Оқулық Қазацстан Республикасы Білім және 2Ы.Іым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет8/21
Дата30.01.2020
өлшемі4,08 Mb.
#56815
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
Инновация-менеджмент-на-каз
Документ Microsoft Office Word, 31-45, Аудит лек2 сем, 17KTJ9, Полученное оборудование и мебель в 2010 г., Тест Mathematics-1,2 АиУ 3 уровень

Венчурлық  жобалар  инновациялық  өнімнің  жоғары  сапалы  үлгісінде 
немесе  ғылыми-техникалық,  коммерциялық  сипаттағы  зерттеулер  нэтижесінде 
пайда  болатын  өнім  немесе  технология  өндірісіне  бағытталады.  Олар  эдетте 
коммерциялық 
жобалар 
болып 
табылады 
жэне 
жеке 
түлғалар 
мен 
коммерциялық  қаржы  институттарымен  қаржыландырылады.  Қазіргі  таңда 
венчурлық  жобалар  венчурлық  қорлар  мен  иновациялық  қорлардың  қаражаты 
негізінде жүзеге асырылады.
Ғылыми  техникалық  деңгейіне  байланысты  венчурлық  жобалардың 
мынадай түрлері бар:
•  Модернизацияланған. 
Нарықтағы 
белгілі 
өнімдерге 
базалық 
технологиясын  айтарлықтай  өзгертпей  модификация 
жасау  арқылы 
инновациялық өнімдер шығару.
•  Жаңашылдық.  Бүрынғы  үлгісінен  айырмашылығы  өте  көп  жаңа 
технологиялар мен жаңа өнімдердің конструкциясы.
•  Пионерлік.  Нарықта, қолданыста бүрын  болмаған материал, технология, 
конструкциялардың пайда болуы.
Жобаның  мақсаты  мен  міндеттің  масштабына  байланысты  инновациялық 
жобалар былай бөлінеді:
•  Моножобалар.
•  Мультижобалар.
•  Мегажобалар.
Моножобалар эдетте бір үйым немесе бір бөлімшенің орындалуымен жүзеге 
асырылады.  Мысалы,  нақты  бүйымның  немесе  технологияның  жасалуы.  Олар 
қатаң  уақыттық  жэне  қаржылық  шектеулерге  ие.  Жобаны  басқару  үшін 
координатор немесе жетекшінің болуы қажет.
Мультижобалар  күрделі  инновациялық  мақсаттарға  жетуді  көздейді. 
Мысалы, 
ғылыми 
техникалық 
кешеннің 
қүрылуы, 
ірі 
технологиялық 
мэселелерді  шешу.  Олар  көптеген  моножобаларды  біріктіреді.  Мүндай 
жобаларды жүзеге асыру үшін  координаторлық бөлімше қажет.
Мегажобалар 
бір 
орталықтан 
қаржыландырылатын 
жэне 
бір 
координациялық  ортадан  басқаруды  қажет  ететін  көп  мақсатты  кешенді 
бағдарламалар.  Мысалы,  техникалық  қайта  жабдықтау,  конверсия  мэселелерін 
шешу, тауардың жэне технологиялардың бэсекелестігін арттыру.
67

Инновациялық 
жобаларды 
қаржыландыру 
барысында 
белгілі 
бір 
басымдылықтарды  көздйтін  қаржыландыру  стратегиясына  сенген  дурыс.  Әр 
салада,  эр  мемлекетте  қалыптасқан  жағдайлар  мен  факторларға  сәйкес 
иновациялық  даму  мен  ғылыми  зерттеулердің  басым  бағыттары  болады. 
Мэселен, 
қазір 
дүниежүзілік 
инновациялық 
даму 
саласы 
деңгейінде 
компьютерлік  бағдарламаларға  негізделген  қүрал-саймандар  мен  машиналар, 
ақпараттық  байланыс  қүралдарын,  ісік  ауыруларына  қарсы  дәрілер  жасау 
сияқты  өзекті  бағыттар  бойынша  иновациялык  жобаларды  жүзеге  асыру  өте 
қажетті.  Бірақ  бір  ғана  қағиданы  естен  шығармау  керек,  ол  «кез  келген 
жобаның жетістігін нарық анықтайды».
3.2  Инновациялық жобаларды жүзеге асыру кезеңдері
Инновациялық жобаларды жүзеге асыру -  үзақ мерзімді, қаржыны көп қажет 
ететін  жэне  тэуекелділігі  өте  жогары  үдеріс.  Тэжірибеге  сэйкес  иновациялық 
жобаларды жүзеге  асыру мынадай кезеңдерден түрады:  инвестиция алдындагы, 
инвестициялық  жэне пайдалану  5-кесте.
5-кесте.  Инновациялық жобалардың кезеңдері
Кезең
Мәні
Жобаның инвестиция алдындағы кезеңі
Жобаның 
инвестиция 
алдындагы зерттелуі.
Нарыққа 
бағытталған 
инновациялық 
өнім 
идеяларын  іздеу.  Жобалық-зерттеу  жүмыстарын 
жоспарлау.
Инновациялық 
маркетингтік зерттеулер.
Инновациялық өнімнің  маркетингтік  багдарламасын 
жасау
Инвестициялық 
мүмкіндіктерді зерттеу.
Компанияның  инновациялық  мүмкіндігін  талдау. 
Әлеуетті инвесторларды іздеу.
Жобаның 
технико-
экономикалык
негіздемесі.
Жобаның 
алдын-ала 
қаржылық 
тиімділігін 
жоспарлау.  ТЭЖ  қиыстыру, сараптама жэне бекіту.
Инновациялық жобаларды 
таңдау мен багалау.
Инновациялық 
жобаларды 
сындарлы 
талдау 
негізінде таңдау мен багалау.
Жобаның 
бизнес- 
жоспарын  даярлау.
Таңдалган жоба бойынша  бизнес- жоспар жасау  .
Инвестициялық кезең
Инновациялык 
жобаны 
сараптау.
Инвесторлардың 
жобаны 
инвестициялауының 
мақсаттылыгы мен қаржыландыру көлемін анықтау.
Инвестициялық шешім.
Инвестициялау  туралы  түбегейлі  шешім  қабылдау. 
Жобаны қаржыландырудың бірінші кезеңі.
Ғылыми зерттеулер
Жаңа  өнімнің  ғылыми-зерттелуі  мен  тәжірибелік
68

кострукторлық  әзірлемесін,  жаңа  өнім  үлгісі  мен 
моделін жасау.
Эксплуатациялық
Инновациялық 
өнім 
өндірісінің басталуы.
Ж аңа  өнімнің  өндіріске  енгізілуі.  Жаппай  өндірісті 
жөндеу.
Инновацияның  нарықтық 
жүзеге 
асырылуы 
мен 
диффузиясы.
Инновациялық өнімді өткізу.  Пайда табу.
Инновациялық 
жобаның 
аяқталуы.
Салынган каржыны қайтару мен пайда табу.
Әрбір  кезең  өз  мақсаттарымен  ерекшеленеді.  Инновациялық  жобалар 
инновациялық кезеңдерде жоғары деңгейдегі  белгісіздікпен сипатталады.  Бұған 
қоса  инновациялық  циклдің  барлық  кезеңдерінде  сэтті  өткен  жобалар  өндіріс 
үдерісі  кезінде  нарықпен  қабылданбауы  мүмкін.  Сондықтан  жобаны  жабуға 
тура  келеді.  Көп  жобалар  инновациялық  циклдің  алгашқы  кезеңдерінде 
табысты  өткенімен,  кейінгі  уакьггга  техникалық  технологиялық  себептер 
бойынша күйреуі мүмкін.  Тіпті ең табысты жобалар да келеңсіздік оқигалардан 
сақтандырылмайды:  кез  келген  уақытта  нарыққа  жаңа  бәсекелестердің  енуі 
мүмкін.
Бірінші кезеңде мынадай қызметтер орындалады:
•  Нақты идея мен нақты инновациялық жобаны таңдау.
•  Өнімнің толық технико-экономикалық қалыптасуы мен негізделуі.
•  Маркетингтік  зерттеулер  жүргізіледі,  инновациялык  өнімнің  әлеуетті 
нарықтарын анықтау.
•  Әлеуетті инвесторлармен келісім жүргізу.
Бүл кезең бизнес-жоспар жасалумен аякталу керек.
Екінші  кезең  жобаны  қаржыландыру,  гылыми-зерттеу  жэне  тәжірибелік 
жүмыстардың 
жүргізілуі 
туралы 
шешім 
қабылдануымен 
байланысты. 
Қаржыландыру  туралы  шешім  қабылдаганда  бірнеше  жобаның  ітпінен 
тиімдірегін  таңдау  қажет  екенін  ескеру  керек.  Сондықтан  инновациялық 
жобаларды  сараптау  қажет.  Сараптама  нэтижесіне  байланысты  инновациялық 
жобаны  қаржыландыру  көлемі  туралы  шешім  қабылданады.  Осы  кезеңде 
инновациялық  жоба  нарықтық  сынақтан  өтеді.  Бүл  кезең  үлкен  шыгындарды 
талап етеді, себебі жоба өз қаражаты есебінен дамуын қамтамасыз ете  алмайды. 
Тек  үшінші  кезеңде  инновациялық  өнім  өндірісі  мен  сатылуы  басталганда 
жобага салынған инвестицияның  қайтарымдылыгы басталады.
3.3  Кәсіпорынның инновациялық әлеуетінің деңгейін анықтау
«8опу»  компаниясының  негізін  қалаушы  Акио  Моританың  сөзі  бойынша 
«егер  инженер  немесе  ғалым  алдына  нақты  мақсат  қойса  ол  соган  жету  үшін 
бэрін  жасайды.  Бірақ  мақсат  қоймай  бір  үйме  акша  беріп  бір  зат  ойлап  тап
69

десе,  табыс  күтуге  болмайды».  Сондықтан  инновациялық  қызметке  кіріспес 
бүрын  мақсатты  анықтап  алу  керек,  идеяны  дэлдеп,  содан  соң  өз  мүмкіндігін 
бағалау қажет.
Кез  келген  кэсіпорынның  жаңалықты  енгізуі  фирманың  инновациялық 
элеуетіне  байланысты.  Кәсіпорынның  инновациялық  элеуеті  жоғары  болған 
сайын ол мүмкін мәселелерден алыс болады.
Кәсіпорынның  инно вациялық  әлеуеті  -   эр  түрлі  ресурстардың 
жиынтығы,  яғни  инновациялык  жобаларды  асырудың 
қаржылык,  еңбек, 
шикізат, 
интеллект. 
Олар  үйымның 
инновациялық  мақсатына  жетуді 
қамтамасыз етеді.
Үйымның инноваңиялық әлеуетін талдау келесі факторлардан түрады:
•  Инновациялық  қызметті  жүзеге  асырудың  нақты  ресурстарының  болуы, 
сонымен қатар оларды үтымды бөлу.
•  Менеджерлердің бизнестің  инновациялық ортасын түсіну қабілеті.
•  Үйымның  инновациялық  саладағы  бәсекелестерінің  инновациялық 
қызметтерінің қарқынын сезіну.
•  Үйымның инновациялық климатының оңтайлы болуы.
•  Жетекшілердің  кэсіпкерлік  ынтасын  іске  асыра  отырып  инновациялық 
жоба бойынша  шеіпім қабылдау қабілеті.
Инновациялық  қызметті  жүзеге  асыру  үшін  компания  эр  кезеңде  сай 
мүмкіндіктерге  ие  болуы  шарт.  Кәсіпорынның  элеуетін  мақсатқа  жетерліктей 
жоғары  жағдайға  жеткізу  қажет. 
Кәсіпорынның  инновациялык  элеуетінің 
дамуы  оның  ішкі  орта  компоненттерінің  дамуымен  байланысты.  Сондықтан 
бірінші үйымның ішкі ортасын талдап алу қажет.
Үйымның  ішкі  оратасы  оның  өндірістік-шаруашылық  жүйесін  қүратын 
элементтерден түрады жэне 5  блокқа тогітастырылады (6-кесте):
1.
  Ө і і і м  
блогы  -   фирманың  бағыты  мен  оның  өнім  мен  қызмет  түріндегі 
нэтижесі.
2.  Қызметтік  блок -  ғылыми  зерттеулер  бөлімі,  маркетинг,  қаржы,  өндіріс 
жэне өткізу бөлімдері.
3.  Ресурстық  блок  -   кәсіпорынның  материалды-техникалық,  еңбек, 
интеллектуалдық, ақпараттық жэне қаржылық ресурстары.
4.  Үйымдастырушылық  блок  -   үйымдық  қүрылым,  жоба  жэне  барлық 
қызмет бойынша технологиялық үдеріс, үйымдық мэдениет.
6-кесте. Үйымның ішкі ортасы 
Өнім блогы
Кәсіпорын мүмкіндіктері
Ба
ға
•  Өндірілетін өнім мен қызмет ассортименті.
•  Инновациялық  өнімнің  компания  стратегиясы  мен  қызмет 
бағдарына сай болуы.
Қызметтік блок
Кэсіпорын мүмкіндіктері
Баға
•  Ғ ылыми-зерттеу 
жэне 
тәжірибелік-конструкторлық
70

жүмыстарының даму деңгейі.
•  Маркетинг бөлімінің қызмет атқару деңгейі.
•  Коммерциялық қызмет саласындагы даярлық деңгейі.
•  Инновацияның бэсеке қабілеттілік деңгейін анықтау.
•  Жаңа өнімге сүранысты, тапсырысты аныктау.
•  Инновация  тиімділігін,  жаңа  өнімді  игеру  шыгын  көлемін
анықтау.
Ресурстық блок
Кэсіпорын мүмкіндіктері
Баға
•  Қүрал- жабдықтардың техникалық жагдайы.
• 
Тэжірибелік-экспериментальді  жабдықтармен,  материалдармен, 
аспатармен, оргтехникамен  қамтылуы.
•  Берілген  саладагы  үйымның  гылыми-  техникалық  босалқы 
дайындамасы.
•  Инновациялық эзірлемелердің ақпараттық қамтылуы.
•  Қызметкерлердің қүрамы, саны жэне мамандыгы.
•  Қызметкерлердің интеллектуалдық даму деңгейі.
•  Компанияның қаржылық мүмкіндіктері.
•  Кэсіпорынның материалдық- шикі зат базасы.
Үйымдастырушылық блок
Кәсіпорын мүмкіндіктері
Бага
•  ¥йым қүрылымының оның инновациялық қызметіне сай болуы.
•  Инновациялық 
үдерістерді 
инновациялық 
жобалармен 
үйымдастыру әдісі.
•  Мамандарды оқытуды.
•  Инновациялық оңтайлы жагдай.
•  ¥йымдагы психологиялық.
Басқару блоы
Кэсіпорын мүмкіндіктері
Бага
•  Басшылардың инновациялық өзгерістерге қатынасы
•  Инновациялық үдеріске басқару эдістерінің әсер ету деңгейі
•  Қызметкерлерді  ынталандыру деңгейі
5.  Басқару  блогы  -   үйымды  жалпы  басқарылу  әдісі,  шешім 
ынталандыру әдістері, басқару жүйесі
қабылдау,
Үйымның  инновациялық  элеуетін  талдауды  бағалау  10  балдық  шкала 
бойынша  жүреді.  ¥йы мны ң 
инновациялық  элеуетін  талдаудан  кейін 
компания қолға алатын нақты жобаны бағалау жүргізіледі
3.4 
Инновациялық 
жобаларды 
сүрыптаудың 
және 
бағалаудың 
критерилері
71

Кәсіпорынның иновациялық элеуеті талданып болғаннан кейін жүзеге 
асырылатын  нақты  инновациялық  жобаны  таңдап  алу  қажет  Иновациялық 
жобаны  таңдау  үшін  оны  түрлі  критерилер  бойынша  сүрыптау  керек. 
Инновациялык  жобаларды  бағалау  оларды  алғашқы  сүрыптау  кезінде  ғана 
емес, оларділң орындалу кезеңінде де жүзеге асуы тиіс.
Бағалау кезіндегі ескеру қажет негізгі  факторларға мыналар жатады:
1.  Жобаның орындалуынан күтілетін қаражаттық артықшылықты анықтау.
2.  ¥йы м  портфелінде  болатын  басқа  жобаларға  бағаланатын  жобаның 
эсерін анықтау.
3.  Үйымның  жалпы  экономикасына  жобаның  табысты  болған  жағдайдағы 
әсерін анықтау.
Кәсіпорынның  инновациялық  элеуетін  талдау  үшін  түрлі  аспектілерді 
қарастыру қажет.
1. 
Инновациялық жобаның стратегиялық аспектісі:
•  Жобаның  кәсіпорынның  ағымдағы  стратегиясымен  жэне  үзақ  мерзімді 
мақсаттарымен сэйкестігі.
•  Жобаның орындалуынан кейінгі кәсіпорынның өсу потенциалы.
•  Кэсіпорын дэрежесінің түрақтылығына эсер  ететін  оның диверсификация 
дәрежесі  (яғни  өздері  қызмет  ететін  кәсіпорынның  негізгі  саласымен 
өндірістік  байланысы  жоқ  салалар  саны  жэне  олардың  өндірістіңмжалпы 
көлеміндегі үлесі).
•  Уақыттың,  шығынның жэне  міндеттің жоспарлануынан  орындалуындағы 
мүмкін болатын ауытқулар әсері.
2. 
Жобаның маркетингтік аспектісі:
•  Жоба нәтижесінің нарықтың негізгі сүранысымен сэйкестігі.
•  Нарықгың  жалпы  сыйымдылығын  бағалау,  компанияның  нарықтағы 
үлесін бағалау.
•  Бәсекелестік күрестегі позициясын анықтау, бэсекелестерді бағалау;
•  Бағаны қүру жэне оны түтынушылардың қабылдауын талдау.
•  Таратудың бар арналарын анықтау
3. 
Жобаның ғылыми-техникалық аспектісі:
•  Техникалық жетістік ықтималдығын анықтау
•  Патенттік  қорғаныс деңгейін анықтау.
•  Өнім баламаларының пайда болу мүмкіншілігін анықтау.
•  Өнімнің 
мүмкін 
болатын 
болашақ 
өңдеулері 
жэне 
енгізілмелі 
технологияның  одан  ары  пайдаланылуы,  өнімді  одан  ары  жетілдіру  жэне 
жаңарту мүмкіншіліктерін анықгау.
•  Инновациялық портфелдегі басқа жобаларға әсерін талдау.
4. 
Жобаның өндірістік аспектісі:
•  Жобаның  кэсіпорынның  нақты  өндірістік  қуаттылығымен  сэйкестігін 
анықтау.
•  Өндірістік  қүрылғылардың  қүрылымы  жэне 
оларды  орналастыру 
тиімділігін бағалау.
•  Кэсіпорындағы технология деңгейін талдау.
72

•  Технологиялық жаңалықтардың қажеттілігін анықтау.
•  Өндіріс қауіпсіздігінің деңгейі анықтау.
5. 
Жобаның қаржылық аспектісі:
•  Инвестициялардың мөлшерін анықтау.
•  Жобаны  қаржыландыру  үшін  қарыздық  капиталды  (несие)  тарту 
қажеттілігі жэне оның инвестициядағы үлесін бағалау.
•  Жобаның 
кэсіпорында 
қабылданган 
капитал 
салымдарының 
экономикалық тиімділік критерийлерімен сэйкестігін анықтау.
•  Жобаның жүзеге асуымен байланысты қаржылық тэуекелді бағалау.
•  Кәсіпорынның  басқа  жобаларын  қаржыландырумен  келісушілік  деңгейін 
бағалау.
•  Пайданың  жылдық  элеуетті  көлемі  жэне  пайданың  күтілетін  нормасын 
анықтау.
•  Салық  заңнамасын  тиімді  қолдану  мүмкіншілігін  анықтау  (салық 
жеңілдіктері).
6. 
Жобаның кадрлық аспектісі:
•  Өндіріс  қызметкерлерінің  сәйкес  санының  жэне  мамандануының  болуын 
анықтау.
•  Кәсіпорынның инновациялық жагдайын салымьыру.
•  Кэсіпорынның инновациялық мэдениетін бағалау.
•  Қызметкерлерді мотивациялаудың комплексті жүйесін талдау.
7. 
Жобаның экологиялық аспектісі:
•  Өнімнің жэне өндіру барсының қоршаган ортаға кері  эсер ету мүмкіндігін 
бағалау.
•  Қоршаған  ортаны  қоргау  туралы  ағымдық  жэне  перспективалық 
заңнаманы сактауы.
•  Экологиялық  таза  энергосақтаушы  өндіріс  технологиясының,  қоршаған 
ортаны  қоргау  технологиясының,  жаңа  экологиялық  материалдардың 
болуы.
Келтірілген  тізім  шартты  жэне  жеткілікті  деп  есептеуге  болмайды.  Багалау 
жэне  сүрыптьау  аспектілері  нақты  кәсіпорынның  мақсатына  жэне  қызмет 
багыттарына сәйкес жетілдірілуі, толықтырылуы мүмкін.  Әрбір кәсіпорын өзіне 
маңызды 
жэне 
мэнді 
деп 
есептейтін 
критерийлерді 
қолдана  алады. 
Критерийлердің  тізімі  бойынша  зерттеу  нэтижелерін  формалау  қажеттілігі 
кезінде  (бүл  әсіресе  баламалық жобалардың  үлкен  санын талдау кезінде  қажет) 
балдық  багалау  қолданылады.  Балдық  багалау  эдісінің  түсінігі  мынада: 
айтарлықтай  маңыздылыгына  сэйкес  балл  меншіктеледі,  рангілік  мінездемелер 
де  сандық  багалауды  алады.  Бағалау,  мысалы,  осы  немесе  басқа  жобаның 
багалық көрсеткіші ретінде болатын баллдардың сомасынан шыгарылады.
3.5  Инноваңиялык жобалардың сараптамасы
Барлық жобалар белгілі бір сараптамадан өтеді.  Сараптама негізінде жобаны 
қаржыландыру  көлемі  жэне  оның  тиімділігі  туралы  шешім  қабылданады.
73

Сараптама  келесі  кезеңдерден  тұрады:  жобаны  алдын-ала  бағалау;  комплексті 
сараптама; нэтиже алу.
Жобаны алдын-ала бағалау кезеңінде экономикалық тиімді жэне пайдалы, тез 
жүзеге  асырылатын  орындалатын  жобалар  мен  бағдарламалар  іріктелінеді.  Бұл 
кезеңде ескерілетіндер:
•  жобаның инвестор мақсатымен сэйкестігі;
•  өтінушінің қосымша қоғамдық жэне әлеуметтік тиімділігі;
•  жаңа алынған меншік бұйымы;
•  жоба орындалу кезіндегі тартылатын ресурстар;
•  тэуекел деңгейі;
•  басқа ғылыми- техникалық бағдарламалармен байланысы;
•  салық жеңілдіктерінің болуы;
•  елдің экспорттық- импорттық байланыстарына әсері.
Егер  жоба  осы  сұрыптау  үдерісінен  өткен  жағдайда,  оған  мынадай 
кешенді  экспертизажасалынады:
1.  жобаға  қатысушыларды  бағалау  (жетебілушілік,  басқарушылардың 
практикалық  тәжірибесі,  өткізілген  маркетингтің  сапасы,  компанияның 
іскерлік  тэжірибесі,  жобаны  орындаушының  потенциалды  капиталы, 
қаражаттық тәуекелден  қорғану  шаралары,  компаниядағы  жұмыс  көлемі, 
бар  қуаттылықтардың  сәйкестігі,  мамандандырылған  қызметкерлердің 
болуы);
2.  орындалатын  жоба  нәтижесі  үшін  ағымдық  жэне  перспективалық  тауар 
жэне  қызмет  нарықтарын  бағалау  (нарықтағы  орны,  потенциалды 
сыйымдылығын  анықтау,  бәсекелестік болашағы,  коммерциалық жетістік 
ықтималдығы,  сатылудың  мүмкін  көлемі,  баға  кұру,  бар  тауарларға 
ықпалы);
3.  қолданылатын  ғылыми-техникалық  жэне  технологиялық  өңдеулерді 
бағалау 
(бірегейлік, 
патенттік 
қорғанушылық, 
шикізат 
пен 
материалдардың  болуы,  прогрессивтілікті  жалпы  техникалық  бағалау, 
техникалық жетістік ықтималдығы, басқа жобаларға ықпалы);
4.  қаржылық  ағымды  бағалау  (алғашқы  жэне  жалпы  шығынды  бағалау, 
жоба  кезеңдері  жэне  жоба  элементтері  бойынша  қүралдарды  тарату, 
күралдарды 
қайтару 
кезеңінің 
үзақтығы, 
қаржылық 
тәуекел, 
рентабельділік, қүралдарды кайтару механизмі, кепілдіктер);
5.  экологиялық жэне әлеуметтік зардаптарды бағалау.
Жоба  бойынша  нәтиже  күрамына  оны  орындаудың  жэне  мақсатқа
лайықгылығы  туралы  шешім  кіреді.  Әрбір  жобада  жоспар  болуы  тиіс  жэне
дайындық  талаптарына  сай  болуы  керек.  Бұл  инновациялық  жоба
менеджерлеріне ерекше талаптар қояды.
3.6  Инновациялық жобаның экономикалық тиімділік деңгейін бағалау
Инновациялық 
жобаны  өңдеуді 
бастамас 
бүрын, 
жүзеге 
асатын
инновацияның 
нэтижелілігін 
алдын-ала 
бағалау 
керек. 
Кэсіпорынның 
инновациялық қызметінің  ағымдағы  өндірістен негізгі  айырмашылығы мынада,
74

кәсіпорынның 
ағымдағы 
жағдайын 
бағалау 
өткен 
тәжірибедегі 
жэне 
орындалған тенденцияларды қосқан жетістік шарттарын табуға негізделеді.
Әдетте  жобалардың  экономикалық  тиімділігі  1  жыл  көлемінде  алынған 
экономикалық 
тиімділігімен 
осы 
шараның 
енгізілуімен 
ескерілген 
шығындардың арақатынасымен сипатталады,
Жаңа  техниканы  енгізуге  кеткен  шыгындарды  капитал  салымдарының, 
айнымалы қорлардың жэне тірі  еңбектің жиынтыгы деп түсінеді.
Экономикалык тиімділік мына формула бойынша есептеледі:
Эт = Рт -  Зт,
Мүнда:
Эт  -   т  есептелген  уақыт  мерзіміндегі  жаңа  техника  мен  технологиядан 
экономикалық тиімділік;
Рт -  т есептелген уақыт мерзіміндегі табыстарды  қүндылық багалау;
Зт  -   т  есептелген  уақыт  мерзіміндегі  жаңа  техника  мен  технологияны  өңдеу, 
енгізу жэне игеру шараларына кеткен шыгындарды қүндылық багалау.
Жобаны  сауатты  қүру  жэне  экономикалық  жэне  қаржылық  бағалау 
инновациялық  жэне  инвестициялық  жобалардың  тиімділігінің  теориясы  мен 
практикасының қағидалар жүйесіне сүйенеді.
Әдетте  дүниежүзілік  тәжірибеде  инновациялық  жэне  инвестициялық 
жобалардың тиімділігін бағалау үшін мына әдістер көп қолданылады:
•  таза ағымдық қүн әдісі,
•  рентабельділік индекс әдісі,
•  табыстылықтың ішкі нормасы әдісі,
•  агымдағы өтемділік эдісі.
Таза  ағымдық қүны  (\Р Ү -\е1: Ргезепі  Уаіие).  Оны  интегралды  эсер, таза 
дисконтталган  табыс,  табыс  келтірілген  эсер  деп  те  атайды.  ЫРУ  белгілі  бір 
мерзімдегі  жиынтық  табыс  пен  жиынтық  шыгынның,  табыс  пен  жиынтық 
шығынның  айырмасын  білдіреді.  Уақыт  өткен  сайын  инфляцияның  жэне 
экономикалық  өзгерістердің  әсерінен  акшаның  нақты  сатып  алу  қабілеті 
өзгереді.  Біз  ертеңгі күні алатын ақшаның нақты сатып  алу қабілеті  өзгеред.  Біз 
ертеңгі  күнгі 
ақшаның  қүны  бүгінгі  күнмен  салыстырганда  төмендейді. 
Таза келтірілген қүнды ( МРУ ) қадамдық эдіспен табады.
1.  Бірінші  қадам.  Шыгындардың  агымдагы  қүны,  инвестициялар  (I),  ягни 
жобаға  қатысты  қанша  инвестиция  резервтеу  керек  екені  туралы  сүрақ 
көтеріледі,
2.  Екінші  қадам.  Жобадан  түсетін  болашақтагы  кірістердің  агымдагы  қүны 
есептеледі,  неліктен  табыстар  эр  жылдың  СҒ  (кеш-флоу)  ағымдағы  күнге 
келтіріледі.  Есептеулердің  нэтижесінде,  егер  табыс  мөлшері 
дисконттау 
мөлшеріне 
тең 
болган 
жағдайда 
(инвестор 
үшін 
банктегі 
пайыз 
мөлшерлемесі,  ал  ҮИҚ  жэне  т.б.,  кәсіпорын  үшін  тең  капитал  мөлшері 
немесе  тэуекел),  жоспарланган  табысқа  қол  жеткізу  үшін  қанша  қаражат 
жүмсау керек екендігін көрсетеді.
75

Әр  жылғы  табыстардың  ағымдағы  құнын  қорытындылай  келе,  жобадан 
түсетін  жалпы  табыстардың  ағымдағы  қүнын  РУ  деп  табамыз.  Ол  келесі 
формуламен есептеледі:
п 
п 
( Ч,'/
рү= V   РУ,  = у  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет