ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет17/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

Педагогикалық практика


Алынған теориялық білімді терең меңгеруде, білік пен дағдыны қалыптастыруда, теория мен практиканың байланысын жүзеге асыруда, білімді бекітуде педагогикалық практиканың орыны ерекше. Практика – қоғам дамуын қамтамасыз ететін адамдар іс- әрекеті. Педагогикалық практика педагогтің кәсіби дайындық жүйесінде маңызды қызметтерді орындайды:

  • білімділік (теориялық білімді ӛзектілеу, тереңдету және кеңейту, нақты педагогикалық міндеттерді шешуде оларды қолдана білу, педагогикалық білік пен дағдыны қалыптастыру);

  • дамытушылық (болашақ педагогтің танымдық және шығармашылық белсенділігін дамыту, педагогикалық ойлауды дамыту);

  • тәрбиелеушілік (педагогтің әлеуметтік-белсенді тұлғасын, педагог мамандығына тұрақты қызығушылығын, сүйіспеншілігін қалыптастыру);

  • диагностикалық (болашақ педагогтің кәсіби бағытталу деңгейін тексеру, кәсіби дайындық деңгейін және педагогикалық қызметке жарамдылығын тексеру).

Білім алушылардың педагогикалық практикасы оқу-тәрбие үрдісінде маңызды орынға ие. Оның тӛменгі курстардан жоғарғы курстарға қарай мазмұнының күрделенуіне сәйкес, болашақ педагогтің теориялық және практикалық дайындығын байланыстырушы болып табылады.

«Педагогика және психология» мамандығы бойынша тӛмендегідей практика жоспарланған:

  1. курстағы педагогикалық практика «Кәсіби іс-әрекетке кіріспе» деп аталады. Оның мақсаты мен міндеттері: студенттердің кәсіби бағытталуын дамыту, кәсіби педагогикалық, психологиялық мәдениетін қалыптастыру;

Педагогикалық практиканың іс-әрекет мазмҧны: білім беру орнымен танысу:директордың, директордың оқу және тәрбие ісі жӛніндегі орынбасарының, сынып жетекші қызметімен, олардың жұмыс жүйесі, оқу орынытің оқу-тәрбие үрдісін жоспарлауымен танысу; педагогикалық үрдістің психологиялық негізімен және білім алушылардың тұлғааралық қарым-қатынасы мен ұжымдық бақылау; жеке және ұжымдық бақылаудың психологиялық негізі

Педагогикалық практика барысы бойынша қалыптасатын білім, іскерлік, дағды: оқу орынытің негізгі жұмыс бағыттары мен міндеттерімен танысу; оқу орынытің педагогикалық үрдісінің заңдылықтарын айқындау; педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы педагог рӛлін анықтау; оқу орыны психологінің кәсіби қызметімен танысу; бастауыш оқу орыны жасындағы білім алушылардың танымдық үрдістерінің дамуын бақылау; білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін бақылау.

Педагогикалық практиканы ҧйымдастыру принциптері: теория мен практиканың байланысы, практиканың кешендік сипаты, қазіргі оқу орыныте білім берудің талаптарына сәйкестігі.

Практика бойынша есепті даярлау мен қорғау уақыты. Оқу орыны педагогикалық практиканың нәтижесін қорытындылау, университетте қорытынды конференциясын ӛткізу. Практикка аяқталғаннан кейін 1 апта қорғау уақыты беріледі. Практика құжаттарын тексеру, құжаттар бойынша бағалауды әдіскерлер жүргізеді.



Практика бойынша бағалау: практика құжаттарын уақытында және сапалы тапсыру, білім алушыларға педагогикалық- психологиялық мінездеме беру

Студенттердің есеп қҧжаттары: күнделік, тәрбие жұмыс жоспары, бастауыш класс білім алушыларына педагогикалық- психологиялық мінездеме беру, қатысқан тәрбие сағаттарына талдау жасау, педагогикалық практика бойынша есеп.

  1. курстағы педагогикалық практика «Ғылыми зерттеу жҧмысының әдістемесі» деп аталады. Оның мақсаты мен міндеттері: ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлау дағдысын қалыптастыру, қажетті әдістерді таңдай білу, экспериментті ӛзбетінше ұйымдастыру және зерттеу нәтижесін сапалы қорытындылау.

Іс-әрекет мазмҧны: студенттің ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлау, жоспар және зерттеу картасын құрастыру, зерттеу тақырыбы бойынша картотека құрастыру, студенттердің тұлғалық ерекшеліктері және танымдық қабілеттерін зерттеу мәселесі бойынша диагностикалық әдістерді таңдау (тест, сауалнама, жоспар, әңгіме, бағдарлама, бақылау), дидактикалық материалдарды таңдау зерттеу жұмысы тақырыбы бойынша кӛрнекі құралдар дайындау, психологиялық-педагогикалық

экспериментті құрастыру білігін жүзеге асыру және жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесін талдау дағдысын қалыптастыру.



Педагогикалық практика барысы бойынша қалыптасатын білім, іскерлік, дағды: ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлау, зерттеу картасы мен картотека құрастыра білу, кластағы тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеу, танымдық үрдістерін зерттеу (зейінін бағалау, есте сақтау, ақыл-ой деңгейіне диагностика жүргізу), жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу (ӛзін- ӛзі бағалау, үрейлену деңгейі, агрессия, темперамент, мінез акцентуациясын, мамандық таңдау), дамыту жұмыстарын жүргізу, педагогке әрі қарай сыныппен жұмыстануға ұсыныс беру.

Педагогикалық практиканы ҧйымдастыру принциптері: теория мен практиканың байланысы, практиканың кешендік сипаты, қазіргі оқу орыныте білім берудің талаптарына сәйкестігі.

Студенттердің есеп қҧжаттары: зерттеу жұмысының жоспары, зерттеу картасы, зерттеу тақырыбы бойынша картотека құрастыру, диагностика қорытындысы, күнделік, білім алушыға педагогикалық-психологиялық мінездеме беру, ұжымға педагогикалық-психологиялық мінездеме беру, қатысқан тәрбие сағаттарына талдау жасау, педагогикалық практика бойынша есеп.

  1. курстағы педагогикалық практика «Психологиялық- педагогикалық әлеуметтік практика». Мақсаты мен міндеттері: оқытушылық қызметтің негізімен таныстыру, оқу құжаттарымен жұмыстың білігі мен дағдысын қалыптастыру, психология мен педагогика пәні бойынша ӛзбетімен сабақ ӛткізу және оқу жоспарларын құру.

Іс-әрекет мазмҧны: Орта арнаулы білім берудің мемлекеттік стандартымен, психологиялық-педагогикалық білім беру, оқу жоспары, оқу үрдісінің кестесі, типтік жұмыс жоспарымен, психология мен педагогика пәнідері бойынша оқу бағдарламаларымен, колледждегі сабақтарға қатысу және талдау, психология мен педагогика пәні бойынша сабақтарды құру және ӛткізу, оны ӛзін-ӛзі талдау. Колледжде психологиялық- педагогикалық пәндері бойынша сабақ беру дағдысылану, тұлғалы- бағдарлы оқытуды жүзеге асыра білу, студенттердің шығармашылығын дамыту және олардың шығармашылық мүикіндіктерін дамытуға жол сілтеу.

Студенттердің есеп қҧжаттары: күнделік, психология мен педагогикадан ашық сабақ жоспарлары, тәрбие жұмыс жоспары,

диагностикалық зерттеу қорытындылары (таным үрдістері, жеке тұлғалық), психотренинг, психотүзету, психологиялық- педагогикалық ағарту жұмыстары, білім алушыға педагогикалық- психологиялық мінездеме беру, қатысқан тәрбие сағаттарына талдау жасау, педагогикалық практика бойынша есеп.



  1. курстағы педагогикалық практика «Педагогикалық ЖОО- дағы ӛндірістік практика». Мақсаты мен міндеттері: оқытушылық қызметтің негізімен таныстыру, оқу құжаттарымен жұмыстың білігі мен дағдысын қалыптастыру, психология мен педагогика пәні бойынша ӛзбетімен сабақ ӛткізу және оқу жоспарларын құру.

Іс-әрекет мазмҧны: ЖОО мемлекеттік стандартымен, психологиялық-педагогикалық білім беру, оқу жоспары, оқу үрдісінің кестесі, типтік жұмыс жоспарымен, психология мен педагогика пәнідері бойынша оқу бағдарламаларымен, ЖОО сабақтарға қатысу және талдау, психология мен педагогика пәні бойынша сабақтарды құру және ӛткізу, оны ӛзін-ӛзі талдау.

ЖОО-ның психологиялық- педагогикалық пәндері бойынша сабақ беру дағдысылану, тұлғалық-бағдарланған оқытуды жүзеге асыра білу, студенттердің шығармашылығын дамыту және олардың шығармашылық мүикіндіктерін дамытуға жол сілтеу.



Студенттердің есеп қҧжаттары: күнделік, психология мен педагогикадан ашық сабақ жоспарлары, тәрбие жұмыс жоспары, диагностикалық зерттеу қорытындылары (таным үрдістері, жеке тұлғалық), психотренинг, психотүзету, психологиялық- педагогикалық ағарту жұмыстары, білім алушығаа педагогикалық- психологиялық мінездеме беру, қатысқан тәрбие сағаттарына талдау жасау, педагогикалық практика бойынша есеп.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет