Оқулық Қазацстан Республикасы Білім және 2Ы.Іым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет1/21
Дата30.01.2020
өлшемі4,08 Mb.
#56815
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Инновация-менеджмент-на-каз
Документ Microsoft Office Word, 31-45, Аудит лек2 сем, 17KTJ9, Полученное оборудование и мебель в 2010 г., Тест Mathematics-1,2 АиУ 3 уровень
56815

ҚР  Білім және ғылым  министрлігі
С.  Т.  Купешова

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ 
БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ
С.  Т. КУПЕШОВА
ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
МЕНЕДЖМЕНТ
Оқулық
Қазацстан Республикасы Білім және 
2Ы.ІЫМ министрлігі бекіткен
Алматы, 2011

ӘОЖ 005  (075.8) 
КБЖ 65.290-2я73 
К  85
Пікір берушілер: 
экономика ғылымдарының докторы, профессор Г. Н.  Сансызбаева; 
экономика ғылымдарының докторы, профессор Г. И. Баймахамбетова; 
экономика ғылымдарының кандидаты, доцент И. А.  Бибатырова.
С.  Т. Купешова
К 85  Инновациялық менеджмент:  Оқулық.  Алматы:  ЖСТТТ РПБК «Дэуір», 
20 ТТ  ж.  - 202 бет.
І8ІШ  978-601-217-248-5
І 8 В \  978-601-217-248-5
ӘОЖ 005 (075.8) 
КБЖ 65.290-2я73
2
© С.  Т.  Купешова,  2011 
© ҚР Ж оғары оқу орындарының 
қауымдастығы,  2011

Машуны
Кіріспе 
5
1  Инновациялық қызмет  түсінігі және оның  негізгі қасиеттері
1.1  Инновацияның жалпы түсінігі 
7
1.2 Инноватика теориясының қалыптасуы және қазіргі күнгі 
конңепңиялары 
11
1.3 Инновация классификаңиясы 
19
1.4 Инновациялық қызметтің ерекшеліктері 
23
2 Үйымның инновациялық қызметін үйымдастыру және басқару 
негіздері
2.1  Инновациялық қызмет инноваңиялық менеджменттің басқару 
обьектісі ретінде 
26
2.2 Инноваңиялық үдерістің қүрылымы және мазмүны 
31
2.3 Инноваңиялық үдерістің негізгі  модельдері 
35
2.4  Инноваңиялық үдерісті үйымдастырудың 
қазіргі заманғы 
әдістері 
41
2.5 Инноваңиялық қызметті және инновациялық өнімді өндіруді 
басқарудың әдістері 
45
2.6 Бенчмаркинг әдісі -  ең үздік бизнес тәжірибелерін  қолдану 
47
2.7 0>ҒИ (Оиаіііу Ғнпсііоп Иеріоушені) әдіс, сапа функциясы -  
түтынушылардың мүқтаждықтарын өнімге айналдыру 
50
2.8 ҒМЕА әдісі әлеуетті ақауларды талдау және олардың 
өнімді 
қайта жобалау процессіне әсерін талдау 
51
2.9 Инноваңия инжинирингі 
54
2.10 Инноваңиялық қызметтегі  реинжиниринг әдісі 
56
2.11  Инноваңиялық менеджменттегі бренд-стратегия әдісі 
59
2.12  Кәсіпорынның  инноваңиялық  белсенділік  деңгейін  сипаттайтын 
көрсеткіштер 
63
3  Инноваңиялық жобаларды басқару
3.1  Инноваңиялық жобалардың мазмүны мен классификаңиясы 
65
3.2 Инновациялық жобаларды жүзеге асыру кезеңдері 
68
3.3 Кәсіпорынның инноваңиялық әлеуетінің деңгейін
анықтау 
69
3.4 Инноваңиялық жобаларды сүрыптаудың және бағалаудың 
критерилері 
71
3.5  Инноваңиялық жобалардың сараптамасы 
73
3.6  Инновациялық жобаның экономикалық тиімділік деңгейін бағалау  74
3.7 Инновациялық жобалардағы тәуекел 
82
3.8 Инноваңиялық жобалардың тәуекелін басқару негіздері 
85
3.9 Инноваңиялық жобаның бизнес-жоспары 
88
3.10 Инноваңиялық жобаға  кейбір ерекше маманданған қатысушылар  92
з

4 Инновациялық стратегиялар
4.1  Кәсіпорыниың  инновациялық саясатының 
м ә і і і
 
және мазмұны 
96
4.2 Кәсіпорындардың заманауи инноваңиялық 
стратегияларының мазмұны 
97
5 Венчурлық бизнесті  уйымдастыру және басқару
5.1  Шағын инновациялық бизнестің ерекшеліктері 
102
5.2 Венчурлық бизнестің жалпы түсінігі, мәні және мазмүны 
103
5.3 Венчурлық қаржыландырудың ерекшеліктері 
105
5.4  Шағын жоғары технологиялық компанияиың өмірлік ңиклы 
108
5.5 Венчурлық компанияның қалыптасу  және дамуының алты кезеңі  110
5.6 Венчурлық капиталдың қайнар көздері 
114
5.7 Венчурлық қаржыландыру әдісінің негізгі артықшылықтары 
118
6 Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу
6.1  Инновациялық қызметті мемлекеттік ретгеудің  маңыздылыгы 
122
6.2 Инновациялық саланы мемлекеттік реттеудің негізгі моделдері 
124
6.3  Үлттық инноваңиялық жүйе мәні мен мазмүны 
131
6.4 Технопарктік қүрылымдар  қызметінің мәні мазмүны 
135
6.5 Инноваңиялық кәсіпкерлікті үйымдастыру мен мемлекеттік 
қолдаудың озық шетелдік тәжірибелері 
142
7  Интеллектуалық меншік халықаралық қүқық объектісі ретінде
7.1  Интеллектуалдық меншік үғымы 
158
7.2 Интеллектуалдық меншікгің мазмүнын қүқық ретінде қарастыру 
161
7.3 Өнеркәсіптік меншік 
162
8 Қазақстан Республикасындағы инноваңиялық қызметтің 
қалыптасуы  және дамуы
8.1  Қазақстан Республикасының  даму институттарының қызметтері 
165
8.2  Қазақстан  Республикасының  Үлттық  инноваңиялық  жүйесінің 
қалыптасуы мен дамуы 
169
8.3 Қазақстан  Республикасының  технопарктік қүрылымдар жүйесі 
172
8.4 Қазақстан Республикасының венчурлық қорларының қалыптасу  және 
даму ерекшеліктері 
175
Инновациялық менеджмент  пәні бойыиша тест 
179
Әдебиеттер  тізімі 
200
4

Кіріспе
Ғылыми-техникалық  әлеует  кез  келген  мемлекеттің  ұлттык  байлығының 
негізгі  саласы.  Барлық  дамыған  елдер  тэжірибесі  көрсеткендей  экономикалық 
даму, көркеюдің негізгі жолы -  ғылыми-техникалық жэне инновациялық салада 
көшбасы  болу.  Инновациялар  мен  жаңалықтар  экономиканың  құлдырауына 
төтеп  беріп,  ғылыми-техникалық  прогрестің  белсенді  түрде  дамуына  жағдай 
жасап,  үлттық  экономиканың  тиімділігі 
мен 
бәсекеге  қабілеттілігін 
жоғарылатады.  Сондықтан  бүкіл  дүние  жүзіндегі  табысты  компаниялар 
инновациялық  қызметтерді  тиімді  басқару  мен  үйымдастыруға  ерекше  көңіл 
бөледі.  Ал  мемлекет  өз  тарапынан  ғылыми-техникалық  жэне  инновациялық 
даму  саласына  қолдау  жасап,  тиімді  саясяат  жүргізіп  отырады.  Өйткені 
мемлекеттік  инновациялық  саясаттың  негізгі  мақсаты  -   ғылыми-техникалық 
жетістіктерді  адам  игілігі  үшін  пайдаланып,  адамзат  өмір  сүру  жағдайларын 
сапалы  түрде  жақсартуға  бағыттайды.  Ал  бүл  бүкіл 
адамзат  тіршілігі  мен 
шаруашылығының  негізгі  басты  мақсаты.  Қазір  Қазакстан  Республикасының 
ғылыми-техникалық  зерттеулері  мен 
инновациялық  саласы  қиындықтарға 
толы  қалыптасу  сатысында.  Бірақ  сол  қиындықтарға  қарамастан  Қазақстан 
кэсіпкерлері  шетел  жаңалықтары  мен  ғылыми-техникалық  жетістіктерін 
табысты түрде игеріп,  оларды жоғарғы карқынмен  қызметтеріне  енгізіп келеді. 
Әрине 
бүл  инновациялар  халықаралық  технологиялық  деңгейге  көтерілуге 
мүмкіндік  береді,  бірақ  сол  ғылыми-техникалық  жетістіктердің  көбісі  тек  біз 
үшін  ғана  инновация,  ал  шетелдіктер  үшін  олар  кешегі  күн  жаңалықтары. 
Сондықтанда  шетел  технологиясы  мен  техникасын  игерумен  қатар  өз  үлттық 
ғылыми-техникалық 
элеуетіміздің 
дамуына 
жағдай 
жасап, 
отандық 
ғалымдардың  гылыми  жетістіктерін  өндіріске  енгізіп,  оларды  багалай  білуіміз 
керек.
Қазақстан 
Республикасының 
инновация 
мэселелеріне 
деген 
қызыгушылық  XXI  гасырдагы  элеуметтік-экономикалық  даму  бірінші  кезекте 
гылыми-техникалық 
дамудың 
белсенділігі 
мен 
интеллектуалды 
өсу 
факторының кең қолданылуымен байланысты.
Инновациялық  үдеріс  гылымды,  техниканы,  өндірісті,  кэсіпкерлікті, 
қаржы  секторын,  маркетингті  жэне  менеджментті  біріктіреді.  Инновациялық 
үдерісте эр түрлі  сапалық жэне техникалық деңгейдегі  мэселелер шешіледі.
Қазір  Қазақстан  жаңа  экономикалық  дэуірге,  яғни 
инновациялық 
индустриалды  даму  сатысына  аяқ  басу  үстінде.  Әрине  қазір  инновациялық 
өнім  өндіру,  оны  тиімді  сату  кез  келген  компанияға,  мемлекетке  орасан  зор 
табыс  экелетіні  баршаға  эйгілі.  Сондықтан  да  Қазақстанда  инновациялық 
саланың  дамуы  барысына  мемлекет  тарапынан  көптеген  ынталандырушы 
шаралар  қолданылып  жатыр.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  эл-Фараби  атындагы 
Қ аз¥У   75  мерейтойын  мерекелеуде  оқыған  «Қазақстан  дагдарыстан  кейінгі 
дүниеде:  болашаққа интеллектуалды  секіріс»  тақырыбындагы  актілік  дэрісінде 
инновациялық  багытта  дамудың  аса  қажеттілігіне  көп  назар  аударды. 
Президент  бізге  интеллектуалды  революция  қажеттілігін  жэне  аса  білімді  де
5

патриог  азаматтар  ғана  мемлекетің  дамуына  үлес  қосатынын  айтып  кетті. 
«Интеллактуалды  үлт  -  2020»  жобасы  тиімді  жүзеге  асырылса  Қазақстан  үшін 
жарқын болашақ келері сөзсіз.
Дүниежүзілік  экономикада  көптеген  мемлекеттер  Жапония,  Оңтүстік 
Корея,  Финляндия,  Сингапур  жэне  т.б.  инновациялық  саланы  қолдау  жэне 
дамыту  арқасында  экономикалық  жетістіктерге  жетіп,  ғылыми  техникалық 
жэне  инновациялық  көшбасшы  болып  отыр.  Бүл  -   мемлекеттердің  тэжірибесі 
көрсеткендей  инновациялық  саланы  дамыту,  бэсекеге  кабілетті  өнім  өндірудің 
іргетасын  қалап,  оны  эрі  қарай  іргелететін  негізгі  факторлардың  бірі  -  
инновациялық  менеджментті  тиімді  пайдалану.  Әрине  мемлекеттің  жалпы 
инновациялық  саясаты  оның  қолдаушы  жэне  ынталандырушы  рөлі  бірінші 
орында  түрады,  бірақ  инновациялық  идеяны  өндіріске  енгізуші  жеке 
кәсіпкерлік  сектор  болғандықтан,  инновациялық  өнім  өндіруші  компанияда 
инновациялық 
менеджменттің 
кэсіптік 
деңгейі 
төмен 
болса, 
онда 
инновациялық жоба да, өнім де табыссыз болады.
Қазақстандық  инновациялық  саланың  дамуын  тежеп  отырған  негізгі 
себептердің 
бірі 
-  
осы 
жоғарғы 
деңгейдегі 
кэсіптік 
инновациялық 
менеджменттің  қалыптасу  деңі сйінің  төмендігі.  Инновациялық  жобалар  мен 
үрдістерді  басқарушы,  үйымдастырушы  жогаргы  маманданган  менеджерлердің 
жетіспеушілігі. 
«Инновациялық 
менеджмент» 
оқулыгының 
мақсаты 
инновацияны  басқару  эдісі  мен  қызметі,  микро  жэне  макродеңгейде 
инновацияларды  енгізу туралы гылыми  білім мен теориялық жэне практикалық 
тәжірибені біріктіру.
Берілген  оқулық  студенттерге  төменде  көрсетілген  мэселелер  бойынша 
түсінік береді:
>  
инновациялық  теорияның  негізгі  түсініктері  мен  инновациялық 
қызметті, инновациялық кэсіпкерлікті басқарудың негіздері;
>  
жаңа  технологиялар  мен  инновацияга  қаражат  тарту  әдістері  мен 
нысандарын  негіздеу  үшін  инновация,  жогары  технологияның  багалық 
аспектілерін талдау туралы;
>  
инновациялық  қызметті  дамытушы  фактор  ретінде  инновациялық 
стратегияны таңдау мен жүзеге асыру туралы;
>  
инновациялық жобалардың тиімділігін багалау эдістері туралы;

жаңа  технологиялар  мен  гылыми  идеяларды  коммерциялизациялау 
туралы,  венчурлік  қаржыландыру  туралы,  инновациялық  қызметтің  жеке 
кезеңдерін қаржыландыру туралы кеңес беру;
>  
венчурлік  бизнесті  басқару  жэне  үйымдастыру  механизмі  жэне 
терминологиясы туралы;
>  
инновациялық  қызметті  мемлекеттік  қолдаудың  негізгі  формалары 
туралы;
Бүл  оқулық  студенттерге,  магистранттарға,  оқытуышыларга,  сонымен 
қатар инновациялық қызметті басқаруга қызыгушы түлгаларга арналган.
6

1, Инновациялық қызмет  түсінігі және оның  негізгі қасиеттері 
1.1. 
Инновацияның жалпы түсінігі
Баршаға  белгілі  «инновация»  -   ол  халықтың  әлеуметтік  жағдайын 
жақсартуға,  ел  экономикасын  өсуге  апаратын  негізгі  жолдардың  бірі.  Әр 
заманның  өз  мінезі,  өз  талабы  бар.  Бүгінгі  дамудың  жалғыз  жолы  -  
инновациялык жол.  Ол -  Қазақстанның  әлемнің  бәсекеге  барынша қабілетті  50 
елінің  қатарына  кіру  жолы  деген  сөз.  Демек  Қазақстан  экономикасы  ғылыми 
білімге,  инновациялық  технологияларға,  жоғары  білікті  өндіргіш  күштерге 
негізделуі  тиіс.  Атап  айтқанда,  табиги  ресурстарды  жаңаша  игеруге,  оларды 
мүмкіндігінше  республикада  өңдеуге,  жаңа  жүмыс  орындарын  ашуга,  гылыми 
ауқымды  технологияларды  барынша  аз  енгізуге  негізделген,  түлганың 
шыгармашылық  қабілеті  мен  белсенділігін  қажет  етпейтін  шикізаттық 
экономикадан «өңдеуші жэне өндіруші» экономикага өту деген сөз.
Барлық  заманауи  техникалық  өркениет  -   инновацияның  нэтижесі.  «Хай- 
тек»  деп  аталатындар  ғана  емес,  сонымен  қатар  «төментехнологиялы» 
өндірістік  өнімдер,  тіпті  индустриалдық  емес  өндіріс  өнімдерін  бір  кездері 
біреу  ойлап  шыгарып,  өндіріске  енгізген.  Бүгінде  қолданылып  жүрген 
инновациялардың көбі -  мысалы, инструменттерді,  отты қолдану, жануарларды 
үйрету,  ауыл  шаруашылығы  -   тарих  кезеңіне  дейін  болган.  Алайда  тарихи 
өлшемдерге  қатысты  соңгы  кезеңдерде  инновациялардың  саны  күрт  өскен. 
Экономикалық  эдебиеттерде  бүл  кезеңді  «өндірістік  революция»  деп  атайды. 
Өндірістік  революцияның  себептері  элі  күнге  дейін  тарихшылар,  социологтар, 
экономист  жэне  философтар  арасында  қызу  пікірталастар  тудырып,  жаңа 
теориялардың пайда болуына әсер етіп  отыр.
Көптеген  зерттеушілердің  айтуынша,  «инновация»  термині  шамамен  XV 
гасырдың  бірінші  жартысында  пайда  болған,  ягни  ағылшынның  «іппоуаііоп» 
сөзін аударганда «қайта өрлеу» немесе «тауар жасаудың жаңа жолы».
XX  гасырдың  30-жылдары  австриялық  галым  Иозеф  Шумпетер 
инновация  терминін  экономика  ғылымына  енгізді,  ол  бойынша  инновация 
дегеніміз  -   жаңа  түтыну  тауарларын,  жаңа  өндіріс  жэне  тасымалдау 
қүралдарын,  нарықтар  мен  өнеркәсіптегі үйымдастыру  нысандарын  енгізу мен 
пайдалану мақсатындағы өзгеріс.  «Инновация»  термині  элемдік экономикалық 
эдебиетте  жалпы  қабылданған  категория  болды.  Иозеф  Шумпетер  бойынша, 
инновация -  тек жаңа енгізу гана емес, ол -  өндірістің жаңа қызметі.
И.Шумпетердің  айтуынша,  технологиялық  үдерісте,  экономикалық үйым 
күрылымында,  шыгарылатын  тауар  ассортименті  мен  экономикалық  тепе- 
теңдікте  өзгеріс  туындататын  нарықтагы  басым  рөлге  кәсіпкерлік  қызмет  ие. 
Кәсіпкерлік  кэсіп  емес  -   ол  экономикадағы  түрақты  дэстүрді  бүзып,  тэуекел 
бизнесі  арқылы  инновация  нарыгына  енудің  сирек  кездесетін  қабілеті.  Оның 
ойынша,  кәсіпкерлік  технологияның  дамуымен,  инновациялармен  жэне 
экономикалық өсумен тыгыз байланысты.
Инновациялар  салт-дәстүрді  бүзып  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  олар 
жай 
тәуекел 
кэсіпорындарга 
қараганда 
біршама  көп 
табыс 
экеледі.
7

Американдықтардың  есептеуінше,  70-жылдары  жасалған  ең  ұтымды  17  жаңа 
енгізулердің  пайда  нормасы  жалпы  экономикадағы  табыстың  орташа  есеппен 
56%-ын  құраған  жэне  дэл  сол  уақытта  американдық  инновациялық  емес 
бизнеске  соңғы  30  жыл  бойы  куйылған  инвестицияның  орташа пайда  нормасы 
тек  16%-ды қураған.
Жалпы  инновация  деген  не?  Инновацияның  көптеген  анықтамасы  бар, 
бірақ  олардың  бэрі  инновацияларды  түрлі  қырынан  қарастырғандықтан  біріне 
бірі  сәйкес  келмейді.  Нагыз  инновациялардың  өзіне  тэн  ерекшеліктері  мен 
пайда  болу  себептері  болады  жэне  олар  ең  аз  дегенде  екі  қасиетпен 
ерекшеленеді.
Біріншіден,  «инновация»  сөзі  жаңалық,  айрықша  деген  түсінікке  сай 
келеді.  Бірақ  мәселе  «жаңа  беттен»  ойлап  шығару,  толығымен  жаңашылдықта 
емес.  Табысты  инновациялардың  көбі  бүрыннан  белгілі  идеяларды  жетілдіру, 
жақсарту жэне оларға жаңа қызметтер енгізумен пайда болған.
Мысалы,  әлемдегі  ең  керемет  инновациялардың  бірі  болып  1974  жылы 
8 (Ж Ү  компаниясы  шыгарган  В еіатах   видеомагнитофоны  мен  1976  жылы  ІУС 
фирмасы  шығарган  ең  бірінші  УН8  форматтагы  видеомагнитофоны  саналады. 
Ш ындыгына  келсек,  80ЫҮ  компаниясы  да,  ТУС  компаниясы  да  видеотаспаны 
ойлап  табушылар  емес.  Ол  алғаш  рет  1954  жылы  американдық  А тр е х  
компаниясы  арқылы  пайда  болган  еді.  Дегенмен  А тр е х   фирмасының  2 
дюймдік  видеолентасы  бар  видеомагнитофоны  музыкалық  автоматтармен 
бірдей  болды.  Ол  видеомагнитафондарды  түргын  үйлерде  пайдалану  өте 
ыңгайсыз  еді. 
Сондықтан  олар  телевизиялық  студияларда  бағдарламаларды 
көрермендер үшін тиімді уақытта көрсету үшін қолданылды.
Сол  кезде  жапондық  новаторлар  үйге  арналган  видеомагнитофонның 
үлкен  сүранысқа ие  болатынын түсінді.  Бірақ осындай  видеомагнитофон жасау 
үшін  тек  қана  көлемін  гана  емес,  сонымен  қатар  багасын  да  кішірейту  керек 
болды.  Осыган  орай  лентасының  ені  1  дюйм  болатын  видеокассеталардың 
ойлап  табылуы  үлкен  жетістік  болды.  Жапондық  новаторлардың  пленкасымен 
жасалған  видеокассеталар  шагын  кітап  сияқты  болды.  Бүл  керемет  инновация 
жапон  экономикасына  үлкен  табыс  экелді.  1980  жылы  олардың  сатылуы  (30 
млрд  доллар)  Жапонияның  электронды  өнеркэсібінің  жартысын  немесе  үлттық 
табыстың  16%-ын  қүрады.  Үй  видеомагнитофоны 
пайда  болысымен  кең 
қолданысқа ие болған керемет туындыга айналды.
Екіншіден,  идеяның  жаңашылдыгы  (немесе  идеялардың  жиынтыгы) 
инновация  болып  табылмайды.  Ойлап  шығару  не  жаңалық  ашу,  тіпті  күтпеген 
жэне керемет болса да,  инновация емес.  Инновация практикалық мэнге ие  болу 
үшін  ол  практикада  қолдануга  болатындай  дәрежеде  аяқталган  болуы  керек. 
Инновацияның  табыстылыгы  -   бір  жагынан,  белгілі  бір  техникалық, 
экономикалық не үйымдастырушылық мэселенің шешіміне деген қажеттілік,  ал 
екінші жағынан, осы мәселенің сэтті шешімінің жиынтыгы.
Дегенмен  интеллектуалды  еңбектің  нэтижесі  болып  жаңашылдық 
табылады.  Жаңашылдық,  қысқа  магынада  -   интеллектуалды  қызметтің  жемісі, 
кең  магынасында  -   ноу-хаудың,  үтымды  үсыныстардың,  тауар  белгісінің, 
патенттің, өнертапқыштык, ашылымдардың бейнесінде жасалган инновациялық

үдерістің  нәтижесі.  Егер  жаңадан  енгізудің  экономикалық  немесе  элеуметтік 
қүндылығы  болмаса,  ол  инновация  ретінде  саналмайды,  өйткені  инновация 
болуы  үшін  белгілі  бір  пайдалы  әсерді  қамтамасыз  ететін  инновациялық 
үдерістің өндіріске енгізген нэтижесі болуы қажет.
Инновация  -   ғылыми-техникалық  зерттеу,  өндіріс,  маркетинг  жэне 
менеджмент 
сияқты 
іс-әрекеттерді 
қамтитын 
инновациялық 
үдерістің, 
инновациялық  қызметтің  нәтижесі.  Инновацияның  жаңа  ашылымдардан 
айырмашылығы  -   пайдалы  инновациялық  эсерінің  тиімді  қызметі  арқылы 
жүзеге  асырылуын  багалау.  Егер  жаңалықтың  экономикалық  жэне  элеуметтік 
қүны  болмаса,  онда  ол  инновация  емес,  себебі  инновация  деп  өндіріске 
енгізілген  белгілі  бір  пайдалы  әсерді  қамтамасыз  ететін  инновациялық 
үрдістердің  нәтижесін  айтамыз.  Қазіргі  замангы  экономикалық  әдебиеттерде 
инновациялық  өнімнің  міндетті  түрде  белгілі  бір  тиімділікке  негізделуі 
дэлелденген.  Инновациялық пайдалы эффектінің мынадай түрлері болады:
• 
экономикалық  тиімділік,  инновациялық  өнім  немесе  технология  міндетті 
түрде пайда немесе шыгындарды үнемдеуге бағытталады;
• 
экологиялық тиімділік -  инновациялық өнім экономикалық тиім ділікке ие 
болмауы мүмкін, бірақ ол экологиялық оң тиімділікке ие;
• 
ғылыми-техникалық 
тиімділік 
дегеніміз, 
өндіріске 
енгізілген 
инновациялық  өнім  немесе  технология  ешқандай  ақшалай  пайда  әкелмеуі 
мүмкін, бірақ ол ғылым мен техникаға теориялық жаңалық экеледі;
• 
әлеуметтік  тиімділік  ~  халықты  әлеуметтік  қоргау  саласына  арналган 
инновациялық өнімдер жасау.
Американдық  галым  Джеймс  Брайан  Куинн  инновацияның  жалпы 
сипаттарын атап өтті.  Олар мыналар:
♦♦♦  инновациялар қажеттіліктерді канагаттандыруга бағытталады;
♦♦♦  инновациялар ықтималды сипатқа ие;
♦♦♦  инновациялар күрделілігімен ерекшеленеді;
♦♦♦  инновациялар көп уақытты талап етеді;
♦♦♦  инновациялар  кедергінің  пайда  болуына,  қарсыласуга,  тоқтатылымга 
жэне шапшаң үдеуге бейім;
♦♦♦  инновацияларды  идея  фанаттары  мен  оның  белсенді  жақтаушылары 
бастайды.
Инновация  терминіне  В.А.Макоренконың  "казіргі  кездегі  түсініктер  мен 
терминдер"  сөздігінде  инновация  түсінігіне  мынадай  анықтама  берілген: 
"инновация"  (агылшын  "іппоүаііоп"  -  жаңалық енгізу,  "жаңалық", латын тілінде 
"іппоүаііоп"  -  "жаңарту",  "жаңгырту") бүл:
Е 
Техника  мен  технологияны  алмастыруды  қамтамасыз 
ету  үшін 
экономикаға жүмсалынатын каражат.
2.  Еылыми-техникалық  прогрестің 
жетістігі  болатын  жаңа  техника  мен 
технология нэтижесі.
3.  Дайын  өнім,  жаңа  ойларды  синтездеу,  өндіру.  Жаңа  технологиялар, 
моделдер  қүру,  оларды  өмірге  енгізуді  қамтамасыз  ететін  саяси  бағдарламалар, 
т . б .
9

4. 
Тіл  білімінде  -   жаңа  білімнің  пайда  болуы,  морфологиядағы  жаңа 
түсініктердің пайда болуы.
Брайан  Твисстің  түсінігінде  инновация  дегеніміз  -   ойлап  табушылық 
немесе  идея  экономикалық  мазмүнға  ие  болатын  үдеріс.  Бүл  пікірге
В.Л.Макаров та қосылады.
Б.  Санто  инновация  терминінің  мэнін  ашуда  жан-жақты  еңбек  етіп, 
мынадай  анықтама  береді:  инновация  -   идеялар  мен  ойлап  табуларды 
тэжірибеде  қолдану  арқылы  сапасы  жағынан  жоғары  өнім  немесе  технология 
жасауга мүмкіндік беретін қоғамдық-технико-экономикалық процесс.
Ресейлік  галымдар  инновацияны  жаңа  идеяны,  жаңалықты  жэне  жаңа 
гылыми  шешімдерді  ойлап  табуды,  патенттерді,  ақпаратты  жэне  басқа  да 
интеллектуалдық  жаңалықтарды  материализациялаудың  нәтижесі  ретінде 
түсіндіреді.  Ал  оның  нәтижесі  ретінде  эдетте  жаңа  өнім  немесе  технология 
болады (Э.А.Уткин, А.С.Кулагина, Н.Н.Молчанов жэне т.б.).  Авторлардың тағы 
бір  тобы  мынадай  анықтама  береді:  инновация  -   үйымдастырушылық 
қүрылымның,  басқару  әдістерінің  жэне  т.б.  өзгерісі  нэтижесінде  өндірістік 
жүйенің бір саты жогары деңгейге өтуі, өз қызметінің тиімділігінің өсуі.
Қазіргі 
кезде 
инновациялық 
қызметтің 
қасиеттерін 
айқындайтын 
халықаралық  стандарт  бар. 
Бүл  стандарттың  қалыптасуына  екі  қүжат  ықпал 
етті:  «Фраскати  Жетекшілігі»  мен  «Осло  Жетекшілігі».  Бірінші  күжат 
Экономикалық  бірлестік  пен  Даму  үйымының  инновациялар  мен  гылым 
бойынша үлттық эксперттер тобымен үздіксіз  өзгертіліп,  жетілдіріліп  отырады. 
Алгашқы жетекшілік  1963  жылы Италияның Фраскати қаласында қабылданған. 
Бүл  Жетекшілік  гылым  мен  инновациялар  туралы  ақпарат  жинақтау,  талдау 
жэне  оны  өңдеу  бойынша  жалпы  үсыныстардан  түрады.  Бүл  қүжат 
Экономикалық  бірлестік  пен  даму  Үйымының  эксперттер  тобымен  үздіксіз 
өзгертілуіне 
қарамастан 
атын 
өзгертпейді. 
Инновациялардың 
жалпы 
түсініктерін  айқындайтын,  технологиялық  инновациялар  туралы  ақпараттарды 
жинактау мен талдауга арналган әдістемелерді  анықтайтын  екінші  күжат «Осло 
Жетекшілігі»  1992 жылы Осло қаласында қабылданылған болатын.
Фраскати  Жетекшілігіне  сэйкес,  инновация  инновациялық  қызметтің 
нэтижесінде  нарыққа  енгізілген  жаңа  немесе  жетілдірілген  тауар,  тәжірибелік 
қызметте қолданылатын жаңа немесе жетілдірілген технология жэне элеуметтік 
қызметке жаңадан әдістер.
Қазір  басқару  мен  экономика  саласындағы  барлық  теоретиктер  мен 
тәжірибедегі  қызметкерлер  осы  қүжаттардағы  анықтамаларды  қолданады. 
Қазақстандағы 
инновациялық  сала  бойынша  қүқықтық-нормативтік  негіз, 
түрлі  концепциялар,  бағдарламалар  мен  стратегиялық  қүжаттарды  қабылдау 
кезінде де дэл осы Жетекшіліктер қолданылған.
Қазақстан  Республикасының 
«Инновациялық  қызметті  мемлекеттік 
қолдау  туралы»  заңында  инновация  дегеніміз  экономикалық  айналымға 
енгізілген  интеллектуалды  шығармашылық  еңбектің 
соңғы  нэтижесі,  жаңа 
немесе  жетілдірілген  тауар,  болмаса жаңа немесе  жетілдірілген  технологиялық 
үдеріс  болып  табылады.
ю


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет