Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет8/117
Дата08.11.2022
өлшемі8,5 Mb.
#157166
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   117
Байланысты:
nurmahanov-komp-grafika
AutoCAD, PhotoShop-ОӘҚ, Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, Емханалық-және-шұғыл-педиатрия
Пәндi оқыту мiндеттері: 

графикалық редакторлармен танысу, AutoCAD жүйесімен танысу;

AutoCAD жүйесінің кӛмегімен қарапайым сызбаларды салуды үйрену; 

сызбаларды AutoCAD жүйесінің кӛмегімен автоматты түрде орындау мен 
оларды рәсімдеуді, редакциялауды үйреніп, машықтану; 

компьютерлік графиканың теориялық негіздерін оқып, үйрену; 

AutoCAD жүйесінде конструкторлық құжаттардың графикалық бӛлімдерін 
дайындаудың алгоритмдерін үйрену; 

сызбалар кітапханасын жасау, кӛшірмелерін алу, блоктарды құру 
принциптерін үйрену; 

AutoCAD графикалық жүйесінің интернетпен және электрондық почтамен 
байланысының негіздерін білу; 

іскерлік, анимациялық және иллюстрациялық компьютерлік графикамен 
танысу. 


10 
1. Инженерлік компьютерлік графиканың базалық негіздері 
1.1 
AutoCAD 
графикалық 
жүйесі, 
оның 
ерекшеліктері 
мен 
артықшылықтары. Графикалық редактордың сипаттамасы. 
AutoCAD жүйесінің ағылшын және орыс тіліндегі нұсқалары ӛте кӛп. Кең 
таралған қолданбалы бағдарламалар мен жүйелердің кӛпшілігі сияқты бұл 
жүйенің қазақ тіліндегі нұсқасы жоқ болғандықтан, дәріс мұқтасарында ағылшын, 
орыс тіліндегі командаларды және командаларды орындау барысындағы сұраулар 
мен талаптарды ӛзгеріссіз, экранда кӛрсетілгендей беруді жӛн кӛрдік. 
AutoCAD 2008 интерфейсі Windows-қа арналған басқару элементтерінің 
стандарттық жиынын құрайды. Операциялық жүйенің ӛзінің немесе Microsoft 
Office пакетінің интерфейсімен таныс қолданушыға терезе элементтерімен 
жұмыс, командаларды енгізу қиынға соқпайды. Тӛменде AutoCAD 2008 
интерфейсінің базалық компоненттері келтірілген. 
AutoCAD-тың басты терезесі 


11 
AutoCAD-ты іске қосқанда 1.1-суретте кӛрсетілген экран пайда болады, ол 
бірнеше элементтерден тұрады.
Оның негізгі элементтері:
• мәзір (меню) жолы (терезенің үстіңгі бӛлігінде орналасқан), 
• жағдай жолы (терезенің астыңғы бӛлігінде орналасқан),
• графикалық терезе (оны AutoCAD-тың графикалық алаңы деп те атайды), 
• командалар жолы, 
• курсор (меңзер) қиылысы, 
• бірнеше аспаптар панельдері. 
Бұл элементтердің әрқайсысының атқаратын қызметі бар, соларды біртіндеп 
қарастырайық. 
Мәзір жолы 
Бұл жол экранның жоғарғы бӛлігінде орналасады. Бұрынғы нұсқаларда оны 
құлама
деп атайтын. Онда AutoCAD командалары функциялық қызметіне қарай 
топтастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   117




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет