Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Тірі жасушаларды өсірудің негізгі бағыттары



Pdf көрінісі
бет13/210
Дата08.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#117296
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   210
Байланысты:
биотехнология кітап
Топырақ туралы алғашқы білім, 3-4 тәж.сабақтар СҚжДТ, Темірқұл Алтынай 1912 зикр, СРСП 2, СӨЖ №1 биохимия,Тоқтарова Әсем, annotation88215, Алгоритм, Биотехнология 4-зертхана, СРС СӨЖ (4), Темірқұл Алтынай 19-12 зикр,1 практика тапсырмасы!), zadanie 1 (3) (1), 2020 referat 6842314 (1), СРСП 6апта Даярбек Диана, Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.2-апта,2-СӨЖ тапсырмасы!
2. Тірі жасушаларды өсірудің негізгі бағыттары
Алға қойылған мақсаттарға байланысты хайуандар жасушаларын өсірудің екі
бағыттарын атап өтуге болады:
-
жасушаларды өсіру;
-
ұлпалар мен мүшелерді өсіру.
Қазіргі кездерде жасанды түрде өсірілу үшін бөлініп алынған ұлпалар саны
өте көп. Олардың қатарына адамның фибриобласт жасушалары, қаңқа ұлпалары,
сүйектік, жүрек жəне кеуденің жалпақ бұлшық еттері, эпителиальдық ұлпалар
(бауыр, өкпе жəне бүйрек, т.б.), жүйке жасушалары, эндокриндік жасушалар (бүйрек
үсті безі гипофиз, Лангерганс жасушалары), меланоциттер жəне əртүрлі ісік
жасушалары жатады.
Жасанды ортада өсіру үшін қандай жасушаларды таңдап алған дұрыс, атап
айтқанда эмбриональдық па əлде қартайған ба, сау жасушаны ма əлде ісік
жасушаларын ба деген сұраққа жауап іздер болсақ, эмбриональды ағзадан алынған
жас жасушалар кəрі жасушаларға қарағанда тез өсіуге қабілетті жəне өміршең
келетіні анықталған. Мұның негізгі себебі ретінде – эмбриондық жасушалардың əлі
толық маманданып бітпеуі жəне репликациялық қабілетінің өте жоғары болуын
айтуға болады, ал ересек ұлпалардың – пролиферациялық қабілеті төмен жəне
оларда маманданған, көбею қабілетінен айрылған жасушалар саны өте көп болады.
Қалыпты ұлпалардан алынған культуралардың өмір сүру мезгілі шектеулі болса, ал
ісік ұлпаларынан алынған жасушалардың пролиферациялық мүмкіндігі өте жоғары


26
болып, олар өте ұзақ мерзім өмір сүре алады. Қалыпты ұлпалардан алынған
жасушалардың дифференциялануы (жекеленуі), жасанды ортада толықтай
пролиферация қабілетінің шектелуімен ұштасып жатады. Ісік ұлпаларында кейбір
жасушалардың дифференциялануы мүмкін, бірақ мұнда пролиферациялық
қабілеттері толықтай сақталады.
Жаңа бөлініп алынған культуралар оларды пассировка жасағанға, яғни еккенге
дейін бастапқы культура деп аталады. Бастапқы культуралар, негізінен гетерогенді
болып келеді жəне өздерінің өте төменгі пролиферативтік қабілетімен ерекшеленеді.
Олардың құрамы толықтай өздері шыққан ұлпалардың жасушаларымен сəйкес
келеді. Жасушаларды пассировкалау барысында олардың өмір сүру мерзімдерінің
ұзарып, клондау, зерттеу жəне қасиеттерін сақтау мүмкіндігін туғызады. Осындай
атқарылатын жұмыстар нəтижесінде біртекті популяциялар пайда болып,
маманданған жасушалар жоғала бастайды. Бірнеше рет қайталап егілгеннен кейін
жасушалар желілері (линия) өліп қалады немесе трансформацияланып (өзгеріп)
тұрақты желіге айналады. «Өлмейтін» қабілетке тек қана ісік ұлпаларынан алынған
жасушалар ғана ие болады. Тұрақты желілік жасушалардың түзілуі, олардағы
морфологиялық өзгерістерінің пайда болуымен анықталады (жасушалардың
көлемдерінің кішірейуі, домалақтануы, ядро/цитоплазма қатынастарының өзгеруі,
көбею қабілеттерінің артуы, клондалу ерекшеліктері, гетероплоидалық жəне
анеуплоидалық қабілеттіліктерінің артуы, т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   210




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет