Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде


-сурет. Педагогикалық іс-әрекет түрлері



бет14/123
Дата25.09.2022
өлшемі9,29 Mb.
#150652
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   123
Байланысты:
шеберлик
2-тапсырма Коучинг (2), Практика 2. Ғылымның табиғаты. Іргелі зерттеулер, СӨЖ-1, Педагогикалы арым- атынас шеберлігі Жоспар 1, 11 тапсырма, 8-тапсырма. МФТ

1-сурет. Педагогикалық іс-әрекет түрлері


Ендеше іс-әрекеттің бір-екі түріне ғана тоқтала кетейік:


Тәрбиелеу іс-әрекеті - бұл оқушыларға адамзат баласы жинақтаған әлеуметтік тәжірибені мақсатты түрде алмастыруға және олардың тұлғалық сапаларын, қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет түрі. Тәрбиелеу іс-әрекеті педгог қызметіндегі басты іс-әрекеттердің бірі.
Оқыту іс-әрекеті - бұл мұғалімнің оқушылардың бойында білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға, олардың ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған, танымдық іс-әрекеттерін басқаратын іс- әрекет түрі.
Педагогикалық іс-әрекеттің түрлері көп болғандықтан оның атқаратын қызметтері де жеткілікті. Педагогикалық іс-әрекеттің атқаратын қызметтерін келесі 2-суреттен көруге болады.


2-сурет. Педагогикалық іс-әрекеттің атқаратын қызметтері


Диагностикалық қызмет – бұл оқушылардың дамуын, тәрбиелік деңгейін зерттеп, анықтауға бағытталады. Мұғалім өзінің жұмысын нәтижелі, әрі жүйелі ұйымдастыру үшін психологпен бірлесе отырып, оқушыларды әр түрлі әдістемелер бойынша зерттеп, бақылау жүргізеді. Бұл жұмысты диагностикалық қызмет деп атайды.
Бағыттаушы-болжаушылық қызмет – мұғалімнің тәрбиелік іс- әрекеттің бағытын анықтап, олардың дамуын алдын-ала болжауға бағытталған іс-әрекеті. Мұғалім өз іс-әрекетінің мақсаттары мен міндеттерін алдын-ала болжап, анықтайды.
Конструктивті-жобалаушылық – педагогтың оқушылар меңгеретін білім мазмұнын таңдап, ұйымдастыру, оқушылардың іс-әрекетін жобалау, өзінің болашақ әрекетін және мінез-құлқын жобалауға бағытталған іс-әрекет. Бұл қызмет барысында мұғалім өз іс-әрекетіне қажетті әр түрлі жоспарлар мен жобаларды әзірлейді.
Ұйымдастырушылық – педагогикалық процесті, оқушылар іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекет. Мұғалім нақты міндеттерді анықтап, оларды ұйымдастыру формаларын, оқушылармен өзара байланыстылықты таңдап, өз іс-әрекетін ұйымдастырады.
Ақпараттық-түсіндірмелік – бұл өз іс-әрекетін қажетті ақпараттармен жинақтап, оны оқушыларға түсіндіруіне бағытталған іс-әрекет.
Коммуникативті-ынталандырушы – бұл мұғалімнің педагогикалық процеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатып, олардың іс-әрекетін ынталандыруға бағытталған іс-әрекеті.
Талдау-бағалау – бұл мұғалімнің педагогикалық процестің жеткен нәтижелерін мақсатпен салыстыруға, оның деңгейін анықтауға бағытталған іс-әрекет. Талдау-бағалау қызмет мұғалімге өзінің жіберген кемшіліктерін болашақта болдырмауға, нәтижелі жұмыс жүйесін жасауға және т.б мүмкіндік береді.
Зерттеу-шығармашылық - педагогтың өз іс-әрекетін жетілдіре, дамыта түсуіне мүмкіндік беретін ізденіс жұмысы. Педагогтың зерттеушілік қызметі өзінің жеке зерттеу тақырыбы бойынша немесе оқушылардың ғылыми жұмыстарына басшылық жасау арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Мұғалім тұлғасы - мұғалімнің мәдениеті, өзін-өзі басқару шеберлігі моральдік қасиетімен адамгершілік нормасының
күнделікті оқу-тәрбие процесіндегі жаңа сипатқа ие болуда. Мұның негізі қоғамдағы үздіксіз дамумен ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр. А.Байтұрсынұлы «Ең әуелі мектепке керегі-білімді, әдістемеден хабары мол, ізгілікті оқыта білетін мұғалім» керек деген болатын. Олай болса, адамның жеке басының қалыптасуы оны әлеуметтендіруде жүзеге асырылады. Күрделі үрдісті жасауда мұғалімге қойылатын талапты бөліп көрсететін болсақ, олар мыналар:

  1. Мұғалімнің жеке басының ізгілікті бағыттағы, қоғамдағы борыштылығы мен жауапкершілігін сезінуі;

  2. Кәсіптік мамандық бағытында өз білімін тиянақты игеруі оны оқыту әдістемесін жасай білуі; сондай-ақ педагогика ғылымына салалас психология, философия (адам өмірінің құндылықтық дүниетанымы) мен әлеуметтік пәндерді игеруі;

  3. Педагогтық технологияны игеруде іскерлік әрекетті меңгере отырып оқушы шығармашылығының пәрменділігін арттыру.

  4. Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру; мұндағы мұғалім шығармашылығын көтеру; кәсіби-біліктілік-кәсіби-шеберлілік- кәсіби шығармашылық-кәсіби жаңашылдық.

Міне, осыларды топтастыра келе жатқан педагог қызметіне қажетті негізгі дағдылар мен іскерлік қалыптасады:

    • оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдерін шығармашылықпен іздестіру;

    • қарым-қатынастық (коммуникативтік) мәдениеттілігі, мұғалім мен оқушы жүйесінде қажетті қатынас қалыптасады.

Ұйымдастырушылық қабілетті әр түрлі іс-әрекетте білім тереңдігін сапалы меңгеру.
Мұғалімнің жеке әлеуметтік тұлғасын қалыптастыруда қажетті негіздер:

    • даралық-тұлғалық қалыптасу;

    • өз мүмкіндігін игеру қажеттілік;

    • өзін-өзі іскерлік әдістемелік жетілдіру;

    • өзінің кәсіби-пәндік білімін толықтыру;

    • кәсіби кемелдену т.б.

Педагогтың қызметі, оның мектептегі кәсіби педагогикалық негізінде жүреді. Ол өз пәні бойынша сабақ беру, әріптестерімен кәсіби тығыз қарым-қатынас, өзін-тану, өзін-өзі бағыттау, өз мүмкінділік игеру арқылы өзіндік қажеттілік туғызады.
Сондықтан бүгінгі таңдағы мұғалімнің кәсіби санасы мен әлеуметтік бейнесі жас жеткіншектерді рухани-адамгершілік құндылықтық тәрбие беруде өмір ағымында адам тәрбиелеу де мол мүмкіндігі бар екендігі баршаға аян.
Мұғалім тұлғасының жеке ерекшеліктеріне педагогикалық процесте бағынышты. Мұғалімдерді негізінен педагогикалық бағытталу ерекшелігі мақсатқа бағытталу педагогикалық қызметке бірізділігіменжүйелікті өзеңбек нәтижесінде дұрысбағалау қабілетін талап етеді. Мұғалім баланың шығармашылық мүмкіндігінің дамуына сендіру қажет. Сондай-ақ оптимистік көзқараста болу үшін гуманистік бағдарлау қажет. Бұл баланың жақсы қасиеттеріне сену және сүйену балаға деген сүйіспеншілік балаға тіл тигізуден сақтау қажет. Мұғалім мінездері салмақтылық ерекше орынға ие. Ол түрлі жағдайға шыдамдылық, жинақылық, төзімділік, бірқалыптылық танытуға міндетті. Тағы да маңызды қасиет талап қоя білу өзіне және өзгеге қойылатын талап адам басқаратын моральдық ерекшеліктерімен нормаларын қалыптастырады. Оқушылардың оқуға деген ынтасы анықталады тәрбиенің беделінен танымал, мәңділік, ықпал оқытушылардың тәрбиелік әсерлерінің күші.
Болашақ мұғалімнің ЖОО-да дайындықтың мазмұны құрылымы және әдістері біріншіден қоғам дамуының бағыты, екіншіден педагогика ғылымының дамуымен, үшіншіден педагог мамандығының еркшеліктерімен белгіленеді. Педагогикалық білімге ие болу белгілі бір бағыттарды меңгеру жағдайына қол жеткізетін түрлі деңгейлі кәсіби маман ретінде тұрақты байланыс. Педагог мамандықтарына қойылатын талаптардың мазмұны төмендегідей:
1.Табиғат қоғам және сананың басым заңдылықтарын білу. 2.Адам жайында оның жетік тұлға ретінде тани білуі.
3.Тарихи және қазіргі болмысын меңгеру тәсілдерін білуі. 4.Ақпартты жинақтарын өңдеу, қолданудың соңғы техникасын
меңгеру.
5.Педагогикалық қызметті басқару мәселесін шешуі.
Ең алдымен қазіргі мұғалімнің бойында гуманистік бағыттағы жалпы құндылықтарға сүйену, кәсіби қабілеттік шығармашылық қабілеттерді, психикалық дайындығы және әдістемені меңгеру қасиеттерімен белгіленеді. Мұғалімнің дайындығына жалпы педагогикалық дайындау ерекше орындалады. Кәсіби дайындыққа мынадай талаптар қойылады:

    • өз мамандығының тұлғалық және әлеуметтік мәңділігін сезіну;

-мәдениетінің берілуін қамтамасыз ететін білім беру жайында тұтас түсінікті меңгеру; ғылыми гуманистік көзқарасты меңгеру; табиғат пен қоғам дамуының негізгі заңдылықтарын білу; Қазақстан Республикасы Конститутциясының этикалық және құқықтық нормаларын білуі; білім беру процесінің заңдылықтары жайындағы біліммен түсініктер жүйесін меңгеруі ғылымитану мен әдістерін білуі; таным тәсілдерін меңгеруі; пәндік білімін кәсіби тілмен жеткізе білу; қарым-қатынас орнату іскерлігін ойлау мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі жұмысқа психикалық әдістемелік дайындау.
Мұғалімдерді дайындау жүйесінде талаптар жалпы педагогикалық дайындығына ерекше көңіл бөлу оның мақсатына педагогикалық теория мен практикасын меңгерген мұғалім қалыптастыру.
Қазіргі таңда оқушылар «Ұстаз бәрін білуге және одан да артығырақ білуге тиіс»,- дейді. Бұл әзілде бірталай шындық бар. Мұғалім өзі оқытатын пән саласындағы ғылымды жетік білуі - қарапайым да, қажетті талап. Д. И. Менделеев былай деп жазған еді: «Ғылымды өзі жетік білетін, оны меңгерген және оны жақсы көретін ұстаз ғана шәкірттеріне жемісті қызмет ете алады». «Өзінің жақсы көрмейтін пәнінен гөрі, өзінің жақсы көретін пәні он есе жақсы меңгеріледі».
Алайда мұғалімдер үшін арнайы әзірлікпен және жалпы білімдарлықпен қоса, ойлаудағы икемділіктің, танымдық және практикалық міндеттерді шығармашылықпен шеше білудің де маңызы зор. Мұғалім ойын қадағалау мүмкіндігі оқушылардың ойлау мәдениетін қалыптастырады.
Мұғалімнің жеке басындағы барлық қасиеттердің кәсіптік мәні бар. Мәселен, А. В. Луначарский атап көрсеткеніндей, педагогика моральдағы кез-келген кемістік, мінез-құлықтағы кез-келген кемістік тікелей у болып, ол жеткіншек ұрпаққа жұғады. Жақсы мұғалім-бұл ең әуелі қайғы-қуанышына ортақтасатын, парасатты әрі адал, балаларды құрметтей білетін және оларға ұқыпты қарайтын жақсы адам.
К. Д. Ушинскийдің айтуынша, мұғалімге шексіз шыдамдылық қажет. Мұғалім оқушымен жұмыс істегенде қабылдау сергектігі мен эмоциялылығы шыдамдылықпен және өзін-өзі ұстай білуімен
үйлесім табуы тиіс. Сонымен, мұғалімнің жеке сапасымен және педагогикалық терең білімділігімен тұтасқан идеялық сенімділігі, оның кәсіби шеберлігінің берік іргетасын қалайды. Оқытқан мұғалім емес, қайтсе де оқытқысы келетін мұғалім, деп тектен-тек айтылмаған. Нағыз педагогта жұмыс уақыты және бос уақыт деген болмайды: ол әрқашанда балалар туралы ойлайды, мұғалімнің мақсаткерлігі-оның жеке басына тән қасиет.
Педагогикалық қызметтің ойдағыдай болуының қажетті шарты- баланы жақсы көру. Балаларды жақсы көрмей тұрып, оларды адамгершілік пен адалдыққа тәрбиелеу мүмкін емес. Балаға салқын қарау көп жағдайда олардың мінез-құлқына рақымсыздықтың, іс- әрекетіндегі теріс қылықтың пайда болуына әкеп соғады.
Мұғалімнің жеке басындағы үйлесімділік көбінесе талапкерлігімен, көнбістігімен, эмоциялығымен, парасаттылғымен, сенімділігімен, сақтығымен, қаталдығымен мұғалім ешбір жерден таба алмайды, оны іс үстінде мінез-құлқын тексеру арқылы ғана және үнемі өзін-өзі тәрбиелеу нәтижесінде ғана тани алады.
Мұғалімнің жалпы әлеуметтік педагогикалық қызметін қарастырсақ, ал мұның өзі оның жеке басына қойылатын маңызды талаптарын айқындайды. Сонымен қоса олардың нақтылы педагогикалық қызметтерде оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін белгілі бір педагогикалық қабілеттілік қажет. Мәселен бір ғалымдар мұғалімнің конструктивтік, ұйымдастырушылық және коммуникативтік қызметін көрсетсе, басқалары педагогикалық қызмет жүйесіне информациялық дамытушылық және зерттеушілік қабілеттерін жатқызады.
Педагогикалық қызметтің тиімділік мүддесі үшін оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен және қоғамдық ұйымдармен дұрыс қарым-қатынас орната білу.
Мұғалім - бұл болашаққа ұмтылған адам. Оның қызметі адамды қалыптастыруға солардың алдағы жағдайдың өзгеруіне қарай белсенділігін арттыруға бағытталған. Л. Н. Толстой былай деп жазды: «Болашаққа жарамды адамды тәрбилеу үшін, оларды тамаша жетілген азамат етіп тәрбиелеу қажет, тек сонда ғана тәрбиелеуші өз ортасында өмір сүретін ұрпақтың лайықты мүшесі бола алады».
Олай болса, әрбір студенттің міндеті – таңдаған мамандығына сәйкес өз қабілетін үнемі жетілдіріп отыру, алғашқы күнінен бастап педагогикалық шеберлік сырларын меңгеру.
Н.В.Кузьминабойыншапедагогикалыққызметініңқұрылымында мынадай компоненттерді атауға болады: конструктивтік, ұйымдастырушылық коммуникативтік. А. И. Щербаков бойынша: конструктивтік, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, зерттеулік. Конструктивтік-мазмұндық:

    • Оқу материалдарын іріктеу, композициялық құруды анықтау;

    • Педагогикалық процесті жоспарлау және құру; Конструктивтиік-жедел:

    • өз әрекетін және студенттер әрекетін жоспарлай білу;

    • Педагогикалық процестің оқу-материалдық базасын жоспарлау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   123




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет