылығын өлшегіш (37), топырақтың тұздану дəрежесін өлшегіш (38), табиғи-техникалық құрылымды басқаруға қажетті мəліметтерді алу үшін;

  • электрлік орындау механизмдерінің өлшегіші (39) дəлелдеме- лерді басқарудың қондырғысына (8-24) есептік бөліктен нұсқау беру;

  • терең орналасқан кəріз (40), топырақтың су-тұз жəне қоректік заттар тəртібін реттеуге қажетті (4) ерітіндіні жəне суды құбырға жеткізу;

  • белгілерді жеткізу желісі, (26-38) өлшегіштерге, автоматтанды- рылған метеорологиялық бекетке (7) белгілер қабылдайтын (5) бөлім арқылы мəліметтер беру,

  • жарықтату қондырғысы (47) уақыт аралығындағы белгілерді сандық түрлендіру қондырғысына математикалық өңдеуге беру.

Автоматтық реттеуді оңтайлауға қойылатын мақсат арқылы байланыстыруға болады. Бұл – автоматтың реттеу заңдылығын табу арқылы ықтималдық сынақтың негізінде табиғи құбылыстарды басқару дегенді білдіреді. Өсімдіктің өмір сүруіне қажетті дəлелде- мелерді біртұтас басқарудың сынақтық көрсеткіші ретінде рет- теуге арналған құбылыстың оңтайлы жағдайда өтуін жəне басқа- рудың себепші шарттары өзгерген жағдайда жүйенің басқару көрсеткіштерін қамтамасыз ететін жағдайды қабылдауға болады. Бұл жағдайда, топырақ қабатындағы өсімдіктің өсіп-өнуіне қажетті орнықталған жағдайындағы себепші шарттардың өлшемдік көрсет- кіштің оңтайлы мəніне жетуі қоршаған ортадағы топырақтың дамуы- на кері əсерін тигізбейтіндей болу керек.

7. ТАБИҒИ ЗАҢДАР ЖƏНЕ ҚАҒИДАЛАР ТАБИҒИ ЖҮЙЕНІ МЕЛИОРАТИВТІК ҮЙЛЕСТІРУДІҢ


НЕГІЗІ


    1. Табиғи заңдар жəне қағидалар егістік жерді мелиорациялаудың негізі

Адамзат өзінің тарихи даму кезеңінде табиғи қорды пайдалану жəне үйлестіру арқылы өзінің күнделікті тұтыныстық қажеттілігін өтеп отырды жəне олардағы құбылыстар жəне үредістерді ой еле- гінен өткізе отырып табиғи заңдылықтар жəне қағидаларды тұжы- рымдады. Ал бүгінгі заманауи өркениеттің даму кезеңінде адамзат- тың ой-түйсігінен туындаған табиғаттың заңдылықтары жəне қағидалары табиғи қорды пайдалану жəне үйлестіруді экологиялық тұрғыда негіздеудің бастауы болып отыр.

Сондықтан қазіргі техниканың жəне технологияның жан-жақты дамыған кезеңіндегі экологияның мақсаты табиғи құбылыстар мен заттарға жан-жақты талдау жүргізу арқылы экологиялық көзқарасты қалыптастыру жəне ғылымдық жəне өндірістік мəселелерді шешкен кезде экологиялық ойды іске асыру.

Адамның өзінің жаратылыс қасиетіне тəн, өзінің ойлау қабіле- тінің ойлау дəрежесіндегі құбылыстың сырын түсіне алады жəне оның іс-əрекеті табиғи жүйені өзгертетін негізгі күш болып табы- лады. Бұдан 5 мың жыл бұрын Гуатама Махасатьян «Адамның ақыл-ойы ақылды жүректің жəне ойдың кеңдігінің мəдениеті тіршілік мəнерімен кеңиді» – деген. Сондықтан адамның рухани өсуін оның ақыл-ойының өсуі деп қарауға болады, ол басқа адам- дар мен қоршаған əлемдегі тірі дүниелерді өзі секілді қабылдайды. Түйсік ол Тартылыс, Ой толқыны арқылы Өмір Ойды тудырады. Ой ол Заттық Кеңістікте Болуға тиісті əлемдік құбылыстың Жарықтың Жалын Сəулесі. Осыны іске асыратын Адамзат Заттық Кеңістік пен Ойдың Толқынында, Ой Толқынымен Заттың қозғалысында түйіседі. Заттық өндіріс Өзімен-өзі болып, Қарсылықпен жекеле- нумен қатар, Тірлікпен Біртұтас. Түйсіктің Оймен бірге дамуы Заттың қозғалысына алып келіп, Кеңістіктің шекарасының өсуіне мүмкіндік тудырады. Түйсік жəне Кеңістік ойлау мен Ой, барлық уақытта бірге. Осылардың бəрі заттық кеңістіктің мəнін құрайды. Бұлардың арасында қарама-қайшылық жəне қарама-қарсы тұру, со- нымен қатар қарама-қарсы қою мен қарама-қарсылық жоқ. Оларда

Өмірдің Шексіздігінің Бірліктігі жəне Көпқырлылығы бар. Соны- мен адамзаттың жəне қоғамның рухани дамуы, оның экологиялық тұрғыдағы тəрбиесін көрсетеді жəне ол өзінің тұтынуына қажетті өнімді табиғи қорды пайдалану жəне үйлестіру арқылы қамтамасыз етуге қажетті табиғи-техникалық қызметінің қоғамға жəне табиғи жүйеге зиянды əсерін тигізбеуге мүмкіншілік береді.

Осындай ой тұтастығында дамыған Шығыс жəне Орта Азия халықтары ерте дүниедегі өркениетті мəдениетті құрудың үлгісі болған жəне осы аймақтан шыққан ұлы ғалымдар Мұхаммед Хорезмидің, Абу Насыр-əл-Фарабидің, Абуль-Вафа Бузджанидің, Ибн Синаның (Авиценна), Аурайхан Берунидің, Мухаммед Қашқаридің, Омар Хаямның, Насреддин Тусыдың, Ұлық- бектің (Мұхаммед-Тарагай), Джамшид Қашынның, Алаедин Кушчының, Мухаммед Хайдар Дулатидің, Қадырғали Жала- иридың жəне Шоқан Уалихановтың аттары жаратылыстану ғылымы саласындағы еңбектерімен дүниежүзіне мəлім.

Орта Азияның ұлы ғалымдары ғылымның жаңадан бастап даму кезеңінде, оның қарқынды дамуына өздерінің үлкен еңбектерін сіңірді жəне үлестерін қосты. Сол кезеңнің өзінде, ең бірінші рет табиғаттың заңдылықтары туралы сөз қозғап, алгебра мен геометрияның дамуы- на атсалысты, астрономия мен география туралы ұлы еңбектер жаз- ды. Сондықтан болу керек, олардың кейбіреулеріне дүниежүзілік ғылымдық қоғамда «ғылымның атасы» деген атақ беріп, олардың ат- тарын өткен дүниенің ұлы ғалымдарымен Пифогор, Евклид, Арис- тотель, Платон, Птолемеймен қатар атап жүр.



Мұхаммед Хорезми (780-850 жылдары) тек қана алгебраның негізін қалаушы емес, ол үлкен географ болған, оның «Книга опи- сания земель» кітабында құрлықтың аймақтарын ауа райы бойынша топтастырылған.

Абу Насыр əл-Фараби (870-950 жылдары) үлкен философ қана емес, өзінің «О происхождении наук» ғылымдық еңбегінде табиғаттың заңдылықтарына көп көңіл бөлген.

Абуль-Вафа Бузджанидің (940-1009 жылдары) «Совершенная книга» 15 ғасыр бойы барлық ғылым салалары үшін негізгі нұсқа ретінде қызмет атқарады.

Ибн Синаның (980-1037 жылдары) «Канон» атты медицина туралы еңбегі дəрігерлердің күнделікті оқитын кітабы болса, ал оның жаратылыстану саласындағы еңбектеріндегі «Күндізгі су бу, түнгі су нұу» – деген қағидалы сөзі, оның мелиорация саласында да еңбектері бар екендігі көрсетеді.

Абурайхан Беруни (973-1048 жылдары); өзінің «Тахдид Нахаят» атты ғылыми еңбегінде жердегі даму құбылыстарына түсініктеме беріп, Египеттегі Ніл, Үндістандағы Ганга, Орта Азиядағы Амуда- рия өзендерінің гидрологиялық жағдайына түсініктеме береді жəне табиғи даму заңдылықтары туралы ағылшынның жаратылыстану- шы ғалымы Чарлз Дарвиннің (1809-1882 жылдары) эволюциялық заңдылықтары туралы қағидасына жақын ойлар айтқан.

Омар Хаям (1049-1131 жылдары) ұлы ғалым, үлкен ойшыл жəне талантты ақын, өзінің ғылыми еңбектерінде, тек қана математиканы дамытып қоймай, жаратылыстану іліміне де үлкен үлес қосқан, оған

«табиғаттың жасырған сырын, ғалымдық зерттеулер арқылы ғана түсінуге болады», – деген қағидалы сөзі куə бола алады.



Насреддин Тусы (1201-1274 жылдары) математикаға функцио- налдық байланысты енгізу арқылы табиғи құбылыстардың бейнесін математикалық тілде өрнектеуге жол ашты.

Ұлұқбек (1394-1449 жылдары) ұлы ғалым, « ... барлық уақытта адамзат заңдар мен қағидаларды, тек қана Ұлұқбектің заңымен ғана жазады» – деген Алишари Навоидің қағидалы сөзі оның кім екендігін толық сипаттайды.

Джамшид Қашы (1429 жылдары) орта ғасырдағы ұлы математик- тердің бірі, техникалық ғылым саласында өте жиі қолданылатын үшінші дəрежедегі алгебралық теңдеулердің біртіндеу шешу жолын тапқан, ал ол суғармалы егістік жердің топырақ жүйесіндегі су жəне тұз алмасудың математикалық бейнесін жазуға қолданылып жүр.

Мұхаммед Хайдар Дулати (1500-1551 жылдары) өзінің «Тари- хи Рашиди» атты ғылымдық еңбегінде Орта Азияның географиялық жағдайына жан-жақты баға берген, ол бүгінгі күнде адамзаттың тап- тырмайтын ең үлкен байлығы болып табылады.

Шоқан Уалихановтың (1835-1865 жылдары) ғылыми еңбектері географтардың, экономистердің, тарихшылардың жəне басқа ғылым саласының күнделікті пайдаланылатын əдістемелік нұсқасы болып табылады.

Өндіріс күші жəне өндірістік қарым-қатынасты мінездейтін адамзат жəне табиғаттың бір-біріне əсерінің барлық тарихи кезеңде- ріндегі, «табиғат адам» жүйесіндегі, негізінен үздіксіз өзгеріп оты- ратын табиғи қор жəне табиғи жағдайдың арасындағы қатынасты, адамзаттың оны пайдалану жəне түрлендіру деңгейі, экологиялық тепе-теңдіктің сақталуының дəрежесін зерттеуге 780–1551 жыл- дар арасында шығыс халқының ғалымдарының еңбектерінің ар- қауы болған. Ол тепе-теңдіктің өте орнықсыз екенін көрсетіп бер-

ген, сондықтан оны қазіргі кезде динамикалық (квазистациялық жағдай) деп атайды. Жеке табиғи жүйелердің динамикалық сапасы жəне оның тармағы бір-бірімен тығыз байланыстылығы сонша кез келген олардың біріндегі көрсеткіштік өзгерісі жүйенің заттық- қуаттық, мəліметтік жəне динамикалық сапасын сақтай отырып, оның тармағындағы сапалық жəне сандық жағындағы қызметтік- құрамдық өзгеріске алып келетіндігі сол кездердің өзінде ғылымдық жүйеде дəлелденген.

Адамзаттың табиғаттың қорын пайдалану барысындағы оның өзіндік заңдылықтарын сақтау қағидасын негізге ала отырып, оны пайдалану мəселесін, киелі «Құран кəрім» кітабының аяттарының ішінен кездестіруге болады.

Сонымен, адамзат табиғи жүйедегі динамикалық тепе-теңдікті бұзу үшін едəуір күш жұмсаудың көмегімен, оның экологиялық бөлшектеріндегі қарым-қатынасты бұза отырып, адамзаттың өмір сүруіне жəне қызмет етуіне ыңғайлы жүйені қалыптастыруға талпы- нады. Егер табиғи жүйедегі мұндай ауытқулар, оның тармақтарында

«өшсе» жəне термодинамикалық ыдырауға алып келмесе, онда мұндай өзгерісті ыңғайлы деп қарауға болады. Бірақ табиғи ортаға сырттан тыс артық күш түсірудің нəтижесінде заттық-қуаттық ыдырау болса, онда ол ландшафтардың табиғи-қорлық əлеуетігі төмен түсіп, кейбір аймақтарда орны толмайтын далалы аймаққа айналып кетуі мүмкін.



Экологиялық бөлшектердің қарым-қатынасымен тізбектелген реакцияның бір-бірімен тура байланысы тепе-теңдікте болғандықтан, табиғаттағы түрлендірудің жəне үйлестірудің нəтижесіндегі күтілген тиімділіктің пайда болмауы мүмкін немесе өте төмен болуы да ғажап емес.

Бірінші жағдайда, жергілікті реакция табиғаттың тізбектік жүйелерінде «сырғанайды», онда «араласып», экологиялық жүйенің барлық бөлшектеріне тарап, бүгінгі күнгі табиғатта болатын, біздің түсінігіміздің жəне мүмкіншілігіміздің дəрежесіндегі өлшемге кел- мей қалуы мүмкін. Екінші жағдайда қарама-қайшы бұл құбылыс біртіндеп жоғарыдан төмен карай белгілі болып отырады.



Табиғи заңдылық – табиғи ортаның дамуының қажетті құбы- лыстарының ішкі байланысын көрсетеді. Заңдылық белгілі бір табиғи-техникалық құрылымның орналасу жағдайына байланыс- ты бір құбылыстың өзгеруінің əсерінен табиғи ортадағы басқа да құбылыстардың өзгеріске еніп отыратын жəне олардың арасындағы қажетті жəне тұрақты байланысты немесе табиғи құрылымның заттық қасиетінің арасындағы қатынасты көрсетеді.

Табиғи заңдардың түсініктемесі – «табиғи құбылыстардың арасындағы терең байланыстың жиынтығын көрсете отырып, табиғи құрылымның даму қарқыны жəне ауқымын анық- тайтын мəні» – деген анықтамаға жақын.


Табиғаттың мəні, себебі жəне құбылысы – табиғи кезеңдерді жəне барлық табиғи-техникалық құрылымның жан-жақты қаралған, жалпы жағдайын көрсететін философиялық сапаға жатады.

Мəні – табиғаттың терең байланысының жиынтығы, қатынасы жəне ішкі заңдылығы, оның негізгі бейнесін жəне заттың жүйедегі даму қарқынын анықтайды.

Табиғи құбылыс, философиялық сала ретінде, белгілі бір жағ- дайда, қасиеттің немесе кезеңнің ішкі шын бейнесін көрсетеді жəне оның кейбір мəнін табады, пайда болу түрін анықтайды.

Табиғи құрылымдардың қасиеттік байланысы мен адамзаттың тану себебінің ерекшелігі динамикалық жəне тұрақты заңның түрін көрсетеді. Сонымен, табиғаттың философиясын, негізінен себептің салдары жəне салдардың себебін көрсететін ғылым ретінде тануға болады. Себебі өзінің бірінші қалыптасқан жағдайын бұзу неме- се оны қабылдау үшін оны білуіміз керек, себебі мүмкіншілігін білмесек, онда оған жол бермеу керектігін анықтай алмаймыз.

Мұндай жалпы жүйелік дамуды талдаудың үлкен қол жеткізген нəтижесі ретінде XIX ғасырдағы философ-материалистердің ілімдік жетістіктері – «...табиғи қозғалыстың көзін табиғаттың өзінен іздеу керек, себебі табиғат жəне қоғамдағы өзгерістерді басқару табиғаттың жаратылыстану заңына байланысты дамиды» – деген қағидасы. Сондықтан мелиорацияның іс-қызметінің арқасында өзгеріске түсетін табиғи-техникалық құрылымның өлшемдік көр- сеткіштері табиғи заңдылыққа жəне қағидаларға байланысты анықталуға тиісті.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет